Просмотр содержимого документа
«Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін пайдалану»
Әбдраманова Айдана Ерболқызы №41 М.Шоқай атындағы мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі
Тақырыбы: Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеттілігін арттыру
Ойын дегеніміз – жас ерекшеліктеріне қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын – төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық тиімді әдістердің бірі. Ағылшын тілі – қазақ елін әлемге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Сол себепті ағылшын тілін үйренудің маңызы зор. Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану оқушының тілді үйренуге деген ынтасын арттырады. Ағылшын тілін үйрету кезінде ойын элементтерін пайдалану оқушының шет тіліне деген қызығушылығын арттырып, жаңа тақырыпты жақсы түсінуге әсер етеді. Ойын арқылы балалар ағылшын тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде оқушылар шаршағандығын сезбей, әсерлене, қызыға отырып ағылшын тілін тез үйренеді.
• Мақсаты Ағылшын тілі сабақтарында дидактикалық материалдарды қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық ізденістерін, логикалық ойлау қабілетін дамыту. • Оқушылардың сөйлеу тілін қалыптастырып, сөздік қорын молайту. • Оқушылардың тілдік мәдениеттілігі мен тілдік іс - әрекеттер арқылы халық мәдениетінің элементтерін қолдана алу іскерліктерін қалыптастыру.
Міндеттері • Шығармашылық тақырыптағы тапсырмаларды орындату. • Ағылшын тілін игеру процесінде тұлғаны тәрбиелеу. Логикалық ойлауды және сөздік қорын толықтыру. • Алдына қойылған сұрауға немесе тапсырманы орындауға (жылдам, сенімді және дұрыс) жауап беруге дағдыландыру. • Кіріспе • Тақырыптың өзектілігі: Елбасы жолдауында кез – келген орта санатты мектептің балаларының ең жоғарғы деңгейдегі шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз керек делінген. Жалпы орта білім беретін мектептерде қазіргі таңда шет тілін меңгертуге аса мән беріліп отыр. Қазақстан Республикасындағы ең бірінші кезекте тұрған тіл саясаты туралы басты мәселе мемлекеттік тілді еркін меңгерту,шет тілін меңгертудегі басты мақсат – білім алушылардың сапасын халықаралық стандартқа сай көтеру. Бұл үшін жетілдірілген әдіс шетел ғалымдарының іс-тәжірибелерімен танысу қажет екендігі ешбір дау туғызбайтыны белгілі. • Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне біртіндеп өтуі жағдайында шетел тілдерін оқытудың ролі артады.Әрине 12 жылдық білім беру жағдайында ағылшын тілін оқыту әдістемесінің бірі ойын элементтерімен іс-әрекеттер арқылы оқыту.Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табылады.Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың белсенділігін пәнге деген қызығушылығын ,ынтасын арттыруында болып табылады. • Оқудың алғашқы кезінде оқушының тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі.Ойын түрлерін дұрыс өткізілген сабақта оқушылардың тілді үйренуіне ынтасы артып,сол тілді білуге қызығады.
• Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану
• Оқушының шаршауын сейілтіп,қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады.Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді,іздендіруге дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.
• Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсатта қолдану тиімді. • 1.Алфавитті дұрыс меңгерту • 2.Орфографияны дұрыс оқыту • 3.Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру • 4.Лексиканы меңгерту • 5.Оқушылардың ойын дамыту, дұрыс жазу, дұрыс айту,дұрыс білу дағдысын қалыптастыру.
• Оқушыларды шетел тілінде сөйлеуге қарым-қатынас жасауға шет тілін әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығудың бір түрі ретінде ойындарды қолданылып,сабақты қызықты өтуге, оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыруға білім деңгейін тексеру құралы ретінде пайдалануға болады. • Стол үсті ойындары Ойын түрлері Мақсат, міндеті Қолданылуы
Стол үсті ойындары Оқушылардың зейінділігін дамытатын, ой-өрісін кеңейтетін құрал. ребус, кроссвордтар т.б оларды тақтада, ватман қағазында, қима қағаздарда немесе компьютерде орындауға болады. Бұл ойындарды қорытынды, білімді тиянақтайтын сабақтарда қолданған тиімді.
Дидактикалық ойындар. Оқушылардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдер бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі Кеспе қағаздар, суреттер тірек-сызбалар т.б. Оқушылармен жеке және топтық жұмыстарда қолданылады
Қозғалыс ойындары . Бұл ойындар оқушылардың іс-әрекеттерін бір түрінен басқа түріне тез ауысуға көмектеседі және ешқандай арнайы дайындықты талап етпейді. Бұларды жабық бөлмеде немесе ашық аланда да өткізе аламыз. Іскерлік ойындар Оқушылардың оқу мазмұнын терең меңгеруге және пысықтауға ықпал етеді. Олар саяхат сабақтарда белсене қатысуымен, ауызша мәлімдеуімен, күйзелуімен білімдерін жандырады. Іскерлік ойындар оқушылардың қиялын дамытады, салыстыруға және дәлелдеуге үйретеді. Тарауды, тақырыпты қорытындылау кезеңдерінде қолданылады
Интеллектуалдық ойындар. Бұл ойындар оқушылардың зор белсендігін оятады. Бұл категорияға «ұғымталдыққа, жүйріктікке, зеректікке» бейімделген тапсырмалар – шарадалар, жұмбақтар, бас қатырғыштар жатады. Сабақтың қорытынды бөлімінде қолданылады.
Ойын арқылы сөз байлығын, тіл қорын дамыту
Тақырыптық «рөлдік-ойындар» оқушылардың сөйлеу дағдысының қалыптасуын дамытады. Ойынның сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы оқушының: қисынды ой-қабілеті дамиды; өздігінен жұмыс істеуге үйренеді; сөздік қоры баийды, тілі дамиды; зейіні қалыптасады; байқампаздығы артады; өзара сыйластыққа үйретеді; ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды; бір-біріне деген оқушы сенімі артады; сабаққа қызығушылығы артады. Сабақ барысында оқушы зейінін сабаққа аудару, ауызша сөйлей алу және жазу дағдысын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығымен өз бетінше жұмыс жасай алу қабілетін дамытуда дидактикалық ойындардың үлесі зор десек болады. Мәтінді мазмұндауға үйрету, жоспар құруға, белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға, мұғалімнің көмегімен өздерінің ойларын, қызықты іс-әрекеттерін әңгімелеуге үйрету дидактикалық ойындарды ойнау барысында қалыптасады. Балалар білімді ойын арқылы қабылдап үйренеді. Сондықтан сабақтағы ойын оқушы білімін тыңдап, ой-өрісін кеңейте алады, білім алудағы қызығушылығы артады. Ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, сабақтың мақсатына сай ұжымдастырылған ойындардың берері мол. Пәндік, пәнаралық сипаттағы дидактикалық және сюжеттік, рөлдік ойындар білім алушыға өзін танытуға, жолдастарының пікірімен санасуға, көпшілік алдында сөйлеу қабілетін үйренуге, жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Рөлдік, сюжеттік ойындардың көмегімен білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратын оқу міндеттерін шешуге болады. Ойын арқылы оқушының білімі мен бейімін, жеке тұлғалық қасиет-қабілеттерін арттыру мүмкіндіктері зерттеледі. Ойындардың қажеттілігін іріктеп ала білу-ұстаз шеберлігіне байланысты. Оқушының тілін дамытуда сөздік ойындарын қолдану тиімдірек. Сондай ойындардың бірі – «Керекті сөзді тауып айт». Ойынның мақсаты - қажетті сөздерді дұрыс тауып айтуға жаттықтыру, оқушы зейінін қалыптастыру. Мұғалім сол сабаққа қатысты жалпылама сөзді атайды, оқушылар қажетті сөздерді атайды немесе жазады. • Таңдап алынған ойындар оқушылардың сөз байлығына ,тіл қорына сай болу керек.Мұғалім кез-келген ойынды өткізу үшін алдын-ала жоспар құрып алуы керек. Сонымен бірге мұғалім ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарын біліп орындауы тиіс. • Ол әдістемелік тұрғыдан алғанда мынадай бөліктерден тұрады: • 1.Ойынның өтілетін сабақтарының мазмұны мен тақырыбына сай болуы. • 2.Ойынға берілген уақытты нақты белгілеу. • 3.Ойынның ойналу түрі топ болып ойнау. • 4.Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы. • 5.Қолданылған сөздер,сөз тіркестері,олең таңдау • 6.Ойындардың өту барысының жоспарын жасау. • Мұғалім алдымен оқушының оқуға қызығушылығын ояту қажет. Оқушының қызығу жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне мүмкіндігіне сенімі артады,кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды. Сабаққа деген қызығушылығын арттыру • Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді пайдаланылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады. • Сонымен бірге сынып ішінде ойнайтын ойындар мен іс-әрекеттер арқылы да оқытуға болады.Біз сынып ішінде ойындарынды қашан қолдануымыз керек.Мысалы сабақ үстінде жаңа сөздерді қайталау үшін,отілген жаңа сабақты еске түсіру үшін қолданған жөн. • Сынып ішінде мынадай ойындарды ойнауға болады: • What’s in the bag? • Around the world • Board Race • Order Race • Question race • Bingo • Go fish ойындарын қолдануға да болады. Бұл ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне көп көмектеседі. Оқушылардың танымын, ақыл-ой белсенділігін қалыптастыру • Ойындар оқушылардың танымын, ақыл–ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып,олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді,әрі пысықтауды көздейді.Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта –ықылыас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін,ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. • Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, және тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады. • Ойын ұғымына түсінік берсек, бұл баланың мінез –құлқына өзі басқарумен қатар топпен жұмыс жүргізе білу әрекеті, ол баланың бір-біріне көмектесу, тез ойлау қабілетін, алға ұмтылу ісін дамытады. Сондықтан бағдарлама бойынша бекітілген оқыту үрдісінде ойын түрлерін сабақ үрдісінде үнемі пайдаланып отыру керек. Ағылшын тілі пәнінде рольдік ойындарды қолдану • Ағылшын тілі пәнінде көбіне рольдік ойындар, грамматикалық ойындар, танымдық ойындар қолданылады. Ойын-оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Іс-әрекетті кесте түрінде қарастырсақ,оқушының белсенділігімен білім сапасын көрсетеді
. • Білім алумен Баланың дене Оқушылардың қызығуы артады • біліктілік оқушының қозғалысы жақсарады Топпен жұмыс істеуге • дағдысын Баланы еңбек етуге дағдыланады. • қалыптастырады. талпындырады Танымдық әрекеттерді • Ұйымшылдық қабілеті жетілдіреді. • артады. Ойлау қабілеті артады, • дамиды. • Осы іс – әрекеттер арқылы оқушыларды оқытуға да болады. Іс-әрекеттің мынадай түрлеріне тоқталсақ: • Matching • Categories • Fill in the blanks • Dialogues • Drawing • Singing осы іс-әрекеттің түрлерін сабақ үстінде қолданса өте тиімді нәтиже береді. • • Ойынның өзіне тән мотивтері болады. Мысалы: мазмұндық, рольдік ойындар баланың зейінін есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатындығын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырылығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін дамытады. Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде сабақта пайдаланылатын танымдық ойындар, сөздік ойындар жан-жақты дамытып білімді толық игеруіне көмектеседі. What’s in the bag? Сумкада не бар ойыны • Мұғалім алдымен балаларға бір сумка алып келеді. Балалардан сұрайды. Балалар сумкада не бар? Балалар ішінде дәптер, қалам, кітап бар деп айта бастайды. Мұғалім бұл ойынды сабақ соңында қолданса болады. Әсіресе жаңа сөздерді еске түсіру үшін қолдануға болады. Мұғалім сумканың ішіндегі заттармен таныстырады.Сумкада не бар? Мұғалім оқушылардан What’s this? Сұрағы арқылы затты көрсету арқылы сұрайды. Мысалы: Pen, copybook, pencil, ruller, rubber деп көрсетеді. Сосын оқушыларға жеке-жеке қайталатады.Сөздерді ұмытпау керек. Сосын оқушыларға сумка ішіндегі заттарды таратып беріп,оқушылардан осы заттарды мына сұрақ арқылы сұрауға да болады.Мысалы: Who has a pencil? Who has a ruller? Жауап бергенде оқушылар кімде екенін табу керек.Оқушылар тапса Janar has a pencil деп табу керек. Бұл ойын оқушының абаққа деген қызығушылығы артып, сөздік қорлары молайып, есте сақтау қабілеті артады.
• Question Race Сұрақтар сайысы • Бұл ойынның шарты: • Мұғалім сол сабаққа қатысты сұрақтар қойылады. Осы сұрақтар оқушыларға таратылып беріледі. Оқушылар сол сұрақтарға дұрыс жауап беру керек. Мысалы жыл мезгілдерін өткен кезде суреттер арқылы да мынадай сұрақтар арқылы қолдануға болады. • 1.How many seasons are there in a year? • 2.What are they? • 3.How many months are there in a year? • 4.What are they? • 5.What season is it now? • 6.What month is it now? • 7.How many days are there in a week? • 8.What are they? • Осы сұрақтар арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеттері артып,сөздік қорлары молайып,сабаққа деген қызығушылығы артады. • Қорыта келгенде, оқу үрдісінде «ойын түрлерін пайдалану біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын көтеру болып табылады. Ойын түрлерін пайдалану мынадай нәтижеге жеткізеді. • Бала ойын арқылы • Сөздерді айтуды үйренеді, лексикалық және грамматикалық материалды белсенді түрде меңгереді • Шығармашылық және ойлау қабілеттері дамиды және байқампаздық қабілетін ашады • Теңдікті сезінеді, сабаққа қызыға қатысады, ұялшақтықты, жасықтықты жеңеді • Сабақ жанданады, шет тілін уйренуге деген қызығушылығы оянады. Шаршауы басылады. • Тыңдап түсіну (аудирование) және ауызша сөйлеу дағдылары дамиды 1.Сөздерді айтуды үйренеді, лексикалық және грамматикалық материалды белсенді түрде меңгереді 2. Тыңдап түсіну (аудирование) және ауызша сөйлеу дағдылары дамиды
3. Шығармашылық және ойлау қабілеттері дамиды және байқампаздық қабілетін ашады 4. Сабақ жанданады, шет тілін уйренуге деген қызығушылығы оянады. Шаршауы басылады. 5. Теңдікті сезінеді, сабаққа қызыға қатысады, ұялшақтықты, жасықтықты жеңеді Теңдікті сезінеді, сабаққа қызыға қатысады, ұялшақтықты, жасықтықты жеңеді Қорытынды Қорыта келгенде, ойын әрекетінсіз ағылшын тілі лексикасын оқушының есінде қалдыру тиімділігі аз және ақыл ой күшін көп қажет етеді. Оқу үрдісіне енгізілген ойын ағылшын тілі сабағында оқутыдың бір түрі ретінде қызықты, жеңіл және жанды болуы керек. Ойын оқу үрдісін жеңілдететінін ескеру қажет. Оқытушының сабаққа қойған мақсатына, міндетіне, шартына байланысты ойын түрі өзгертіліп отырылуы қажет. Ойын арқылы кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңіл-күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарын қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі. Сабақ барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі бағытталып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана мұғалімнің сабақ мақсатына жеткізуіне мүмкіндік береді. Тақырыптыңнәтижесі: 1. Әр оқушының шығармашылығы артады. 2. Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады 3. Оқушының жеке қабілеті анықталады 4. Оқушы топ жаруға ұмтылады. 5. Оқушының ойлау қабілеті дамиды 6. Әр оқушы өз деңгейінмен бағаланады.
Қолданылғанәдебиеттертізімі • 1. Қазақстан мектебі 2001 №7 • 2. Бастауыш мектебі №7-8 2008 • 3. Мектептегі шет тілі №1.2009 • 4. Бастауыш мектебі №1 2006 • 5. Психология астана 2006 • 6. Бастауыш мектебі №5 2005