Просмотр содержимого документа
«А?ылшын тілі саба?ында ойын элементтерін пайдалану ар?ылы о?ушыларды? с?йлеу ж?не іскерлік ?абілеттерін арттыру»
Нұғманова Мақпал Зейнуллақызы Қызылорда қаласы И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық колледжінің
ағылшын тілі пәні оқытушысы
Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу және іскерлік қабілеттерін арттыру
Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне біртіндеп өтуі, шетел тілдерін оқытудың ролін арттырып келеді. 12 жылдық білім беру жағдайында ағылшын тілін оқыту әдістемесінің бірі ойын элементтерімен іс-әрекеттер арқылы оқыту.Ойын элементтері оқытудың бір түрі , яғни бірігімді процес. Ойын –алғырлықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, адам бойында қалыптастыратын педагогикалық тиімді әдістердің бірі. Ағылшын тілін үйрету кезінде ойын элементтерін пайдалану оқушының шет тіліне деген қызығушылығын арттырып, жаңа тақырыпты жақсы түсінуге әсер етеді. Ойын арқылы балалар ағылшын тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде оқушылар өзін-өзі еркін сезініп, қызыға отырып ағылшын тілін үйренуге тез машықтанады. Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың белсенділігін пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыра түседі.
Оқудың алғашқы кезеңінде оқушының тілдік материалдарды жеңіл игеруіне көмектесіп қана қоймай, тілді үйренуіне ынтасы артып,сол тілді ары қарай меңгеруге қызығушылығы артады.
Оқушының шаршағандығын сейілтіп,қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді,іздену дағдысына қалыптастырады.
Стол үсті ойындары
Дидактикалық ойындар.
Қозғалыс ойындары .
Интеллектуалдық ойындар.
Іскерлік ойындар
Сабақта осы ойын түрлерін ойнау арқылы оқушының зейінділігн , ой-өрісін, таным белсенділігн, логикалық ойлау қабілетін арттыруға зор мүмкіндік туады.
Ойын арқылы сөз байлығын, тіл қорын дамыту
Таңдап алынған ойындар оқушылардың сөз байлығына ,тіл қорына сай болу керек.Мұғалім кез-келген ойынды өткізу үшін алдын-ала жоспар құрып, және ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарын орындағаны жөн.
Ойын элементтері әдісьемелік тұрғыдан алғанда төмендегідей бөліктерден тұрады:
Ойындардың өту барысының жоспарын жасау.
Ойынның өткізілетін сабақтың мазмұны мен тақырыбына сай болуы.
Ойынға берілген уақытты нақты белгілеу.
Ойынның ойналу түрі.(топтық)
Ойынға қажетті материалдардың түгел қамтылуы.
.Қолданылған сөздер,сөз тіркестері
Мұғалім алдымен оқушының оқуға қызығушылығын ояту қажет. Оқушының қызығу жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне мүмкіндігіне сенімі артады,кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды.
Сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді пайдаланылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады.
Ойындар оқушылардың танымын, ақыл–ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып,олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді,әрі пысықтауды көздейді.Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта –ықылыас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін,ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.
Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, және тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.
Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін пайдалану арқылы төмендегідей жетістіктерге жетуге болады:
Орфографияны дұрыс оқыту
Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру
Лексиканы меңгерту
Оқушылардың ойын дамыту, дұрыс жазу, дұрыс айту,дұрыс білу дағдысын қалыптастыру.
Оқушыларды шетел тілінде сөйлеуге қарым-қатынас жасауға шет тілін әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығудың бір түрі ретінде ойындарды қолданып,сабақты қызықты өтуге, оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыруға білім деңгейін тексеру құралы ретінде пайдаланғандары жөн деп санаймын.