Ағылшын тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикасын қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айту, диалогтік сөйлеудің қалыптасуы, түсінгенін айта білу, сауатты жазуға дағдыландыру, дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын жан-жақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашу мақсаты алға қойылған.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Оқушыларды сөйлеуге дағдыландыру»
Ж.Досмухамедов атындағы педагогикалық колледж
Ағылшын тілі кафедрасы
Б А Я Н Д А М А
ТАҚЫРЫБЫ:
Дайындаған: Ешмуханова Н.Б.
Дайындаған: Н.Б.Ешмуханова
Ағылшын тілі пәнінің
бірінші санатты оқытушысы
Орал-2016
Ағылшын тілі сабағында сөйлеуге дағдыландыру
Мақсаты:
Ақпараттық: Ағылшын тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикасын қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айту, диалогтік сөйлеудің қалыптасуы, түсінгенін айта білу, сауатты жазуға дағдыландыру, дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын жан-жақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашу.
Коммуникативтік: Оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру.Тілдің грамматикасын білу арқылы оқушылар бір-бірімен сөйлесуді, сұрақ қоюды үйренеді.Олардың сөйлеу тілін дамыту үшін өздерін қоршаған заттарға, ортаға қатысты, қайда отыр, не көріп отыр, олар не үшін қажет деген сұрақтарға жауап беретіндей жағдай туғызу қажет.
Проблеманы шешу: Ауызекі сөздің жалпы міндеті - сөздің мағынасын түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану және сөз қорын молайту. Әр сыныптың бағдарламасына қарай оқушылар жаңа сөздерді меңгереді, сөздерді жаттаумен тынбай, сол сөздерді қатыстырып, сөйлем және мәтін құрастыра білу.
Мақсаты:
Өз бетімен үйренуге ұмтылдыру;
Алған білімін өмірде пайдалана білуге ықпал жасау (олимпиада, ізденіс жұмыстар, туристік саяхаттар кезі)
Күтілетін нәтиже:
1. Ойлағанын іске асыру үшін өз еркімен жұмыстана бастайды;
2. Алған білімін өмірде пайдалана алады;
Қосымша материал (сөздік, газеттер) жұмыс жасайды:
Өзіне және өзге адамдарға ағылшын тілінде сауатты сұрақ қоюға төселуі;
Өз білмейтінін білу үшін, өз жолдастарымен келісу үшін және ақпараттар алмасу мақсатында және қажеттілігін қанағаттандырады;
Алғы сөз
Қазіргі біздің республикамыздың басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта елімізге ағылшын тілін меңгерген, өз білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамдар қажет.
Оқушылардың тілдік құбылыстарды, құрылымдарды түйсінуін, шындық көрініс табатын басқа түсініктер жүйесін түсінуі, ағылшын тілін басқа және ана тілімен салыстыру, жалпы адамзат мәдениетінің толығуына тікелей қатысты болатын мәдениет жетістіктерін үйреніп, төл мәдениеті мен өзі тілін үйреніп жатқан елдің мәдениетімен бірге бағалауға дағдыланады. Ағылшын тілін практикалық тұрғыда меңгертуге үйреткенде оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге баулып, алған білімін, икемділік дағдыларын жаңа жағдайға тап болған кезде қолдана білуге машықтандыру көзделеді. Осы мақсатпен анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, мәтін мазмұнын өз бетімен түсінуге бейімдеу, аз пікірін айту сияқты әрекеттерге дағдыландырудың маңызы зор.
Тілге үйретудің негізгі міндеті – тілдің негізін қалыптастыру және осы тілде жазылған мәтінді оқу, жаза білу және қоршаған ортаға байланысын әңгімеге араласу мүмкіндігін туғызу. Сондай-ақ оқушыларды қолдай отырып пікірталастарға, рольдік ойындарға қатысуға ынталандыру және сөйлеу дағдысын қалыптастыру
Ағылшын тілі пән мұғалімі ретінде мақсатым барлық салада маңызды орын иеленіп тұрған тілді үйрену, игеру. Бұл мақсатта оқушының жазу, оқу, сөйлеу, тыңдау қабілеттері дамытылады. Тіл үйренуде негізгі мәселелер:
Жаңа лексиканы игеруде жаңа сөздерді үйрену, жаттығу (practice) және өз шығармашылығын қосудан (repro duction) тұрады. Әр сабақты ой ашармен (warm up) бастауларды тіл атмосферасына енгізеді. Тіл үйренудегі 4 міндет қатар жүргізіледі. Дегенмен менің ойымша берілген мәтінді зейін койып түсіне алмай оқушы ойын айта да, жаза да алмайды. Әр оқушы әріп пен әріп тіркестерін қосып оқу ережесін менгергеннен кейін жүргізіп, тез және ырғағына келтіріп оқу денгейіне көтеріледі. Оқудағы икемділік, жылдамдыққа үйренеді. Оқудағы үйретуде оқушыларда кездесетін қиындықтарды байқадым. Олар:
1. Сөзбе сөз оқу және аудару
2. Көңілін бір нәрсеге аударып сөз мағынасын жоғалтуы
3. Егжей тегжейіне көңіл аудару (негізгі ойды жоғалту)
4. Сөздік кордың аздығы
5. Сөздіктегі сөз мағынасын дұрыс қолдана алмауы (мағынасына қарай)
Әр мұғалімнің алдында оқушыны нәтижелі оқуға дағдыландыру міндеті тұрады. Мұның тиімді жолы: 1.Шолып оқу. Оқушыға таныс емес сөз немесе фразаны сөздікке қарамай оқуға мүмкіндік береді. 2.Мән бере оқу және түсіну. Қажетті информацияны іздеп оқып табуына көмектеседі.
Жеке жұмыс әдетте орташа оқитын оқушыға бағытталады. Себебі топпен жұмыс ішінде көрінбей қалады. Ал рольдік ойын және сұхбат алу кезінде керісінше олар сөйлеуге мүмкіндік алады және тырысады. Талқылау мен сұхбаттар кезінде оқушылар араласып жұмыс жасайды. Бейнелеу. (суретке қарап шығуға 2-3 мин уақыт беріледі, сосын образды бейнелейді қалай кездестің, қашаннан бері білесіз?)
Түрі қандай
Мінезі
Хоббиі
Өз комментарийіңіз (ол туралы не ойлайсыз;ұлты кім деп ойлайсыз;ол атақты адам болуы мүмкін бе?)
Жас ерекшеліктеріне қарай төменгі сипаттарда көбіне жұппен жұмыс үлгілері беріліп диалог құрылады. Жоғарғы сыныптарда сөйлеу түрлері қамтылады. Талқылау, дебат жүргізгенде аргумент келтіріп дәлелдеуді ұнатады. Сабақ үстінде сұрақ дайындап өз беттерінше сөйлейді. Оқушылар, сөйлеуге дайын сарапшы ролінде сабаққа қатыспай отырғандарды, сөйлеуге сенімсіз болып отырған оқушыларды жай ескертеді. Олар өзара ренжіспей келісімге келе алады. Сөйтіп сөйлемей отырғандар мүмкіндік беруге тырысады.
Топпен жұмыста оқушылар бірін-бірі оқыта алады, үйренеді. Ол көбінесе емтихан, сынаққа дайындалғанда байқалады.
Ұмытып қалғанын, синоним, антоним, фразалық етістіктерді бір-бірінен сұрауға ұмтылады.
Әдістері:
Тест
Қайталау
Тест
Анализ
Жеке жұмыс
Консультация
Өз бетімен оқу
Тест
Осындай жұмыс түрлері арқылы оқушы сөйлейді, тыңдай отырып түсінеді, аударады, жазады. 5-7 минут ішінде бір-біріне аргумент айту үшін тыңдайды, сұрақ дайындайды, түртіп отырады және өз ойын жеткізу үшін сөздікпен жұмыс жасайды.
Сабақ өткізудің әдіс-тәсілімен байланыс схемасы
Білімді пайдалану жолы
Осындай жұмыстар арқылы мен мұғалім ретінде не ұттым, оқушы не ұтты?
Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер:
1. Солташұлы Ы. Заман Талабы ــ Көп Тілді Болу. // Ақиқат. 26 қараша- 2012 ж. № 11. 14-15 б.
2. Жаминова Р.Ж. Модульдік оқыту технологиясын қолдана балалардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыру. // Мұғалімнің кәсіби дамуы: дәстүрлері мен өзгерістер. ІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. ІІ том. Астана-2012 ж. 115-120 б.
3. Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению,
2-е изд. — М.: Просвещение, 1991. — 116 б.
4. Тер-Минасова С.Г. Язык и межкультурная коммуникация. – M.: Слово/
Slovo, 2008. С– 264-270
5. http://www.akorda.kz/kz/category/poslaniya_narody. Қазақстан Республикасы Президентінің Ресми сайты.
6. http://www.surak-zhauap.kz/
7.Білім заңы. Алматы, 2007 ж.
8. А. Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру білгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000