kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ерте жастан ағылшын тілін меңгерту барысындағы қолданылған тиімді әдістер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ерте жастан ағылшын тілін меңгерту барысындағы  қолданылған тиімді әдістер

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ерте жастан ағылшын тілін меңгерту барысындағы қолданылған тиімді әдістер»

Ерте жастан ағылшын тілін меңгерту барысындағы

қолданылған тиімді әдістер


Бүгінгі таңда көп тілді білу – заман талабы. «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» - деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Ағылшын тіліне ерте жастан оқыту балалардың жалпы және тілдік дамуын реттейді, балаларды өзге ұлт мәдениетін білуге және құрметтеуге үйретеді. Соңғы жылдары ағылшын тілін оқытудың бастапқы баспалдағы азайып келеді. Төрт жастағы бала сабақ оқуға дайын, кейбір ата-аналар ағылшын тілін оқуға үш жастан береді. Ата-аналар көбінесе баланы неше жастан шетел тілін оқытуға болады және ерте беруге бола ма деп ойланады.

Шетел тілін 5 жастан – 8 жасқа дейін үйренген жөн, баланың ана тілі жақсы меңгерілген, ал жаңа тілге ол саналы қарайды. Осы уақытта сөйлеу әдебі аз, өз ойын жаңаша жеңіл түрде «қабылдайды», шетел тілде қарым-қатынасқа ешкіммен араласпайды. Мектепке дейінгі жастағы баланың сөйлеу қабілеті белсенді дамиды: практикада пайдалануы жетіледі, сөздік қоры молаяды, грамматикалық сөйлеу сатысы меңгеріледі, фонематикалық есту қабілеті дамиды, сөйлеу сатысының ұғынуы дамиды.

Баланың сөйлеу мен ұғыну қабілетін ескерсек, ерте жастан сөйлеу аппаратының орамдылығын сақтау оның өмір бойы сөйлеу қабілетін жетілдіруін қалыптастырады. Ерте жастан бала кез келген тілдің дыбыстарын дұрыс айта алатыны белгілі. Егер ол бір ғана тілді естісе, сөйлеу аппараты осы тілге реттеледі және "бұлжымайтын" болады екен. Сонымен қатар, 5% шетел тілін үйрену 12 жастан одан да жоғары жастан кейін акцентсіз сөйлей алады. Сондықтан ерте жастан тілді үйрену аутенттік дыбыстауға айтылуға қолайлы болады. Сонымен, неше жастан шет тілін үйренген жөн? Тілге деген қабілеттілік тек қана сәйкестік іс-әрекетте ғана дамиды, бұл мұғалімдердің ұйымдастырушылығына, оқытудың әдістемелік тәсіліне байланысты.

Ешқандай әдебиеттерде тілді қай жастан бастап үйренудің нақты жас мөлшері көрсетілмеген. Мектепке дейінгі балаға тілді үйрету тиімді деген пікірді көптеген ғалымдар мен мұғалімдер жөн деп санайды. Мектепке дейінгі баланың ағылшын тілін үйренуге қабілетті екендігі оның психологиялық ерекшелігінде, яғни жақсы ойлау қабілеті, айту мен есту, лексикалық және грамматикалық сезгіштігі, өз сөйлеу қорын толықтыру қабілетінде көрінеді.

Мектепке дейінгі балалардың ағылшын тілі сабақтарындағы лексиканы белсендете оқытудың әдістер мен тәсілдері сан алуан:

1) Мектепке дейінгі балаларға ағылшын тілін оқытудың ашық түсті көрнекіліктері бірінші орынға шығады. Егер баланың алдында ашық түсті ойыншық, сурет және ол өзі онымен бірге іс-әрекет жасаса, лексиканы оқыту тиімді болады, бұл үшін оған аудармашы керегі жоқ. Бұл үшін заттың бейнелеуінде бірнеше нұсқа болуы тиіс, бала осы сөздермен бірнеше фразаны әр түрлі құрылымда құрастыруы тиіс.

2) Ағылшын тілінің бірінші сөздерін үйренгенде қысқа тақпақтар арқылы таныстырылады.

Мысалы, жыл мезгілдерін үйрену үшін біз мынадай өлең үйрендік:

Spring is green

Summer is bright

Autumn is yellow

Winter is white

«Жемістер» лексикалық тақырыбын үйренген кезде біз мынадай өлең үйрендік:

Apples are big

Under a tree

One is for you

And one’s for me

3) Қозғалыс етістіктерін үйренген кезде, мұғалім іс-әрекеттерді бірге жасауға шақырады немесе балаларға мұғалімнің командаларын орындауға бұйырады: Stand up, sit down, run, jump, go, swim, fly, take, dance, sing, clap, let’s play.

4) Лексикалық қорды қалыптастыру үшін әндер үлкен рөл атқарады. Ағылшын тілі сабақтарында әндерді үйренеміз. Әндер жанрлары әр түрлі: жаңа жылдық «A little snowflake», «Jingle bells» және тақырыптық әндер «Days of the week», «Colors», «Hello, hello», «Happy birthday», «Bye, bye» және басқа да әндер осы әндер арқасында балалар әннің сөздері мен мазмұнын есте сақтайды.

5) Диалогтарды пайдалану. Балалар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді және бір біріне сұрақ қоюға үйренеді.

6) Сабақта ойындарды пайдалану.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың негізгі қызмет түрі – ойын, ол қарым-қатынас жасаудың үлкен мүмкіндігін береді. Оқу үрдісінде ойындарды қолдану балалардың қызметін белсендіруге көмектеседі, таным белсенділігін, бақылағыштығын, ынтасын, есте сақтауын, ойлауын дамытады, үйреніп жатқан тілге қызығушылығын арттырады, шығармашылық ойлауын, бейнелі ойлауын дамытады, балалардың шаршауын басады, өйткені ойын оқу үрдісін балаға қызықты етеді. Қалыпты түрде қабылдауға ауыр келетін оқу материалын ойын ретінде қызықты түрде үйретуге болады. Ойынға айналып кеткен кезде балалар оқу оқып жатқанын ұмытып та кетеді. Бала ойын кезінде артқа емес, ілгері ұмтылады. Ойын кезінде балалар үштікпен жасайды: олардың санасы, түйсігі, қиялы бірге «жұмыс жасайды». Американың психологы Д.Мид ойыннан психологтардың айтатын «өз бетімен жұмыс жасай алудың» жинақтаушы моделін – өзіндік «менін» жинақтауын көре білді. Ойын – бұл өзін танытудың, өзін анықтаудың, өзін тексерудің, өзін көрсетудің орны. Әрбір ойын өзінің белгілі бір қызметін орындайды, яғни, баланың сөздік қорының молаюына, бұрын алған білімін бекітуге, тілдік дағдылар мен біліктерін қалыптастыруға ықпал жасайды. Ойындар денсаулық сақтау технологиясының бір тәсілі болып табылады.

Ойын мынадай әдістемелік міндеттерді орындауға ықпал етеді: балалардың тілдік қарым-қатынасқа психологиялық дайындығын құрады; тілдік материалды олардың табиғи түрде көп рет қайталау қажеттілігін қамтамасыз етеді; балаларды қажетті тілдік материалды таңдауға дайындайды. Тәжірибе көрсеткендей, тәрбиелеу және білім беру үрдісіне барлық ойындардың оң әсер беретініне көз жеткіздік. Ойын түрлеріне: дидактикалық; музыкалық-дидактикалық; қимыл-қозғалыс ойындар; ойын-драматизация жатады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың психофизикалық ерекшеліктеріне қарай, мен сабақ ортасында міндетті түрде сергіту сәтін жүргіземін, себебі балалар тез шаршауға бейім болады. Балалар видеоны көре отырып, қимылдарды естеріне сақтайды, табиғи түрде сөздерді қайталайды. Айта кетерім, балаларға ойынның бұл түрі – жаттығулар ерекше ұнайды және де бұл инновациялық әдіс жаңа сөздерді тез игеріп, жаттауға ықпал етеді.

Олар билейді және әртүрлі қимылдарды орындайды, ал бұлардың бәрі ағылшын тіліндегі сөздермен бірге жүреді. Мысалы, қоштасуға арналған ән-жаттығу «Goodbye!». Бұл ән-жаттығуды әр сабақтың соңында сабақ аяқталуы ретінде орындауға тырысамыз. Балалар әнді ғана айтып қоймай, қозғалысты орындайды.

Әрбір ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын ән-жаттығулар: «Go! Stop!»;

«Up! Down!»; «Head, shoulders, knees and toes»; «Clap your hands and listen to the music»; «Jump! Stop!»; «Move left!»; «Open! Shut!».

Мектеп жасына дейінгі балалар ағылшын тілін ертегі сәттері мен шынайы өмірдегі кейіпкерлердің әрекеттерін бақылау арқылы үйренеді. Бізге сабаққа келетін бас кейіпкерлер кездейсоқ алынбайды. Бұл жаста балалардың қызығушылығы өздерінің күнделікті өмірде кездесетін ертегі кейіпкерлеріне бағытталады. Мысалы, мультиктер көреді, сурет бояумен айналысады, әртүрлі бейнелі суреттері бар кітаптарды тамашалайды.

Біз балалармен мынадай ертегілерді кейіптендіреміз: қазіргі заманға келтірілген «Сәулетті үй», «Шалқан», «Бауырсақ» ертегілері. «Сәулетті үй» ертегісін қойғанда, ертегі кейіпкерлерін өз қалауымызға қарай аламыз. Әрбір ертегі кейіпкері сиқыршының өтініші бойынша түрлі тапсырмалар орындайды. Яғни, мұндай әдемі үйде тұру үшін, кейіпкерлер өздерінің білімдерін, дағдыларын көрсетеді. Биылғы оқу жылындағы Жаңа жыл мерекесіне ересек топ балалары ортаңғы топ ертеңгілерінде «Шалқан» ертегісін көрсетті.

Балалар оқу жылы көлеміндегі тақырыптарға байланысты өлең шумақтарын, әндер мен сергіту сәттерін жатқа айтады. Бөбекжай бүлдіршіндері ерте жастан ағылшын тілінен алған білімдерін ашық сабақтарда, сабақтан тыс шараларда көрсетеді, барлық ертеңгіліктер мен мерекелерге қатысады.

Сөзімді қорытындылай келе айтарым: мектепке дейінгі жастағы балаларға ағылшын тілін үйрету өзінің өзектілігін дәлелдеп отыр.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ерте жастан ағылшын тілін меңгерту барысындағы қолданылған тиімді әдістер

Автор: Тугельбасова Самал Торебаевна

Дата: 26.05.2017

Номер свидетельства: 418691

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) "Шетел тілін ерте жастан о?ытуды? ма?ызы ж?не оны? ерекшеліктері"
    ["seo_title"] => string(67) "shietieltiliniertiezhastanokytudynmanyzyzhnieonynieriekshieliktieri"
    ["file_id"] => string(6) "273217"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452172484"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "Билингвалдық және полилингвалдық оқыту- заман талабы"
    ["seo_title"] => string(56) "bilinghvaldyk_zh_nie_polilinghvaldyk_ok_ytu_zaman_talaby"
    ["file_id"] => string(6) "384667"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1485545067"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства