Саба?ты? ма?саты: Етістікті? ?ткен ша? формасымен танысу,та?ырып?а байланысты берілген м?тінді топты? ж?мыста бірлесе аудара отырып, жа?а с?здерді ме?герту.
К?тілетін н?тиже: Грамматикалы? ережені са?тай отырып, ?ткен ша?та с?йлемдер ??растыра алады, еркін с?йлейді, с?здік ?оры молаяды, тілді ме?геруде сыныптастары ы?пал етеді.
Негізгі идея: о?ушыларды? бірлесе отырып білім алуы.
М?тінмен ж?мыс. О?ушылар м?тінді кезектесіп о?иды? бірбіріні? о?ы?анына смайликтер ар?ылы ба?а беріп отырады.
Exercise 4. Read the text and pick up the verbs in the Past Simple.
Anna was born in 1927 in the country near Bristol. She live there with her family. Her husband died when she was 60. After her husband's death she started traveling around Europe. She started writing a book about her life. When her grandchildren were little she looked after them. Before she moved to Bath s often visited her son.
«Ба?даршам т?стес пара?шалар
Смайликтер
10 мин
?олдану. ?ткен ша?та берілген етістіктерді м?тіннен теріп алып, ??рамында?ы ерекшелігін аны?тата отырып, о?ылу ерекшелігін ажыратуды ?сынамын.
Просмотр содержимого документа
«Дені? сау болсын!»
Денім сау болсын десең...
Мақсаты: Салауатты - денсаулық туралы кешенді ғылым деген түсінікті қалыптастыра отырып, өз ойларын ортаға салуға, топпен жұмыс істеуге, сыйластықа тәрбиелеу.
Әдісі: Үш қатарға бөлінген оқушылар арасында сайыс ретінде өтеді.
Көрнекілігі: Оқушылардың арнайы салған суреттері, карточкалар.
Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқытудың тиімділігін артырып, оқу шыңын, белсенділігін арттыру тапсырманы орындау үшін ақыл-ойын сарқа жұмсауға, шығармашылық жетістіктерге жетуге, жаңа рухани күштер көзін ашуға әсерін тигізеді. Баланы ңдамуы жеке тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Әр қшыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. Оқушы екі ақпаратты басшылыққа ала отырып,мол ақпараттың ішінен өзіне қажеттісін алады. Бала пікірін тыңдап, келеңсіз жағдайға тап болса қол ұшын беріп, одан шығу жолын көрсету ортасының болуы оның дамуына зор әсер етеді.
Адам қимыл-қозғалыссыз өмір сүріп, еңбек ете алмайды. Дене және ой еңбегімен шүғылдану үшін қимыл-қозғалыс қажет.
Адам өміріндегі ауан түрлі өзгерістердің бірі пайдалы болса, енді біреулері денсаулыққа зиянды әсер етеді.
Сабақта әр адамның денсаулығын нығайту мен сақтау мүмкіндіктері қарастырылды. Ғылыми деректер негізінде қоршаған ортаның әсеріне баға берілді. Талқылауда оушылар өз ойын еркін жеткізу үшін сын тұрғысынан ойлау стратегиясын пайдаландым. Сынып оқушылары үш топқа бөлінді. Олар өздерінің тобына ат қойып, оның мағынасын түсіндірді.
1-кезең
Қызығуды ояту. Оқушылар денсаулық жөнінідегі өздері білетін мақал - мәтелдерді айтты.
«Денсаулық зор байлық»
«Тазалық – саулық негізі»
«Ауруын жасырған аурмай өледі»
«Олақтан салақ жаман»
«Іздеп алған аурудың емі табылмас »
«Дені саудың – жаны сау»
«Ауру астан,
Дау қарындастан»
«Көзің ауырса, қолыңды тый,
Ішің ауырса, аузыңды тый».
«Спорт – денсаулық кепілі».
«Демі бардың емі бар»
«Басы аманның малы түгел»
«Ауру аздырады,
Суық тоздырады»
«Көкірек ауруы күле кетер»
«Соңғы сөзді мен айтам » стратегиясы бойынша әр топ тиісті мақал – мәтелге талдау жасайды.
1-топ: «Дені саудың – жаны сау».
2-топ: «Көзің ауырса, қолыңды тый,
Ішің ауырса, аузыңды тый».
3-топ: «Спорт – денсаулық кепілі».
Арнайы қағаздар дайындалды:
Үзінді
Түсініктеме
Үзінді бөлігіне мақал-мәтел жазылды, түсініктеме бөлігіне оқушы өз ойын талдап жазды. Әр оқушы жеке жұмыс істеді. Топта талданып, сәтті шыққан талдауды топ алдында қорғады.
2-кезең
Мағынаны ашу.
Топтарға плакаттар таратылып берілді.
«Дені сау болу үшін не істеу керек?» сұрағына жауап іздеді. Әр топ оқушылары плпкатқа сурет салу арқылы өз ойын жеткізуге тырысады. «Галереяға саяхат» стратегиясы қолданылады. Онда өр топтың жұмысы ілінеді. Оқушыларға арнайы қағаз таратылып беріледі. Басқа топтар жұмысына пікірлер айтылып, қағаздарға жапсырып кетеді. Топтар өз жұмыстарын алып, пікірлермен танысады.
Топ алдында жұмыстарын қорғауға шығады. Жұмыстарын қорғай отырып, өздеріне айтылғын сын-пікірлерге көзқарастарын айта кетеді.
3-кезең
Ой толғау.
«Кіші дөңгелек үстел» стратегиясы арқылы бүгінгі талқылауға өз қорытынды ойларын жазды, келесі оқушылар сол ойды сағат тілімен жалғастырып жазу керек. Өз қағазы өзіне айналып келгенде соңғы сөйлемді жазып аяқтайды. Топта сәтті шыққан талдаулар ортаға келіп қорғалады.
«Дені сау болу үшін жемісті көп жеу керек. Бұлшық етің қатайып, жұмыс істеу қабілетің күшейеді. Уақытымен тамақтану керек.»
«Денің сау болсын десең – таңертең жаттығу жасап, таза ауада дем ал. Ауаны ластаудан сақтау керек. Табиғатты көгалдандыруға, жасылдандырға өз үлесіңді қос.
«Денің сау болсын десең – спортпен шұғылдан. Спорт адам денсаулығына өте пайдалы. Дене тәрбиесі сабағына үнемі қатысып отыр. Дені сау адам – дүниедегі ең бай адам»
Имандылық – инабаттылық
Мақсаты: қазақ халқының басқа мұсылман халықтар арасында қастерлеп жадында ұстап келген ислам діні. Оның барлық жақсы қасиеттері биіктігінің бастауы, негізін түсіндіру. Қасиетті құран кітабының негізгі қағидалары адамды жақсылыққа, тазалыққа, сенімге, қайырымдылыққа тәрбиелейтінін түсіндіру.
Барысы:
Я, Алла!
Адамдарға қас қылма
Сорлы қылма өк аспанның астында
Я, Алла!
Жауыздықтан сақтай гөр
Жамандыққа, жауыздыққа бастырма.
М. Мақатаев
Ислам діні – дүние жүзіне кең тараған діннің бірі. Дүние жүзінде 5000 миллионнан аса мұсылман бар. Мұсылман дінінің негізін салушы Мұхаммед Пайғамбар. Бұл дінің қасиетті кітабы – Құран.
«Құран сөзі – Құдай сөзі» деп үйретеді мұсылман баласы. Құран мұсылман баласының қалай өмір сүру керектігі жайлы жазылғын заң шарттарынан тұратын кітап. Дін –ғылымның анасы,
Дін – ғылымның әкесі.
Ғылым – діннің баласы,
Дін – ғылымның көкесі.
Дін – белгілі заңдылықтардың жүйесі. Оны қоғамның әрбір мүшесі орындауға тиіс. Дінге бағынған адам өз қоғамының заңын жұзеге асыруға міндетті. Ол ақыл, білім, мінез-құлық, адамгершілік, имандылық, бебітшілік діні. Мұсылман дінінің заңдылықтары – шариғат бойыша өмірге келген мұсылман адам оқып білуге міндетті. Оқымаса, білмесе ол Алла тағаланың әмәірін орындамағаны.
Хадис – Мұхаммед Пайғамбардың даналық сөздерінің жиынтығы. Құран Кәрімнен кейінгі ең қастерлі кітап. Онда мұсылмандардың имандылық, инабаттылық, адамгершілік ережелері жинақталған.
Хадистер сөйлейді:
Ұят –иманды.
Ұят жанға жақсылық келтіреді.
Кімде-кім жүрегін иман үшін, шындық үшін ұстаса, өзін салихалы ұстап, көп тыңдап аз сөйлесе, ол иманды адам. Біреуге зиян келтірмесе, өзіне біреудің залал келтіруіне жол берме.
Аш адамға тамақ беріңдер. Аурудан хал сұраңдар. Қарызға батқан адамға көмек
беріңдер.
Мұсылманның 5 хұқы бар:
Сәлем беру мен алу.
Шақырса бару.
Ақыл-кеңеч сұраса беру.
Ауырса көңіл сұрау.
Қайтыс болса жаназасына қатысу.
Апатқа апаратын 7 күнәдан аулақ болу:
Құдайдың құдіретіне шек келтіру.
Алдап-арбаумен шұғылдану.
Біреуді нақақ өлтіру.
Пайдакүнемдік.
Жетімнің ақысын жеу.
Адал адамға жала жабу.
Отан қорғаудан қашпау керек.
Үш түрлі нәрсеге иманың кәміл болу керек:
Садақа бергеннен ырысың ортаймайды..
Ақ адал малдың қамын біле сабыр сақта.
Тіршілікпен мал табуға кіріссең, Тәңірдің сыны – биіктілік көрсетпе.
Имандылық – араб тіліндегі нану, сену деген мағынадағы иман сөзінен шыққан. Ислам дініндегі 5 парыздың бірі: оның мәнісі – Алланың біреу екекніне, одан басқа Алланың жоқтығына сену. Әдетте ол дін жолынан қия баспауды, ар-ождан тазалығын, обал-сауап талаптарын сақтауды, қылдай қиямет жасамауды, қайырымдылықты, адалдықты жинақты түрде көрсететін адамгершілік ұғым атауы болып табылады.
Қорытынды:
Қазіргі тәуелсіз еліміздегі әркімнің сенім бостандығын қолдап, ғасырлар бойы халқымыздың көкірегіне ұялап, қанына сіңген ислам дінінің имандылық қағидаларын адамдар арасындағы ізгілік, қайрымдылық, адалдық, әділеттілік қарым-қатынас негізіне алып, жасұрпақты тәрбилеуге пайдалана ртырып, зайырылы мемлекет құру жолын ұстануды таңдауымыздың себебі де сол екені айқын. Өйткені, белгілі діндар ғұлама Халифа Алтай қажы айтқандай, «Иманды елде ізгілік пен адамгершілік салтанат құрмай, қылмыс пен бұзақылық тыйылмайды».
Діни наным адам өмірін жеңілдетіп, мінез-құлқын жұмсартып, меірбандылығын арттыратыны, бірлігін бекемдеп, әдептілікті орнықтыратыны даусыз. Демек, адамға бұндай сенім керек. Оның өзекті қағидасы: нысап нәпсіні тыю, қайырымдылық, кісіге ғайбат сөз айтпау, қиянат жасамау, жоқ-жітік, кемтарларға қайыр садақа беру,ұрлық-қарлық жасамау, өтірік айтпау, жетім-жесірді жылатпау, ата-ананы ардақтау.
Сабақтың тақырыбы:Суицид – қоғамдағы ірі проблемалардың бірі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өздері қоғамның болашағы екендігін, сол болашақтың
тағдыры осы өздерінің қолдарында екендігін ұғындыру. Ата –
баларымыздың өсиеттерін екі етпей орындауға, имандылыққа,
мұсылмандыққа жат қылықтардан аулақ болуға, өмірдің қиын мәселелерін
шеше білуге, басқа досатарына көмектесе білуге тәрбиелеу.
Бүкіл Қазақстан Республикасы азаматтарын осы проблема қатты алаңдатып отыр. Себебі, қиял – ғажайып ертегілермен бір қазанда біте қайнасатын шынайы өмір осындай сауалды алдымыздан көлденең тартып отыр. Соңғы кездері жастар мен жасөспірімдер психологиялық күйзелісті, яғни стресті, депрессияға, яғни жан дертіне ұшырауын бастарынан кешіп жүргендерін жиі кездестіреміз.
Өмір адамға бір-ақ рет келеді. Ал бітпес тіршіліктің сол тауқыметіне қарсы күрес, өз несібеңді айырып жесең соның өзі бақыт. Бірақ соқтықпалы, соқпалы өмірдің қиындығына кез – келген адам шыдай ала ма? Шыдауы керек деп жұбату сөзді айту жеңіл болғанымен, екінің бірінің жүйкесі мықты емес, ал жүйкесі жұқалар бүгінгі тіршілігінен гөрі бақилық дүниені дұрыс көріп, сол жаққа мезгілсіз аттанып жатады.
Оларды кінәлау орынсыз да шығар.
Депрессияға және стерсске ұшырағандардың психолгиялық күйзелісі жастарды психолгиялық індетке ұшыратуда. Суицид – адамның өз-өзіне қолданылатын аяусыз жаза, өз Меніне ашылған соғыс. Қазіргі босбелбеу жастар жоқшылыққа, қиыншылыққа төзе алмайды. Бос уақыттары көп, сабақ оқымайды, пайдалы заттармен айналыспайды, не жеймін, не киемін деп қайғырмайды, басына түскен проблемаларды жеңгісі келмейді.
Депрессияға, стресске шалдыққан адам, өзіне көңілі ешқашан толмайды. Өмірден түңіледі. Сондай – ақ жасөспірімдерді өзіне – өзі қол жұмсауға жеткізудің басқа да фактілері анықталды, жыл сайын әлемде 1 млн адам өз – өзіне қол салатындығы анықталды. Әлемде 20 секундта бір адам өлетіні де анықталып отыр.
Суицидтің шығу себептері:
Нарық экономикасына байланысты ең өзекті мәселе материалдық тұрмыстық қиыншылықтар;
Тұқым қуалаушылық фактілер;
Отбасылық ұрыс – керіс, ата – ананың ажырасуы, жалғыздық, махаббатта жолы болмау;
Дімкәс, денсаулық, психикалық сырқаттық, белсіздік пен бедеулік;
Қылмыстық жауапкершліктен қашу, істеген ісінің ұятығынан қорқыныш;
Оқу орнындағы даулы мәселелер мен сәтсіздіктер;
Әр түрлі секталарға кіріп, одан шығу жолын таппау;
«Өмір сүруден шаршадың ба» атты арнайы сайтан интернет сайттар т.б..
Теледидардан көрсетіліп жатқан қарақшылық, жауыздық туралы фильмдер;
Арақ ішу, насыбай ату, нарктиктер пайдалану – осының бәрі жастардың миына кері әсер етуі.
«Өзіне – өзі қол салу» қазір төрткүл дүниені қатты алаңдатып отырған үлкен проблемаға айналып бара жатыр. Кез келген өлімнің себебіне көз салсақ, өз –өзін құрбандыққа шалу әлемде сегізінші орын алып тұр. Ал жалпы өлім көрсеткіші бойынша бірінші орынды иеленеді екен.
Суицидке қарсы күреспесе, ол бүкіләлемдік қауіпке айналды. Әлемдік дерт төрт құрлық халқының 11 пайызы өзін – өзі құрбандыққа шалуға дайындық жасайтынын айтты. Көп жағдайда оның шығу төркіні анықталмай, жұмбақ жағдайда қалады. Бұл сырқат әйелдерге қарағанда еркектердің арасында төрт есе жоғары. Қазір әлем бойынша 18-24 аралығындағы жастардың 80 пайызы өлім туралы көбірек ойлайды.
Сонымен қатар, Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы суицид кедей елдерде ғана емес, қазір бай – қуатты елдерде өршіп бара жатқандығын да айтып отыр. Бұл індет, мұсылман, христиан, католик, будда діндеріне де қарамай өрши түсуде.
Қорытынды сөз:
Адам тағдырына жауапкершілікті тек ұстаздар мен дәрігерлерге ғана жүктеп қоймай жұмыла мойынымызға алуымыз керек. Жер бетінде өмір сүру үшін батырлық көбірек керек.
Шыда, Шыда!
Шыдай түс, шыда тағы!
Шыдамдыны мына өмір ұнатады.
Үміттің құлан иек құла таңы,
Әйтеуір бір атады, бір атады...
Өкінбе, өкпелеме, бұл күніңе,
Өмір, өмір!
Болмайды түңілуге.
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып қақың бар жүгіруге, - дегендей өмірде барлық нәрсеге шыдамдылықпен, сабырмен қарау керек.