kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба? та?ырыбы: "Дені сау болсын десе?..."

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:  «Дені сау болсын десе?...»

Саба?ты? ма?саты:  О?ушылар?а денсаулы?ты? ?ымбаттылы?ын, ?мір с?ру ?ажеттілігіні? ба?алы байлы? екенін т?сіндіру. Денесін шы?дау?а, шымыр да шапша?, ??ыпты да жина?ы, тал?ампаз да ?ана?атшыл, таза да ?демі болу?а т?рбиелей отырып, білім беру, шы?армашылы? ?абілетін дамыту, с?йлеу шеберліктерін жетілдіру.

Саба?ты? міндеттері: 1. Денсаулы?ты са?тау ж?не ны?айту туралы білім беру.?зін-?зі т?рбиелей білу, жа?ымсыз іс-?рекеттерден аула? болу.Салауатты ?мір салтына т?рбиелеу.

Саба?ты? к?рнекілігі: О?улы?, д?птер, слайд, к?рме, ма?ал-м?телдер, ?анатты с?здер, буклет.

Саба?ты? т?рі: Жа?а білімді ме?герту

 Шатты? ше?бері. М??алім. Балалар, б?ріміз шатты? ше?беріне жиналды?. Енді бір-бірімізге денсаулы? туралы жа?сы тілектер айтайы?.                 (О?ушылар бір-біріне б?гінгі к?нні? к??ілді ?туіне ж?не денсаулы? туралы тілектер айтады) Шатты? ше?берінде ?нтаспадан «?р?ашан к?н с?нбесін» ?нін ты?дап,  бірге ?осылып айтады.

«?р?ашан к?н с?нбесін»

 С?зі: Л. Ошаниндікі

?ні: А. Островскийдікі

Аудар?андар: І. М?мбетов; ?. Ыдырысов

К?н ?демі, к?к ?лемі,

Б?л- суреті жас баланы?.

А? ?а?аз?а сал?ан ізі,

?алдыр?ан б?л с?зі:

?айырмасы:

?р?ашан к?н с?нбесін!

Аспаннан б?лт т?нбесін!

?асымда болсын мамам,

Болайын мен де аман.

Денсаулы?- адам организіміні? жан – жа?ты дамуы мен  б?кіл дене ?ызметіні?  д?рыс ж?зеге  асуы. Адамны?  дене шыны?тыруы, ?немі денені таза ?стауы,  к?н т?ртібін орындай білуі ж?не адамны? к??ілді , ?уанышты  болуы да    денсаулы?ты  са?тау?а к?мектеседі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? та?ырыбы: "Дені сау болсын десе?..." »



Оңтүстік Қазақстан облысы

Мақтарал ауданы, Асықата кенті

«Жеңіс» мектеп – гимназия»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі

Тілеуова Тұмаркүл






Сабақтың тақырыбы: «Дені сау болсын десең...»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға денсаулықтың қымбаттылығын, өмір сүру қажеттілігінің бағалы байлық екенін түсіндіру. Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелей отырып, білім беру, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.

Сабақтың міндеттері: 1. Денсаулықты сақтау және нығайту туралы білім беру.Өзін-өзі тәрбиелей білу, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болу.Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дәптер, слайд, көрме, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, буклет.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

Шаттық шеңбері. Мұғалім. Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналдық. Енді бір-бірімізге денсаулық туралы жақсы тілектер айтайық. (Оқушылар бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне және денсаулық туралы тілектер айтады) Шаттық шеңберінде үнтаспадан «Әрқашан күн сөнбесін» әнін тыңдап, бірге қосылып айтады.

«Әрқашан күн сөнбесін»

Сөзі: Л. Ошаниндікі

Әні: А. Островскийдікі

Аударғандар: І. Мәмбетов; Қ. Ыдырысов

Күн әдемі, көк әлемі,

Бұл- суреті жас баланың.

Ақ қағазға салған ізі,

Қалдырған бұл сөзі:

Қайырмасы:

Әрқашан күн сөнбесін!

Аспаннан бұлт төнбесін!

Қасымда болсын мамам,

Болайын мен де аман.

Денсаулық- адам организімінің жан – жақты дамуы мен бүкіл дене қызметінің дұрыс жүзеге асуы. Адамның дене шынықтыруы, үнемі денені таза ұстауы, күн тәртібін орындай білуі және адамның көңілді , қуанышты болуы да денсаулықты сақтауға көмектеседі.


1оқушы:

Денсаулық ол – шыныққан

Барлық денең мүшесі.

Денсаулық ол - тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі.


2оқушы:

Денсаулық ол - күлуің

Көңіл – күйің жадырай,

Денсаулық ол – жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.


3-оқушы:

Қара айнаға, көресің

Өзіңді – адам денесін.

Қол - аяғың, басың бар,

Бұған кеуде қосылар-

Құрылысың бұл сыртқы.

Көрінбейді жүрегің,

Өкпе, миың, бүйрегің-

Құрылысың бұл ішкі.


4-оқушы:

Сымбат - мүсін дегенің

Бітім – көркі денеңнің.

Сымбат – жүру әдемі,

Дене қалпын тік ұстап:

Көтеріп сәл кеудені,

Иық жазып дұрыстап.

Түзу отыр, қисаймай,

Бүкіреймей, жантаймай.

Күш сап бас пен арқаға,

Жатып алма партаға.


5-оқушы

Ата – анамыз, ұстазымыз,

Бір тілек айтарымыз:

Берекелі заман болсын,

Балаларың аман болсын.

Жиырма бірінші ғасырда,


6- оқушы

Ашық аспан астында

Денсаулықтарыңыз мықты болсын,

Жанұяларыңыз қуанышқа толсын


Ой шақыру. Тапсырма. Балалар, Байлық деген не? Денсаулық деген не? (Оқушылар ойларын жинақтап, дәптерге топтастырады.)




Машина


білім


денсаулық

Табиғат


Мал

Саябақ

ақша




(Оқушылар топтастыру бойынша ойларын айтады.)

Түйіндеме: Балалар , еліміздің мықты тірегі –дені сау ұрпақ. Алдымен адамға денсаулық керек. Адам баласының денсаулығы оның жаны мен тәнінің саулығынан құралады. Адам денсаулығының жақсаруы, рухани жанының тазаруы. Тіршілікте салауатты өмір салтын ұстану- салауатты өмір кешумен байланысты. Сонымен балалар, денсаулық -адам бақытының бірінші байлығы.

2.Ойланайық, пікірлесейік. “Денсаулығың өз қолыңда” дегенді қалай түсінесіңдер? Салауатты өмір салты не үшін керек? “Сатып алған ауруға дауа жоқ” дегенді мысалдармен түсіндіріңдер.

Оқушылардың жауап, пікірлерін негізге ала отырып,мұғалімнің қорытынды сөзі:

Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын. Сондықтан адамның денсаулығының мықты болуы адамның өзіне байланысты. Жағымды, жағымсыз заттарды дұрыс таңдау арқылы салауатты өмір сүруге болады.

Тапсырма:

Салауатты өмір салты дегеніміз не?

/Оқушылар өз ойларын карточкаға жазып, плакатқа жабыстыру./

Зиянды әдеттерден аулақ болу


Әлеуметтік тұрмысты жақсарту, күйзелісті болдырмау








Сапалы тамақтану, жеке бас гигиенасын сақтау


Денсаулықты сақтау, нығайту, спорпен шұғылдану



Бос уақытты тиімді пайдалану





Назар аударайық


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасының негізгі жеті басымдығының, төртіншісінде- Қазақстан азаматтарының әл-ауқаты, білімі және денсаулығы туралы атап көрсеткен. Халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі үш бағытта күрес жүргізу керек деді.

Бірінші бағыт - «Темекі шегуді тоқтату»

Екінші бағыт - «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес»

Үшінші бағыт - «Маскүнемдікпен араққа қарсы күрес»

Мәтінмен жұмыс. Зиянды әдеттер.

Күн сайын адамдар темекі шегу, ішімдікке салыну, нашақорлықтан түрлі дертке, бақытсыздыққа шалдығады. Зиянды әдеттер адамның өмір бойы өзін-өзі тұлға ретінде іске асыруына мүмкіндік берместен кедергі жасайды. Зиянды әдеттер арқылы адам өзінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді, жақын адамдарына ауыртпалық түсіріп, қоршаған ортаға зиян келтіреді.

Қиындықтан шығудың жолы, шешілмей қоймас.

Зиянды әдеттерден денсаулыққа қауіптілігі мынада:

-адам өзін-өзі бүлдіреді, өзін құрметтеп күтуден қалады;

-табиғат берген мүмкіндіктер ашылмайды;

-өтірік айтуға, ұрлық істеуге, қатігездікке, ақымақтыққа ұрынады;

-отбасын қайғы-қасіретке бөлейді;

-түрлі келеңсіз жағдайларға соқтығады.

Зиянды әдеттерге нелер жатады?

  • Зиянды әдеттердің адам өміріне тигізетін залалы қандай?

  • Қиындықтар кездескенде оларды қалай жеңуге болады?

  • Зиянды әдеттер денсаулыққа қалай әсер етеді? Мысал келтіріңдер.

Оқушылардың зиянды әдеттер туралы ойларын, түсініктерін тыңдап, слайд бойынша тірек схемасы арқылы білімдерін тиянақтап, бекіту.\



Сергіту сәті:


Балалардың өз ойы.

Темекінің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін залалы

Есірткінің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін залалы.

Ішімдіктің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін залалы


Сахналау: Оқушылардың алған білімдерін тиімді меңгерту мақсатында сахналық қойылым. (Жергілікті ақын, дәрігер Тұрысбек Еділбаевтің «Үш пәледен аулақ бол» кітабынан көрініс)


Бала:/ «арақтың» жанына келіп/

-Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?


«Арақ»:

-Мен арақпын, арақпын,

Жер жүзіне тараппын.

Жұрттың құмар асы боп,

Керегіне жараппын.


Бала:/ «темекіні» жанына ала келіп/

- Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?


«Темекі»:

-Мен темекі шылыммын,

Аузына елдің іліндім.

Қанша мені тартса да,

Демеді ешкім бүліндім.


Бала:/ «есірткінің» жанына келіп/

- Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?


«Есірткі»:

-Мен есірткі нашамын,

Уытымды шашамын.

Атым шулап турғанда,

Алшаңдап аяқ басамын.

/Сахнаға ересек бала шығады


Ересек бала:

-О, жаратқан, жаратқан,

Жұрттың аузын қаратқан.

Ағайынды үшеуін,

Қандай пәле таратқан.

-О, адамдар, санаң бар,

Үш пәлеге қараңдар.

Үшеуі де үлкен жау,

Бүкіл әлем алаңдар!


/Екі бала бірігіп:

«Арақ», «Темекі», «Есірткі»

Үшеуі де ауыр дерт.

Бүкіл елді бүлдірмей,

Арамыздан аулақ кет!

/Балалар қолындағы қамшымен үш пәлені соғып қуып шығады/





Дене шынықтыру жаттғуларын жүйелі орындау


Бос уақытын дұрыс ұйымдастыру







Спортпен шұғылдану












Тиімді, құнарлы тамақтану



Салауатты өмір салтын ұстану


Өзін өзі сыйлау, жауапкершілік сезімінің жоғары болуы;





Назар аударайық!

Адам денсаулығындағы өміршеңдік ережесі:

Әр адамның ережесі өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Әр уақытта өз денсаулығына жете мән беріп кездескен қиыншылықтарды жеңе білу керек.

Адамдар көңіл көтеріп, демалу үшін, ренжігенін басу үшін шылым шегіп ішімдік ішеді, бұл адам өміріне зиян екендігін өздері білсе де, сезінбейді.

Мұндай сезімнен арылу үшін жанға жайлы музыка тыңдау керек, жақсы ән мен музыка жан азығы.


Тест .

1. Қазақстанда әлемдік деңгейде дамыған ойын?

А) тоғыз құмалақ

Ә) бокс

Б) қазақша күрес

2. Қазақтың ұлттық ойыны?

А) қазақша күрес

Ә) бокс

Б) жеңіл атлетика

3. Д.Тұрлыханов қай спорт түрімен шұғылданды?

А) күрес

Ә) волейбол

Б) бокс

4. Пекин олимпиадасында ауыр атлетикадан алтын медаль

алған Қазақстандық спортшы?

А) Ж. Үшкемпіров

Ә) И. Ильин

Б) Б. Сәрсекбаев

5. Бірінші байлық не?

А) денсаулық

Ә) ақша

Б) бақыт

6. Денсаулыққа зиянды әдеттер?

А) шылым шегу

Ә) спортпен айналысу

Б) таңертеңгілік жаттығу

Шығармашылық жұмыс. /оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін тиянақтап бекіту мақсатында/

«Жаны саудың-тәні сау» тақырыбына эссе, шығарма жазу.

Жүректен жүрекке.


Бала тілегі.

Сөзі: С. Молдасынұлыныкі

Әні: Ф.Лұқпанованікі


Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен, қара орман.(2 рет)


Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік- ұлан-байтақ елімде

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.(2 рет)


Үйге тапсырма:

Денсаулық туралы мақал-мәтелдер жинақтап жазу.

Сөзжұмбақ құрастыру.






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Ашы? саба? та?ырыбы: "Дені сау болсын десе?..."

Автор: Т?марк?л Тілеуова

Дата: 11.11.2014

Номер свидетельства: 129716


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства