kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Коучинг Тайм- менеджмент

Нажмите, чтобы узнать подробности

разработка коучинг Тайм- менеджмент Это разработка о времени то есть как правильно пользоваться сиоим ременем. Я проводила среди 11 классов и среди учителей своей школы и еще в городском семинаре

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Коучинг Тайм- менеджмент»

№ 14 орта мектеп







КОУЧИНГ



Модул : Көшбасшы

Тақырыбы: «Тайм-менеджмент»

Дайындаған: Хожабаева Курултай









Ақтау 2015


Сабақ жоспары


САБАҚ: КОУЧИНГ Модул:- Көшбасшы

Тақырыбы: Тайм-менеджмент

Мектеп: №14

Күні: 12.02.15

Оқытушының аты-жөні: ХОЖАБАЕВА КУРУЛТАЙ

Семинарға қатысушы мұғалімдер

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

АКТ-ны пайдалану арқылы, сын тұрғысынан ойландыру, көптеген мәліметтер мен таныстыру.

Көшбасшы болудың жолдарын үйренуге ұғындыру.




Сабақтың мақсаттары

Білімділік: Мұғалімдердің мәтін туралы білетін ақпараттарын бекіту. Іздендіру арқылы

жаңа тақырыпты меңгертуге ықпал ету. Мәтіннің өзекті мәселесін анықтауға, өз ойын еркін айтуға, көпшілікке ойын жариялауға үйренеді.

Дамытушылық:Мұғалімдер өзіндік ізденісін, ойлау қабілетін, сөздік қорын молайтады, сөйлеу мәдениетін дамытады.

Тәрбиелік: Адам бойында адамдық ізгі қасиеттерді қалыптастыруға, жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге, адамгершілікке, адалдыққа баулуға орта құру.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру.

Тілдік мақсат

Тіл байлығын жоғарлату.

Алдыңғы білім

Бұл бөлім, алдындағы барлық меңгерілген бөлімдермен байланысты.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен алмастырыңыз)

Ресурстар

Басы

Амандасу, топқа бөлу. Уақытқа тиісті суреттер арқылы топқа бөлу. Тренинг бір-біріне жақсы қарым қатынас құру, қол шайқауарқасына массаж жасау.




Жұмыс кеңсесі екінші үйіңіз болды ма? Туыстарыңызға қарағанда әріптестеріңізді жиі көресіз бе? Туған-туыстарыңыздың проблемаларына соңғы рет қашан көңіл бөлгеніңізді ұмытып қалдыңыз ба?

Тайм-менеджмент жайлы ойлануға уақыт келді: уақытты бағалауды және бір минут болсын уақытты босқа жоғалтпауды үйрену қажет. Бір мақаланы оқи салып, тайм-менеджмент дағдысын меңгеріп алу, әрине мүмкін емес. Алайда жүріс-тұрысыңызға қажетті түзетулер енгізу мен назар аударуға тұрарлық тұстарды анықтауға әбден болады. 

Бұл мақалада біз сіздерге тайм-менеджмент бойынша 8 практикалық кеңес береміз. Ұсынылатын кеңестер оңай әрі күнделікті өмірде өте қажетті.


Мультфильм және слайд көрсетіледі.

Мұғалімдер постер жасайды.

ВИДЕО РОЛИКТЕР

ФЛИПЧАРТТАР

ТҮРЛІ-ТҮСТІ КАРАНДАШТАР




Ортасы










































Кеңес 1. Әдеттеріңіз бен шұғылданатын істеріңізді анықтапалыңыз
Ол үшін 1-2 апта бойы күнделікті атқаратын тірліктерді белгілеп отыратын күнделік арнаңыз немесе ұялы телефоныңызға жазып жүріңіз. Тек жұмыс, мерекелік шаралар, әңгіме-дүкен мен кездесулерді ғана жазып қоймай, ойларыңызды да түртіп отырыңыз. Бұл сіздің уақытыңыздың қайда кетіп жатқанын және күні бойы қанша іс атқаратыныңызды анықтауға көмектеседі.

Сонымен қатар, бұл әдіс - ешқандай пайда әкелмейтін істерді анықтауға да ықпалын тигізеді. Мысалы, әріптесіңізбен ауа райы жайлы әңгімелесу, қызық емес телебағдарламаларды қарау және т.б.

Кеңес 2. Жоспарлаумен айналысу

Күндік жоспарыңыз толығымен дайын болмағанша, жұмыс күніңізді бастамаңыз. Іс-шараларыңызды кешкісін немесе жұмыс уақыты басталмас бұрын жоспарлаңыз.

Жоспарланған істеріңіздің кемінде жартысы нақты нәтиже алуға бағытталған болсын.

Маңызды істеріңізге (ойлануға, іс-шараларға) нақты уақыт қойыңыз. Қашан басталып және қашан аяқталатын уақыттарын анықтаңыз.

Жетістікке әкелмейтін жұмыстарыңызға (іс-шараларға, кездесулерге) уақыт шектеуін қойыңыз.

Кеңес 3. Демалуды да ұмытпаңыз

Күндік жоспар құру барысында демалуға уақыт бөлуді де ұмытпаңыз. Ол тек түскі ас үзілісі ғана емес, 15 минуттық кофе-брейк те болуы мүмкін немесе жарты сағаттық тынығу (тыныштықта босаңсу - тек жеке кабинетіңіз болса ғана мүмкін).

Кеңес 4. Өзіңмен-өзің қалу
Мысалы, маңызды мәселемен айналысу кезінде кабинет есігіне "Мазаламаңдар" тақтайшасын іліп қойыңыз. Хатшыңызды шұғыл жұмыс кезінде ешкіммен байланыстырмауын және ешкімге кіруге рұқсат бермеуін ескертіп қойыңыз.






















































Соңы






Кеңес 5. Біртекті жұмыстарды топтарға біріктіріңіз

Айналысып отырғаныңыздың бәрін тастап, жаңа ғана келген электронды поштаңызды оқуға көшпеңіз. Тап осылай, сізге телефон арқылы хабарлаған проблемаларды бірден шешуге кіріспеңіз. Есіңізде болсын, тіпті аса жедел істер де 15 минут күте алады, ал шұғыл еместері онсыз да...

Телефон келіссөздеріне, хабарламаларды оқуға (электронды поштаны), есептеулер жүргізуге және басқа осындай біртекті жұмыстарға арнайы уақыт бөліңіз. Жасалған график уақытын сақтауға тырысыңыз.

Кеңес 6. Жетістік жайлы ойлаңыз

Кез келген жұмысты бастамас бұрын, оның қалай аяқталғанын қалар едіңіз соны ойланыңыз. Тапсырманың орындалуынан нені күтесіз? Тіпті, бұл жұмысқа не үшін кірістіңіз?

Мысалы, сіз біреуге телефон соқпақшысыз. Қоңырау қандай нәтиже бермек? Не себепті телефон соғып отырғаныңызды ішіңізден талдаңыз.

Кеңес 7. Жаман әдетеріңіз бар ма? 

Компьютердегі артық ұяшықтарды (ойын, әлеуметтік желілер, ойын-сауық порталдар, ақпарат сайттары және тағы басқа қажеті жоқ беттер) жабыңыз. Егер шылым шегетін болсаңыз маңызды жұмыс барысында одан бас тартыңыз: 1-2 сағат темекі шекпесеңіз өліп қалмайсыз. Дәлізде кездейсоқ кездескен әріптестеріңізбен әңгіме-дүкен құрмаңыз. Алдағы демалыста не істейтініңіз жайлы армандамаңыз. Жалпы айтқанда, сізді аз уақытқа болса да алаңдататын нәрселерден аулақ болыңыз.

Кеңес 8. Бәрін бірден үлгеруге ұмтылмаңыз

Барлық істі тындыру мүмкін емес: бір жұмысты орындаған абзал, содан соң кезекке жаңасы келеді. Естеріңізде болсын, жетістіктің сыры санда емес, сапада: "асықпаған арбамен қоян алады", - дейді атам қазақ.

"20% атқарылған іс 80% нәтиже береді" деген Парето заңын да естен шығармаңыздар. 

P.S. Уақытты шығындамаңыз, оның әрбір секундын бағалай білуді үйреніңіз. Сонда ғана өмір сүрудің оңай да жағымды екенін байқайсыз.

Музыкалық слайд, тілекті көрсетіп сабақты аяқтау.



Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ

Құндылықтармен байланыс

Дифференциялды оқыту өз бетінше жаттығулар кезінде мұғалім қолдауының алмасуы арқылы іске асады.


Жетістік критерийлеріне сәйкес тапсырманы орындап мақсатқа жетуіне байланысты жетті немесе талпынды деп бағаланады

Дүние жүзі және Қазақстан тарихы пәндерімен пәнаралық байланыс бар. Презентация қолданылады, Интерактивті тақтаны 20 - 25 минуттан артық қолдануға болмайды.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Иә, сабақ мақсатына жетті. Мұғалімдер көптеген мәліметтерді үйренді.

Уақыт тиімді пайдаланылды.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

Тайм-менеджмент кестесі.

2: Кеңес 7. Жаман әдетеріңіз бар ма? 

Компьютердегі артық ұяшықтарды (ойын, әлеуметтік желілер, ойын-сауық порталдар, ақпарат сайттары және тағы басқа қажеті жоқ беттер) жабыңыз. Егер шылым шегетін болсаңыз маңызды жұмыс барысында одан бас тартыңыз:


Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1: Осы үйреткен нәрселерді күнделікті қолданылса.


2: Кеңес 8. Бәрін бірден үлгеруге ұмтылмаңыз

Барлық істі тындыру мүмкін емес: бір жұмысты орындаған абзал, содан соң кезекке жаңасы келеді. Естеріңізде болсын, жетістіктің сыры санда емес, сапада: "асықпаған арбамен қоян алады", - дейді атам қазақ.

"20% атқарылған іс 80% нәтиже береді" деген Парето заңын да естен шығармаңыздар. 


Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

Кеңес 5. Біртекті жұмыстарды топтарға біріктіріңіз

Айналысып отырғаныңыздың бәрін тастап, жаңа ғана келген электронды поштаңызды оқуға көшпеңіз. Тап осылай, сізге телефон арқылы хабарлаған проблемаларды бірден шешуге кіріспеңіз. Есіңізде болсын, тіпті аса жедел істер де 15 минут күте алады, ал шұғыл еместері онсыз да...


2: Адам өмірінде жасалатын нәрселерге бөлінген жылдар.



























№ 14 орта мектеп







КОУЧИНГ



Модул : Көшбасшы

Тақырыбы: Критериалді бағалау

Дайындаған: Хожабаева Курултай









Ақтау 2015




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Коучинг Тайм- менеджмент

Автор: Хожабаева Курултай

Дата: 03.05.2016

Номер свидетельства: 323892

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(209) "Рефлексивный отчет о проведении коучинг занятия  по теме «Новые приемы использования ИКТ в  обучения школьников» "
    ["seo_title"] => string(127) "rieflieksivnyi-otchiet-o-proviedienii-kouchingh-zaniatiia-po-tiemie-novyie-priiemy-ispol-zovaniia-ikt-v-obuchieniia-shkol-nikov"
    ["file_id"] => string(6) "101276"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1402412410"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Коучинг тайм-менеджмент учителя"
    ["seo_title"] => string(41) "kouchingh-taim-mieniendzhmient-uchitielia"
    ["file_id"] => string(6) "201408"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429035428"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "«Как оценивание влияет на успешность учащихся» "
    ["seo_title"] => string(56) "kak-otsienivaniie-vliiaiet-na-uspieshnost-uchashchikhsia"
    ["file_id"] => string(6) "170537"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423568191"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства