Ұйымдастыру кезеңі Сабақ басында оқушылардың зейінін шоғырландыруға назар аудару. 2. «Сұрақты қағып ал» әдісі арқылы өткен тақырыпқа шолу Мұғалім сөйлесу барысында оқушыларға негізгі ұғымдарды естеріңе түсіреді, олар жаңа материалды оқу барысында керек болады: иррационал сан, рационал сандардың дәрежелері, дербес жағдайда, рационал санды квадраттау. Бұдан кейін оқушыларға өз бетімен тапсырманы орындау ұсынылады. Бұл тапсырмалар рационал сандарды квадраттау дағдыларына бағытталған. ҚБ: Мұғалімнің мадақтауы (Өте жақсы! Жарайсыңдар! Керемет!) Мұғалімнің іс-әрекеті: Сабақтың тақырыбын айтып, бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. 3. Жаңа тақырыпты түсіндіру және оның алғашқы бекітілуі. Арифметикалық квадрат түбірдің негізгі қасиетін оқу слайдта көрсетілген түсіндірмелермен сүйемелденеді. Соңында оқушылар келесі формулаға келеді: және арифметикалық квадрат түбір анықтамасынан, егер мағынасы болатын болса, онда және . Бағалау критерийлері: Толық квадраттан арифметикалық квадрат түбірді дұрыс шығарады; Арифметикалық квадрат түбірдің негізгі қасиетін формула түрінде дұрыс жазады; Арифметикалық квадрат түбір анықтамасы көмегімен арифметикалық квадрат түбірдің негізгі қасиетін негіздейді. 4. Бекіту тапсырмалары «Ойлан – жұптас – бөліс » (жұптық жұмыс) Дескриптор: Білім алушы көбейтіндінің квадрат түбірі қасиеттерін қолданады; бөліндінің квадрат түбірі қасиеттерін қолданады; дәреженің квадрат түбірі қасиеттерін қолданады; өрнектің мәнін табады; кестені толтырады. ҚБ: «Басбармақ» |