kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – оқыту сапасын арттыру кепілі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беруді дамытуда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыру қашан да басты мәселе болып отыр.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – оқыту сапасын арттыру кепілі»




Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – оқыту сапасын арттыру кепілі.


А.Жакаева, Теректі АӘК-нің әдіскері


Білім беруді дамытуда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыру қашан да басты мәселе болып отыр. Олай деуімнің себебі: елімізде білім беру саласында оңды өзгерістер орын алуда. Бәсекеге қабілетті елдер қатарынан ойып тұрып орын алу үшін білімді ұрпақ тәрбиелеуде ұстазға ауыр жүк артылуда. Білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіруде – елімізде жаңартылған білім беру бағдарламасы енгізілді. Бұл бағдарламамен жұмыстануда оқушыларға сапалы білім беріліп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасалуды. Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет: іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте кәсіби білікті болуы тиіс. Әрине, ол үшін алдымен ұстаздың кәсіби шеберлігі, педагогикалық, ғылыми-теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгеруі маңызды.

Осы орайда, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 2016-2017 оқу жылында ауданда біліктілік арттыру курстарынан 18 мектеп директоры, оның 10-ы ШЖМ-тен (55,5 %), 18 директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, оның 12-сі (66,6 %) ШЖМ-тен және 7 әдіскер өткен болса, педагогтер құрамы төмендегі кестеде берілді.

Пән атауы

Толық комплектілі мектепте

ШЖМ

2017-2018 оқу жылына ШЖМ б/ша жоспар

1

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен

7

4

9

2

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен

4

9

7

3

Ағылшын тілі пәнінен

4

7

7

4

Бастауыш сынып

15

16

13

5

Химия пәнінен

4

2

6

6

Математика пәнінен

5

4

5

7

Музыка пәнінен

4

9

6

8

Бейнелеу өнері пәнінен

8

16

3

9

Дене шынықтыру пәнінен

2

7

4

10

Информатика пәнінен

-

-

3

11

География пәнінен

-

-

3

12

Биология пәнінен

-

-

3

13

Тарих пәнінен

-

-

3


Барлығы (127)


53

74

72

Ал, 2016 жылы «Тәжірибедегі рефлекция» жалпы білім беретін мектептердегі мектеп тренерлерінің курсынан аудан бойынша 46 тренер, ШЖМ-де 32 (69,5%) өтіп, 2017 жылға 48, ШЖМ-ден 18-і (37,5%) өткізу жоспарланып отыр.


Сонымен қатар, үштілді білім беру бойынша 3 айлық біліктілік арттыру курсынан 2016 жылдың 26 қыркүйегі мен 12 қарашасы аралығында ауданнан 60 педагог, биология пәнінен 15, химия пәнінен 13, физика пәнінен 16 және информатика пәнінен 16 мұғалім оқытылса, шағын жинақты мектептер бойынша 32 мұғалім қамтылды. Тілдік құзыреттіліктерін арттыру курстарынан өткен мұғалімдердің сабақтарына қатысу барысында оқушының пәнге деген қызығушылықтарының артқандығын байқауға болады. Бұл жұмыстардың білім сапасының алға жылжуына септігін тигізері анық.

2017 жылдың жаз айларында өтетін курста тағы да 60 мұғалім қамту жоспарлануда. Оның ішінде ШЖМ бойынша 34 мұғалім: биология пәнінен 10, химия пәнінен 7, физика пәнінен 6және информатика пәнінен 11 мұғалім оқытылатын болады.

2012-2017 жылдар аралығында өткізіліп келе жатқан деңгейлік бағдарламалар бойынша біліктілік арттыру курсынан өткендер:

Деңгейі

Толық комплектілі мектепте

1226 мұғалім

ШЖМ

554 мұғалім

Деңгейден өткені

Пайызы

Деңгейден өткені

Пайызы

І деңгей

37

3

10

1,8

ІІ деңгей

32

2,6

7

1,2

ІІІ деңгей

133

10,8

51

9,2

Барлығы

202

16,4

68

12,2

Кәсіби қызмет өзіңнің жан–жақтылығыңды көрсетудің, өзіңді дамытудың үлкен мүмкіндігі. Мектеп үшін ұстаздың біліктілік арттыру курстарынан өтумен қатар сапалық құрамы да ерекше орында. Ауданымыз қалаға жақын орналасқандықтан жыл сайын кадр саны мен сапалық құрамында айтарлықтай өзгерістер болып тұрады. Дегенмен де мектеп әкімшіліктері мен аудандық әдістемелік кабинет педагогтердің сапалық құрамын арттыруда жүйелі жұмыстанып келеді. Пән мұғалімдері 5 жылда бір өтетін аттестациялау жұмысына жауапкершілікпен дайындалады. Мұғалімдердің аттестациядан өтулерін төмендегі кестеден көруге болады.

Санаты

2016 жылы

2017 жылы

Толық комплектілі мектепте

1304 мұғалім

ШЖМ

553 мұғалім

Толық комплектілі мектепте

1226 мұғалім


ШЖМ

554 мұғалім


Санат алғандар

Пайызы

Санат алғандар

Пайызы

Санат алғандар

Пайызы

Санат алғандар

Пайызы

Жоғары санатқа

61

4,6

11

1,9

48

3,9

17

3,0

І санатқа

122

9,3

59

10,6

114

9,2

46

8,3

ІІ санатқа

160

12,2

82

14,8

179

14,6

91

16,4

Барлығы

343

26,3

152

27,4

341

28,8

154

27,7


Критерийлік бағалау жүйесінің білім беру үрдісіндегі қолданысы білім алушылардың жетістіктерін бағалау жүйесін жеке пәннің мақсатты нұсқамаларымен байланыстыруға, сонымен қатар білім алушылардың бастауыш мектептегі құзыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін белгілі критерйилерді қолдану арқылы анықтап, көтеруге мүмкіндік береді.

Әр оқушының дайындық деңгейін, оқудағы жеке ілгері басуын критерийлік бағалау жүйесімен анықтау, тек оқушылардың білім алуға деген мотивациясын ғана емес, мектептегі білім беру үрдісінің де сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Критериалды бағалауды енгізу бойынша үйлестірушілер курсынан аудан бойынша 43 педагог өтсе, оның ішінде ШЖМ-де 26-сы яғни 60,4 пайызы өтті.

Оқушылардың оқу жетістіктерін әділ және шынайы бағалау жүйесі, білім беру мазмұнының ажырамас бөлігі болып саналады. Осы уақытқа дейін білім мен білікті тексерудің түрлі әдістері қолданылып келді. Алайда тарихи даму процесінде бағалаудың түрлері мен тәсілдері, бақылау-өлшем іс-шаралары, оның мазмұны, оқушыларға әсері, ынталандыру элементтері және басқа факторлар өзгеріп отырды. Қазіргі уақытта білім беру процесінің жүйелі болуы керек екеніне ешкім күмән келтірмейді, олай болмаған жағдайда оның нәтижелігі төмендейді. Оқыту-тәрбиелеу жұмыстарын дұрыс бағыттай отырып қана оқушылардың бірін-бірі толықтырып отыратын қайшылықсыз педагогикалық әсерге қол жеткізуге болады.

Кәсіби жетілген, шығармашылығы шыңдалған мұғалімдер білім беру мен оқытуда айтарлықтай жетістіктерге жететіні анық.

Сөзіме дәлел ретінде биылғы оқу жылында аудандық байқауларда барлық мектептерден 60 мұғалім жүлделі орындарға ие болған болса, оның 22-сі ШЖМ-дің мұғалімдері. Яғни, І орынды – 5 мұғалім, ІІ орынды – 7 мұғалім және ІІІ орынды 10 мұғалім иеленді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда, 1,2 пайызға (2015-2016 оқу жылында аудандық байқауларда ШЖМ-ден 553 мұғалімнен 15 мұғалім жүлдеді орын иеленіп, 2,7 пайызды құраған болатын) артып отыр.

Ал облыстық байқауларда аудан мектептерінен 8 мұғалім, республикалық байқауда 1 мұғалім жеңімпаз атанса, оның 3-уі ШЖ Госплемстанция ЖОББМ-нің физика және информатика пәнінің мұғалімі Р.Т.Актаева облыстық "ЭКСПО - 2017" байқауында ІІІ орынды және Абай, Еңбек ЖОББМ-нің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары «Үздік РО» байқауында командамен І орынды иеленді. Облыстық байқауға қатысу бойынша да өткен жылмен салыстырғанда өсім байқалады.

Оқушылардың жетістіктеріне тоқталсам: 2016-2017 оқу жылында республикалық байқаудан 9 оқушы, облыстық байқауларда 32 оқушы жүлделі орындарға ие болған болса, оның біреуі ШЖМ-тің оқушысы.

Аудандық байқауларға 182 оқушы қатысып, жеңімпаз атанса, оның 48 оқушысы ШЖМ-тен болатын. Ал пәндік олимпиада да барлық мектептерден 71 оқушы жеңімпаз атанса, ШЖМ-ден 26 оқушы, яғни 36,6 пайызы, қазақ тілі пәнінен 5 оқушы, орыс тілі пәнінен 4 оқушы, ағылшын тілі пәнінен 4 оқушы,



математика пәнінен 2 оқушы, физика пәнінен 2 оқушы, география пәнінен 2 оқушы, биология пәнінен 5 оқушы және химия пәнінен 2 оқушы қатысып, жүлдегер атанды.

Осы арада шағын жинақты мектептердің үш жылдық білім сапасына тоқталып кетсем:

Жылдар

І тоқсан

ІІ тоқсан

І ж/ж

ІІІ тоқсан

ІҮ тоқсан

Жылдық

2014-2015 оқу жылы

1856 оқушы

47

48

48

56,9

60,3

58,7

2015-2016 оқу жылы

1725 оқушы

45,9

48,16

48,16

67,83

57,7

58,7

2016-2017 оқу жылы

1660 оқушы

59,7

62,3

62,3

63




12,7


14,3

6,1



Кестеден соңғы үш жылда аудандағы шағын жинақты мектептерде оқушы санының азайып отырғандығын көруге болады(2015 пен 2016 жылы 131, 2016 мен 2017 жылы 65 оқушыға кеміген). Үш жылдағы І тоқсанның білім сапасы 12,7 пайызға, І жартыжылдықтың білім сапасы14,3 пайызға,ІІІ тоқсандағы білім сапасы 6,1 пайызға өсіп отыр.

Қорыта айтқанда, оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Ал, тынымсыз еңбек кәсіби құзыреттілікке бастары қақ.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Завучу

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – оқыту сапасын арттыру кепілі

Автор: Жакаева Асемгул Ескабыловна

Дата: 12.04.2018

Номер свидетельства: 465951

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(181) "ДЕНЕ ШЫНЫ?ТЫРУ САБА?ЫНДА ЖА?А ИННОВАЦИЯЛЫ? ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ"
    ["seo_title"] => string(109) "dienie-shynyk-tyru-sabag-ynda-zhan-a-innovatsiialyk-tiekhnologiialardy-paidalana-otyryp-bilim-sapasyn-arttyru"
    ["file_id"] => string(6) "274245"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1452350451"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) ""Жаңартылған білім мазмұны" баяндама"
    ["seo_title"] => string(39) "zhan_artylg_an_bilim_mazmu_ny_baiandama"
    ["file_id"] => string(6) "437319"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1510032436"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "Баяндама. Тақырыбы: «Қазіргі заман ұстазы-неге өзгеру керек?»"
    ["seo_title"] => string(68) "baiandama_tak_yryby_k_azirghi_zaman_u_stazy_nieghie_ozghieru_kieriek"
    ["file_id"] => string(6) "356861"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1478630495"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства