Просмотр содержимого документа
«Сценарий встречы с поэтом»
Оқуға құштар мектеп жобасына орай «Батыр- елдің қорғаны, ақын – елдің ардағы» атты кездесу кеші
/Сценарий/
1 бөлім
Кештің мақсаты: Мемлекет басшысының тапсырамсына сәйкес Білім және ғылым министрлігінің « Оқуға құштар мектеп »жобасына орай оқушылардың оқуға құштарлығын ояту , қазақ және әлем таныған ақын жазушылардың шығармаларын оқуды насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын оқырмандарға өнеге ету, жастардың ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын , еліне жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Өтетін орны: №47 орта мектеп акт залы.
Көрнекті құралдар: Слайд , портреттер, қонақтарға арналған кітап көрмесі павильоны т.б.
Мектептің кіреберіс дәлізінде күй ойнатылып, ұлттық киім киген қыздар қонақтарды салтанатты түрде қарсы алады. Кеш қонақтарына естелік сыйлықтар таратылады.
Кеш қонақтарынмен мектеп ішіне кішігірім саяхат жасау . Жамбыл Жабаев мұражайы т.б орындар.
Қатысушылар: Іле ауданы мектептерінің кітапханашылары, оқушылар, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер.
Залда қонақтарды мектеп оқушылары гүл беріп қарсы алып бір шумақ өлеңнен оқиды.
Шақырылған қонақтар: ҰҚК бірінші басшысы ,Қазақстан Республикасының қорғаныс министірі, Президенттік күзет қызметінің және Республикалық ұланның басшысы болған Генерал –полковник Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаев . Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері , халықаралық және республикалық әдеби байқаулардың жүлдегері, Қазақстан Жазушылар одағының, Журналистер одағының мүшесі , 2020 жылғы халықаралық «АЛАШ» әдеби сыйлығының иегері жазушы, ақын Сауле Мағазбекқызы Досжанова.
Сонымен бірге кеш қонақтары Іле ауданы білім бөлімінің әдіскерлері ,аудандағы мектеп кітапханашылары және №1, 5, 25, 47 орта мектеп мұғалімдері мен оқушылары.
Кітапханашы: Қайырлы күн, қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар! бүгінгі ұйымдастырылып отырған кездесу кешімізге хош келдіңіздер . Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес « Оқуға құштар мектеп » жобасына аясында және де үстіміздегі жылы аталып өткен ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл Ата заңымыздың қабылданғанына 30 жыл, 25 қазан Республика күні қарсаңында ауданымыздың № 1,5,25,47 орта мектеп кітапханашыларының ұйымдастырған «Батыр - елдің қорғаны, ақын елдің –ардағы» атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер. Бүгінгі кешіміздің қадірменді қонактары елімізге елеулі , халқымызға қалаулы болған, еліміздің Тәуелсіздік алған жылдары мемлкеттік қауіпсіздік саласында бірқатар жауапты қызметтер атқарған бүкіл өмірін қауіпсіздік органдарында жұмыс істеуге арнаған , атап айтсақ , ҰҚК бірінші басшысы , Президенттік күзет қызметінің және Республикалық ұланның басшысы болған, Әскери жаттығулардың оның ішінде халықарылық жыттығулардың өткізілуін жаңғыртқан адам, ел қорғанысы мәселесінде Кеңестік жүйенің құрсауынан босап шыққан Қазақстанның шекарасын күзеткісі келген Ресейге «Келіспейміз » деп кесіп айтқан сол кездегі Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы Генерал –полковник Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаев бүгін біздің ортамызда. Қол соғып қошамаеттеп қояйық. Ұлт мақтанышына айналып, оқырман махаббатына бөленген қаламгер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері , халықаралық және республикалық әдеби байқаулардың жүлдегері, Қазақстан Жазушылар одағының , Журналистер одағының мүшесі , 2020 жылғы халықаралық «АЛАШ» әдеби сыйлығының иегері жазушы, бүгінгі кешіміздің құрметті де қадырменді қонағы Сауле Мағазбекқызы Досжан. Құрметті Сәт Бесімбайұлы және Сауле Мағазбекқызы сіздерді «Қош келдіңіздер» деп құрметтеп қадір тұтатып қарсы алушы Іле ауданының білім бөлімі басшылары, мектеп басшылары кітапханашылар , ұстаздар мен оқушылар қауымы . /Қонақтар орындрынан тұрып ізет білдіреді/
1 жүргізуші Ермақан ::Қайырлы күн,құрметті көрермен қауым, бүгінгі кештің қадірменді қонақтары бүгін біз сіздермен керемет мәнді де мағаналы кештің куәсі болғалы отырмыз. Сондықтан да сіздерге көтеріңкі көңіл күй тілей отырып, №5 орта мектеп күйшілерінің орындауында Асылбек Еңсеповтың « Балбұлақ » күйін тарту етеміз . Қабыл алыңыздар .
2 жүргізуші Гүлжаухар: Кешіміздің қадірменді қонағы Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаев 1939 жылы Алматы облысы Іле ауданы Каз ЦИК ауылында дүниеге келген ,еліміз тәуелсіздік алған жылдары тәуелсіздіктің тұғырлы болуы үшін жауапты қызметтер атқарған. Биылғы жылы Қазақстан Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толды. «Еліміздің іргесі тыныш , бейбітшілігіміз берік » болуы үшін Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміздің қауіпсіздігі мен қорғанысы саласында табысты еңбек етті. Бүгінгі кешіміздің қонақтарының құрметіне №1 орта мектеп оқушыларының орындауында Сауле Мағазбекқызының сөзіне жазылған ән « Сәрбаздар маршы » қабыл алыңыздар.
1жүргізуші Ермахан : Ендігі кезекті бүгінгі кештің қадірменді қонағы Сауле Мағазбекқызының «Арман қала » жыр жинағынан үзінділер оқуға №47 орта мектептің 2 сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
2 жүргізушіГүлжаухар: Кешіміздің қонағы Сауле Мағазбекқызы 1959 жылы Алматы облысы Ұйғыр ауданы Ақтам ауылында дүниеге келген.Ақын ,жазушы. 5 роман 20 повесть,көптеген әңгімелердің және мультфильмдер мен әндердің авторы. Әйел бір қолымен бесік тербетсе,екінші қолымен әлемді тербетедеді » дейді .Бұл сөз дәл осы кісіге арналғандай, Ол –ақын,асыл ана қарапайым қазақтың қызы.
Кеш қонақтарының құрметіне №47 орта мектеп оқушыларының орындауында «Тәуелсіз елдің ұланы» әні қабыл алыңыздар.
1 жүргізуші Ермақан : Поэзия мәңгі өлмес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасар алтын көпір, асыл қазына, інжу-маржан, махаббат, сүйіспеншілік, адам жүрегінің мың сан дірілін шеберлікпен бейнелеген жұп-жұмыр жауһар дүние. Ендігі кезекте №1 орта мектептің оқушысы Асет Диара Сауле Мағазбекқызының « Туған жер-Отан әз -Ана» өлеңін оқиды , қабыл алыңыздар .
2 жүргізуші Гүлжаухар:
Ақтадым ба сол сенімді білмеймін,
Артындағы жалғыз қалған гүлдеймін.
Екі өлеңнің бірін арнап анама
Жүректегі жыр ошақты үрлеймін.
Кеш қонақтарының құрметіне орталарыңызда № 47 орта мектептің «Айару» бишілер тобының орындауында «Шашу» биі.
Қошаметтеп қол соғып отырайық .
1 жүргізуші Ермақан : Ән, сөзбен айтып жеткізе алмайтын Сезімдердің , ойлардың өзін түбі жоқ тереңнен алып шығып, әуен арқылы бүкіл сана- сезіміңді баурап алатын құдыретті қасиетке ие. Ақындарымыздың ғұмырлы поэзиясы әнге айналады.
№1 Орта мектеп оқушыларының орындауында Сауле Мағазбекқызының туған ауылы Ақтамға арнаған әні « Ақтамым» қабыл алыңыздар.
2 жүргізуші Гүлжаухар : Сауле Мағазбекқызы сіздің шығармаларыңызды сүйіп оқитын оқырмандарыңыз біздің ортамызда да жетерлік солардың бірі. №1 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сәуле Кеңеспекқызы. Жас ұстаз сіздің « Құстың махаббаты » өлеңіңізді оқиды. Қошаметтеп отырайық құметті кеш қонақтары.
2 бөлім.
1 жүргізуші Ермақан : Құрметті кеш қонақтары бүгінгі кешіміздің қадірменді құрметті қонақтары Сәт Бесімбайұлы мен Сауле Мағазбекқызын қошаметпен сахна төріне шақырамыз .
2 жүргізуші Гүлжаухар :
Ортамызға хош келдіңіздер дей отырып алғашқы сөз кезегін бүгінгі кешіміздің мәртебелі қонағы Сәт Бесімбайұлына береміз.
1 жүргізуші Ермақан :
Мәңгілікке жатты әкем бет бұрып,
Қолымды ұстап, айтты сөзін ақырғы.
«Қай кезде де көрсетіп тек тектілік,
Алты алашқа шығарарсың атымды.»,-
Әке аманатын орындау үшін өзінің жүрегі қалаған мамандықты таңдап қиындығы мен қызығы мол мына өмірде Сауле Мағазбекқызы бірнеше шығармалар жазды бірнеше кітаптары әр тілде жарық көрді. Кезекті сөз кезегін Сәуле Мағазбекқызына береміз.
2 жүргізуші Гүлжаухар :
Сауле Мағазбекқызының «Ауылдан шыққан миллионер»
шығармасын оқыған біздің оқушыларымыз көп екен, кезекті «Оқы және тұлға бол » айдарына береміз .Оқушылар шығарма желісінен қойылатын сұрақтарға жауап береді. ойларын ортаға салады . Сауле Мағазбекқызы жас оқырмандарыңыз сіздің шығармаларыңызбен қаншалықты таныс екенін байқайтын сәт келді. /Оқушылар тақтайшадағы сұрақтарды кезек кезек жауап береді/
1 жүргізуші Ермақан : Бүгінгі кешке қатысушы оқырмандардың қадырменді қонағымыз Сәт Бесімбайұлына қояр сұрақтары бар екен оқушылардың сұрақтарына кезек берсек /Залдағы оқушылар орындарынан тұрып сұрақтарын береді/
1 жүргізуші Ермақан: Бүгінгі кешке қатысушы оқырмандардың қадырменді қонағымыз Сауле Мағазбекқызына қойар көңілдерінде жүрген сұрақтары бар екен ,сол сұрақтарға жауап бере кетсеңіз сөз кезегін өзіңізде Сауле Мағазбекқызы.
2 жүргізуші Гүлжаухар : Құрметті кешке қатысушы көрермен қауым бүгін біз сіздермен ел қорғаны болған бүгінгі кешіміздің қонағы Сәт Бесімбайұлымен жүздестік осының өзі біз үшін үлкен бақыт емес пе? өмірі мен қызметі жайлы көптеген мағлұмат алдық . Сондай ақ ақын ,жазушы Сауле Мағазбекқызының шығармашылығымен терең таныстық , ұрпаққа үлгі болған осындай изгі жақсы адамдармен жүздесіп мәре сәре болдық.
1 жүргізуші Ермақан :
Біз үшін уақыт тауып, әңгімелесіп, сұрақтарымызға жауап бергендеріңізге мың алғыс! Сауле Мағазбекқызы жыр әлеміндегі туындыларыңыз ешқашан сарқылмасын.Сүйіп тыңдар оқырмандарыңыз көп болсын.
Жүз жасаңыз құрметті Сәт Бесімбайұлы! Бүгін сізбен болған мектептің өнер тарландарына батаңызды беріп кетсеңіз, нұр үстіне нұр болар еді . Мен жастарға сенемін, — деп М.Жұмабаев айтқандай, аға буынныңсенімін ақтайтындай парасат-пайымы биік азаматтар көп болсын!
2 жүргізуші Гүлжаухар : Бүгінгі кешіміз өз мәресіне жетті сондықтан да бүгінгі кешімізді қорытындылау үшін сөз кезегі аудандық білім бөлімінің маманы Молдагулова Ақмарал Құрманжановнаға беріледі.
1 жүргізуші Ермақан : Келесі сөз кезегін №47 орта мектеп директоры Болысбаева Раушан Сапарқызына береміз .
Бүгінгі іс-шараға ізгі лебіздерін білдіруге мектеп басшыларын ортаға шақырамыз! Төрегелдиев Мақсатжан Талғатбекұлы, Агманова Нургиза Бакашқызы , Монтаева Анар Амиргалиқызы .
2 жүргізуші Гүлжаухар : Ал енді бүгінгі кеш қонақтары сіздерге жылы жүрек, ыстық қайрат, нұрлы ақыл тілей отырып, бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын! қош сау болыңыздар.