Просмотр содержимого документа
««Қарттарым асыл қазынам»»
Кіріспе: Армысыздар, құрметті қонақтар, ардагер ұстаздар және ауыл ақсақалдары! Бүгінгі «Қарттарым асыл қазынам» атты концертімізге қош келдіңіздер!
Дүниеге келер бір рет,
Дария кеуде тау мүсін.
Құрыштан құйған құдірет,
Қарттарым аман-саумысың!?
Өздерің жүрсең қасымда,
Ел іші жомарт еңселі.
Дән иісі жүрген қанында,
Даламның бір бөлшегі.
Бүгінгі ауыл ардагерлерімен кездесудің ашылу рәсімінің алғы сөзін: ауыл әкімімдігінің бас маманы - Болат Кабдулуахитұлына береміз. Келесі сөз кезегі мектебіміздің директоры –Cулейменов Ерсайын Кенжетайұлына беріледі.
Жүргізуші: Бүгінгі бас қосуымыздың үлкендерге ізет, қарияларға құрмер, еңбек адамына деген ілтипат. «Үй алдында төбең болса, ерттеулі тұрған атпен тең, ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» дегендей ақыл айтып өнегелі сөз сөйлейтіндей қарттарымыз құдайға шүкірлік –баршылық. «Ақсақалы бар ауыл адаспайды» дей отыра келесі орындалар әнді қабыл алыңыздар.
Ән. Аружан мен Еркежанның орындауында “Әке-ана” әнін қабыл алыңыздар
Жүргізуші: Сақалыңнан айналдым қарт бабалар,
Ұрпағыңа не айтарсың артта қалар?
О, тірі шежірелер,қалдырыңдар,
Қанеки, нелерің бар салтқа жарар, - деп Мұқағали Мақатаев жырлағандай аға ұрпақ өнегесі - өткен XX ғасырдың рухани мұрасы. Бүгінгі буын осы жүзжылдықта өмір сүріп, елімізді өркениетке жеткізер ұлы жолдағы жасампаз ұрпақ. Құрметті ардагерлер, келесі ән шашу сіздерге арналады.