Просмотр содержимого документа
«"Ел болашағы -Адал ұрпақ"»
Еліміздің болашағы – «Адал ұрпақ!»
Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі.
Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық мүшелеріне, сондықтан жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсетті. Осы орайда 2016- 2017 оқу жылынан бастап мектебімізде «Адал ұрпақ» ерікті клубы тобы құрылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру мақсатында жетекшісі Жуыстай Айданамен іс-шаралар ұйымдастырылуда. Құрылған топта 8-сынып оқушыларынан 15 –оқушы жоспар бойынша жұмыс істеуде. Атап айтсақ, «Адал ұрпақ» тобы ҚР-ның мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Д.Сабировтың хатына сәйкес , сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жазалаудың мерзімдері және сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар фактілерін хабарлаған адамдарды көтермелеу шаралары , пара алушы мен пара берушінің жауаптылығы туралы хабарландыруды ауылдың №1 орта мектеп дәлізіне, Қоянқұс ауылындағы дәрігерлік амбулаториясының кіреберісіне және арнайы хабарландыру тақталарына іліп, қарапайым халыққа таратты. Мектеп жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері, «Асыл сөз» үйірмесінің жетекшісі М.Советтің көмегімен сыбайлас жемқорлыққа байланысты театрландырылған қойылымдар ұйымдастырды. Қойылымның мазмұны жемқорлықтың кесірі өзіңе, жақын адамдарыңа, туған туыстарына қайтып келетінін ашып, көрсете білді. Ащыда болса шындық екенін, өмірімізде кездесетін жағдаяттар екенін көрсетті. «Адал ұрпақ» тобының мүшелері «Жол апаты» және «Аурухана» атты қойылымдар көрсетті. Рольдерді ойнаған Рымханова Үміт, Асет Дильназ, Базарбай Айым, Айнакулов Адиль, Исақожа Ерғанат, Уркимбаева Ханбибі өздеріне жүктелген кейіпкерлерді ойдағыдай алып, шықты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.Советтің идеясымен жасалған екі қойылым көрермендердің көңілінен шықты. Сонымен қатар ролдерде ойнаған кейіпкерлерге де қошемет көрсетті. Көрермен балалар қойылым соңынан өз ойларымен бөлісті. Алаң жетекшісі М.Құсайын көрсетілген қойылымдардың болашақ ұрпақққа берер тәлім-тәрбиесі мол екенін айтты.
Алматы облысы Іле ауданы Қоянқұс ауылы
«№1 орта мектеп» МКМ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кусманова Айгуль Сагатжанқызы