kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Арайлы алтын к?з

Нажмите, чтобы узнать подробности

С?леметсіздерме ?стаздар мен ?ріптестер! Мектебімізде ?ткізіліп жат?ан  «Арайлы алтын к?з»  мерекесіне ?йымшылды?пен ?атыса отырып, к?з-байлы?, к?з-береке, к?з-молшылы?, к?з-шатты?,  к?з-?уаныш екенінін о?ушы санасына жеткізу. ?здеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтыма?тасты??а баулу.?асиетті к?з мезгілі туралы бір с?збен айтып жеткізу м?мкін емес.  К?з дегеніміз-жазира даланы? дархан дастарханы,  к?з дегеніміз- байлы?, молшылы?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Арайлы алтын к?з »

Арайлы алтын күз.




Мақсаты:


Мектебімізде өткізіліп жатқан «Арайлы алтынкүз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенінін оқушы санасына жеткізу. Өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.


Барысы:


1-Жүргізуші:

Абай атамыздың :« Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй» -деген керемет мақамы тура біздерге арналғандай көрінеді, ендеше әсем ән тыңдап шаттанып отырайық,мектебіміздің Ән-әуез пәні мұғалімі Құдабаев Еркіннің орындауында «Құстар қайтып барады» әні, қабыл алыңыздар!


1-Жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, аяулы оқушылар! « Арайлы алтын күз » атты күзгі мерекелік сайысымызға қош келдіңіздер!Берекелі, мерекеліалтынкүзқұттыболсын!


2-Жүргізуші:Қасиетті күз мезгілі туралы бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз-жазира даланың дархан дастарханы, күз дегеніміз- байлық, молшылық.


1-Жүргізуші:

Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,

Көңілді серіппелі күйін ашсын.

Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,

Береке бірлікпенен ортақтассын,

- дей келе кешіміздің шарттарымен таныстырып өтейін.


2-Жүргізуші:

І.«Салем - сөздің атасы» Таныстыру. (топтың аты, топтың ұраны, топ атына cәйкес таныстыру)


1-Жүргізуші:

ІІ.«Өнерлі өрге жүзеді» (өз өнерлерін көрсету)


2-Жүргізуші:

ІІІ.«Қонымды киім – бойға көрік» (сән үлгісі, күздік киім үлгісінде, олардың сымбатына,жүріс-тұрысына, сахна мәдениетіне аса мән беріледі.)


1-Жүргізуші:

ІҮ.«Сауал бізден, жауап сізден» ( жұмбақтың шешуі, мақал-мәтелдің мағынасын талдау,түсіндіру)


2-Жүргізуші:

Ү.«Асты аяқ әдемі» (күзгі салат түрлері)



1-Жүргізуші:

Осы шарттарға сәйкес топтарға әділ баға берер әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін.


2-Жүргізуші:

1.Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б. Нағашыбаев

2.Мектептің әлеуметтік педогогы Д.Әмірашұлы


1-Жүргізуші:

3.Мектеп психологы Ж.Баянова


4.Бастауыш мұғалімі Г.Нұрмұханова Әділ қазыларға бір қошемет көрсетейік.


2-Жүргізуші:

Білім-теңіз, мектепті - кемедейміз,

Біліммен тәрбие егіз неге дейміз?

Әдемі мен тәлімі үндесетін,

Жастарды болашаққа жетелейміз.


1-Жүргізуші:

Жеңістер мен жеңілістен тұратын

Өмір-күрес, жеткіземемұратын.

Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын,-

Деп кешіміздің алғашқы шарттарына кезек берейік.


2-Жүргізуші:

1.Таныстыру. (топтыңаты, топ атына cәйкес таныстыру)7 мин

7-сынып оқушылары, «Аяулы алтын күз».


8-сынып оқушылары, «Күзгі қайың».


9-сынып оқушылары, «Күз самалы».


10-сынып оқушылары, «Күзгі жапырақ».


11-сынып оқушылары,«Жүрегімде қалған күз»



Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,


Дархандықты қазаққа дала берген секілді


Еркелікті, ерлікті желден алған секілді


Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.


-депҚадыр Мырзалиев ағамыз жырлағандай алтын күздің табиғатының сұлулығы бізді ерекше сағынышқа бөлейді емес пе!


1-Жүргізуші:

Алтындай сылдырлайды күздің үні,


Жібектей майда шуақ алтын күні.


Биылғы мерекелі нұрлы күздің


Тамаша бірдей сұлукүн мен түні!


2-Жүргізуші:

Сондықтан биылғы күз мерекелі,


Байлығы өте-мөте берекелі


Мәз-мейрам,барлықұлтшат, байлығы мол,


Міне осы, шынбақытты ел екені.

«Туған жер» әнімен мектебіміздің жас әншісі Жанқуат Ақтолғайды ортаға шақырып, әніне құлақ салсақ.


1-Жүргізуші:

Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұябесігі, құт-берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы, әр түрлі мерекесі, берекесі бар. Соның ішіндекүздің алатын орны ерекше. Күз мезгілі адамның ішкі жан дүниесін оятып, сағыныш әлемінде тербейді.


2-Жүргізуші:

Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,


Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын,


Ағашта жапырақтар сылдырлайды,


Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.


1-Жүргізуші:

Сары алтын батсайыдай дала мидай,


Үйілген мая-мая қызылмидай


Қырмандақызыл алтын, қызылмаржан,


Жайнайды жаратылыс берген сыйдай,


-депСәкен Сейфуллин ағамыз алтын күзді керемет шабытпен сары алтынға теңеп жырлаған екен. Қазақ өнер десе ішкен асын жерге қоятын халық қой. Ендеше, құрметті көрермен өнерге кезек берсек. 2-ші турымызға кезек берсек ,«Өнерлі өрге жүзеді» (өз өнерлерін көрсету) 5-мин


Әр топ өз өнерлерін көрсетті.


2-Жүргізуші:

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,


Әр сұлу әсем болар өз жанымен


Өз қолынан шығарған киім үлгісін,


Сіздерге көрсетед іөз сәнімен,


-дей келе келесі кезекте сән үлгісін тамашалайық.


1-Жүргізуші:

3. «Қонымды киім-бойға көрік» (шарт бойыншасәнүлгісінкөрсету) 5-мин


2-Жүргізуші:

Күз мезгілі айтыла бастағанда жомарттық сөзі ойға оралады,« жомарт күз » – деудіңсебебі: піскенжеміс-жидек, көкөніс, астық табиғаттың күзгі сыйы. Күзде егінді жинап болған соң ата-бабаларымыз «Сабан той» депкүз берекесін тойлаған. «Алтын күз», «Күзгі бал» кештерін өткізу дәстүрге айналған.


1-Жүргізуші:

4.«Сауал бізден, жауап сізден» ( жұмбақтың шешуі, мақал-мәтелдің мағынасын талдау,түсіндіру)1-мин

Әр топқа жұмбақтар беріледі.

Ендеше бірінші жұмбақты қойсақ.


2-Жүргізуші:

1.Бұл не деген көп киім,

Жетпіс қабат көк киім.

Жаңбыр одан өтеді,

Түймелеуге жетпейді

(Қырыққабат)


2.Ызақор бұғып жатыр,

Сақалын тығып жатыр.

(Пияз)


3.Көк ала костюм киеді,

Күнің көзін сүйеді.

(Қарбыз)


4.Күннен көзін алмайды

Мойны бірақ талмайды.

(Күнбағыс)


5.Қабығы қатты, Іші тәтті

(жаңғақ)


6.Бақшаның алып жемісі,

Қайнамай піспес келісі.

Қоңыр күзге сақтайды,

Сары майдай ел іші

(Асқабақ)


7.Қызыл болып піседі.

Тезірек жинап алмасаң,

Ұрлыққа торғай түседі.

(Шие)


8.Түрлі – түрлі болатын.

Бірі ерте, бірі кеш,

Кезектесіп піседі.

(Алма)


9.Қабығы қалың болатын.

Мөлт – мөлт еткен түрлері,

Моншақты еске салатын.

(Анар)


Қазақта мақал сөздің –мәйегі деген жақсы сөз бар, сөзіміздің мәнері,мағынасы арта түссін деген оймен мақал-мәтел айтсақ , ендеше бастайық ,шарт бойынша мақалды жалғастыру



1.Балықшының байлығы

Етек, жеңі кепкенше.

(Егіншінің байлығы

Ендігі жыл жеткенше.)



2.Күтімді егін бітімді.

(Бітімді егін түсімді.)



3.Егініңді күнсуар,

(Күнсуарма, түнсуар.)

4.Түнгі су — ну,

(Күндізгі су — бу.)



5.Терінтөксежеріне

Жертілеуінбереді.

(Елінсүйгенеріне

Елтілеуінбереді.)



6.Ынтымақ — елдіңырысы.

(Ылғал — жердіңырысы.)



7. Еленемдесең, елгежақ,

(Жеремемдесең, жергежақ.)



8.Таза болсаң, судай бол

Бәрінжуыпкетірген.

(Жақсыболсаң, жердей бол

Бәріміздіөсірген.)



9.Жертоймай—( ел тоймайды.)



10.Мезгілжетсе, (мұзерір.)



11.Бабасыеккенді,

(Баласыорады.)



12.Жамансайдыңсуытасыса

(Өткелбермес.)



13.Жаздашөптіжинасаң,

Қыстамалазығы

(Жаздасөктіжинасаң,

Қыста бала азығы.)



14.Етікшіні

Балға мен бізасырайды.

(Егіншіні

Кетпенніңжүзіасырайды.)

1-Жүргізуші:

5.Келесі турымызға өтсек , бұл тур «Асты аяқ әдемі» (күз байлықтарынан тағам ұсыну,салат түрлері) деп аталады.


2-Жүргізуші:


Білім аққан сел дейді,


Бірақ оңай келмейді.


Ала білсең білім көп,


Ақыл ойға кел дейді


1-Жүргізуші:


Білім ой мен арымыз,


Руханиол нәріміз


Сайыскерлерсіздерге,


Қолсоғамызбәріміз!


2-Жүргізуші:

Қатысушылармыз өз тапқырлықтарын, шеберліктерін білдірсе, шығармашылығымен танылса, арайлы алтын күзіміздің жүлдегерлерін анықтайық. Ендеше кезекті қазылар алқасынасөз береміз.


Дәулеткерім Аружанның орындауында «Қазақ елі осындай» әні қабыл алыңыздар!


1-Жүргізуші:


Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар


Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,


Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге


Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-дей отырыпбүгінгі « Арайлы алтын күз» атты кешімізді аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар!!!
















































Түсініктеме хат

Тақырыбы: Арайлы алтын күз


Мақсаты:

Мектебімізде өткізіліп жатқан «Арайлы алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыстыраотырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенінін оқушы санасына жеткізу. Өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.


Міндеті:

1.Білімділік

2.Тәрбиелік

3.Дамытушылық

Дәстүрлі мерекелік шараны ұйымдастыру, әр сыныптың қатысымын қадағалау,сонымен бірге қарым-қатынасты нығайту,тиісті дәрежеде шараның дұрыс өтуіне атсалысу,оқушыларға бағыт-бағдар беру,табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру,этикалық,эстетикалық сезімін дамыту,қоғамдық сыныптан тыс шараларға деген қызығушылығын ояту.


Түрі: Сайыс


Қатысушылар құрамы:Мектеп ұстаздары мен оқушылар


Жас мөлшері:7-11 сынып аралығы


Өткізілген орны:АКТзал


Мерзімі:24 қазан, 2014ж


Көрнекіліктер:Табиғи жапырақтар,түрлі-түсті қағаздан қиылған жапырақтар,қолшатыр,шарлар,жапырақтан құрастырылған тақырып,слайд.




























Хабарландыру !!!

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!



Сіздерді мектепішілік «Алтын күз-2014» мектеп оқушылары арасындағы ұйымдастырылғалы отырған командалық сайысқа қатысуға шақырамыз.

Сайысқа 7-11 сынып оқушылары қатыса алады.

Команда құрамы 7 оқушыдан аспауы керек.

Сайыс қазан айының 25-күні сағ 15-00-де өткізіледі.

Сайыс шарттары:

1. «Сәлем- сөздің атасы» әр команданың таныстыруы. (5-7 минут)

2. «Өнерлі өрге жүзеді» әр команда өз өнерлерін көрсетеді. (5 мин)

3.«Қонымды киім - бойға көрік» сән үлгісі, күздік киім үлгісінде, олардың сымбатына, жүріс-тұрысына, сахна мәдениетіне аса мән беріледі. (5 мин)

4. «Сауал бізден, жауап сізден» жұмбақтың шешуі, мақал-мәтелдің мағынасын талдау, түсіндіру.(1мин)

5. «Асты аяқ әдемі» күзгі салат түрлері.

Әр кластан 1 ханзада 1 ханшайым міндетті түрде шығуы тиіс, осы сайыста бас жүлде иеленген команда қалалық мәдениет үйінде өткізілетін аймақтық сайысқа қатысады.

Ескерту:

Қатысушы команданың киімі, төс белгісі, таныстыру бағдарламасы және уақыты шартта көрсетілген уақыттан аспауы қажет.

Сайысқа мектеп класс жетекшілері мен мектеп мұғалімдері түгелдей қатысуға тиісті. Сайыс соңы би кешіне ұласады.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Завучу

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Арайлы алтын к?з

Автор: Кеулімжаева Айдана

Дата: 05.09.2015

Номер свидетельства: 228670

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Арайлы, Алтын к?з!"
    ["seo_title"] => string(18) "araily-altyn-kuz-2"
    ["file_id"] => string(6) "249603"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1446921361"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) ""Арайлы, Алтын к?з" ерте?гілігі"
    ["seo_title"] => string(33) "araily-altyn-kuz-iertien-ghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "264841"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1449771055"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Арайлы алтын күз!"
    ["seo_title"] => string(16) "araily_altyn_kuz"
    ["file_id"] => string(6) "358016"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1478933366"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Ашы? т?рбие са?аты "Арайлы алтын к?з""
    ["seo_title"] => string(38) "ashyk-t-rbiie-sag-aty-araily-altyn-kuz"
    ["file_id"] => string(6) "251932"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447316417"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "Тәрбие сағатының тақырыбы: "Арайлы,алтын күз!""
    ["seo_title"] => string(45) "t_rbiie_sag_atynyn_tak_yryby_araily_altyn_kuz"
    ["file_id"] => string(6) "435723"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1509452317"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства