Тақырыбы: Арайлы алтын күз!
Мерекеге сай безендірілген сынып. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады.
Мұғалім: Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгін балалардың дайындаған «Арайлы алтын күз» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық!
- Қараңдаршы, бүгін біздің сыныбымыз қандай әдемі болып кеткен.
Қолымызға не ұстап келдік?
- Жапырақтар.
- Осы жапырақтардың түсі қандай?
- Сары.
- Балалар, тыңдаңыздаршы бұл не шу?
(Осы кезде әдемі әуен мен Күз ханшайымы келеді)
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздерме, балалар!
Балалар: Сәлеметсізбе!
Күз ханшайымы: Уа, халайық, дархан дала бармысың,
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.
Мұғалім: Қошкелдің, Күз ханшайымы! Төрлет!
Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ
Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар! Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім. Әр жапырағымда тапсырмалар. Егер де тапсырмамды орындасаңдар, менің де сендерге деген сыйлығым бар.
Мұғалім: Әрине, қымбатты Күзханшайымы! Біздің балалар күз туралы өлең, тақпақ, жұмбақтар шеше алады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Ән: «Күзжомарт»
Міне, Күз ханшайымның бірінші тапсырмасы - сұрақтар.
1 - сұрақ: Күз мезгілі нешеге бөлінеді? (Ертекүз, алтын күз, қара күз)
2 - сұрақ: Күз айларын ата. (Қыркүйек, қазан, қараша )
Мұғалім: Ендеше ортаға күз айларын шақырайық.
1 - бала: (Қыркүйек)
Бірінші қыркүйек
Білімге бастады.
Мал мен аңжүрбилеп,
Құс шарлап аспанды.
2 - бала: (Қазан)
Жаңартқан ғаламды
Жаңбырлы ғажап ай
Осынау заманды
Орнатқан қазан ай.
3 - бала: (Қараша) Мол байлық тергені
Шаттығы қаншалық.
Қарашы, өрледі
Қараша ән салып.
Мұғалім: Мінеки, балалар күз айларымен таныстыңдар.
Өнім биыл тамаша!
Көз тоймайды қараса:
Сәбіз, пияз, қияр, картоп,
Бұршақ, асқабақ, қызылша,
Қызанақ, орамжапыраққа қарашы.
Көкөністер бір жерде жиыла қалып дауласты.
Балалар (хормен):
Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізде надамға
Тиеді көппайдамыз?
4 - бала: (Бұршақ)
Кішкене түйме деймін мен
Ұнаймын мен бәріне
Дәмді тағамдарымен
Сый жасаймын бәріңе!
5 - бала: (Қызылша)
Мен де бір сөз айтайын
Мақтанайын сіздерге.
Менсіз борщ болмайды
Винегрет те үстелде.
6 - бала: (Қияр)
Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!
Мұғалім: Қош бол күз ханшайымы.Күздің кереметі,байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Сондықтан сендер еңбекшіл болыңдар. Қазіргі сендердің еңбектерің сабақ оқу. Міне балалар осымен «Арайлы алтын күз» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін.