kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ғылыми техникалық прогрестің тарихи кезеңдері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ғылыми техникалық прогресстің тарихи кезеңдері

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ғылыми техникалық прогрестің тарихи кезеңдері»

Сабақтың тақырыбы: Ғылыми техникалық революция сипат белгілері, даму кезеңдері Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік:Ғылыми-техникалық революция түсінігі және оның қалыптасу кезеңдері жайлы білімдерін арттыру 2. Дамытушылық:ҒТР-дің айқындаушы сипаттағы белгілері, әмбебаптылығы, жан-жақтылығы, ғылыми-техникалық өзгерістердің жеделдеуі туралы ойөрісін дамыту 3. Тәрбиелік:Техника мен технология дамуының эволюциялық және революциялық жолдарына тәрбиелеу Сабақтың көрнекілігі: Кесте Сабақтың түрі:Теориялық Сабақтың әдіс-тәсілдері:Деңгейлеп оқыту, СТО технологиясы Сабақтың барысы І.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу Түгелдеу Оқу құралдарын реттеу Аудитория тазалығын қадағалау Сабаққа зейінін аудару ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Халықтың қоныстануы, көшіп- қонуы 1. 1. Халықтың таратылып орналасуы және тығыздығы 2. Халықтың көші - қоны 3. Қала және ауыл-село халқы 1- тапсырма: Кестені толтыр Қалалар Кенттекенттеуу (урандалу) Осы заманда адамзат қоныстануының ең басты формасы Қалалар мен оның халық саныныңөсуі, олардың рөлі мен саағының артуы және қалалық өмір салтының кеңінен құлаш жайып таралуы ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Ғылыми-техникалық революция түсінігі және оның қалыптасу кезеңдері 2. ҒТР-дің айқындаушы сипаттағы белгілері, әмбебаптылығы, жан-жақтылығы, ғылыми-техникалық өзгерістердің жеделдеуі 3. Техника мен технология дамуының эволюциялық және революциялық жолдары 4. Өндіріс дамуының негізгі алты бағыты 1. Ғылыми-техникалық революция түсінігі және оның қалыптасу кезеңдері. Шығыс Азия елінің компасты (Қытай, Шэн Хуа, 1088 ж), оқ дәріні ойлап табуы және қағаз бен кітап шығару тәсілін меңгеруі (Қытай Цай Лунь, 105 ж), ХVІ-ХVІІІ ғасырларда Еуропадағы мануфактуралық өндірістің дүниеге келуі ғылыми-техникалық прогрестің алғышарттарын қалыптастырды. Одан әрі ХVІІІ ғасырдың соңында машина өндірісі Дж, Уаттың бу машинасы, (1764 ж) пайда болды. Ол өз кезегінде ғылымда технологиялық тұрғыдан қолдана бастады. Нәтижесінде осының барлығы адамзат алдында шектеусіз мүмкіндіктерді ашты. Осы уақытта ғылыми-техникалық прогрестің екінші кезеңі басталды. ҒТР-дің одан әрі дамуына ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы жаратылыстану ғылымдарындағы жаңалықтардың (электронның, радийдің, химиялық жаңа элементтердің ашылуы, салыстырмалалылық теориясы мен кванттық ілімінің негізделуі) қолданысқа толық енуі әсер етті. Бұл кезеңдер ғылыми-техникалық прогрестің үшінші кезеңін-ғылыми-техникалық революцияны қалыптастыруға ықпалын тигізді. ХХ ғасырдың ортасына дейін динамикалық даму болған ғылыми-техникалық прогреске ҒТР өте қарқынды серпінділік көрсетті. Қоғамдық өмірге үлкен өзгеріс әкелді. Адамзат технологиялық әлеуетте үлкен жетістікке жетті. Субурбандалу Агломерация Ірі қаланың төңірегінде бірнеше қалалық елді мекендердің пайда болып шоғырлануы. Қаладан оның маңындағы ауасы тазалау, тыныш елді мекендерге қала тұрғындарының қоныстану процесі ХХ ғасырдағы адамзаттың технологиялық әлеуеттегі жетістіктері Параметрлер 100 жылдың ішіндегі өсуі, есе Физикалық шегі Байланыс жылдамдығы Қозғалыс жылдамдығы Энергия көздерінің қуаты Қарудың қуаты Деректерді талдаудың жылдамдығы 107 102 103 104 106 Жарық жылдамдығы Орбиталық жылдамдық Климаттың өзгеруі Адамзатты жойып жіберу 1946 жылы адамзат тіршілігінде тұңғыш рет электронды есептеуіш машина ойлап табылды (АҚШ); 1950 жылы автомобильдің поршенін шығаратын тұңғыш автоматтандырылған зауыт іске қосылды (КСРО); 1954 жылы дүниежүзінде тұңғыш рет атом элетрстансысы іске қосылды; 1957 жылы дүниежүзінде тұңғыш рет Жердің жасанды серігі ұшырылды (КСРО). Ғылымның өндіргіш күшке айналу процесінде еңбектің түрі мен мазмұны, өндіргіш күштер мен еңбек бөлінісінің құрылымы өзгеріске ұшырады. Еңбек өнімділігі күрт өсті. Сол арқылы қоғам өмірінің өзге салалары, әсіресе адамдардың өмір сүру мәдениеті, тұрмысы, психологиясы жетілді. Табиғатпен қарым-қатынасы айқындала түсті. Нәтижесінде, адамның материалдық және рухани мүмкіндіктерінің тез өсуіне ҒТР бастама болды. Сонымен, ғылымитехникалық революция дегеніміз – ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса отырып, ғылымды өндірістік дамудың жетекші факторына айналдыру арқылы өндіргіш күштерді түбегейлі өзгертіп, сапасын күрт жаңарту. 2. ҒТР-дің айқындаушы сипаттағы белгілері, әмбебаптылығы, жанжақтылығы, ғылыми-техникалық өзгерістердің жеделдеуі. ҒТР-дың негізгі айқындаушы сипаттары және өзіне тән ерекшеліктері бар. Олар мыналар: - ғылыми-техникалық революция ауқымы кең әмбебап сипатқа ие болды. Ол қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтыды, тұрмыс жағдайына да, өндіріс сатыларына да ықпал етті; - ғылым мен өндірістің интеграциялық қатынасы жоғары дәрежеге жетті. Экономикалық өсу-өрлеудің факторлары мен қайнар көздерін, шаруашылық құрылымын, т.б. жағдайларды күрт өзгертті; - ғылыми-техникалық революция негізінде жаңа принципі техника мен технология жасалып, өндіріске енгізілуде, сапалық жаңа өндіріс аппараты қалыптасып келеді; микроэлектрондық техниканың негізінде электрондық ақпарат, жасанды интеллектуалды элементтерді пайдаланып электронды есептеуіш машиналары (ЭЕМ), икемді автоматтандырылған өндіріс пайда болды. Одан әрі ғылым мен өндіріс қосылып, біртұтас процеске айналды. Осының негізінде: - аз қалдықты тіпті қалдықсыз технология шықты. Машина кешенінің құрамдас бөліктері мен элементтеріне жаңа сапалық өзгерістер енді; - ҒТР өте тапшы шикізаттарды жасанды жолмен алынған заттармен алмастырудың негізгі бағыттарының біріне айналды. Материалдарды өңдейтін жаңа әдістер одан әрі жетілдірілді; - ҒТР жұмыс күшінің сапасын жақсартуға жол ашты. Демек, бұл білім беру жүйесіне де революциялық өзгерістер енгізілді. Жоғарыдағы жетістіктерді қорыта келіп, экономистер мен социологтер қазіргі ҒТР-ді біртұтас күрделі жүйе деп есептейді. Оның бір-бірімен тығыз әрекеттесетін төрт құрамдас бөлігі бар: 1) ғылым; 2) техника және технология; 3) өндіріс; 4) басқару. Ғылым. Ғылым ҒТР заманында білімінің өте күрделі кешеніне айналып отырғаны белгілі. Ғылым адамның іс-әрекетінің ауқымды аласын құрайды. Дүниежүзінде 8 млнға жуық ғылыми қызметкерлер бар. Ғылымның өндіріс пен байланысы ерекше артып, ғылымды көп қажет ететін салалар пайда болды. АҚШ, Жапония, Израиль, Батыс Еуропа елдерде ол орта есеппен 0,5 %-ды құрайды. 3. Техника мен технология дамуының эволюциялық және революциялық жолдары. Жаңа техника мен технологияны пайдаланудағы негізгі мақсат –өндірістің тиімділігі арттыру. Осыған орай, ҒТР жағдайында техника мен технологияның дамуы екі түрлі жолмен өтеді. Бұрыннан белгілі техника мен технологияны одан әрі жетілдіру, яғни машиналар мен құрал-жабдықтардың, аспаптардың санын арттыру әдісімен дамуды эволюциялық жол дейді. Мысалы, ХХ ғасырдың 50-жылдарының бас кезінде ең ірі теңіз танкілеріне 50 мың т мұнай сыятын болса, 60-жылдары жүк көтерімділігі 100, 200, 300 мың т, ал 70-80-жылдары 500-700 мың т супертанкілер шықты. Түбегейлі жаңа техника мен технологияға көшу жолын революциялық жолмен даму дейді. Бұл жол, негізінен, техникалық өндіріске, оның ішінде, электрондық техника өнірісіне тән. Бұрын «тоқыма ғасыры», «болат ғасыры», «автомобиль ғасыры» туралы айтылатын. Ал қазір ҒТР-дің 70-жылдары басталған «екінші толқыны» микроэлектрондық революция деп атайды. Өйткені адамзаттың қазіргі қоғамда микропроцессорларсыз өмірді елестетудің өзі қисынсыз. Қазір машина жасауда металды механикалық әдіспен өңдеу емес, электрхимиялық, плазмалық, лазерлік, радиациялық, ультрадыбыстық, ваккумдық, т.б. әдістермен өңдейді. Металлургия шойын, болат және прокат алудың ең прогресшіл әдістерін қолданады. Ауыл шаруашылығында. Топырақты жырттпай өңдеу (түренсіз егіншілік), комуникация саласында радиорелелі, шыны-талшықты байланыс, телекстер, телефакстер және электронды пошта, пейджингті, ұялы, т.б. байланыс. 4. Өндіріс дамуының негізгі алты бағыты. ҒТР дәуірінде дамудың бірінші бағыты – электрондандыру, яғни адам іс-әрекетінің барлық салаларын электронды есептеу техникасымен қамтамасыз етеді. Электрондандыру нәтижесінде көптеген өндірістік процестердің технологиясы түбіріміен өзгертеді. ҒТР-дің туындысы болып саналатын электрондық өнеркәсіп 80- жылдардың ортасында өнімнің құны жөнінен мұнай өнеркәсібімен теңесті. Ал 90- жылдардың ішінде автомобиль, сол жылдардың соңында химия өнеркәсібін басып озды. Екінші бағыт – кешенді автоматтандыру, ол ЭЕМ-нің шығуына байланысты 50- жылдары басталды. Ал кешенді автоматтандырудың жаңа кезеңі 70-жылдары ЭЕМ мен микропроцессорлардың шығуына байланысты болды. Чехия жазушысы К.Чапектің 20-жылдары-ақ роботтар деп атаған алуан түрлі электронды-механикалық манипуляторды шын мәнісіндегі жаңа дәуірі микропроцессорлармен байланысты. Қазіргі кезде робот жасау өндірісте кең таралды. Роботтың ең үлкен паркі Жапония, АҚШ, ГФР, Италия, Франция, Корея Республикасы елдері болып отыр. Мысалы, дүниежүзілік өнеркәсіптік роботтар паркінің 45%-дан астамы Жапонияда. Онда өңдеу өнеркәсібіндегі қызмет істеуші 10 мың жұмысшыға 270 роботтан келсе, АҚШ-та 50 адамнан келеді. Өндірістің негізгі үшінші бағыты – энергетика шаруашылығын қайта құру. Бұл бағыт энергияны үнемдеу, отын-энергетика базасының құрылымын жетілдіру, жаңа энергия көздерін кеңірек пайдалану негізінде жүзеге асырылады. Мұнда атом энергиясын көп көңіл бөлініп отыр. Бұл сала АҚШ, Франция, Жапония, ГФР-де, Ресей мен Украинада ауқымды дамуда. Бірақ АЭС-тер ел өміріне қауіп төндіретін болғандықтан, оларды салу біршама қысқаруда. Жаңа материалдар өндіру деп аталатын төртінші бағыты қара және түсті металдарға, синтетикалықмполиметрлерге бұрынғыдан анағұрлым жоғары талап қойылады. Бұл бағытты дамыту нәтижесінде түбегейлі жаңа композициялық, жартылай өткізгіштік, қыш материалдар, оптикалық талшықтар, сонымен бірге бериллий, литий, титан сияқты «ХХ ғасыр металдары» және т.б. материалдар пайда болды. Бесінші бағыт – биотехнологияның жедел дамуы. 70-жылдары туындаған бұл бағыт ҒТР-дің ең жаңа салаларының қатарына жататын биотехнология мен биоиндустрияны («гендік» революцияны) дүниеге алып келді. Олар АҚШ, Жапония, ГФР-де, Францияда қалыпты дамуда. Соңғы алтыншы бағыт – ғарыштандыру. Ғарыш ғылымының дамуы нәтижесінде, ғылымда көп қажет ететін жаңа машиналар, аспаптар, қорытпалар пайда болды. Ғарыштық зерттеу ғылымының жалпы дамуына орасан зор ықпал етеді. ІV. Бекіту: 1- тапсырма: 2- Ғылыми-техникалық революция дегеніміз не? 3- Ғылыми-техникалық прогрестің екінші кезеңі қашан басталды ? 4- Роботтың ең үлкен паркі қай елдерде орналасқан ? 5- «Гендік» революция деген не? 6- Ғарыштандыру процессін тусіндіру ?


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всемирная история

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ғылыми техникалық прогрестің тарихи кезеңдері

Автор: Малыбаева Зейнегуль Калиевна

Дата: 09.06.2021

Номер свидетельства: 583009

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "?о?ам ж?не ?о?амды? ?атынастар"
    ["seo_title"] => string(37) "k-og-am-zh-nie-k-og-amdyk-k-atynastar"
    ["file_id"] => string(6) "267867"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450467769"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства