Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 3 А бөлімі. Ежелгі Қытай Пәні: Дүниежүзі тарихы | Мектеп: «№2 жалпы білім беру орта мектебі» ММ |
Күні: 23.01.2019ж | Мұғалім: Дантаева Камшат Новрузбаевна |
Сынып: 5 | Қатысқаны: 21 | Қатыспағаны: 0 |
Сабақтың тақырыбы: | Ежелгі қытайлықтар ғылыми білімдерін қалай пайдаланды |
Сабақ негізделген оқу мақсаты | 5.2.4.2 – ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау; |
Сабақтың мақсаты | Ежелгі Қытайда ғылымдардың пайда болуы, дамуы туралы және оның шаруашылық іс-әрекеттегі ықпалына тигізген әсерін біледі. |
Бағалау критерийлері | Ежелгі Қытайдағы ғылыми білімдердің қалыптасуы мен дамуына қоғамдағы өзгерістердің тигізген ықпалын сипаттайды; Ежелгі Қытайдағы ғылымның пайда болуын, дамуын біледі, түсінеді; |
Құндылықтарға баулу | «Мәңгілік Ел» идеясының «Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы» құндылығы мемлекеттің дамуын анықтауда және тарихтағы жеке тұлғаның рөлін анықтауда жүзеге асады. |
Пәнаралық байланыс | Жаратылыстану, математика, геометрия |
Тілдік мақсат | Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Ежелгі Қытайдың жетістігі...... медицина. Ең маңызды өзгерістер/жетістіктер..... Чжан Цянның .... еңбегінің маңыздылығы. Пәнге қатысты терминологиялық сөздермен жұмыс: Сейсмограф Тұсбағдар Инемен емдеу |
Алдыңғы білім | «Терракот әскері ежелгі Қытай туралы не айтады» тақырыбынан ежелгі Қытайдың саяси құрылымының ерекшеліктері туралы мәліметтер біледі. |
Жоспар |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Басы 7 мин | I.Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут «Өзі туралы кластер» тренинг Оқушылар танысу үшін өздері туралы кластерлер құрастыруы керек. Олар парақтың ортасындағы шеңберге өз есімдерін жазып, одан таралатын шеңберлерге өздерінің өмірінде маңызы бар бес негізгі рөлін жазады. Мысалы: Үйдің үлкені, адал дос, сүйікті бала т.б. оқушыларды мадақтау арқылы бағалау. Сыныпты топқа бөлу: «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3 вагондарға бөлініп отырады. 1-топ: «Геометрия» вагоны 2-топ: «Астрономия» вагоны 3-топ: «Медицина» вагоны II.Үй тапсырмасын сұрау: «Кубизм» әдісі Кім? Солтүстік-батыс шекарасын көшпелі ғұн тайпаларын қорғау үшін Ұлы қорғанды салуға бұйрық берген кім? Цинь Шихуанди. Не? Терракотадан не жасалды? Барлық мүсіндер күйдірілген саз балшықтан. Қайда?Археологтар 8099 саз балшықтан жасалған жауынгерді қайдан тапты? /Цянь каласы/ Қашан?Ұлы қытай Қорғаны қашан салынды? Б.з.б. IVғ Неліктен? Елордаға аманатқа ақсүйектер отбасыларының мүшелері неліктен әкелінді? Неге? Қытайлар қағазды неге ойлап тапты? Сурет арқылы жаңа тақырыпты ашу. Суреттен не көріп тұрсыңдар? 2. Не ерекше болды? 3. Тақырыпты болжап көріңіз... Болжамдарын негіздейді. | А4 қағаз |
Ортасы 26 мин | ІІІ. Жаңа тақырып. Жаңа тақырыппен таныстыру тапсырма-№1. Мәтінмен жұмыс: Топтарға Ежелгі Қытайда ғылымдардың пайда болуы, дамуы туралы және ғылыми өнер табыстардың қоғамға қандай өзгерістер әкелгендігін талдау үшін ықшамдалған мәтін ұсынылады. «Фишбоун» әдісі (постерде) Постерге балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырып жазылады. Денесінің жоғарғы жағындағы қанаттарға идеяның себептері, төменгі қанаттарға идеяның салдары жазылады. Түйінді ой құйрығына жазылады. Дискриптор: Тапсырма-№2. «Өзіңді тексер» әдісі. Жеке жұмыс: Суреттерді пайдалана отырып, ежелгі Қытайлықтар ойлап тапқан өнертабыстарын атап, оны не үшін қолданылатынын кестеге толтырады: ABC DGH Дескриптор: - Ежелгі Қытайдағы ғылыми білім мен өнертабыстарды суреттерді пайдаланып атайды; - Ежелгі Қытай өнертабыстарының не үшін қолданылатынын атайды. | Постер Оқулық, үлестірме Қағаздар, Суреттер Интербелсенді тақта Кесте |
Соңы 7 мин | Сабақты бекіту: ▲ Қытайлықтардың өнертабыстарын тізбектеңдер ▲ Қытайдағы жұлдызнамашылық пен географиялық білімдердің дамуы туралы не айтасыңдар? ▲ Ежелгі қытайлықтар ғылыми білімдерін қалай пайдаланды? ▲ Қытайлықтар қағазды қалай жасады? Кері байланыс: Үйге тапсырма: : «Ежелгі Қытайдағы ғылыми білім қандай себептерімен дамыды?» атты тақырыбына эссе жазу | Интерактивті тақта Оқулық Сурет,стикерлер |
Қосымша ақпарат |
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, денсаулық, АКТ-мен байланыс. |
Топтық, жұптық жұмыс арқылы оқушыға өзара қолдау көмек көрсету жүзеге асырлады. Ежелгі Қытайдағы ғылыми білімдердің қалыптасуы мен дамуына қоғамдағы өзгерістердің тигізген ықпалын сипаттайды. Оқушыларға топпен, жеке, «фишбоун», «өзіңді тексер» әдіс-тәсілдер арқылы тапсырмалары беріледі. | 1.Оқушылардың сабаққа дайындау мақсатында психологиялық ахуал «Өзі туралы кластер» тренингін өткізу. 2. Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау, өзара мадақтау. 3.Әр оқушының оқу мақсатына жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолдану. 4.Кері байланыс:« «Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі арқылы оқушылардың алған білімдері бағаланады. Рефлексия жасалады. | Қауіпсіздік сақталды. АКТ мен байланыс орнатылды. Топ ережелерін сақтайды. |
Рефлексия | Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? - Бүгін оқушылар не білді? - Сыныптағы ахуал қандай болды? - Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? - Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? - Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | |
Қорытынды бағамдау |
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |