kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

22.09.2023 жыл 22.09.2023 жыл

Нажмите, чтобы узнать подробности

7шл5уывщл8шдщз9шщэхжзэзрнщпщгнвшк6егнкеруууш7шг

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«22.09.2023 жыл 22.09.2023 жыл»

«Қазақстан тарихы» пәнінен

тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы

9-сынып

2021-2022 оқу жылы

Нұр-Сұлтан, 2021

МАЗМҰНЫ



1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 3

2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3

3. «Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер 3

4. Ойлау дағдыларының деңгейі 4

5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу 5

6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 6

7. Модерация және балл қою 6

І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 7

ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 18

ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 29

IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 38



1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

3. «Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер

Білу

  • Қазақстанның ХХ ғасырдан бастап қазіргі күнге дейінгі негізгі оқиғаларын, құбылыстарын, процестерін;

  • Отан тарихында маңызды рөл атқарған тарихи қайраткерлерді;  тарихи даму барысында қалыптасқан ұлттық мәдениеттің маңызды жетістіктерін.

Түсіну
  • тарихтың барлық кезеңдері бойы отан тарихының дамуының тұтастығы мен үздіксіздігін сипаттайтын негізгі оқиғалардың, құбылыстар мен процестердің мәнін;

  • әлеуметтік-мәдени дамуының сипатты белгілерін;

  • заманауи қоғамдық процестердің тарихи шарттылығын, адамзаттың мәдени әртүрлілігін;

  • Қазақстанның тарихи жолының ерекшеліктерін, әлем тарихындағы оның рөлі мен орнын;

  • Отан тарихындағы көрнекті тұлғалардың рөлі мен орнын;

  • өзін Қазақстан Республикасы азаматы ретінде сезінуі нысанында азаматтық және ұлттық біртектілігін;

  • Отан тарихына, мәдениетіне, дәстүрлеріне, адам құқығы мен бостандығына, қоғам өмірінің демократиялық қағидаларына құрметпен қарау қажеттігін.

Қолдану
  • тарихи ойлау дағдыларын: өмірлік міндеттер мен мәселелерді шешу үшін;

  • тарихи ойлау дағдыларын: тарихи картадағы өзгерістерді, түрлі нысандардың орналасуын анықтау кезінде;

  • тарихи ойлау дағдыларын: тарихи тұлғаларды, оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді салыстыру кезінде;

  • тарихи ойлау дағдыларын: Қазақстанның және әлемнің басқа да елдерінің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын сипаттау кезінде;

  • тарихи ойлау дағдыларын: тарихи негізіне сүйене отырып, заманауи өмірдің құбылыстарына қатынасы бойынша өз ұстанымын анықтау кезінде;  тарихи ойлау дағдыларын: тарихи материалдармен жұмыс кезінде.

Талдау
  • себеп-салдарлық байланыстарын анықтау мақсатында тарихи оқиғаларды, құбылыстарды;

  • процестерді; жалпы сипатты белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып, Қазақстанның және басқа да елдердің тарихи дамуын;

  • тарихи тұлғалар қызметінің нәтижесі мен уәждерін;

  • тарихи паралелль өткізу жолымен Қазақстанның даму үрдістерін;

  • қоғамдық, экономикалық, саяси және мәдени процестерін;

  • проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін түрлі тарихи дереккөздерді;

  • бір тарихи оқиғаларға, құбылыстар мен процестерге түрлі көзқарастарды;

  • түрлі таңбалы жүйеде (мәтін, карта, кесте, схема, дыбыс-бейне қатары) ұсынылған ақпараттарды. Жинақтау:

  • жалпы заңдылықтарды анықтай отырып, тарихи құбылыстардың, процестердің сипатты белгілерін жіктеу, жүйелеу, жалпылау және саралау үшін түрлі

дереккөздердегі ақпараттарды;

  • қоғамда болып жатқан қазіргі заманғы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерге бағдарлану үшін тарихи мәліметтерді.

Бағалау
  • тарихи оқиғаларды, процестерді, құбылыстарды, тұлғаларды отандық және әлемдік тарихқа ықпалы тұрғысынан бағалайды, оларды әртүрлі түсіндіруді;

  • әртүрлі тарихи дереккөздердің анықтығын;

  • заманауи өркениеттің перспективасын, оның дамуындағы қиындықтар мен проблемаларды;

  • қазіргі қазақстандық қоғамның әлемдік экономикадағы, саясаттағы және мәдениеттегі рөлін.

4. Ойлау дағдыларының деңгейі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Сипаттама

Тапсырмалар түрлері

Білу және түсіну

Қазақстанның ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазіргі күнге дейінгі негізгі оқиғаларын, құбылыстарын, процестерін; Отан тарихында маңызды рөл атқарған тарихи қайраткерлерді; тарихи даму барысында қалыптасқан ұлттық мәдениеттің маңызды жетістіктерін біледі.

КТБ - Көп таңдауы бар тапсырмалар ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар

Қолдану

Демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтауда деректі қолданады. Тарихи ойлау дағдыларын: өмірлік міндеттер мен мәселелерді шешу үшін; тарихи картадағы өзгерістерді, түрлі нысандардың орналасуын анықтау кезінде; тарихи тұлғаларды, оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді салыстыру кезінде қолданады.

ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар

Жоғары деңгей дағдылары

Өнеркәсіптің ахуалын анықтап, қорытынды жасау, Ермұхан Бекмахановтың Қазақстан тарихы ғылымына қосқан үлесін бағалау, демографиялық өзгерістердің себеп-салдарлық байланысын талдау арқылы дәйекті қорытынды жасау, Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге баға беру, қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау, қоғамдық-саяси қайраткерлердің ұлттық мүддені қорғаудағы рөліне баға беру, демографиялық өзгерістердің себеп-салдарлық байланысын талдау арқылы дәйекті қорытынды жасау, кеңестік әдебиет пен өнер туындыларында қоғамдық өмірдің бейнеленуін талдау, қоғамдықсаяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау, Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарын анықтап, қорытындылау, Қазақстан Республикасының халықаралық аренада танылуына баға беру, Қазақстан

Республикасындағы жекешелендіру процесінің экономикаға ықпалын талдау, Қазақстанның даму стратегиясындағы демографиялық саясаттың бағыттарын талдау, ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларды талдау, нарықтық экономиканың өндірістік қатынастарға әсерін талдау, қазіргі кездегі Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын статистикалық мәліметтер негізінде талдау, ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың қажеттілігін негіздеу («Мәдени мұра», «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы).

ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар

5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу

Тоқсан

Білу және түсіну

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

I

0

0

100 %

II

0

0

100 %

III

0

0

100 %

IV

0

0

100 %

Барлығы

0

0

100%

6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кезкелген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез-келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

Тоқсандық жиынтық бағалауа аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.

7. Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

І тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 45 минут

Балл саны – 30

Тапсырмалар түрлері:

КТБ - көп таңдауы бар тапсырмалар

ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар

ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 5 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.

Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/ сұрақтардан тұрады.

І тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Бөлім

Тексерілетін мақсат

Ойлау дағдаларының

деңгейі

Тапсырма саны*

Тапсыр ма №*

Тапсырм а түрі *

Орындау уақыты, мин*

Балл

Бөлім

бойынш а балл

Қазақстан соғыстан

кейінгі жылдарда (1946-1953 жылдар)

9.4.2.1 өнеркәсіптің ахуалын анықтап,

қорытынды жасау

Жоғары деңгей дағдылары

1

1

ТЖ

8

6

16

9.2.3.1 Ермұхан

Бекмахановтың Қазақстан тарихы ғылымына қосқан

үлесін бағалау

Жоғары деңгей дағдылары

1

2

ТЖ

12

10

Қазақстан «жылымық» кезеңінде (1954-1964 жылдар)

9.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себепсалдарлық байланысын талдау арқылы дәйекті қорытынды жасау

Жоғары деңгей дағдылары

1

3

ТЖ

13

7

14

9.4.1.1 Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын

алған өзгерістерге баға беру

Жоғары деңгей дағдылары

2

4-5

ТЖ

12

7

Барлығы:

5

-

45

30

30

Ескерту: * - өзгерістер енгізуге болатын бөлімдер







8

Оқушының аты-жөні:____________________________________________ «Қазақстан тарихы» пәнінен І тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары

1.Соғыстан кейінгі Қазақ КСР-нің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы кестеде дәлелдер келтіріңіз.

[6]

2.Берілген деректерді пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.


«Ұлтымыздың аса көрнекті тарихшысы уақыт бедеріне бағынбаған, шыншыл ғалым болатын. Ол докторлығын екі рет қорғады. Еңбегінің нашарлығынан емес, тыйым салынған Кенесары тақырыбына жазылғандықтан».

академик Шапық Шөкиннің естелігінен

    1. Деректе сипатталған тарихи тұлғаны анықтаңыз. Тұлғаға шығын сипаттама беріңіз.

[2]

«Асыра сілтеу, бұрмалау жөне күдікшілдік бел алған осы тұста бұл еңбекке пікір айтушылардың кейбіреулері оны Кенесары Қасымов бастаған қозғалыстың тарихын ақтау тұрғысынан көрсеткен еңбек деп бағалап, оны буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дөріптеуші деген саяси кінәға ұшыратты».

    1. Деректе тарихи тұлғаның қандай еңбегі туралы айтылғандығын анықтаңыз. Тарихи еңбектің қай жылы жарық көргендігін жазыңыз.

[2]

    1. Тарихи тұлғаның еңбегі туралы қандай пікірталастар туындағандығын сипаттаңыз.

[1]

    1. Тарихи тұлғаның тұтқындалуынан кейінгі өмірінен ақпараттар келтіріңіз.

[2]

    1. Ғалымның ғылымға қосқан үлесіне дәлелдер келтіріңіз.

[3]

3. Сурет бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Суретте берілген тарихи оқиғаның көрінісін анықтаңыз.

[1]

Аталған тарихи оқиғаның Қазақстанға әкелген демографиялық өзгерістерінің себепсалдарларын анықтаңыз.

[6]

4.Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған жағымды өзгерістерді жазыңыз.

[3]

5.Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған жағымсыз өзгерістерді жазыңыз.

Қорытынды



[4]

Балл қою кестесі

Тапсырм а №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

Ауыр өнеркәсіптің дамуы

  1. Қазақ жерінде әскери ендірістің, Семейде атом полигонының, басқа да әскери нысандардың құрылымдық жүйесі жасалды. Ақтөбе темір балқыту, Теміртау металлургиялық зауыттарының жаңа қуатты бөлімдері іске қосылды.

  2. Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы өнімін берді. Балқаш мыс балқыту зауыты өнім шығаруды үлғайтты. Ембі бассейінінде - Қаратон мен Мұнайлыда жаңа кәсіпорындар іске қосылып, 1950 жылы мунай өндіру соғыс-қа дейін кезеңмен салыстырғанда 52%-ға өсті.

  3. Қаратау тау-кен химия комбинаты құрылысының бірінші кезегі аяқталды. 1954-1958 жылдары Қазақ-

стан бойынша Өскемен, Актөбе, Шымкент, Қарағанды, Семей, т.б. ірі қалаларда 730 өнеркәсіп орны мен цехтар құрылып, іске кірісті.

Теміржол саласының дамуы

  1. Мойынты-Шу теміржолы салынды.

  2. Жамбыл-Шолақтау теміржолы салынды.

  3. 1958 жылы Қазақстан аумағындағы барлық жолдар желісін бір жүйеге келтірген «Қазақ теміржолы» құрылды.

6

Білім

алушының

басқа да жауаптары қабылданады

2

  1. Ермұхан Бекмаханов. Қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымының докторы

  2. «XIX ғасырдың 20–40 жылдарындағы

Қазақстан» монография, 1947 жыл

  1. Е. Бекмаханов еңбегіне байланысты пікірталастар 1947 жылдың екінші жартысында күшейе түсті. Ермахан Бекмаханов бірақ айтқанынан қайтпады. Халқы үшін жан аямай күрескен Кенесары Қасымовтың батыр екенін дәлелдеген, оның кітабын да, өзін де қызыл империя аямай жазалады. 1947-1950 жылдарда Е. Бекмахановтың күйі өте ауыр болды, күн өткен сайын оған тиген моральдық соққының салмағы арта берді. 1951 жылы

10

Білім

алушының

басқа да жауаптары қабылданады



университеттеғі жұмысынан қуылып, партия қатарынан шығарылды.

  1. Ол 1952 жылы 5 қыркүйекте тұтқындалды.

Екі айға жуық тергеу жүмыстары жүргізіліп, 1952 жылдың 3 қарашасында № 699 іс бойынша Е. Бекмахановты айыптау қортындысы дайын болды. Жоғарыдағы айыптау негізінде 1952 жылы 2 желтоқсан күні Қазақ КСР Жоғарғы Сотының

Қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен Е. Бекмаханов 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, ГУЛАГ-тың алыстағы лагерінің біріне айдалды. Ол кісінің лагерьден тиісті органдарға жазған көптеген арыздарының нәтижесінде, академик, қоғам қайраткері Анна Михайловна Панкратова сияқты қайырымды адамдардың көмегінің арқасында Берия атылғаннан кейін Е. Бекмахановтың ісі қайта қаралып, 1954 жылы 16 ақпанда оның ісі жабылып, өзі ақталып шықты.

  1. ГУЛАГ-тың лагеріндегі адам төзгісіз азапты күндерді басынан кешкеніне қарамастан, қайсар ғалым, артына халықтың игілігіне айналған мол ғылыми мұраларын қалдырды. Өзі ұсталып кеткенге дейін бастап қойған «Қазақстанның Ресейге қосылуы» атты еңбегін аяқтау ісімен айналысты. Бұл еңбегі А. М. Панкратованың баға жетпес көмегінің арқасында Мәскеудегі «Наука» баспасынан 30 баспа табақ көлемінде 1957 жылы жарық көрді. Бекмаханов Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың «феодалдық-

монархиялық қозғалыс» деп аталмай, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі ретінде қарастырылуынан дәлелдеді.



3

Тың және тыңайған жерлерді игеру Себептері:

  1. Тың игерудің рухани және демографиялық зардаптары да зор болды. Қазақстанға 1954-1962 жылдары тың игеруге КСРОның еуропалық бөлігінен 2 млн адам келді.

  2. 1959 жылғы халық санағы бойынша республикада тұратын жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2 миллион 787 мың, яғни барлық халықтың 29 % ғана құрады.

  3. Тың игерілген облыстарда 700 қазақ мектебі жабылды.

Салдарлары:

1. Қазақ халқы өз жерінде азшылық жағдайына түсті.

7

Білім

алушының

басқа да жауаптары қабылданады


  1. Ауыл шаруашылығымен қазақ халқы тығыз байланысты екені белгілі. Сондықтан қазақ халқының басым бөлігі ауылдарда тұрғандықтан реформалардың зардабы бірінші кезекте қазақтарға тиді.

  2. Қазақ балалары мектеп–интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Бұл біріншіден, қазақ жастарының ұлттық тілі мен мәдениетінен қол үзуіне әкеп соқтырды.



4

Жағымды әсері:

  1. Қазақстан астықты шет елдерге экспорттаушы елге айналды

  2. Тың игеру кезінде еңбекші бұқараның ерен ерлігі нәтижесінде Қазақстанда астық өндірудің көлемі артты. Қазақстанда 15 жаңа қала, 86 қала тұрпатты поселке, жүздеген шағын елді мекендер пайда болды.

  3. Тыңға келгендердің еңбегі бағаланып, ондаған мың адамдар орден, медаль, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

3

Білім

алушының

басқа да жауаптары қабылданады

5

Жағымсыз әсері:

  1. Астық игеру экстентивті әдістермен жүргізілді.

  2. Орасан зор аумақтар жыртылып, топырақ эрозиясы күшейді, жердің құнарлы қара шірік қабаты (гумус) желге ұшты.

  3. Мал шаруашылығының дамуы өте төмен деңгейде қалды.

Қорытынды:

Тың игерудің зардаптарын да, нәтижелерін қазіргі таңда көріп келе жатырмыз. Еліміз астықты ауданға айналғанымен, экологиялық проблемалар өз шешімін таппай келе жатыр.

4

Барлығы

30






























































































ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 45 минут

Балл саны – 30

Тапсырмалар түрі :

КТБ - көп таңдауы бар тапсырмалар

ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар

ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 5 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.

Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/ сұрақтардан тұрады.

ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Бөлім

Тексерілетін мақсат

Ойлау дағдаларының

деңгейі

Тапсырма саны*

Тапсырм а№*

Тапсырма түрі *

Орындау уақыты, мин*

Балл

Бөлім

бойынш а балл

Қазақстан «тоқырау» кезеңінде (1965-

1985 жылдар

9.4.2.1 өнеркәсіптің ахуалын анықтап, қорытынды жасау

Жоғары деңгей дағдылары

1

1

ТЖ

8

6

22

9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау

Жоғары деңгей дағдылары

1

2

ТЖ

7

5

9.3.1.2 қоғамдық-саяси қайраткерлердің ұлттық мүддені қорғаудағы рөліне

баға беру

Жоғары деңгей дағдылары

1

3

ТЖ

8

6

9.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себеп-салдарлық байланысын талдау арқылы дәйекті қорытынды жасау

Жоғары деңгей дағдылары

1

4

ТЖ

9

5

Кеңестік Қазақстанның мәдениеті (19461985 жылдар)

9.2.2.1 кеңестік әдебиет пен өнер туындыларында қоғамдық өмірдің бейнеленуін талдау

Жоғары деңгей дағдылары

1

5

ТЖ

13

8

8

Барлығы:


5

-

-

45

30

30

Ескерту: * - өзгерістер енгізуге болатын бөлімдер








16

Оқушының аты-жөні:________________________________________

«Қазақстан тарихы» пәнінен ІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары

1.Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

      1. КСРО-да 1965-1985 жылдардың «тоқырау жылдары» деп аталуын түсіндіріңіз.

[1]

      1. «Тоқырау жылдарындағы» Қазақстандағы өнеркәсіп дамуы жағдайын сипаттаңыз.

«Тоқырау жылдарындағы» Қазақстан экономикасының дамуына қандай баға бересіз? Өз ойыңызды жазыңыз.

[5]

  1. Берілген сурет негізінде сұрақтарға жауап беріңіз.

Суретте қандай тарихи оқиғадан көрініс берілгендігін анықтаңыз.

Тарихи оқиғаның себептерін анықтаңыз.

1.

2.

Тарихи оқиғаның болған уақытын анықтаңыз.

Тарихи оқиғаның нәтижесі қандай болғандығын анықтаңыз.

[5]

2.Қоғамдық-саяси қайраткерлерді анықтап, олардың ұлттық мүддені қорғаудағы рөліне баға беріңіз.

[6]

3.«Тоқырау» жылдарындағы демографиялық өзгерістердің себеп-салдарлық байланысын талдаңыз.

    1. «Тоқырау» жылдарында Қазақстанның «халықтар достығының зертханасы» деп аталу себебін түсіндіріңіз.

    2. «Тоқырау» жылдарындағы көші-қон саясатының Қазақстанға әкелеген салдарларын анықтаңыз.

1.

2.

    1. Қазақстанда урбандалу себептерін жазыңыз.

1.

2.

[5]

4.Кеңестік әдебиет туралы берілген кестені толтырыңыз.


Шығармалардың авторларын анықтаңыз.

«Генерал

Панфилов»

«Қан мен тер»

«Көшпенділер»

«Адамға табын, Жер,

енді»


Шығарманың қысқаша мазмұнын жазыңыз

[8]

Балл қою кестесі

Тапсыр ма

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

Бұл кезеңде социалистік бағдардағы мемлекеттер арасында жетекші рөл аткарып келген Кеңес Одағының ықпалы бұрынғыға қарағанда солғындады. Жыл өткен сайын КОКП-ның халықаралықаренадағы беделі түсіп, дүниежүзілік арандатушы фактор кейпінде көріне бастады. Қоғамдық-әлеуметтік даму барысында тоқырау белгілері айқынырақ біліне бастағандықтан, КСРОға ең жакын деген мемлекеттерде де социализмнің кеңестік жолынан бас тартуға бейім күштер байқалды. 70-жылдардың бас кезі жаңашыл үрдістердің едәуір әлсіреуімен, қоғамдық құрылыс принциптері мен формаларының тоқырауға ұшырауымен ерекшеленеді. Жағымды әсері

  1. 170-тен астам кәсіпорын мен цех, оның ішінде Лисаков кен-байыту комбинаты, Шерубай-Нұра шахтасы, Талдықорған аккумулятор зауыты, бірқатар жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары бой көтерді.

  2. Павлодар облысында Екібастұз отынэнергетика кешенінің Ертісте Шүлбі СЭСінің құрылысы басталды. Трактор және ауылшаруашылық машиналары жасалды, мал шаруашылығы мен жем өндіру машиналарын шығару салалары қарқынмен дамыды.

Жағымсыз әсері

  1. КСРО-да ғылыми-техникалық революция рухында түбегейлі өзгерістер жүргізу қажеттігі сөз жүзінде мойындалғанымен, іс жүзінде бұрынғы басқару әдістерін қолдану жалғастырыла берді.

  2. Ғылыми-техникалық прогресті тұсауламай тұра алмаған мемлекеттік-монополистік меншік экономиканың тиімді дамуына мүмкіндік бермеді. Сондықтан өндірістік бірлестіктер құру ісі ғылыми-техникалық саясатта монополиялық бетбағыттардың

пайда болуына әкеп тіреді

5

Басқа дұрыс жауаптарды қабылдауға болады.

Қорытынды

«Тоқырау жылдарындағы» Қазақстан экономикасының дамуы жоғары деңгейде болды деп айта аламын. Өйткені халықтың жағдайы бірқалыпты болды, басты қажеттіліктермен толық қамтамасыз етілді.

1

Оқушы басқа пікірде жазуы мүмкін.


2

Целиноград оқиғасы

Тарихи оқиғаның себептері

  1. Еділ бойындағы неміс автономиясы таратылғаннан кейін оның мыңдаған азаматтары Қазақстан жеріне көшірілді. (КОКП ХХ съезінен кейін ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында таратылған көптеген автономиялы республикалар қалпына келтірілгенімен Еділ бойынан көшірілген немістер жөніндегі шешім қайта қаралмай қалды. Осыған байланысты жер аударылған немістер арасында тарихи отандары ГФР-ға көшу мәселесі жиі көтеріле бастады. Бұл процесті тоқтату үшін кеңес өкіметі немістердің тарихи отанына оралуына шек қойды және Қазақстанда неміс автономиялы облысын құру туралы шешім қабылданды.

  2. Бұл автономиялық облысқа Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Көкшетау облыстарының біраз аудандары беріліп, Ерейментау қаласы оның орталығы болып белгіленді.

Тарихи оқиғаның болған уақыты

1979 жылы 16-19 маусым

Тарихи оқиғаның нәтижесі

Автономия құру туралы шешім болған жоқ деп мәлімдеп, облыс басшылығы КОКП ОК Саяси Бюросының автономиялы облыс құру жөніндегі жобасынан іс жүзінде бас тартты.

5

Басқа да дұрыс жауаптарды қабылдауға болады

3

1-тұлға: Д.Қонаев

Д.Қонаев 1960 жылы бірауыздан ҚКП Бірінші хатшысы болып сайланды. Жеті жылдың ішінде Қазақстанның экономикалықәлеуеті екі еселенді, ал өнеркәсіп өнімді Қазақстан құрылғанннан бергі барлық жылдармен салыстырғанда көп берді.

2-тұлға: Ж.Тәшенов

1950 жылдан 1960 жылға дейін – Қазақ КСР Жоғары Кеңесі төралқасының төрағасы, 19601961 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болды. Ж.Тәшенов Солтүстік Қазақстанның бірнеше облысынан тың өлкесін құру жобасына қарсы шықты. 3-тұлға: Ж.Шаяхметов

Ж.Шаяхметовтың бастамасы бойынша Қыздар педагогикалық институты, Алматы консерваториясы, Шетел тілдері институты,

6

Басқа дұрыс жауаптарды қабылдауға болады


Шымкент химия-технологиялық институты, дене тәрбиесі институты ашылды.



4

«Тоқырау» жылдарында Қазақстанның «халықтар достығының зертханасы» деп аталу себебін түсіндіріңіз.

60-жылдары Қазақстанда 100-ге жуық этнос өмір сүрді. КСРО-да жүргізілген интернационалдандыру саясаты Қазақстанда елеулі өзгерістерге ұшырағанымен, нақты жүзеге асырыла бастады. 5070-жылдары орын алған көші-қон ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар құрылысымен байланысты болды.

Олар бүкілодақтық құрылыстар болып жарияланды. Одақтың түпкір-түпкірнен Қазақстандағы өнеркәсіп құрылысына жұмысшылар ағылып келіп жатты.

«Тоқырау» жылдарындағы көші-қон саясатының Қазақстанға әкелеген салдарларын анықтаңыз. Аграрлық көші-қон тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңінде артты. Бұл кезде тың өлкесіне 2 млн-нан астам алғашқы тың игеруші келді. Мұндай көші қондар республикада байырғы қазақ халқының меншікті үлесін азайта отырып, халықтың этникалық құрамына әсер етті. 1968 жылдан бастап көші-қон ағындары азайды, бірақ көшіп келген халық салыстырмалы түрде жоғары табиғи өсім есебінен көбеюін жалғастырды.

Қазақстандағы урбандалу процесінің себептерін жазыңыз.

Кеңестік уақытта Қазақстандағы қалалар санының өсуі өнеркәсіптің дамуы әсерімен жүрді. Олардың ішінде табиғи ресурстарды игеруді, көліктік инфрақұрылымның дамуын атап көрсетуге болады.

5

Басқа дұрыс жауаптарды қабылдауға болады

5

Бауыржан Момышұлы

Әбдіжәміл Нұрпейісов

Ілияс Есенбер лин

Олжас

Сүлеймен

ов


8

«Генерал

Панфилов»

«Қан мен

тер»

«Көшпе нділер»

«Адамға табын, Жер, енді»

Ұлы Отан соғысының оқиғаларын а арналған. Әлем халықтарын ың бірнеше тіліне аударылды.

Арал

балықшыла рының өмірі туралы баяндалған еңбек.

Трилоги яда XV

ғасырды ң

ортасын

а дейінгі қазақ тарихы суреттел ді.

Юрий

Гагаринні ң ғарышқа ұшу құрметіне арналған өлең.

Барлығы

30





























































































ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты - 45 минут

Балл саны - 30 балл

Тапсырма түрлері:

КТБ - көп таңдауы бар тапсырмалар

ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар

ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар

Жиынтық бағалаудың құрылымы Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 5 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.

Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/ сұрақтардан тұрады.

ІІI тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Бөлім

Тексерілетін мақсат

Ойлау дағдаларының

деңгейі

Тапсырма саны*

Тапсырм а№*

Тапсырма түрі *

Орындау уақыты, мин*

Балл

Бөлім

бойынш а балл

Қазақстан қайта құру кезеңінде (1986-1991 жылдар)

9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік

интерпретация жасау

Жоғары деңгей дағдылары

1

1

ТЖ

5

3

3

Қазақстан мемлекеттілігінің

қайта жаңғыруы (1991 – 1996 жылдар)

9.3.1.6 Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарын

анықтап, қорытындылау

Жоғары деңгей дағдылары

1

2

ТЖ

7

5

27

9.3.2.2 Қазақстан

Республикасының

халықаралық аренада

танылуына баға беру

Жоғары деңгей дағдылары

1

3

ТЖ

8

6

9.4.1.3 Қазақстан

Республикасындағы жекешелендіру процесінің экономикаға ықпалын талдау

Жоғары деңгей дағдылары

1

4

ТЖ

13

8

9.1.1.3 Қазақстанның даму стратегиясындағы демографиялық саясаттың бағыттарын талдау

Жоғары деңгей дағдылары

1

5

ТЖ

12

8

Барлығы:

5

-

-

45

30

30

Ескерту: * - өзгерістер енгізуге болатын бөлімдер







24

«Қазақстан тарихы» пәнінен ІІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары

  1. КСРО-ның ыдырауы: заңдылық па әлде кездейсоқтық па? Өз пікіріңізді жазыңыз. Дәлел келтіріп, түсіндіріңіз.

[3]

  1. Тарихи құжатпен және суретпен танысып, сұрақтарға жауап беріңіз.

А) Тарихи құжатпен жұмыс

17-бап. Қазақстан Республикасының өз мемлекеттік символдары - елтаңбасы, жалауы, әнұраны бар.

Қазақстан Республикасының астанасы - Алматы қаласы.

18-бап. Осы Заң Қазақ КСР Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациямен бірге Республиканың жаңа Конституциясын әзірлеуге негіз болады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы мен өзге де заң актілерінің нормалары аталған Заңға қайшы келмейтін болса ғана қолданылады.

Қазақстан Республикасының

Президенті Тарихи заңды құжаттың атауын жазыңыз.

Аталған заңды құжаттың неше бөлімнен тұратындығын жазыңыз.

Аталған заңды құжаттың тарихи маңызын жазыңыз.

B) Тарихи суретпен жұмыс

Берілген суреттің қандай тарихи оқиға барысынан үзінді екендігін анықтаңыз.

Қазақ Кеңестік Социалистік Республиканың атауы Қазақстан Ресупубликасы деп өзгертілген уақытты анықтаңыз.

[5]

  1. Қазақстанның әлемге танылуына әсер еткен бастама болған тарихи оқиғаларды анықтаңыз.

Маңызды уақыттар

Тарихи оқиға

Тарихи оқиғаның маңызы

1991 жыл, 29 тамыз

1991 жыл, 21 желтоқсан

1992 жыл, 2 наурыз

[6]

  1. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің себептерін жазыңыздар.

Нарықтық экономикаға көшу себептері:

1.

2.

3.

Нарықтық экономикаға көшу барысындағы қиыншылықтардың себептерін анықтаңыздар.

[8]

  1. Қазақстандағы 90-жылдардағы дағдарыс кезіндегі әлеуметтік саланы сипаттаңыз.

2000 жылдардағы әлеуметтік саланың дамуын сипаттаңыз.

90-жылдардағы тұрғын үй құрылысын сипаттаңыз.

Жақын шетелдердегі қазақ диаспорасының жағдайын сипаттаңыз.

[8]

Балл қою кестесі

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

Менің ойымша, КСРО-ның ыдырауы заңдылық деп санаймын. Өйткені бірнеше жылдармен бойы жиналған әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайлар өз шарықтау шегіне жетті. Қалыптасқан саяси жағдайлар дер КСРО-ның ыдырауына бастамашы болды.

3

Білім

алушының

басқа да пікірлері қабылданады

2

А) Тарихи құжатпен жұмыс

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ. 1991 жылғы 16 желтоқсан.

Заң 7 тарау, 18 баптан тұрады.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін бүкіл әлемге жария еткен бірден-бір маңызды тарихи құжат болып табылады.

B) Тарихи суретпен жұмыс

Президентті ұлықтау рәсімі. 1991 жыл, желтоқсан.

Аламты қаласы. 1991 жыл, 10 желтоқсан.

5

3

Маңызды уақыттар

Тарихи оқиға

Тарихи оқиғаның маңызы

6

Тарихи маңызы туралы басқа дұрыс жауаптарды қабылдауға болады

1991 жыл, 29 тамыз

Елбасы жарлығымен Семей ядролық сынақ алаңы жабылды

Қазақстан ядролық қарудан ерікті түрде бас тартқан дүниежүзіндегі алғашқы мемлекет болып тарихта қалды.

1991 жыл, 21 желтоқсан

Тәуелсіз

Мемлекеттер

Достастығы (ТМД) құрылды.

КСРО ыдыраған соң,

Қазақстан ТМД мемлекеттері арасындағы экономикалық байланыстарды қайта құру, нығайту және одан әрі дамытуға қатысты бастамашы қызметін атқарды.

1992 жыл, 2

наурыз

Қазақстан

Біріккен

Ұлттар

Ұйымына

(БҰҰ) мүше болып қабылданды.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясында ҚР-ның

Тұңғыш Президенті

Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның халықаралық саясаты мәселелері бойынша сөз сөйледі. Өз сөзінде ядролық қарусыздандыру және таратпау мәселелері, жаппай қырып-жою қаруын жою жөнінде нақты қадамдарға көшу қажеттігін атап өтті.


4

Жоспарлы экономиканың ерекшеліктері:

КСРО-да және басқа да “социалистік” деп аталған елдерде қолданылған экономика жүйені ұйымдастыру тәсілі, мұнда материалдық қорлар мемлекет меншік болып есептеліп, барлық кәсіпорындардың экономика қызметі директивалық жоспарлау, басқару және бақылау арқылы бағытталып, үйлестіріліп отырды.

Нарықтық экономиканың ерекшеліктері:

Нарықтық экономика, рыноктық экономика, базарлы экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.

Нарықтық экономикаға көшу себептері:

  1. Одақтас республикалармен экономикалық байланыстың үзілуі.

  2. Республикалардың арасында уақытында өнімдердің жеткізілмеуі

  3. 90-жылдары экономика деңгейі 55%-ға төмендеді.

Нарықтық экономикаға көшу барысындағы қиыншылықтардың себептерін анықтаңыздар.

  1. Басқа республикаларға қарағанда Қазақстанның шикізат саласы ескірген инфрастуктура, кәсіпорындар мен техникалық жабдықтар, экстенсивті дамыған ауылшаруашылығы дүниежүзілік стандартқа сәйкес келмеді.

  2. Өндірістік қуаттарды, құрылыс нысандарын іске қосу күрт қысқарды.

  3. Көлік байланысы 60%-ға қысқарды.

8

Басқа дұрыс жауаптарды қабылдауға болады

5

Қазақстандағы 90-жылдардағы дағдарыс кезіндегі әлеуметтік саланы сипаттаңыз.

Нарықтық қатынастарға өтудің алғашқы кезеңінде қазақ халқының басым бөлігінің өмір сүру деңгейі нашарлап, кедейшілік белгісі біліне бастады. Қоғамда табыс деңгейі бойынша ерекшеленетін әлеуметтік жіктелу жүрді, яғни дәулетті және кедей адамдар тобы қалыптасты. Әсіресе жалақылары төмен, әлеуметтік санатқа жататын топтың жағдайы қиын халде еді. Мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер, бюджет қызметкерлері осы санатқа кірді.

2000 жылдардағы әлеуметтік саланың дамуын сипаттаңыз.

2000 жылдың басында әлеуметтік саясат тұрақты экономикалық өсу жағдайында жүргізілді.

8

Басқа дұрыс жауаптарды қабылдауға болады


Зейнеткерлерге, ҰОС мен еңбек ардагерлеріне, көпбалалы аналарға, толық емес отбасына, жағдайы төмен тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету басты мақсат болды. Елдегі ақшаның құнсыздану көлемі 2002 жылы жеті пайыздан төмен мөлшерге түсті.

Тұрғын үй құрылысын сипаттаңыз.

Нарыққа көшкеннен кейін тұрғын үй саласында айтарлықтай өзгерістер болды. 1993 жылдан бастап тұрғын үй алуға ұзақмерзімді және қысқамерзімді несиелер беріле бастады. Еліміз нарықтық қатынастарға енуіне байланыты адамдарды үймен қамтамасыз ету тоқтатылғанымен, мемлекет әлеуметтік қорғауды қажет ететін халықтың үй алуына жағдай жасады. Мемлекет тарапынан ұзақмерзімді жеңілдікпен несие беру арқылы халыққа көмек берілді.

Жақын шетелдердегі қазақ диаспорасының жағдайын сипаттаңыз.

Қазақ диаспорасы саяси және діни себептердің салдарынан күштеу немесе мәжбүрлеу сипатындағы көші-қонды бастан кешірді. Қазақ диаспорасы өкілдері барша қазақ халқының құрамдас бөлігі болып табылады. Бірақ өткен тарихтағы ішкі және сыртқы саяси оқиғалар салдарынан қазіргі кезде Отаныннан тыс жерлерде, яғни Азия, Батыс Еуропа және Америка елдерінде тұрады.

Қазіргі кезде түрлі ақпарат көздерінің мәліметтері бойынша, сырттағы қазақ диаспорасы өкілдерінің саны 5 млн-ға жуық.















8


Барлығы

30

IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ IV тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты - 45 минут

Балл саны - 30

Тапсырмалар түрлері:

КТБ - көп таңдауы бар тапсырмалар

ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар

ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 5 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.

Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/ сұрақтардан тұрады.

IV тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Бөлім

Тексерілетін мақсат

Ойлау дағдаларыны ң деңгейі

Тапсы рма саны*

Тапсырм а№*

Тапсырма түрі *

Орындау уақыты, мин*

Балл

Бөлім бойынша балл

Қазақстан Республикасының дамуы (1997 жылдан бастап бүгінгі күнге

дейін)

9.3.1.9 ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларды талдау

Жоғары деңгей дағдылары

1

1

ТЖ

7

5

21

9.4.2.2 нарықтық экономиканың өндірістік

қатынастарға әсерін талдау

Жоғары деңгей дағдылары

1

2

ТЖ

10

8

9.1.2.1 қазіргі кездегі Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын статистикалық мәліметтер

негізінде талдау

Жоғары деңгей дағдылары

1

3

ТЖ

13

8

Қазіргі заманғы

Қазақстан мәдениеті (1991 жылдан бүгінгі

күнге дейін)

9.2.2.4 ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған

мемлекеттік

бағдарламалардың

қажеттілігін негіздеу («Мәдени мұра», «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»

бағдарламасы)

Жоғары деңгей

дағдылары

2

4-5

ТЖ

15

9

9

Барлығы:

5

-

-

45

30

30

Ескерту: * - өзгерістер енгізуге болатын бөлімдер







32

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері «Қазақстан тарихы» пәнінен IV тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары

  1. Суреттің негізінде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Берілген эмблеманың қандай тарихи оқиғаны сипаттайтындығын анықтаңыз.

Құжаттың қабылданған жылы

Құжаттың басымдықтары

Кезеңдері

Маңызы

[5]

  1. Қазақстанның 1990-2000 жылдардағы экономикасының жаңғырту кезеңдерін сипаттаңыз.

[8]

  1. Статистикалық деректер негізінде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

https://stat.gov.kz/edition/publication/booklet

Қазақстанда шағын және орта кәсіптің қарқынды дамуына әсер еткен себептерді жазыңыз.

Шағын және орта кәсіпті дамытудың басты мақсаттары мен нәтижелері қандай болмақ?

Пандемиядан кейін шағын және орта кәсіп саласында қандай өзгерістер болады деп ойлайсыз?

https://stat.gov.kz/edition/publication/booklet

Берілген жылдардағы халықтың табыс көлемінің артуына әсер еткен жағдайларды жазыңыз.

2013-2016 жылдар аралығында табысы азық-түлік қоржынының құнынан төмен халықтың үлесі не себепті өзгеріссіз деп ойлайсыз?

[8]

  1. Деректі пайдалана отырып, Қазақстанда ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың қажеттілігін дәлелдеңіз.

Бағдарлама бірнеше бағыттар бойынша іске асады:

  • ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру;

  • археологиялық зерттеулер;

  • қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстар;

  • ұлттық әдебиет пен жазулар тәжірибесін ортақтастыру, кеңейтілген бейне және жұмыс қатарларын құру.

2004 жылдан – бағдарламаны жүзеге асыра бастаған кезден – бастап тарих пен мәдениеттің 78 ескерткішінде реставрациялық жұмыстар бітірілген, олардың 28-і

(35%) – 2008-2011 жылдары реставрацияланған.

Берілген үзінді қандай бағдарламадан алынғандығын анықтаңыз.

Бағдарламаның мақсатын жазыңыз.

Бағдарламаның жүру барысынан мысалдар келтіріңіз.

Бағдарламаның қажеттілігін дәлелдеңіз.

[4]

5. Деректі пайдалана отырып, Қазақстанда ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың қажеттілігін дәлелдеңіз.

Берілген символ қандай бағдарламаның нышаны екендігін жазыңыз.

Бағдарламаның мақсатын жазыңыз.

Бағдарламаның жүру барысынан мысалдар келтіріңіз.

Бағдарламаның қажеттілігін дәлелдеңіз.

Бағдарламаға қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз.

[5]

Балл қою кестесі


Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

Берілген эмблеманың қандай тарихи оқиғаны сипаттайтындығын анықтаңыз.

«Қазақстан - 2030» стратегиясы


5

Басқа дұрыс жауаптарды қабылдауға болады

Құжат қабылданған жыл

1997 жылы


Құжаттың

басымдықтары

7 ұзақмерзімді басымдықты анықтады.


Тарихи құжаттың кезеңдері

2 кезеңнен тұрады. 1-кезең

Қазақстан Республикасының

2010 жылға дейінгі стратегиялық дмау жоспары. 2-кезең. Еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің негіздерін қалыптастыруға арналған

Қазақстан Республикасының

2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары орындалды.


Маңызы

Әлем өз дамуының стратегиясын жасауға қабілетсіз көптеген елді көрді. Мемлекеттің өз жоспарын орындай алмаған мысалдары одан да көп. Әртүрлі жағдайлар, саяси ықтиярының нашарлығы және

көшбасшылардың

қабілетсіздігі арман-мұраттың күйреуіне әкеліп соқты. Азаматтардың әл-ауқатын жақсарту мен елдің гүлденуіне апаратын жол-күрделі әрі ұзық. Сенімді стратегия ғана табысқа апаратыны анық.



2

4-

  • Жылдары:

кезең2001 жылдан

басталады

  • Сипаты:

  • Бұл кезеңде нарықтық экономика институттары табысты жұмыс атқаруымен сипатталады.

8

Басқа дұрыс жауаптарды қабылдауға болады

3

Қазақстанда шағын және орта бизнестің қарқынды дамуына әсер еткен себептерді жазыңыз.

Кәсіпкерлікті дамыту — нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мэселелердің экономикадағы рөлінің аса маңыздылығын дәлелдейді. Оның негізгі маңыздылығын ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басымды бағыты кәсіпкерлік» деп аталынғандығы айқындайды.

Шағын және орта бизнесті дамытуды басқару еліміздің жүзеге асырып жатқан саясатының стратегиялық мәселесі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметті еліміздің шаруашылық қызметінің жандандырғыш күші деп білуіміз қажет.

2

Білім алушы басқа да

халықаралық ұйым туралы жазуы мүмкін.

Шағын және орта бизнесті дамытудың басты мақсаттары мен нәтижелері қандай болмақ?

Шағын және орта бизнестің негізгі мақсаты бұл көбінесе жергілікті нарықты қажетті өнім мен қызметтермен қамтамасыз ету, жұмыспен қамтылу мәселесін шешудегі жәрдем. Мұндай мәселелердің оңтайлы шешілуі ауыспалы кезеңде орын алатын әлеуметтік дағдарыстың зардаптарын азайтады.

Шағын және орта бизнес халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар, жаңа қосымша жұмыс орындарының ашылуын құру сияқты дәйекті мәселелер оның өзектілігін көрсетеді және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді.

2

Пандемиядан кейін шағын және орта кәсіп саласында қандай өзгерістер болады деп ойлайсыз?

Менің ойымша көп адамдар пандемия барысында жасап отырған кәсібінің сапасы мен халықтың сұранысына сәйкестігіне бағалай алды. Алдағы уақыттарда кәсіпкерлер тұтынушыларды қанағаттандыратын кәсіп саласын дамытуды қолға алады деп сенемін. Қазіргі жағдайда бұл адамдар үшін алғашқы қажеттіліктер: азық-түлік пен дәрі-дәрмек, киім саласы болуы мүмкін.

2

Білім алушы басқа да жауаптарды жазуы мүмкін



Берілген жылдардағы халықтың табыс көлемінің артуына әсер еткен жағдайларды жазыңыз.

Мемлекетімізде қабылданған әртүрлі бағдарламалардың әсерлері бар деп санаймын. Мысалы: «Бизнестің жол картасы-2025», мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақыларының өсуі, студенттердің шәкіртақыларының көлемінің өсуі және т.б.

2013-2016 жылдар аралығында табысы азық-түлік қоржынының құнынан төмен халықтың үлесі не себепті өзгеріссіз деп ойлайсыз?

Менің ойымша, 2014-2015 жылдардағы қаржылық дағдарыстар мен Ресейге бағытталған санкциялардың әсері болуы ықтимал.

2

Білім

алушының

басқа да

дұрыс жауаптары қабылданады

4

Мәдени мұра бағдарламасы

Бағдарламаның мақсатын жазыңыз.

мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы.

Бағдарламаның жүру барысынан мысалдар келтіріңіз. деректер базасы жасалды, ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілген мәдени және аралас мұра объектілерін күзетудің аумақтары мен өңірлерінің шекарасы белгіленді.

Бағдарламаның қажеттілігін дәлелдеңіз.

Нұрсұлтан Назарбаев «Мәдени мұра» бағдарламасын мемлекеттің мәдениетіне қолдау көрсететін стратегиялық ұлттық жоба деп атаған. Бағдарлама халықтың гуманистикалық курсы және потенциалын көрсетіп, оның тарихи тәжірибесін байытып, болашақтың сенімді тірегі болмақ.

Қазақстан тарихында гуманитарлық акция ретінде жүргізілетін «Мәдени мұра» бағдарламасы бұдан әрі қарыштап дами бермек.

4

Білім

алушының

басқа да

дұрыс жауаптары қабылданады

5

Рухани жаңғыру бағдарламасы

Бағдарламаның мақсатын жазыңыз.

сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтерілген.

Бағдарламаның жүру барысынан мысалдар келтіріңіз. Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде «Қазақстандық патриотизм» ұғымы қолданылып келеді. «Қазақстандық

5

Білім

алушының

басқа да

дұрыс жауаптары қабылданады


патриотизм» арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, туған өлке туралы түсініктер оқу- тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс- шараларда Отансүйгіштік сезімді дамытуға, ұлттық салт- дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылуда.

Бағдарламаның қажеттілігін дәлелдеңіз.

Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді. Бағдарламаға қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз.

Бағдарлама заман талабына сай, болашақта Қазақстанның ұлттық құндылықтарын сақтай отыра әлемге танылуына мүмкіндік ашады.



Барлығы

30




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всемирная история

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
22.09.2023 жыл 22.09.2023 жыл

Автор: Сатыбалдин Бахтияр Айтжанұлы

Дата: 14.03.2024

Номер свидетельства: 647141

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "«?ош келді?, Жа?а жыл» "
    ["seo_title"] => string(25) "k-osh-kieldin-zhan-a-zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "150073"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420391707"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Бастауыш сыныптарға арналған жаңа жыл 2016-2017 жыл"
    ["seo_title"] => string(58) "bastauysh_synyptarg_a_arnalg_an_zhan_a_zhyl_2016_2017_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "374169"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1482938578"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Мектеп ішілік іс - шара : "Жайна, жайна жаңа жыл!""
    ["seo_title"] => string(51) "miektiep_ishilik_is_shara_zhaina_zhaina_zhan_a_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "389774"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1486631567"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Т?рле, т?рле жа?а жыл!"
    ["seo_title"] => string(25) "torlie-torlie-zhan-a-zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "210249"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1431407921"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "?ош келді?, Жа?а жыл!!!"
    ["seo_title"] => string(21) "koshkieldinzhanazhyl4"
    ["file_id"] => string(6) "290381"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454947978"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства