Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, балалар жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қыс
Тәрбиеші: Кыс мезгілі қандай болады?
Балалар: Суық қар жауады
Тәрбиеші: Қардың түсі қандай болады?
Балалар: Ақ
Тәрбиеші:Қардан не жасаймыз?
Балалар: Аққала
Тәрбиеші: Қыс мезгілі неше айдан тұрады?
Балалар:Үш айдан тұрады
Аттарын атайықша балалар желтоқсан, қаңтар,ақпан.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Балалар қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендержауабын табыңдаршы.
1.Кішкене ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
2. Кезекті бір жануар
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
Өте дұрыс балалар,бүгін сендермен үйжануарларымен танысамыз.
Тәрбиеші. Үйжануарларына нелер жатады?
Балалар: Сиыр,түйе,қой, жылқы
Тәрбиеші:Өте дұрыс балалар. Мына тақтада қандай жануарларды көріп тұрсыңдар?
Балалар: Түйе,сиыр,қой,жылқы
Тәрбиеші:Дұрыс оларды бір сөзбен айтқанда төрт түлік деп атайды. Қане, осы үйжануарлары кімнің үйінде бар? Балалар қолдарын көтеріп атайды.
Тәрбиеші:Балалар не үшін үйжануарлары деп аталанытын білесіңдерме?
Себебі олар үйде өсіріледі. Үйде осы жануарлар немен көректенеді.
Балалар: Жем.шөп,су.
Тәрбиеші: Дұрыс енді үйжануарының пайдасын айтайық. Олар өте пайдалы. Бізге сүтін, етін береді, терісінен киім тігеміз. Балалар төрт түліктіңтөлдерін қалай атаймыз?
Балалар:Түйенің төлі – ботақан
Жылқы төлі –құлыншақ
Қойдың төлі – қозы
Сиырдың төлі – бұзау
Ешкі төлі – лақ
Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Қой бағып жүрген Шопан ата бізге адасып келеді. Балалар амандасады.
Тәрбиеші Шопан ата, мұнда не істеп жүрсіз?
Ата: Қой мен ешкі бағып жүр едім, қой мен ешкілерімнің төлін жоғалтып алдым. Соларды іздеп жүр едім.
Тәрбиеші: Балалар біз шопан атаға көмектесеміз бе?
Сергіту сәті:
Балалар: Ия.
Тәрбиеші: Шопан ата алдымен балалар мына жердегі енесінен адасып қалған төлдерді тауып көрсетсінші.
Шопан ата: Ия қарақтарым. Онда келіңдер қайсы төлдің анасы екенін табайықшы. Ой балалар жарайсыңдар сендер төлдердің анасын өте жақсы таниды екенсіңдер. Егерде менің де қой мен ешкілерімнің төлін көрсеңдер айтыңдар.
Балалар Жарайды Ата.
Шопан ата: Балалар сендерге төрт түлікке байланысты тиым сөздер мен ырымдар жайлы айтып кетейін.
Малды басынан соқпайды.
Түйені таяқпен айдамайды
Малды кендірмен байламайды
Жатқан малды аттауға болмайды.
Ал балалар енді малға қатысты ырымдарды білесіңдер онда мен кетейін төлдерімді ары қарай іздейін. Сендерге әжелеріңнің дәм татсын деп құрт беріп жіберген еді соны берейін өздерің жақсы балалар екенсіңдер.
Балалар: Қош бол ата.
Тәрбиеші: Балалар бізге қонаққа қойдың пірі Шопан ата келді.
Түйенің пірі – Ойсыл қара
Жылқының пірі Қамбар ата
Сиырдың пірі - Зеңгі баба
Ойын «Дыбысын тап»
Тақтадағы суретке қарап жануарлардың даусын ажырату керек.
Қорытынды:
Балалар біз бүгін қандай жануарлармен таныстық? Үйжануарларын қайталап айтайықшы.
Балалар: Сиыр,қой, түйе, жылқы
Балаларды мадақтау
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар сендер ұйымдасқан оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар.