kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Уа?ыт - мезгіл пернесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушылар?а "уа?ыт" ??ымыны? м?нін т?сіндіру, уа?ытты д?рыс пайдаланып, ?адірлеуге ?йрету.Саба? кембридж т?сілі бойынша ж?ргізілді. О?ушылар?а топ?а б?лініп, тынышты? с?тімен саба? басталды. Саба? та?ырыбы уа?ыт?а байланысты бол?анды?тан, ?р орындал?ан тапсырма уа?ытпен есептелініп, ?р топ орында?ан уа?ыттарына ?арай ба?аланылды. Саба?ты ?орытындылау б?лімінде  "уа?ыт" с?зіне бес жолды ?ле? ??ру тапсырылды. Б?л тапсырманы да о?ушылар орындап шы?ты.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Уа?ыт - мезгіл пернесі »

Күні: 10.04.15 ж.

Класы: 10 «А»

Сабақтың тақырыбы: Уақыт – мезгіл пернесі

Құндылық: уақыт

Қасиеттер: жауапкершілік, адамгершілік

Сабақтың мақсаты:

а)білімділік: «уақыт» ұғымын құндылық ретінде түсіндіру;

ә) дамытушылық: жауапкершілік қасиеттерін дамыту;

б)тәрбиелік: уақытты бағалай білуге үйрету.

Сабақтың түрі:  дамытушылық сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сахналау, ой қабілетін дамыту

Көрнекілігі: слайд, видео, маркер, стикер, ватман, А4 қағазы

Пәнаралық байланыс:  әдебиет

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу

2. Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру

3. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу.

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Топқа бөлу

Оқушылар карточкаларды таңдай отырып, «таң», «түс», «кеш» топтарына бөлінеді.

Тыныштық сәті (әуенді қосып) – 2 минут

Ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Көздеріңізді жұмыңыздар. Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, бойыңызға ақырын тарай бастады. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.

Нұр сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды ренжісіп жүрген адамдарға да бағытаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көздеріңізді ашыңыздар. Рахмет.

Әңгімелесу – 6 минут

Өмір деген – көк мұхиттың толқыны,

Бір-бірімен жатқан шулап жалғасып,

Бір-бірімен жатқан тулап арбасып,

О, толқындар, арпалысып, алға шық!

Тақырып жайлы ойлануға мүмкіндік туғызу мақсатында сұрақтар қойылады:

  • Адам өмірін уақытпен байланыстырудың мәні неде?

  • «Уақыт адам өмірінің өлшемі» деген пікірмен келісесіз бе?

  • Адам өмірінің мәні оның істеген ісімен өлшенуінің себебі неде? (3 шапалақ)

Мәтінмен жұмыс – 8 минут

Уақыт құндылығының мәнін түсіндіру үшін «Уақыт» атты видеоны тамашалаймыз. Видеоны көріп болғанан кейін әр топқа сұрақтар беріледі. Сол сұрақ бойынша жауап беріледі.

1-топ: Бұл видеодан не ұқтыңыздар?

2-топ: «Уақытты мәнді өткізу» дегенді қалай түсінесіз?

3-топ: Өз уақыттарыңызды қалай өткізесіз? (3 шапалақ)

Сахналау – 4 минут дайындалуға, 6 минут көрініс.

1-топ:Уақытын бағалай білмейтін бала.

2-топ:Алтын уақыт.

3-топ: Уақыт қайта айналып келмейді. (3 шапалақ)

Дәйексөз – 3 минут

Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені. (мақал)

Дәйексөзді талдауды әр топ А4 қағазына түсіреді.

Шығармашылық тапсырма – 6 минут

1 топуақытты қадірлейтіндер адамдар туралы ойларын түйіндеу.

2 топ -  уақытты қадірлемейтіндер адамдар туралы ойларын түйіндеу.

3 топ-  уақыттың құны туралы  түсініктері бойынша ойларын түйіндеу. (3 шапалақ)

Туған жылың мен айың мінез-құлқыңызға әсер етеді ме?

1. Тышқан жылы туылғандар

Олар үсті-басын таза ұстап, сақ жүреді. Думан-той, ырду-дырдудан бойын аулақ салуға тырысады. Мінезі – тәкаппар, сәл нәрсеге өкпелегіш.
2. Сиыр жылы туылғандар

Ұстамды келеді. Туған туыстарының, өзінің қайғысына қатты күйзеліп, кімге болсын көмегін аямайды. Кейде бұл қылығы өзіне зиянын тигізеді. Адамдар бұлардың жақсылығын тез ұмытады, алайда қиыс басса, оған түсіністікпен қарайды.
3. Барыс жылы туылғандар

Қызба мінезді, ашуланшақ, басқаға билік жүргізгенді ұнатады, ешнәрсеге көңілі толмайды, бір істі қолға алса, бөгет болған адамдарды ұнатпайды, оларды беттен алып, ренжітіп тастайды.

4. Қоян жылы туылғандар

Қорқақ. Кез келген нәрседен үрейленеді, сыр сақтауға олақ. Маңызды істе өз бетінше шешім қабылдай алмайды. Қашанда көңіл-күйіне қарай әрекет ететін жан.
5. Ұлу жылы туылғандар

Тұйық мінезді, барынша қарапайым көрінуге тырысатын, байсалды, құпияны сақтай білетін, көбінесе үнсіз жүруді ұнататын адам. Оның қолынан үлкен істерді атқару келеді, қай істі де өз ақылымен, оңаша шешуге ұмтылады.
6. Жылан жылы туылғандар

Сырт көзге ұяң, маңызды істерден қашқақтамайды. Қойылған сауалға нақты жауап қайтармайды. Басына пәле болып жабысатын нәрсе – тілі. Шамына тисе, ұяңдығын қойып, шынайы мінез-құлқын көрсетеді. Жаныңды жаралап алғың келмесе жыландардан аулақ жүр.

7. Жылқы жылы туылғандар

Олар – «жұмыс аты» сияқты. Жұмыстан ешқашан да жалықпай, таңертеңнен кешке дейін бір тыным таппайды.Әйтеуір,күні бойы тыпырлап,мазасыз күй кешеді.

8. Қой жылы туылғандар

Сәл нәрсеге ашуланады, қисайған бетінен қайтпайды. Сондай сәттерде өзіне де, жанында жүргендерге де қауіпті. Өзін жарға жығатын мінезі – шешімді тым асығыс қабылдайтындығы.

9. Мешін жылы туылғандар

Олар - өзіне-өзі ғашық жандар. Сәнқой, ырду-дырдуы көп көңілді бас қосуларды ұнатады. Өзін өзгелерден артық санайды.

10. Тауық жылы туылғандар

«Үйкүшік». Үй-үйелменіне қамқор болып, кез-келген адаммен тез тіл табысады, отбасында адал. Ақыл-ойы бір басына жетерлік.

11. Ит жылы туылғандар

Мінезі сөзшең, талас-тартыс, дау-дамайға лезде араласып кетеді. Оны өзі де білмей қалады. Алайда ешкімге зияны жоқ.

12. Доңыз жылы туылғандар

Оңаша, табиғат аясында, бау-бақшада еңбек еткенді, көңілді кештерге қатысқанды ұнатады. Көп нәрсеге басын қатырмайды, ол жөнінде көп ойланбайды. Отбасында бала-шағасы көп болады.

Үй тапсырмасы

Оқулықта 129-бетте берілген Ә.Нұршайықовтың мәтінін оқып, талдап келу.

Сабақты қорытындылау – 5 минут

«Уақыт» сөзіне 5 жолды өлең.

  1. Уақыт

  2. Тоқтаусыз, қадірлі

  3. Тұрмайды, зырғиды, тоқтамайды

  4. Уақыттың қадірін қиналғанда білерсің

  5. Сағат

Соңғы тыныштық сәті

Тыныштық, тыныштық, тыныштық. Тыныштық бар жерде. Тыныштық, тыныштық, тыныштық. Тыныштық бүкіл әлемде.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Уа?ыт - мезгіл пернесі

Автор: Туребаева Алия Жумабеккызы

Дата: 14.10.2015

Номер свидетельства: 239573

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "А?иы? а?ын М??а?али Ма?атаев "
    ["seo_title"] => string(35) "ak-iyk-ak-yn-mu-k-ag-ali-mak-ataiev"
    ["file_id"] => string(6) "171638"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1423686798"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства