| Сабақ: Сауат ашу | Мектеп: Тараз қаласы, №11 орта мектебі | |||
| Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Нуралина Гулжан Хайроллаевна | |||
| Сынып: 1 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | ||
| Сабақ тақырыбы | Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Я дыбысы мен әрпі. | |||
| Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 1.2.9.2. Дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну, дұрыс оқу. 1.2.1.2. Оқудың түрлерін қолдану. 1.2.5.1. Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру. 1.1.9.1. Сөздегі дыбыс түрлерін ажырату және дұрыс дыбыстау. | |||
| Сабақ мақсаттары | Я әрпінің элементтерін ажырату. Бас әрiп пен кiші әрiптi ажыратуға үйрету. Каллиграфиялық дағдыларды қалыптастыру. Я дыбысының сөздегi қызметiн анықтау. Мәтін бойынша жетекші сұрақтар қою, әңгімелеу. | |||
| Бағалау критерийлері | Я әрпінің элементтерiн ажыратады. Бас әрiп пен кiшi әрiптi және оларды каллиграфиялық талапқа сай жазады. Я дыбысының сөздегi қызметiн анықтайды. | |||
| Тілдік мақсат | Пәнге тән лексика мен терминология: Әріп, дыбыс, сөз, сөйлем, мәтін, сызба | |||
| Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Дыбыстық талдау жаса, назар аудар, мәнерлеп оқы Талқылауға арналған сұрақтар: - Я дыбысы қандай дыбыс? - Неліктен дауысты деп ойлайсыз? - Я дыбысы қалай айтылады? - Я әрпі қалай жазылады? - Я әрпі бар қандай сөздерді білесіз? - Я әрпі сөздің қай жерінде кездеседі? | ||||
| Құндылықтарды дарыту | Өзгенің пікірімен санасу, ынтымақтастықта болу, бір-бірін құрметтеу. Сын тұрғысынан ойлау, жауапкершілік. Қарым-қатынас жасай білу қабілеті. Өмір бойы оқуға дайын болу. | |||
| Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, математика | |||
| АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта, бейнежазба | |||
| Бастапқы білім | Нәтиже сабақ. Өлеңді мәнерлеп оқиды. Диалогті сыныптасымен рөлге бөліп оқиды. | |||
| Сабақ барысы | ||||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар 
 | ||
| Сабақтың басы 2 мин. 2 мин. 3 мин. 1 мин. | Ұйымдастыру кезеңі: Ширату жаттығулары Күлім қағып қолымды, бір, екі, үш деп соғайын Қарап тұрған көршіме, қолымды мен бұлғайын Жылы-жылы жүзбенен, маңдайынан сипайын Жылы-жылы сөзбенен, жүрегімді сыйлайын Ыстық алақаныммен қолыңды бер қысайын Амандасып өзіңмен құшақтап бір қысайын Топқа бөлу: «Мозайка» әдісі арқылы Тақия, қияр, шаян, қоян суреттерін құрастырады Өткен сабақты еске түсіру: «Қапшық лақтыру» әдісі - Дыбыс дегеніміз не? - Дыбыстың түрлерін ата - Дауысты, дауыссызды қалай белгілейміз? - Дыбысты немен таңбалаймыз? - Әріпті қалай сеземіз? - Әріптен не құралады? - Буыннан не құралады? - Сөзден не құралады? - Сөйлем қалай жазылады? Сергіту сәті: «5» болсын алар бағамыз, Біліммен бақыт табамыз. Өнер, білім көп оқып, өсе берсін санамыз! 
 | Қима суреттер Тақия, қияр, шаян, қоян Фасоль қапшығы | 







 
  





 
  әрпі бар сөздерді бір жаққа, а әрпі бар сөздерді екінші жаққа қоямыз.
 әрпі бар сөздерді бір жаққа, а әрпі бар сөздерді екінші жаққа қоямыз.   
  
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
         
	 
     
                                     
                                     
                                     
                                    