Ма?саты: О?ушылар?а ана тілін білуді? ма?ызын т?сіндіру,ана тілі туралы жазыл?ан а?ындарды? ?ле?дерін м?нерлеп о?и білуге да?дыландыру, ту?ан ана тілін с?йіп,оны ??рметтеуге т?рбиелеу.
Халы?ты? т?уелсіздігіні? е? басты белгісі –оны? ана тілі, ?лтты? м?дениеті. ?зіні? ана тілі,?лтты? м?дениеті жо? ел –?з алдына мемлекет болып ?мір с?ре алмайды.Д?ниедегі барлы? халы? т?уелсіздікке ?лтты? ?адір –?асиетін, м?дениетін, ана тілін са?тап ?алу ?шін ?мтылады.Сонды?тан, кез –келген мемлекет ?зіні? территориялы? салт –д?ст?рін,ана тілін айры?ша ?ор?айды.Ал, бізді? ?аза?стан Республикасында ана тілі –?аза? тіліне мемлекеттік статус берілген.?аза?стан т?уелсіз ел болып ?алсын десек,онда е? алдымен ана тілін дамыту?а к?ш сал?анымыз ж?н.Ана тілін дамыту, ?ор?ау дегеніміз –біз ?з ана тілімізде таза с?йлеуіміз ж?не оны жа?сы біліп,ту?ан анамыздай с?юіміз керек деген с?з.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Мақсаты: Оқушыларға ана тілін білудің маңызын түсіндіру,ана тілі туралы жазылған ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру, туған ана тілін сүйіп,оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер жөніндегі кітаптар, Отан, ана,тіл туралы қанатты сөздер жазылған буклеттер.
Барысы:
I.Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі –оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі,ұлттық мәдениеті жоқ ел –өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды.Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір –қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады.Сондықтан, кез –келген мемлекет өзінің территориялық салт –дәстүрін,ана тілін айрықша қорғайды.Ал, біздің Қазақстан Республикасында ана тілі –қазақ тіліне мемлекеттік статус берілген.Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек,онда ең алдымен ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн.Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз –біз өз ана тілімізде таза сөйлеуіміз және оны жақсы біліп,туған анамыздай сүюіміз керек деген сөз.
II.Оқушының баяндамасы: ”Ана тілі”
Сүйемін туған тілім –анам тілін,
Бесікте жатқанымда –ақ берген білім.
С.Торайғыров
Ана тілі –бұл атаңның,анаңның тілі,туған халқыңның тілі.Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке –шешемізге,әжеміз бен атамызға, айналамыздағы ересектерге еліктеп жүріп біле бастаймыз.Ананың ақ сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз.Өзіміз өскен сайын,ержеткен сайын халықтан,мектептен,кітаптан,газет –журналдардан,радио,теледидардан,кино мен театрдан үйреніп, ана тілін тереңірек біле түсеміз.Ана тілі –біздің өмірбойы өзгелермен ұғынысатын негізгі қатынас құралымыз.
Әр халықтың жер бетінде пайда болғаннан бергі басынан кешкен өмірі,ерлік істері,аңыз –ертегілері,шығарған өлең –жырлары,жазған кітаптары,табиғат пен қоғамдағы құбылыс атаулары,көргені,білгені,жалпы дүние жайындағы ұғымдары,ойы,сезімі,бәрі –бәрі де ана тілінде сақталады,ана тілі арқылы атадан балаға ауысып отырады.
Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды.Тіл –бүкіл халықтың игілігі,халықпен бірге жасап, бірге дамиды.Ол әр халықтың жазуы жоқта кітабы,мектебі жоқта ұстазы болған.Әр азамат өз ойын ана тілінде білдіріп, білімінің жемісін сол тілде таратады,шығармасын ана тілінде жазып қалдырады.
Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың.Ана тілін жетік білу үшін жас кезіңнен халық ауыз әдебиетін –ертегілерді, аңыздарды, өлең –жыр,дастандарды,мақал –мәтел,жұмбақ –жаңылтпаштарды естіп,тыңдап,көп оқу керек,халықтың өзінен,ұлы ақын –жазушыларымыздың шығармаларынан үйрену керек.Сонда ғана адам өз ана тілінде мәдениетті сөйлей алмақ,сонда ғана сауатты,өз елінің нағыз азаматы болмақ.
III. Отан, тіл жөніндегі өлеңдерді оқып,маңызын түсіндіру
Оқушы:
Тағдырыңды тамырсыздың індетінен қалқала!
Әр адамда өз анасынан басқа
Жебеп жүрер,демеп жүрер арқада
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері –түп қазығы,айбынды,
Туған тілі –сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүр,салт –санасы тірегі,
Қадамыңа шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихын еске алу қашанда
Ауыр әрі қасіретті болса да.
Төрт анаға әнін жалғай алмаған
Пенделердің басы қайда қалмаған?
Төрт анасын қорғамаған халықтың
Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана –
Тағдырыңның тынышы,
Төрт ана үшін болған күрес,
Күрестердің ұлысы.
Мұғалім:
Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты.Тіл халықтың жаны, сәні.Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі.Өйткені халқымыз дәрежеге емес, дәстүрге бағынған.Еліміз Қазақстан Республикасы Егеменді ел атанып,ана тілімізге мемлекеттік статус берілді,”Тіл туралы” заң қабылданды.
Оқушы:
Қуан далам!
Қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста
Мұңды жүрек түндігін.
“Тіл туралы”
Заңым енді күшіне,
Паш еткендей
Кескен жаңа кіндігін.
Қуан бабам!
Қуанатын жөнің бар,
Деген едің
Тіл бар жерде өмір бар.
Халық жауы атандың –ау,
Сол үшін де ғұмырыңды
Құрбан етіп жолында ар.
Мұғалім:
Балалар,бұл өлеңде айтылып отырған ана тілі үшін құрбан болған жандар кімдер деп ойлайсыңдар?Әрине, аталарымыз Ахмет Байтұрсынов,Шәкәрім Құдайбердиев,Жүсіпбек Аймауытов,Мағжан Жұмабаев,Міржақып Дулатовтар.
Қазақ халқы ежелден –ақ,тіл қадірін біліп,ақылды дұрыс сөзге бағындыра білген.Шешендерден шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз үйлескен ырғақ болды.Сөз бен сөз өзара ұйқасып жатады.
Үш кемеңгер дүлділім,
Сақтаған ел бірлігін! –деп қазақта қара қылды қақ бөлген Төле би, Қазыбек билердің сөз үлгілеріне зер салайық.
Төле би
Уа,халқым!
Көсіле шабар жерің бар,
Тау көтерген елің бар.
Қол бастайтын ерің бар,
Атадан қалған сара жолың бар,
Сөз қадірін біліңдер!
Қазыбек би
Біз қазақ деген сөз баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай,
Жай жатқан елміз.
Елімізден құт –береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Ұлағатты сөздер
Үш қуат
1.Ақыл қуат. 2.Жүрек қуат. 3.Тіл қуат.
Үш асыл
Көз. 2. Тіл. 3.Көңіл .
Төрт мүлік
1. Бас –сандық. 2. Тіл –кілт. 3. Қол –мүлік. 4. Аяқ –азамат.