Просмотр содержимого документа
«Толағайдың ерекше сипаты, ерен іс-әрекеті»
Күні:
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 5 Ә
Сабақтың тақырыбы
Толағайдың ерекше сипаты,ерен іс-әрекеті
Сабақтың мақсаты
Толағай ертегісі бойынша жан-жақты талдау. Әдеби ертегіні халық ертегісінен ажырату, ертегі мазмұнына талдау, өзіндік ойын дәлелдей отырып,тұжырымдай білуге жетелеу.
Күтілетін нәтижелер
Сыни ойлай алады. Тапсырмаларды түсініп талдайды, алған білімдерін өмірде қолданады. Белгілі бір тақырып төңірегінде ой қозғап, ойларын қорғай алады, топта бірлесе жұмыс жасауға бейімделеді.
1-тапсырма. Әр топқа «Бұл кім?» ойыны бойынша ертегі кейіпкерін тапқызамын.
1-топқа: «Даңқы шыққан мерген екен,талай жерді көрген екен,жұрты сүйген қазақ , ол кім? (Саржан)
2-топқа: Ақ маралдай,ақша беті айменен тең ,ақылы көркінен басым,кәрі-хасты сүйсіндірген қылығымен, ол кім? (Айсұлу)
3-топқа: Кере қарыс,ақша маңдай,күн нұрынан жаралғандай,туған айдай екі қасы ,тістері ақ меруерттей,көз жанары қос жұлдыздай,қос бетінің тамып қаны,жалындайды жанған өрттей,ол кім? (ТОЛАҒАЙ)
Өзіндік білім алады (мәтінмен танысады).
Топтық жұмыс:
1-топ:
Алып Ер Тоңаның түркі халқы тарихындағы рөлі жоқтауда қалай көрінетінін анықтау.
2-топ:
Жырды қазақтың дәстүрлі жоқтауларымен салыстыра отырып, ұқсастықтарын көрсету.
3-топ:
Жырда сол заманға қандай сын айтылғанын анықтау.
4-топ:
1 шумаққа өлең құрылысына талдау жасау.
Топтық тапсырмалар
Толағай мен Кендебайды салыстыру.
«Толағай» ертегісі бойынша өлең құрылысына сатылай кешенді талдау жасау.
1. Авторы: Ә.Тәжібаев (1909-1998)
2. Тақырыбы: Толағайдың ерлігі
3. Идеясы: Батырдың елі үшін өзін құрбан етуі.
4. Жанр түрі: поэзия.
5. Лирикасы: саяси-азаматтық
6. Шумақ: 24-16
7. Тармақ: 6
8. Бунақ: 4-4
9. Буын: 8
Ой толғаныс
. «Синквейн» стратегиясы
1. Толағай
2. Ұлтжанды,қамқоршы
3. Барды,көтерді,атанды
4. Отан үшін отқа түс.
5. Толағай – адамның баласы.
Бағалау
Топтардың жұмысын өзара бағалатады.
Топтар өзара бағалайды және өзіндік бағалау жүргізеді.
Үйге тапсырма
5-8 беттер оқу, қосымша мәлімет жазыр келу.
Рефлексия
Сабақ соңында: кері байланыс
1.Бүгін өзіңе қандай жаңа ақпарат алдың?
2.Жаңа тақырыптан не түсініксіз болды?
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 5 Ә
Күні:
Тақырып
Басқа тілден енген сөздердің тілге сіңісу жолдары
Оқыту мақсаты
Басқа тілден енген сөздер туралы түсініктерін кеңейту, оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту, жүйелі сөйлей білуге баулу;
Күтілетін нәтиже
Сөздік қорларын молаяды, тілімізге басқа тілден енген сөздердің кейбіреулерімен таныс болады.
Модульдер
Әдіс-тәсілдер
1. Диалогтік оқыту – «Кім тапқыр?» ойыны.
2.СТОҮ - проблемалық сұрақтар, Венн диаграммасы
3. Жас ерекшелігіне сай оқыту.
4. ОүБ - өзара бағалау, пікір айту, кері байланыс.
5.Көшбасшы – топ жұмысын ұйымдастыру.
Ресурстар
5-сынып оқулығы, қосымша оқулық
Алдыңғы білім
Қазақтың байырғы төл сөздері және басқа тілден енген сөздер
Жоспар
Кезеңдер
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды топқа бөледі.
Сабаққа назар аудартады. Сабақ мақсаты мен нәтижесі таныстырылады.
Оқушылар топқа бөлінеді. Спикер топтағы жұмысты реттейді.
Қызығушылықты
Ояту
Үй жұмысын тексеру
Оқушыларға үйде жазып келген мысалдарын оқыту
Кірме сөздерге жазған мысалдарын оқиды.
Мағынаны тану
Жаңа сабақ.
Кірме сөздер дегеніміз тілімізге басқа тілден енген сөздер. Бір тілден екінші тілге сөздердің ауысып тұруы барлық тілдерге тән құбылыс. Сөздік құрамына басқа тілден сөз енбеген тіл жоқ десе де болады. Дүние жүзіндегі түрлі – түрлі тілдерде сөйлейтін халықтар өз ара бір - бірімен қарым – қатынаста болады да, бір-біріне сөз аусыады. Әрбір тілдегі басқа тілдік сөздер санының аз я көптігі тарихи жағдайлармен тығыз байланысты.
Өз тарихында қазақ халқы көптеген елдермен қарым – қатынас жасап, аралас – құралас болғаны мәлім. Соның нәтижесінде араб, парсы, монғол, орыс тілдерінен қазақ тіліне көптеген сөздер кірген.
Қазақ тіліне енген кірме сөздердің тарихы өте ұзақ. ІХ – Х ғасырдан бастап араб, парсы сөздері кірсе, ХІХ ғасырдан бері қарай орыс тілі арқылы келген кірме сөздердің саны өте көп.
Оқушыларға топтық тапсырмалар беру.
«Бес сөйлем» әдісі бойынша дәптерде жұмыс жүргізу.
Оқушылар топ болып жеке тапсырмалар орындайды
Жаттығу жұмыстары
Мына кірме сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар: білім, адам, құн, талап, сабақ, Толағай, самауыр, телефон.
Оқушылар жеке жұмыс жасайды, сөйлемдер құрайды.
Ой толғаныс
5 минуттық эссе жазу
Қазақ тіліде кірме сөздер болмаса, тіл байлығы болар ма еді?
Эссе жазады
Рефлексия
1. Бүгін өзіңе қандай жаңа ақпарат алдың?
2. Не түсініксіз болды?
Оқушылар ұсынылған стикерлерді толтырады.
Үйге тапсырма
Ереже жаттау; 72 – жаттығу
Үй тапсырмасын жазады.
Бағалау
Топтардың жұмысын өзара бағалатады.
Топтар өзара бағалайды және өзіндік бағалау жүргізеді.
I топ
Араб, парсы тілінен енген сөздер:
адам, әлем, ғылым, қоғам, мектеп, білім, тарих, әдебиет, мәдениет, пән, тәрбие, емле, т.б.
Тарихи дерек: Қазақ даласы Х-ХІІ ғасырларда араб халифатының қарамағында болды. Ислам діні тарады. Ислам мәдениетін жасауда қазақ жерінен шыққан көптеген ақын, ғалым, ойшылдардың үлесі мол болды. Әунасыр әл Фараби, Ғаббас әл Жауһари, әл Сығанақи сияқты тұлғалар шықты. Поэзияда парсы тілі, ғылымда араб тілі басым болғанына қарамастан, Ахмет Иассуаи, Ахмет Иүгенеки, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқаридай түркі даналары еңбектерін өз ана тілінде жазды.
(Тапсырманы өте жақсы айтқан, орындаған оқушы әдемі адамды көре алады).
II топ
Монғол тілінен енген сөздер:
А) ел билеуге байланысты сөздер: ұлыс, нөкер, жасақ, аймақ, жарлық, т.б.
Тарихи дерек: 1219 жылы Шыңғысхан Қазақстанның ескі қаласы Отырарды қоршауға алады. Отырар тұрғындары қаланы алты ай бойы қорғайды. Тек бір сатқын қаланы ашып бергеннен кейін ғана монғолдар қаланы жаулап алады. Тек Отырар ғана емес, мұнан кейін Сығанақ, Ашнас, Баршынкент, Үзгент қалаларын тонап, халқын қырғынға ұшыратқан.
Жер – су атауларының шығу тарихын зерттейтін ғалымдардың пікірінше Тарбағатай монғолдың «тарбаған» (суыр) деген сөзінен шыққан, «тай» тау деген сөз. Сонда Тарбағатай тауының мағынасы «суырлы тау» деп түсіндіріледі. Алтай «заңғар тау, алып тау» деген сөзден шыққан дейді.
Зайсан көлінің аталуы ол аштыққа ұшыраған көптеген адамдардың өмірін тайдай тулаған балығымен сақтап қалуымен байланыстырады. Сонда Зайсанның қазақша аудармасы «игі, игілік, мейірман» деген мағынаны білдіреді.
(Тапсырманы өте жақсы айтқан, орындаған оқушы әдемі адамды көре алады).
III топ
Орыс тілінен енген сөздер:
А) Қазан төңкерісіне дейін енген сөздер: болыс, сот, жәшік, кереует, бөтелке, кәмпит, сөмке, тұрба, т.б.
Ә) кеңестік дәуірде кірген термин сөздер: телефон, телеграф, автомобиль, т.б.
Тарихи дерек: Қазақстанның ХІХ ғасырдағы тарихи оқиғалары Ресей үкіметімен тығыз байланысты. Осы кезеңде қазақ даласына қалалар көптеп салынып, орыс қоныстанушыларының саны артып, үлкен өзгерістер болды.
Араб, парсы, монғол тілдерінің сөздері бірнеше ғасыр бойы қолданылу барысында өздерінің бастапқы қалпын мүлде - өзгертіп, қазақ тілінің заңдылығына бейімделіп, біржола кірігіп кеткен. Соңғы жылдарда кірме сөздердің біразы қазақшаға аударылған. Мысалы: самолет – ұшақ, вертолет – тікұшақ, коллектив – ұжым, герб – елтаңба, гимн – әнұран.
(Тапсырманы өте жақсы айтқан, орындаған оқушы әдемі адамды көре алады).