| Пән: Қазақ тілі | Мектеп:Валерьянов негізгі мектебі |
| Күні: | Мұғалім:Сапабек Самат Айболұлы |
| Сабақ тақырыбы: | Бұл-менің отбасым! |
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 2.1.1.1 - тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру 2.2.3.1 - мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру. |
| Сабақтың мақсаттары | Барлығы: қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді. |
| Көбі: мәтіннің мазмұны бойынша қарапайым сұрақтар құрастыру және оған жауап береді. |
| Кейбірі: берілген иллюстрация бойынша өзара байланысқан сөйлем жазады. |
| Күтілетін нәтиже | Тақырып бойынша қазақша сөйлем құрайды, сұрақтарға жауап береді. |
| Жаңа сөздер: | Отбасы |
| Сабақта қолданылатын материалдар: | түрлі түсті суреттер, желімқағаздар (стикерлер),А4 парағы,маркерлер,ноутбук |
| Оқыту әдістері: | Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, Ой шақыру, «Кім жылдам?» ойыны, топтық жұмыс, «ыстық орындық»әдісі, сергіту жаттығуы, |
| Дереккөздер: | Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік |
| Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу | Мұғалім сыныппен сәлемдеседі, оқушыларды түгендейді. Мұғалім оқушыларға бір-біріне тілек айтқызады: Бүгінгі сабақта тілерім............. | Оқушылар қол ұстасып, бір-біріне жақсы тілектер білдіреді: «Бүгін мен саған сәттілік тілеймін, бес ал, жақсы жауап бер». |
| Өткен сабақты тексеру | Үй тапсырмасын «Ыстық орындық» әдісі арқылы тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. | Үй тапсырмасын айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. |
| І. Қызығушылықты ояту | А4 парағына оқушыларға «отбасы» деген сөзге кластер құрғызады. | Оқушылар кластер құрады. |
| ІІ. Мағынаны тану ІІІ.Сергіту сәті | 1.Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім ноутбуктен тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. | Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. |
| Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады. | Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды. |
| 2. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқылым. Оқулықтағы мәтінді оқытады, қайталатады. | Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді оқиды, сұраққа жауап береді. |
| 3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады. | Айтылым. Сұраққа жауап береді. |
| Ә) Айтылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады. | Айтылым. Сурет бойынша сұрақ қойып, жауап береді. |
| 4. Мәнерлеп оқу. «Кел жаттығайық!» айдарымен берілген өлеңді мәнерлеп оқиды. Оқушыларға өлеңді жаттатады, мәнерлеп оқуға машықтандырады. | Тыңдалым. Айтылым. Тыңдайды, мәнерлеп оқуға машықтанады, жаттайды. |
| 4.. Мұғалім күнделікті сергіту жаттығуын жасатады. «Мен қазақпын» видеоролик | Сергіту жаттығуын жасайды. |
| ІV.Ойтолғаныс | Суреттегі ойыншықтарды көрсетіп, бір-біріне сұрақ қояды (5-тапсырма). | Айтылым. Суретке қарап, бар/жоқ деп жауап береді. |
| V. Бекіту | А) Жаңа тақырыпты бекіту үшін мұғалім 4-тапсырма орындатады. «Кім жылдам?» ойынын ойнатады. | Оқылым. Жазылым. Берілген сөздерден тез әрі жылдам сөйлем құрастырады. |
| Ә) «Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады. | Сөйлемдерді оқиды, талдайды. |
| VІ. Бағалау | Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзін бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды. | Оқушылар өзара бір-бірін бағалайды. |
| VІІ. Үйге тапсырма | Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады. | |
| VІІІ. Рефлексия | | Оқушылар сабақтан алған әсерлерін бағдаршамды бояу арқылы көрсетеді |