Просмотр содержимого документа
«Сын есімні? шырай категориясы»
Қазақ тілі 7 «б»сынып
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің шырайлары
Балалар ,төмендегі бос орындарға жауап жазыңдар .
( асты сызылған курсив сөздердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)
Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы
мұғалімнің есіне:
Iкезең.Төмендегі «Көпір»тапсырмаларын оқушылар үйде орындап ,бүгінгі сабаққа дайындалып келеді .Мұғалім алғашқы 5-7 минутта : а) ұйымдастыру сәтін ;б)алдыңғы тақырыптың Ш кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «Көпір»тапсырмаларын тексереді )
«Көпір»
тапсырмалары
өткен
тақырыптар
бойынша жаңа
сабақты меңгеруге
негіз болатын
қайталау
тапсырмалары
1.Сын есім заттың сындық белгілерін білдіреді?
2. Тұлғасына, мағынасына, құрылысына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
3 Сын есімнің шырайлары дегеніміз не?
4.Қандай шырай түрлері бар?
5. Салыстырмалы шырайдың жасалу жолы?
6.Күшейтпелі шырай қалай жасалады?
Теориясы: «Білу» (тақырын мазмұны бойынша кім? не? қандай? қалай? нені? қашан? не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)
Сын есім – қазақ тілінде 9 сөз табының бір түрі. Заттың түрі, түсі, көлемі, дәмі сияқты сындық сапасын білдіреді.
Мағынасына қарай: сапалық, қатыстық
Тұлғасына қарай: негізгі, туынды
Құрамына қарай: дара, күрделі
Ескерту: Егер зат есіммен тіркессе сын есім, етістікпен тіркессе үстеу болады. Сөйлемдегі қызметі көбінесе анықтауыш.
Теориясы : «Түсіну»
(неге?неліктен ?
себебі ?не
үшін ?сұрақтары
оқушының жоғарыда берген жауаптарына
оларды тереңдету үшін қойылады)
1. Салыстырмалы шырай – бір заттың сынын салыстырып, я сәл кем, я сәл артық екенін білдіретін шырай.
Жасалуы:
1. –ырақ, -ірек, -рақ, -рек
Мысалы: сары – рақ, сәнді – рек, жамсақ – ырақ
2. –лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу
Мысалы: сараң – дау, кіші – леу, биік – теу, үлкен - деу
3. –қыл, -ғыл, -кілт, -қылт, -ғылт, -гілт.
Мысалы: сар – ғыш, боз – ғылт, қыш – қыл, қыш – қылт, қоңыр – қай, ақ – шыл.
І деңгей (5 балл)
Теориясы:
«Талдау»
Салыстыр,
2.Айырмашылығы неде?
3.Ұқсастығы неде?
1-3). Венн диаграммасы арқылы салыстырмалы, күшейтпелі шырайды салыстыр. (1 балл)
Салыстырмалы
Күшейтпелі
Ұқсастығы
- Екеуі де сын есім шырайлары;
Сөйлем мүшесінің қызметін атқарады;
Түрлене алады;
Ерекшелігі
Жұрнақ арқылы жасалады;
Күшейткіш буын, тіркес арқылы жасалады;
Практикасы:
«Қолдану» (оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырамалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады)
1. Бос орындарға қажетті сөздерді жаз. (2 балл)
... туған жақсыға
Залал қылмас мың қарға,
... туған жігітке
... күн бар ма.
(Ақтамберді жырау)
Мысалы: білімді, жаман, рақатты.
Теориясы: «Білу»
2. Сәйкестендір (2 балл)
Р/с
Ақын-жазушылар
Шығармалары
1
Сәкен Сейфуллин
Қараңғы түнде тау қалқып
2
Ілияс Жансүгіров
Сыр сандық
3
Қалихан Ысқақ
Ағынды менің Ақсуым
4
А.Құнанбаев
Қоңыр күз еді
5
Қадыр Мырза Әлі
Тортай мінер ақ боз ат
6
Оралхан Бөкей
Боранды түнде
7
Ғабит Мүсірепов
Кәрі қыран
ІІ деңгей (5 балл + 4балл = 9 балл)
Теориясы: «Түсіну» (неге? неліктен? себебі? не үшін?Сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады)
II деңгей (4 балл)
Әуезді тіркестер құрастыр. (2 балл)
Үлгі:Теңіздей терең ...
Күн, ай, дала, еңбек, көңіл, талап.
Адасқан сөздерді лайықты сөзбен тіркестіріңіз.
Өнерпаз сөйлем
Түйінді бала
Жасанды жазушы
Басыңқы әнші
Әуесқой сөз
Атақты көл (2 балл)
ІІІ деңгей (9 балл + 3 балл = 12 балл)
Практикасы: «ҚОЛДАНУ» (ІІ кезеңдегіге қарапайым тампысмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады)
Білу (1 балл)
1.Жақсының ашуы-шай 1.Елгезек масақшы озыпты
орамал кепкенше
2.Ұсталы ел озар 2. ағып жатқан дария
3.Ақылды қария 3.Жаманның ашуы-басы жерге жеткенше
4.Еріншек егіншіден 4.Ұстасыз ер тозар
Қолдану(1 балл)
Дұрыс жауаптарды белгіле
1. Есім сөзден жасалған сын есімді көрсетіңіз.
A) Ұрысқақ.
B) Білгіш.
C) Айтқыш.
D) Денелі.
E) Көргіш.
2.Етістіктен болған сын есімді көрсетіңіз.
A) Тарихи.
B) Әуесқой.
C) Өнерпаз.
D) Бойшаң.
E) Бітік.
3.Туынды сын есімнен жасалған бастауышты табыңыз.
A) Өнерлі өрге жүзер.
B) Айдар сымбатты болды.
C) Ала жаздай үй салумен болды.
D) Оқу үшін осында келдім.
E) Жігіттің ұйқысы шайдай ашылды.
Теориясы: «Жинақтау» (Қорытынды шығаруға бағытталған: мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба, ребус шеш деген сөздер тапсырма шартында болу керек.)
Сөзжұмбақты шеш (1 балл)
Апта күні
2 Бірлік сөзінің синонимі
Туыс атауы
Орман жануары
5 Сүттен жасалған тағам
7 Білім беретін орын
С
Ы
Н
Е
С
І
М
Практикасы: «Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің
Сияқты тапсырамаар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады
Сен қалай ойлайсың?
1.Қызылдау деген сын есім салыстырмалы шырай ма, әлде күшейтпелі шырай ма?
Ж: Салыстырмалы шырай
2.Аса үлкен деген сын есім шырайы тіркесу арқылы жасалған ба, әлде күгейткіш буын арқылы жасалған ба?
Ж: Тіркесу арқылы жасалған
3.Сары деген сын есімді салыстырмалы және күшейтпелі шырайға қалай айналдырасың?
Ж: Сарылау, сарғылт, сарғыш, тым сары, өте сары, сап-сары.
Үйге тапсырма: Сын есімнің шырайларына көркем әдебиеттен мысалдар теру. (бетін, кітаптың атын, авторын жазу)