kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шеберді? ?олы орта?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рбие са?атыны? ма?саты: Т?рбиеленушілерді? іскерлік шеберліктерін, ?нер туралы т?сініктерін дамыту, с?здік ?орын байыту. К?рнекілігі: Суреттер, ма?ал-м?телдер, слайд, безендіру. ?ткізілу т?рі: Топты? сайыс. Т?рбиеші с?зі: «?нер-таусылмас азы?, байлы?» - демекші, ?аза?ты? ?ол?нері шын м?нінде хал?ымызды? ?асырлар тал?амынан ?ткен асыл ?азынасы. Біз б?гінгі ?ткелі отыр?ан топты? сайысымызда сайыскерлерімізді шеберлік ?ырынан сынама?шымыз. Осы орайда Ата жолын жал?ама?, Ел д?ст?рін ?олдама?. Топ намысын ?ор?ау?а, Шы?ты ?ос топ орта?а- деп сайыс?а ?атысушы «?нер» ж?не «Асыл м?ра» топтарын орта?а ша?ырамыз. Е? алдымен ?діл-?азылар ал?асымен таныстырып ?тейік: 1.-- 2.-- 3.-- Сайыс шарттары: 1.С?лем с?зді? патшасы 2.Кім білгір 3.Ою ой?анны?-ойы ?ш?ыр 4. Шаш ?лгісі 5.Істі ине тікпейді, икемді ?ол тігеді 6.Ойлы болса?, озып к?р 7.С?н ?лемі «Болар елді? баласын с?німен емес, с?лемінен танисы?» - демекші ал?аш?ы сайысымызды «С?лем с?зді? патшасы» кезе?інен бастаймыз. М?нда ?р топ ?з тобыны? атын, топ м?шелерін, ?ранын ж?не т?сбелгісін таныстырып ?тулері керек. (?ос топ кезектесіп ?нерлерін орта?а салады) Келесі «Кім білгір» кезе?іне кезек берейік. М?нда екі топ ?здеріне ?ойыл?ан с?ра?тар?а кезектесіп жауап беруі тиіс. «?нер» тобыны? с?ра?тары: 1.Композиция дегеніміз не?(?рнекті? ?йлесімділігі) 2.Икебано дегеніміз ?андай ?нер? (кепкен ?сімдіктерден жасалатын г?л шо?ы) 3.?сімдік тектес ою-?рнектерді ата(?шжапыра?, шиыршы?г?л,жау?азын,т.б.) 4.Оригами дегеніміз не? (?а?аздан б?ктеу ?дісімен ?рт?рлі б?йымдар жасау) 5.Тескіш аспаптарыны? т?рлерін ата. (?ашау, б?р?ы, электро б?р?ы) «Асыл м?ра» тобыны? с?ра?тары: 1.Симметрия дегеніміз не? (?рнекті? екі жа?ыны? бірдей болуы) 2.Аппликация дегеніміз не? (?рт?рлі материалдар мен т?рлі бейнелерді суреттеп жапсырмалау) 3.Касмогониялы? (?арышты?) ?рнектерді ата. (ше?бер, шимай, т?рт??ла?, ш??ылы, ж?лдыз, айшы?, т.б.) 4.Гобелен дегеніміз не? (суретті кілем) 5.А?аш желіміні? т?рлерін ата. (м?лдір, шел,с?йек желімдері) Ою-?рнек ?араса?, ??кей м?йіз тізілген. ?айсысын ?аласа?, ?иып ал сыз?ан ізі?мен. ?ию о?ай деме?дер, О?ан да ?нер ой керек. Бос ма?танып ж?рме?дер, Ою?а шебер жан керек – дей келе кезекті «Ою ой?анны? - ойы ?ш?ыр» кезе?іне береміз. Топ м?шелері ?здеріні? ой?ан оюларын т?сіндіріп, таныстырып берулері керек. Келесі «Шаш с?ндеу» кезе?і. М?нда ?ыз балаларды? ?ана емес, ер балаларды? да шашын с?ндеу шарт. Уа?ыт белгіленеді.Баяу ?н ?осылып ?ойылады. Топ м?шелері ?здері жаса?ан шаш ?лгілерін т?сіндіріп береді. «Істі ине тікпейді, икемді ?ол тігеді» - кезе?іне де келіп жеттік. М?нда топ басшылыры бар ?нерлерін орта?а салады. Олар?а ?ойыл?ан шарт мата?а ?р т?рлі т?ймелерді 5 минут ішінде ?адап берулері тиіс. (топ басшылары ?ада?ан т?ймелерін ?діл ?азылар?а к?рсетіп, ?з ба?аларын алады) Келесі «Ойлы болса?, озып к?р» кезе?і. М?нда ?ос топ?а кезектестіріліп ма?алды? жартысы о?ылады, соны ары ?арай жал?астырулары керек. ?р д?рыс жауап?а бір ?пай беріледі. «?нер» тобы: 1.?нерлі ?рге (ж?зер) 2.?ол ?нері кілемде(с?з ?нері ?ле?де) 3.Жігітке жеті (?нер де аз) 4.?нерді ?йрен де (жирен) 5.Ата к?рген (о? жонар) 6.К??ілсіз ж?мыс (?німсіз) 7.?з ?йінде ою ойма?ан(кісі ?йінде сыру сырмас) 8.Білім к?п жерде(?нер к?п) 9.Ерінбеген (етікші болады) 10.Талаппен бастап, (тал?аммен ая?та) «Асыл м?ра» тобы: 1.Асыл ?айшы пішуге с?н, (к?міс ?асы? ішуге с?н) 2.Салтын ??рметтегенді (хал?ы да ??рметтейді) 3.Е?бек т?бі (береке) 4.Е?бекті? наны т?тті, (жал?ауды? жаны т?тті) 5.Шеберді? к?зі мерген (шешенні? с?зі мерген) 6.К?з ?ор?а?, (?ол батыр) 7.Шеберді? сауса?ы (алтын) 8.Батыр адам ?ор?а?ты с?ймес, (шебер адам шор?а?ты с?ймес) 9.Шебер к?п жерде, (?нер к?п) 10.Кестені к??іл сызады (к?з сынайды) Келесі кезе? «С?н ?лемі». «Адам к?ркі ш?берек» демекші т?рбиеленушілеріміз б?гінгі кешке с?н ?лгілерін алып келген екен. Ендеше сайыскерлерімізді? киімдеріні? ?аншалы?ты жарасымды екенін тамашалап к?рейік. (?ос топ кезектесіп киім ?лгілерін к?рсетеді) Кімдер шешен, кімдер іскер білейікші, ?нерлісі мектепті? деп ж?рейікші. ?азылар?а тек ?ана ?ділдікті, Ал сайыскерлерімізге с?ттілік тілейікші. ?орытынды с?з ?діл-?азылар ал?асына беріледі. Сайыс?а ?атыс?ан топтар марапатталады. Т?рбиеші с?зі: Деме?із біз ?нерді аяп ?апты, Уа?ыт деген біраз жерге таяп ?апты. К?ріскенше ?ош сау боп т?ры?ыздар, «Шеберді? ?олы орта?» сайысымыз осымен ая?талды. Назарлары?ыз?а рахмет!
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шебердің қолы ортақ»

№6 орта мектебі жанындағы интернат















Тақырыбы: Шебердің қолы ортақ

(топтық сайыс)











Дайындаған : Дәменова Айсұлу Қабылқызы















Шалқар қаласы

Тәрбие сағатының мақсаты: Тәрбиеленушілердің іскерлік шеберліктерін, өнер туралы түсініктерін дамыту, сөздік қорын байыту.

Көрнекілігі: Суреттер, мақал-мәтелдер, слайд, безендіру.

Өткізілу түрі: Топтық сайыс.

Тәрбиеші сөзі: «Өнер-таусылмас азық, байлық» - демекші, қазақтың қолөнері шын мәнінде халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы. Біз бүгінгі өткелі отырған топтық сайысымызда сайыскерлерімізді шеберлік қырынан сынамақшымыз. Осы орайда

Ата жолын жалғамақ,

Ел дәстүрін қолдамақ.

Топ намысын қорғауға,

Шықты қос топ ортаға- деп сайысқа қатысушы «Өнер» және «Асыл мұра» топтарын ортаға шақырамыз.

Ең алдымен әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік:

1.--------

2.--------

3.--------

Сайыс шарттары:

1.Сәлем сөздің патшасы

2.Кім білгір

3.Ою ойғанның-ойы ұшқыр

4. Шаш үлгісі

5.Істі ине тікпейді, икемді қол тігеді

6.Ойлы болсаң, озып көр

7.Сән әлемі

«Болар елдің баласын сәнімен емес, сәлемінен танисың» - демекші алғашқы сайысымызды «Сәлем сөздің патшасы» кезеңінен бастаймыз. Мұнда әр топ өз тобының атын, топ мүшелерін, ұранын және төсбелгісін таныстырып өтулері керек. (қос топ кезектесіп өнерлерін ортаға салады)

Келесі «Кім білгір» кезеңіне кезек берейік. Мұнда екі топ өздеріне қойылған сұрақтарға кезектесіп жауап беруі тиіс.

«Өнер» тобының сұрақтары:

1.Композиция дегеніміз не?(өрнектің үйлесімділігі)

2.Икебано дегеніміз қандай өнер? (кепкен өсімдіктерден жасалатын гүл шоғы)

3.Өсімдік тектес ою-өрнектерді ата(үшжапырақ, шиыршықгүл,жауқазын,т.б.)

4.Оригами дегеніміз не? (қағаздан бүктеу әдісімен әртүрлі бұйымдар жасау)

5.Тескіш аспаптарының түрлерін ата. (қашау, бұрғы, электро бұрғы)

«Асыл мұра» тобының сұрақтары:

1.Симметрия дегеніміз не? (өрнектің екі жағының бірдей болуы)

2.Аппликация дегеніміз не? (әртүрлі материалдар мен түрлі бейнелерді суреттеп жапсырмалау)

3.Касмогониялық (ғарыштық) өрнектерді ата. (шеңбер, шимай, төртқұлақ, шұғылы, жұлдыз, айшық, т.б.)

4.Гобелен дегеніміз не? (суретті кілем)

5.Ағаш желімінің түрлерін ата. (мөлдір, шел,сүйек желімдері)

Ою-өрнек қарасаң,

Өңкей мүйіз тізілген.

Қайсысын қаласаң,

Қиып ал сызған ізіңмен.

Қию оңай демеңдер,

Оған да өнер ой керек.

Бос мақтанып жүрмеңдер,

Оюға шебер жан керек – дей келе кезекті «Ою ойғанның - ойы ұшқыр» кезеңіне береміз.

Топ мүшелері өздерінің ойған оюларын түсіндіріп, таныстырып берулері керек.

Келесі «Шаш сәндеу» кезеңі. Мұнда қыз балалардың ғана емес, ер балалардың да шашын сәндеу шарт. Уақыт белгіленеді.Баяу ән қосылып қойылады.

Топ мүшелері өздері жасаған шаш үлгілерін түсіндіріп береді.

«Істі ине тікпейді, икемді қол тігеді» - кезеңіне де келіп жеттік. Мұнда топ басшылыры бар өнерлерін ортаға салады. Оларға қойылған шарт матаға әр түрлі түймелерді 5 минут ішінде қадап берулері тиіс. (топ басшылары қадаған түймелерін әділ қазыларға көрсетіп, өз бағаларын алады)

Келесі «Ойлы болсаң, озып көр» кезеңі. Мұнда қос топқа кезектестіріліп мақалдың жартысы оқылады, соны ары қарай жалғастырулары керек. Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі.

«Өнер» тобы:

1.Өнерлі өрге (жүзер)

2.Қол өнері кілемде(сөз өнері өлеңде)

3.Жігітке жеті (өнер де аз)

4.Өнерді үйрен де (жирен)

5.Ата көрген (оқ жонар)

6.Көңілсіз жұмыс (өнімсіз)

7.Өз үйінде ою оймаған(кісі үйінде сыру сырмас)

8.Білім көп жерде(өнер көп)

9.Ерінбеген (етікші болады)

10.Талаппен бастап, (талғаммен аяқта)


«Асыл мұра» тобы:

1.Асыл қайшы пішуге сән, (күміс қасық ішуге сән)

2.Салтын құрметтегенді (халқы да құрметтейді)

3.Еңбек түбі (береке)

4.Еңбектің наны тәтті, (жалқаудың жаны тәтті)

5.Шебердің көзі мерген (шешеннің сөзі мерген)

6.Көз қорқақ, (қол батыр)

7.Шебердің саусағы (алтын)

8.Батыр адам қорқақты сүймес, (шебер адам шорқақты сүймес)

9.Шебер көп жерде, (өнер көп)

10.Кестені көңіл сызады (көз сынайды)


Келесі кезең «Сән әлемі». «Адам көркі шүберек» демекші тәрбиеленушілеріміз бүгінгі кешке сән үлгілерін алып келген екен. Ендеше сайыскерлеріміздің киімдерінің қаншалықты жарасымды екенін тамашалап көрейік. (қос топ кезектесіп киім үлгілерін көрсетеді)


Кімдер шешен, кімдер іскер білейікші,

Өнерлісі мектептің деп жүрейікші.

Қазыларға тек қана әділдікті,

Ал сайыскерлерімізге сәттілік тілейікші.


Қорытынды сөз әділ-қазылар алқасына беріледі.

Сайысқа қатысқан топтар марапатталады.


Тәрбиеші сөзі:


Демеңіз біз өнерді аяп қапты,

Уақыт деген біраз жерге таяп қапты.

Көріскенше қош сау боп тұрыңыздар,

«Шебердің қолы ортақ» сайысымыз осымен аяқталды.



Назарларыңызға рахмет!













































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Шеберді? ?олы орта?

Автор: Д?менова Айс?лу ?абыл?ызы

Дата: 17.02.2015

Номер свидетельства: 174994

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Шебердің-қолы ортақ."
    ["seo_title"] => string(23) "shiebierdin_k_oly_ortak"
    ["file_id"] => string(6) "445422"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1513747061"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Шебердің қолы ортақ"
    ["seo_title"] => string(20) "sheberdin_koly_ortak"
    ["file_id"] => string(6) "595885"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1640243069"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "Сыныптан тыс іс-шара « Шеберді? ?олы орта?» "
    ["seo_title"] => string(45) "synyptan-tys-is-shara-shiebierdin-k-oly-ortak"
    ["file_id"] => string(6) "218107"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1433655304"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Шеберді? ?олы орта?!"
    ["seo_title"] => string(25) "shiebierdin-k-oly-ortak-2"
    ["file_id"] => string(6) "308077"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458494471"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "К?з ханзадасы мен ханшайымы. "
    ["seo_title"] => string(31) "kuz-khanzadasy-mien-khanshaiymy"
    ["file_id"] => string(6) "198381"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1428401445"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства