kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сыныптан тыс іс-шара « Шеберді? ?олы орта?»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Толы? сипаттама: сыныптан тыс іс-шара « Шеберді? ?олы орта?»  8-9 сыныптар?а арнал?ан. Саба? сайыс ретінде ?ткізіледі, алты кезе?нен т?рады.

Саба?ты? міндеттері: Ойын т?сілі ар?ылы о?ушыларды? ойын дамытып, п?нге деген ?ызы?ушылы?ын ояту; ?нерді т?сініп, ба?алап, ме?геруге ба?ыт-ба?дар беру; ?нер ?йренуде ?з беттерінше ізденуді? ?ажеттілігін сезіндіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс іс-шара « Шеберді? ?олы орта?» »



Сыныптан тыс іс -шара 7- 8-9 сынып аралығында.

«Шебердің қолы ортақ»



« Он саусағы майысқан

Шебер болар ұрпақпыз.»



Өтілу формасы: (сайыс)

Міндеттері: Ойын тәсілі арқылы оқушылардың ойын дамытып, пәнге деген қызығушылығын ояту; Өнерді түсініп, бағалап, меңгеруге бағыт-бағдар беру; Өнер үйренуде өз беттерінше ізденудің қажеттілігін сезіндіру.

Мақсаты: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығуылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: Ойын сауық, жарыс.

Пәнаралықбайланыс:Тарих, әдебиет, математика, бейнелеуөнері, биология, география.

Көрнекілігі:Ұлағатты асыл сөздер жазылған плакаттар, қабырға газеттері, сурет көрмесі, қолөнер бұйымдары.

Жоспары (1 сағатқа арналған).

І. Ұйымдастырубөлімі:

- сайыстыңтақырыбыментаныстыру,

- сайысқақатысушытоптарментаныстыру,

- әділқазыалқаларыментаныстыру.

- сайыстыңшарттарыментаныстыру, (плакаттажазулытұр)

ІІ. Сайысбарысы:

Жүргізуші:

Қыздарымызсүйкімдіболсындеп,

Өнер–білімгеикемдіболсындеп,

Бәйтеректейбойшаңдансындеп,

Өрен-өршілөркендіболсындеп,

Жақсыжолдытаңдайық.

Жамандықтәлімалмайық,

Дарындымектепдәстүрін

Жаңалайық, жалғайық,

Ары адал, жаныжаз,

Аруларжолынтаңдайық, - деп «Шебердің қолы ортақ » атты сайысымызды бастайық.

1) - Армысыздарқадірмендікөрерменқауым! Бұлсайысқа7-8-9 сыныптардың қыздары

өз өнерлерін көрсетуге келіп отыр.

3 топтың қыздарын қошеметтеп қарсы алайық .

Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер дейміз.

Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың шартарымен таныстырып өтейін.

1-шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр топ атымен, ұранымен эмблемасымен таныстырады. (4 мин)

2-шарт. «Бәйге» сұрақ-жауапсайысы. 5 сұрақ технология пәнінен (15 мин)

3-шарт.«Кімжылдам?» (8 мин)

Әр топ мүшелеріөздерініңшеберліктерін, икемділіктерінкөрсетеді.

а) «Оюойғанныңойыұшқыр» (қағазданоюою алаша істеу)

б) Иненісабақтаптүйіндеутүймеқадау ( бір сурет шығару түрлі түсті түймелерден)

в) 1 мин ішінде инеге бисер өткізу (кім көп тізіп шығады).

4-шарт. «Тілөнері» (5 мин)

Мақал-мәтелдерден, жұмбақтарданжасырылғансөздердіңжауабын табу.

5-шарт. «Ас – адамныңарқауы» (10 мин) бутерброд дайындау ж/е дастарқан әзірлеу.

6-шарт. «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» - қолөнер бұйымдарын көрсету және үй тапсырмасы

Жүргізуші: Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,

Өнерліге өз басым таң қаламын.

Өнерді әділдікпен бағалайтын,

Таныстырайын әділқазы алқаларын. _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сайыстың 1 шарты бойынша топтардың атымен, ұранымен, эмблемасымен таныстыру. (әр топқа 1 мин – 4 мин)

Жүргізуші: Ақылдылық қыздарға жарасады,

Көзі ашықпен бәрі де санасады.

Келесісұрақ – жауапсайысында

Сыналарбілімі мен парасаты – дейотырып, келесікезектесұрақтарғажауапбереді топтын капитаны

«Бәйге»

Әр топқа 10-сұрақ беріледі, тез әрі нақты жауап беру керек.

«Бәйге» 1-топқа 7 а сынып

1. Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т.б.)

2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)

3. Кестелеуге ине мен жіптің қандай түрін алған жөн? (жіңішкеине, кестежіп)

4. Үшарсыздыата. (ұйқы, күлкі, тамақ)

5. Нанның кептірілген бөліктері (сухари)

6. Табиғи жүнді неден алады? (қой, ешкі)

7. Шыт, атлас, жібек (мата)

«Бәйге» 2 – топ 8 А сыныбы

1. Химиялық талшықтар нешеге бөлінеді? (жасанды, синтетикалық)

2. Кешке жатарда асты неше сағат бұрын ішу керек? (3 сағ)

3. Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)

4. Қандай қолданбалы өнер түрлерін білесіңдер? (кілем тоқу, құрақ құрау, киіз басу, сырмақ сыру)

5. Тамақ әзірлеу өнері (кулинария)

6. Киізге ою-өрнек басып жасалған кілемше (түскиіз)

7. Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі (камзол)

«Бәйге» ІІІ – топ 9 А сыныбы

1. Сумоншақтың орысша атауы (бисер)

2. Бидайдан әзірленген ұнтақ (манка)

3. Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтану керек? (түсте)

4. Кестелеу үшін қандай құрал керек? (кергіш, оймақ, ине)

5. Ежелденкележатқанкәсіп (қолөнер)

6. Құрақтыңқандайтүрлерінбілесің? (жұлдыз, ботагөз, тырнақатар, шаршы, шахмат)

7. Кестелеугеине мен жіптіңқандайтүріналғанжөн? (жіңішкеине, кестежіп)

3-шарт. «Кім жылдам?»

а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (1 қыз түрлі-түсті қағаздан ою ойып беруі керек).

б) Түйме қадау. (түйме мата түсіне сәйкестігіне, ине, жіп түйілгені ескерілуі керек).

в) Бисер тізу. (1 мин ішінде сабақталған инеге бисер өткізу керек. Ең ұзын тізбек тізген оқушы жеңеді)

4-шарт. «Тіл өнері»

Жүргізуші: Ал, қанеки, қыздар, ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық – дегендей жұмбақ шешіп көрейік.

1-топ

1. Бар екен дүниеде жалғыз көзді,

Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.

Әлемді он сегіз мың киіндіріп,

Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді. (Ине) Оқу инемен құдық қазғандай.

2. Құрғақ жерде сақтайсың

Онсыз тамақ татпайсың. (Тұз) Доссызадам – тұссыз ас.

3. Арықатқарнықабысқан

Біркөлдіішіптауысқан. (Қасық) Құрғаққасықауызжыртар.

4. Дәмді-дәмдітағамдардыжинайды, Қоныс көркі – там,

Қонақтардыкөңілденесыйлайды. (Дастархан) Дастархан көркі – нан.

2-топ.

1. Дастарханға шуылдап,

Күніне үш жиылар,

Жарты сағат қимылдап, Шешесін көріп, қызын ал

Жарты сағат жуынар. (ыдыс-аяқ) Ыдысын көріп, асын іш.

2. Қимылдасақосшебер,

Қыруар-қыруарісөнер (Қол) Көзқорқақ, қол батыр.

3. Тұмсығы мықты ,

Қыр мен ойды тегістеп шықты. (Үтік) Ісмердің бүлдіргенін үтік жөндейді

4. Суда туады, суда өледі. (Тұз) Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма?

3-топ

1. Сүңгіпбатыпбұлмықты,

Бүтіндейдіжыртықты. (Ине) Болатбізқаптүбіндежатпас.

2. Екі басы дөңгелек, екіұшысүйір

Қиғанғаүиір (Қайшы) Жетіретөлшеп, бірреткес.

3. Сылдырсұйық су емес

Ішсеңсусынқанады.

Ақболса да қаремес,

Шешуінкімтабады? (сүт) Ақтытөкпе, сиырдытеппе.

4. Саусаққа киіп ем тобатай, Орақ ұстап әкең қалғанша,

Инені жүгірттім оп-оңай. (Оймақ) Оймақ ұстап шешең қалсын.

5-шарт «Ас адамның арқауы»

Жүргізуші: Ендеше іске сәт сайыскерлер!

Ас көңілдіңажарыдегенырым

Жақсығойтағамныңда білгенсырын,

Көрсетсінкелесісәтсайыскерлер

Дайындағанжаңашылбутербродтын түрін.

6-шарт «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз»

« Ағаш көркі жапырақ, Адам көркі шүберек»-демекші келесі кезекте өздеріңіз асыға күткен «Күзгі фантазия»атты сәндер шеруі.Бұл сайыста қыздар өз қолдарынан шыққан киім үлгілерін киіп,сән үлгілерін көрсетеді.

ІІІ. Қорытынды:

Жүргізуші: Еңбек етсе бақ қонады ерге епті,

Еңбекпенен ел өркендей бермекті.

Мұратына жеткен әрбір азамат,

Мәңгі жырлап өтер деймін еңбекті

Кімдер білгір,кімдер ұшқыр

Салыстырып біз көрдік,

Қара қылды қақ жарып,

Әділін тек айтатын,

Ортамызда төбе би

Өзіңізге сөз бердік,-деп бүгінгі сайысымызды аяқтай отырып,әділқазылар алқасына сөз береміз.

(әділқазылар алқасынасөз беріледі.Марапаттау)

Жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Уақыт біраз жерге таяп қалды.

Көріскенше хош сау болып тұрыңыздар,

«Шебер қолдар»сайысы аяқталды.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Сыныптан тыс іс-шара « Шеберді? ?олы орта?»

Автор: Жакенова Ботаг?з ?лі?ызы

Дата: 07.06.2015

Номер свидетельства: 218107


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства