Просмотр содержимого документа
«саба? жоспары: "Мені? ?аза?станым" »
Өскемен қаласындағы
«Бриг» жеке меншік бизнес мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Сейтказина А.А.
10 сынып
Тақырыбы: Менің Қазақстаным Мақсаты:
1. Білімділік Туған жер туралы мағлұматтарын тереңдету, білім, білік, дағдыларын ҰБТ-да қолдана білуге үйрету.
2. Дамытушылық Ой- өрістерін кеңейту, ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сұрақ- жауап арқылы дағдыларын қалыптастыру.
3. Тәрбиелік Туған жерлеріне деген құрмет және сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың технологиясы: ТИСО
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру
Сәлемдесу. Сабаққа зейіндерін аудару.
2.Cабақтың мақсатын хабарлау
Бүгінгі тақырыбымыз «Менің Қазақстаным». Осы тақырыптан алған білім, білік, дағдыларын
ҰБТ-да қолдана білуіміз керек. ҰБТ-да кездесетін көптеген тапсырмалар орындаймыз.
3. Туған жер туралы қандай мақал- мәтел білесіңдер? Енді мына мақал –мәтелдерді аяқтаңдар, аударыңдар. ( 2б. бағаланады)
Отан - оттан да ......... .
Отансыз адам ормансыз ......... .
Туған жердей - ........ .......... ,
Туған елдей - ........ ............ .
Отан отбасынан ........ .
Елдің көркі - .......... ,
Отан көркі - .......... .
Сулы жер - ......... ......... ,
Бұлақты жер - ....... ......... .
4.Мәтінмен жұмыс.
Берілген мәтінмен , сөздікпен жұмыс. Берілген сөздерді пайдалана отырып, мәтінді түсініп оқып, аудару. Келесі тапсырма осы мәтінге байланысты . Оқушының алдына міндет қоямын.
Бұл жұмыс 5б. бағаланады.
Менің Қазақстаным
Қазақстан көп ұлтты , егеменді , тәуелсіз мемлекет. Халқының саны -17млн. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан мемлекеті. Олар тату өмір сүруде.
Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шақырымнан асады. Республика жерінің үлкендігі соншалық – оның оңтүстігі мен солтүстігі, батысы мен шығысындағы табиғаты бір- біріне ұқсамайды. Оңтүстігінде жемістер гүлдеп, жер бетін астық жапқанда, солтүстігінде әлі қар жатады. Еліміздің жері өте бай. Оңтүстікте күріш, мақта, жеміс – жидектер өсірілсе, солтүстігінде астық пен көкөністер жақсы өседі және мал шаруашылығы да жақсы дамыған. Шығысында темір рудасы, түсті және асыл металдар мол болса, батысында мұнай мен балық шаруашылығы.
Қазақстан - құқықтық мемлекет.Мұнда 30 елдің елшілігі бар. Еліміз қазір дүние жүзі мемлекеттерімен экономикалық және мәдени байланыстар жасауда. Әлемнің көптеген елдеріне танымал болды. 1991 жылы тұңғыш Президенті сайланды. 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін алды. Еліміздің рәміздері 1992 жылы бекітілді. 1993 жылы Ұлттық валютасы айналымға енгізілді. 1995 жылы 30 тамызда Конституциясы қабылданды.
Отанымыздың Елордасы- Астана қаласы. Ол 1997 жылы Алматы қаласынан көшірілді. Астана жаңа қала. Қазір алып құрылыс алаңына айналған. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астанаға «Бейбітшілік қаласы» атағы берілді. Біз Отанымызды сүйеміз. Елімізді мақтан етеміз.
Жаңа сөздер:
Егеменді, көлемі , астық, құқықтық, елшілігі, дүние жүзі, алып құрылыс, танымал, шектеседі, мал шаруашылығы, балық шаруашылығы.
5.Сұрақтарға жауап бер, жауабын дәптерге жаз. ( Бұл жұмыс 10б.бағаланады)
1. Қазақстанның тәуелсіздігін білдіретін нышандар ?
2. Астанаға дейінгі Қазақстан астанасы ?
3. Қазақстанның жер көлемі қандай?
4. Күріш қай облыста өсіріледі ?
5. Қазақстанның солтүстігінде орналасқан қалалар ?
6. Қазақстанның тұңғыш астанасы ?
7. Астана қаласы Қазақстанның елордасы болған жыл ?
8. Қазақстан оңтүстік шығысында және шығысында шектесетін ел?
9. Қазақстанның тұңғыш президенті кім ?
10.Еліміздің рәміздері қашан бекітілді ?
Сергіту сәті
6. Бекіту.
2011ж, 2012ж тест жинақтарынан Қазақстанға байланысты 10 сұрақ табу. ( Жұмыстың бұл түрі 10б. Бағаланады.)
7. Қорытынды.
Рефлексия
Төмендегі төрт жолдан өзіңе қатыстысын ал, түсіндір.
Сабақ пайдалы, бәрі түсінікті !
Кейбір жері түсініксіз.
Әлі еңбектену керек.
Иә, қиын болса да, оқу керек!
8.Бағалау
«Менің Қазақстаным» тақырыбы бойынша бағалау парағы