Әдебиеттік оқу 4 – сынып
Сабақ 20 Күні:
Сабақтың тақырыбы: Ахмет мерген. С. Кенжеғұлов
Сабақтың мақсаты: 1. Мәтіннің мазмұнын, идеясын ашу.
2. Оқушы қиялының дамуына ықпал ету.
3. Төзімділікке, жігерлілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: .сызба, плакат, маркер, көздеу дөңгелегі,..т.б.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, С.Т.О.
Пәнаралық байланыс: Өзін-өзі тану.
Жоспары: 1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Қызығушылығын ояту.
4. Мағынаны тану.
5. Ойталғау.
6. Үйге тапсырма.
Сабақ барысы: І. Сабаққа дайындалу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру, бағалау.
ІІІ. Қызығушылығын ояту.
Балалар, мерген деген сөзді қалай түсінесіңдер? Сұрақ бойынша топтау жүргізу.
мүлт кетпейді
спортшы


Мерген
атқанын дәл тигізеді
құралайды көзінен атады
![]()

Мергендік не үшін керек?
Адам қалай мерген болады?
Қандай мерген адамдарды білесіңдер?
Мерген болу үшін адамға қандай қасиеттер керек деп ойлайсыңдар?
Сұрақтарға берілген жауаптар бойынша қорытындылау.

- Балалар, бүгінгі сабақта біз мерген де, көреген де болайық.
Тақтаға «Нысана дөңгелегін» ілу. ( Нысана сызу.)
Сергіту сәті.
Мағынаны тану.
Оқушылармен еркін әңгімелесу, тыңдау.
а) Мәтінді бөліктерге бөліп оқу, жинақтап алу, ойда сақтау. 5. Ойталғау.Оқылған мәтін бойынша сұрақ – тапсырмалармен жұмыс. а) Сергіту сәті.
ә) Сөздік жұмысы.
б) Әңгімедегі өзіңе ұнаған кейіпкерді сипаттап жазу.
в) Мәтін соңындағы сұраққа жауап беру. Мақал- мәтелдерді талдау.
г) Сұрақ-жауап алу арқылы бекіту, қортындылау.
6. Үйге тапсырма. Әңгімедегі жер, су аттары мен аюлар мекені болған Тарбағатай тауы туралы « Тарбағатай табиғаты» атты эссе жазу. 31, 32 - бет.