Сабақ мақсаты: Оқушыларға кітаптың өмірде керек екенін туралы түсіндіре отырып, ішкі тыныштық құндылықтың мәнін ашу. Міндеттері: -оқушыларды іс-әрекетте ашуланбауға, шыдамдылыққа үйрету ; -оқушылардың бойында әдептілік қасиеттерін дамыту; -оқушыларды шыдамдылыққа тәрбиелеу. | Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) |
Сабақ барысы: Ұйымдастырукезеңi. Амандасу,5Т кестесі,оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуын тексеру. Жағымды көңіл күйге келуді өткізу. Нұрға бөлену Үй тапсырмасын тексеру №6 сабақ. 26бет. Қайнар мәтінін оқып келу. Сұрақтар: 1.Кітап оқу Қуаныты қандай әсерге бөледі? 2.Кітап оқудың қандай пайдасы бар? 3.Өзің қандай кітап оқып жүрсің? | Ескерту: Баяу әуен қосылып, балалар көздерін жұмады.Мұғалім сөйлейді.Шаршағандарын басып, өз ойларын жинақтайды. |
Дәйексөз. Нәрсенің сырына қызықпа, асылы ішінде болар Нақыл сөз | |
Әңгімелесу ұйымдастыру. Сенің сұлулығың - сенің мейірімділігіңде Бала ержетіп келеді. Сондықтан айнаға көп қарап: «Мен қандай көріксізбін!» - деп ашуланады екен: Атасы немересінің сөздерін естіп қалып, былай дейді: Бала атасының сөзіне сеніп, жүрген жердерінде барлығына шыдамдылықпен жақсылық жасап, әдептілік танытып жүреді... Ол өзінің осы ісіне қызыққаны сонша, өзінің әдемі емес екенін ұмытып кетеді. Уақыт өте береді.Бала ер жетеді. Бір күні бала екі әдемі қыздың өзіне қарап, әңгімелесіп тұрғанын естіп қалады. Бірінші қыз айтады: ол қандай көрікті, әдемі екен – дейді. Екінші қыз: Оның жүзі ішкі сұлулығымен нұрланып тұр - дейді. Сол кезде баланың есіне атасының айтқан сөздері түсіп:«Рахмет сізге, ата» деп ойланады. Баланың ашулануына не себеп болды? Ашуланған сәтте өзімізді қалай ұстауымыз керек? Сұлу адамның бойында қандай қасиеттер болады? -Өзіңді сұлумын деп санайсынба? | Ой толғау «Вера и любовь» Ш.А.Амонашвили |
Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс. Баяу ән ырғағына ой тыныштығында суреттерін салады. Алған әсерлерімен бөліседі. | «Ойланайық, пікірлесейік» |
Топпен ән айту Гена мен чебурашка әнінің әуенімен ( мұғалім шығармашылығынан) Жүрегім күн нұрындай, Шыдамым қорғасындай, Тыныштық ұялап жаныма ! Бойымда сыпайылық, Тәртіпті болдық оқып , Қоршаған әлемге көз салып ! Қайырмасы Назар салып мен айтамын, Өткен жандар тыңдайды. Шыдамдылық бізге серік, Онсыз болмайды Жақсыдан үйренейік , Жаманнан жиренейік , Жалқаулықты әр кез жек көрейік. Мейірімді болайықшы, Үлкенді сыйлайықшы, Күн көзіндей нұрланып жүрейік. Қайырмасы Назар салып мен айтамын, Өткен жандар тыңдайды. Шыдамдылық бізге серік, Онсыз болмайды. | Топпен ән орындалады. |
Үй тапсырмасын ұйымдастыру № 7 сабақ 33 бет. «Бала Шоқан» үзіндісін оып келу. | Берілген әңгімені оқып, ой бөлісу |
Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. Енді бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қанадай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. Егер барлық жасаған әрекетіміз дұрыс болса, біздің жандүниемізде жантыныштығы орнайды. Тыныштық, ол – жүрегіңді тыңдау. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. | Шаршағандарын басу ,сабақтан алған әсерлерін сезіну. |