Просмотр содержимого документа
«"Мені? мысы?ым" ашы? саба? »
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ашық сабақ
Тақырыбы:Менің мысығым
Пән мұғалімі: қазақ тілі пәнінің мұғалімі Мырзаханова Бақыт Мырзаханқызы
Талғар, 2014
5 сабақ
Сынып
2
Мерзімі
Сабақ №
21
Менің мысығым
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Модульдің құрамын түсіндіру.
ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын айту. Осы тақырыппен өткізілген сабақта балаларды үй жануарды – мысықпен таныстырып, оның қимыл – іс әрекеті, пайдасы жайында түсінік беру, үй жануарларына мейірімді болуға тәрбиелеу, айналадағы қоршаған ортаны сезінуге және табиғатты қорғауға ынталандыру мақсаты көзделеді.
Білімділік. Тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын молайту. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолдану.
Тәрбиелік. Оқушылардың саналы білім алуға және өз бетімен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық. Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.
ІV. Сөздік жұмысы.
Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.
Оқушылар жаңа сөздерді тізбектеп айтып шығады.
Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.
Ол – он, она
Тышқан – мышь
V. Тапсырмалармен жұмыс.
І . Ұйымдастыру кезеңі.
Ал, балалар амандасып алайық!
Балалар шеңбер жасап жүріп мына өлең шумақтарын айтады.
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса,
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса,
Сәлем саған Жер ана!
Сәлем саған Нұрлы күн!
Аман-есен болайық,
Бейбітшілік қалайық!
Мұғалім: Енді орындарыңа отырыңдар.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Мұғалім: Балалар, өткен сабақта біз «Менің күшігім» тақырыбын өттік. Қазір мен сендерге үлестірмелі карточкалар беремін.
Карточкалардағы тапсырмалар.
Сөздердің аудармасын тауып, жаз.
Ойнайды –
Тамақ жейді -
Ұйықтайды –
Күшігім
Күшіг бар.
Менің күшіг бар.
Менің __________ бар.
Аты - __________.
Ол __________, __________, __________ .
Мен __________ жақсы көремін.
Саматтың кішкентай -і бар. Оның аты - ...
Ал, жарайсыңдар балалар. Үлестірмелі карточкаларды жинайық.
Жарайсыңдар балалар, тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар!
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
Мұғалім: Балалар, қазір далада не жауды?
Оқушылар: Қар. Қар.Қар.
(Осы кезде күшіктің қыңсылаған даусы шығады
Мұғалім: Балалар, бір дыбыс шығатын сияқты, ненің дыбысы болды екен. Ой, балалар, қараңдаршы мынау кішкентай күшік қой.
Анасынан адасып қалған сияқты, өзі тоңып қалыпты.Қане, бәріміз үрлеп жылу беріп күшікті жылытайық. - Күшіктің жүндері қандай әдемі! Түсі қандай? - Түсі ақ. - Балалар, күшіктің анасын не деп атаймыз? - Ит деп атаймыз. - Осы күшікке ат қояйықшы. Балалар Ақтөс деп ат қояды. - Енді Ақтөстің дене мүшелеріне тоқталып өтейік. - Мынау несі? - Басы. - Мынау көзі, ал құлағы нешеу? - Құлағы екеу. - Ал, мынау тұмсығы, кеудесі, аяғы. Аяғы төртеу екен. Ал мынау құйрығы. Ақтөс адамға еркелегенде құйрығын қозғалтады. Балалар, күшік қандай дыбыс шығарады, білесіңдер ме? - Әу,әу,әу,әу. - Күшік кішкене кезінде сүтпен қоректенеді, өскеннен кейін сүйекті жақсы көреді. Қане балалар, күшіктің қимылын салайықшы. Сергіту жаттығуы: Танауы тырналып, ісіпті, Сонда да, қуады мысықты. Адамның сенімді серігі, Біл, иттің баласы-күшікті. - Ит - адамның досы. Ол біздің үйімізді, ауламызды күзетеді.
ІV. Жаңа сабақ.
Мұғалім: Енді, дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күн ретін жазып қояйық.
Бүгін сабағымызда үй жануарларының бірімен танысамыз, ол қандай жануар екені әзірге құпия, тек мен айтқан бір жұмбақты шешсеңдер ғана білетін боласыңдар.
Жұмбақ:
Өз құйрығын өзі қуып ойнайды,
Допты көрсе домалатып қоймайды,
Беті қолын қайта – қайта жуады,
Тышқандарды үйімізден қуады.
Оқушылар:Мысық! Мысық! Мысық!
Мұғалім: Жарайсыңдар балалар, енді мына үй жануарларының суреті берілген. Іішінен мысықты кім көрсетеді.
Оқушылар: Мынау мысық
Мұғалім: Ендеше біз тақтада тек мысықтың суретін қалдырайық.
Мысық үй жануары, оның пайдасы көп, ол жүрген жерде тышқан болмайды. Мысық еркелегіш, балалармен ойнағанды және сүт ішкенді ұнатады. Өзіне жарасар даусы бар, қандай?
Оқушылар: Мяу!
Мұғалім: Мысықты «кис-кис» деп шақырып, сипап, кішкене сүт береміз. Оның жүні тықыр болады, құлақтары тікірейген, құйрығы ұзын мына суреттегідей. Қалай ойлайсыңдар мысықты желкесінен қысып, құйрығынан сүйреп жәбірлеуге бола ма?
Оқушылар: Жоқ, оның денесі ауырады, сосын ол адамды жек көреді, үйден безіп кетеді. Жануарларды қорлауға болмайды.
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар балалар! Ал, ендеше тапсырмаларды орындайық!
1 тапсырма. Оқылым әрекетіне берілген мәтінмен жұмыс ұйымдастыру. Әр оқушымен жеке-жеке жұмыс жасау.
Айдананың мысығы бар. Оның аты – Мурка. Ол ойнайды, көп ұйықтайды. Мурка – әдемі мысық.
2 тапсырма. Айтылым әрекетіне берілген мысалмен жұмыс өткізіп, әр оқушыға жеке-жеке тапсырма беру.
Мысық.
Мысық отыр.
Мысық диванда отыр.
Үлкен мысық диванда отыр.
3 тапсырма. Қисынды ойлау қабілетіне берілген жаңылтпашты сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін қолданып өткізу.
Пеш үстінде бес мысық-
Бес күзетші, бес пысық.
Тышқан ұстап жемесе,
Бола қоймас еш қызық.
4 тапсырма. Қисынды ойлау қабілетін жандандыра отырып, жазылым әрекетін іске асыру.
Саматтың кішкентай -і бар. Оның аты - ...
Әлияның үлкен -ы бар. Оның аты - ... . Самат -ін, Әлия -ын жақсы көреді.
5 тапсырма. Жазылым әрекетіне берілген тапсырманы жеке жұмыс ретінде орындау. Әр
оқушымен жеке-жеке жұмыс жасау.
Менің мысығым бар (жоқ).
Мысығымның аты - ... .
Менің күшігім бар (жоқ).
Күшігімнің аты - ... .
6 тапсырма. Айтылым әрекетіне берілген сөйлем арқылы өздік жұмыс тапсыру.
Мысық.
Кішкентай мысық.
Менің кішкентай мысығым бар.
Менің кішкентай мысығым бар.
7 тапсырма. Қисынды ойлау қабілетіне берілген сөзжұмбақпен жұмыс. Шығармашылық тапсырма беру.
Кошка
Шесть.
Желтый.
Девять.
Белый.
Мысық.
Алты.
Сары.
Тоғыз.
Ақ.
VI.Сабақты бекіту. Ал, балалар мен сендерге қазір мульфильм қосамын. Мұқият қараймыз.
Мұғалім: Тышқан не істеді?
Оқушылар: Тамақ іздеді.
Мұғалім: Ол тамақты қай жерден іздеді?
Оқушылар: Тоңазытқыштан.
Мұғалім: Мысық тышқанды не істеді?
Оқушылар: Мысық тышқанды қуды.
Мұғалім: Тышқан қандай түске боялды?
Оқушылар: Тышқан ақ түске боялды.
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар!
VII.Сабақты қорытындылау. Мұғалім: Ал, балалар бүгін біз «Менің мысығым» тақырыбын өттік.
Бүгін, біз қандай жаңа сөздерді үйрендік?
ол – он, она
тышқан – мышь
мысық – кот, кошка
VIII.Оқушылардың білімін бағалау.
IХ.Үй тапсырмасын беру.53 беттегі, 5 тапсырма.
Қосымша тапсырма.
Мұғалім: Балалар, мына екі мысықты салыстырайық та ерекшелігін айтайық. (Суреттерді көрсету).
Оқушылар:
1. Мына суретте мысықтың мұрты жоқ, ал мына мысықта бар. 2. Біреуінің құйрығы жерде жатыр, ал екіншісі құйрығын көтеріп алыпты. 3. Мойнына байланған бантиктерінің түстері әр түрлі.
Сабақты өзіндік талдау
Пәні: Қазақ тілі
Пән мұғалімі: Мырзаханова Бакыт Мырзахановна
Сыныбы: 2 «Б»
Тақырыбы: «Менің мысығым» тақырыбы
Сабақтың түрі, құрылымы: Дәстүрлі. Ойын сабақтың элементтері кіріктірілген.
Пән аралық байланыс: орыс тілі, математика, дене шынықтыру.
Сабақ әдісі:деңгейлеп саралай оқыту, баяндау.
Сабақ көрнекілігі:интерактивтік тақта, слайдтар,электронды оқулық.
Қазіргі уақыт талабы педагогикалық технологияның негізгі идеясы- әр оқушының жүрегіне терең үңіліп, жеке тұлға ретінде қалыптастыру.Сабақта оқушылардың өз бетімен ізденуіне өзін- өзі анықтауына, бағалауына мүмкіндік жасау үшін ұстаз әр түрлі оқу әдістерін қолдануы қажет.
«Өзіңді білуің адамгершілікке жеткізеді»деген неміс психологы Н.Энкельман.
Сыныпқа мінездеме:2 «Б» сыныбында 13 оқушы бар, оның 4 оқу үздігі, 7 оқу екпіндісі, жалпы сабақ үлгерімі жақсы.
Білімділік: Тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын молайту. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолдану.
Дамытушылық: Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың саналы білім алуға және өз бетімен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал жасайтын, өздігінен белсенді іс-әрекетке жетелейтін, білім алуға қажеттілігін туғызатын сабақтың бірі-дәстүрлі сабақ, бірақ ойын элементтерімен араластырып өткізу, яғни өткен материалдарды бір жүйеге келтіру арқылы сабақ өткізу.
Сабақ жоспарының әр бөлімі бір- бірімен тығыз байланысты:
1.Карточка арқылы оқушыларға өткен сабақты еске түсіру (күшігім ойнайды, тамақ жейді, ұйықтайды).
2.Оқушылардың аудиоқабылдауларын дамыту. Оқушыларға күшіктің шығаратын дыбысын тыңдату. Сол арқылы қай жануардың дауысы екенін анықтау. Оқушылардың реакциясын бір-біріне байқату, салыстыру.
3.Оқушыларға жұмбақ жасырамын. Жұмбақтың шешуі (яғни, жауабы) бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы. Жаңа сабақтың тақырыбын оқушыларға тапқызу арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
4.Оқушыларға интербелсенді тақта арқылы бірнеше жануар бейнеленген сурет көрсету. Оқушылар ішінен мысықты табу керек. Керек емес жануар суретін өшіріп, тақтада жаңа сабақтың тақырыбы, яғни мысық қана қалады. Сөйтіп, жаңа сабақты бастап кетуге оқушылардың барлық зейіні шоғырлануда.
Сабақ кезіндегі ұстаз бен оқушы арасындағы қарым-қатыныс: оқушылар берілген тапсырма бойынша, уақытты үнемдей отырып, белсенділікпен жұмыс жасады.
Осы сабақ бойынша белгіленген мақсаттарыма жеттім деп ойлаймын, өйкені оқушылардың тапсырма бойынша берген жауаптары тақырыпты меңгергеніндігін көрсетеді.
Сабақ соңындағы оқушылардың көңіл – күйі арқылы сабақ қызықты да, тартымды өтті деп ойлаймын.