Дамытушылы?: Сын т?р?ысынан ойлау ?абілеті, тіл байлы?ы дамиды, шы?армашылы?пен ж?мыс істеу да?дылары ?алыптасатын болады.С?здік ?орын байыту,?з ойларын еркін жеткізе білуге да?дыландыру, ?аза? тілінде с?йлемді д?рыс ??растыру да?дыларын ?алыптастыру.
Т?рбиелік : Жыл мезгілдерін с?йіп, ?орша?ан ортаны ?ор?ау?а т?рбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Білімділік: «Қыс» мезгіліне тән ерекшеліктерге, табиғат өзгрістеріне сүйене отырып әңгіме құрастыра білуге үйрету. Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау қабілеті, тіл байлығы дамиды, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары қалыптасатын болады.Сөздік қорын байыту,өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, қазақ тілінде сөйлемді дұрыс құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Тәрбиелік : Жыл мезгілдерін сүйіп, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: топтық жұмыс, диалог, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары,ақпараттық - коммуникациялық технология, дарынды және талантты балаларды оқыту, бес жолды өлең, синквейн,бағалау, рефлексия.
Сабақтың барысы: Психологиялық кезең. Қызығушылықты арттыру сатысы
Амандасу.
Шаттық шеңбері
Армысың, Көк Аспан!
Армысың, Алтын Күн!
Армысың, Жер Ана!
Армысың, Достарым!
Армысыз, Мұғалім!
Сабақтың мақсатымен, барысымен таныстыру
ІІ. Үй жұмысын тексерукезеңі:
Үйге жаттауға берілген мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды сұрап тексеру.
Жаңа сабақ : Қызығушылығын ояту. Жұмбақтарды шешу. «Сөзжұмбақты» шешіп толтыру арқылы қайталау сабағының тақырыбын ашу.
Жұмбақтар: Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады.
Есіктен кіреді еңкейіп төрге шығады қампиып.
Отқа жанбас, суға батпас.
Балалар «Сөзжұмбақты» дұрыс шештіңдер, олай болса біз бүгінгі сабағымызда қай тақырыпты қайталап,бекітеміз. Дұрыс.Қыс мезгілі.
Аппақ,аппақ жапалақтап,
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман,қар жамылған,
Маужырайды қысқы аспан дей отыра бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
Ой жинақтау:«Қыс» сөзін естігенде көз алдарыңа не елестейді? «Қыс» сөзіне топтастыру жасау.Сөздермен сөз тіркестерін құру.
«Қыс» мезгіліне байланысты пейзажды тамашалап, лирикалық әуенді тыңдай отыра қыс мезгіліне байланысты сурет салу, кластер жасау өз ойларын жеткізуге жағдай жасау. Салған суреттерін топ алдында қорғау.
Ой қозғау: Балалар сендердің сөздеріңде қай сөз табы көп қайталанды. Дұрыс айтасыңдар.Зат есім. Олай болса «Зат есімнің» ережесін еске түсірейік.
1-топ : Зат есімнің ережесін еске түсіреді.
2-топ: Зат есімнің сұрақтарын еске түсіреді.
3-топ : Зат есімнің мағынасына қарай бөлінуін еске түсіреді.
Ережені топтар бір- біріне сұрақ қою диалог арқылы қайталап шығады. Ал енді балалар, қыс мезгіліне қатысты және зат есім, сын есім сөз таптарын қосып сөйлемдер құрап жазады. Сөйлемдерден зат есімді, сын есімді тауып астын сызады.
Грамматикалық тапсырмалар: Шана сөзін тәуелдеу.
Қар сөзін септеу. Оқушы сөзін жіктеу. Шаңғы сөзіне фонетикалық талдау жасау.
Үй тапсырмасы: «Қыс мезгілі» эссе жазу.
Рефлексия : «Венн диаграммасы» стратегиясы арқылы зат есім мен сын есім сөз таптарларын салыстыру.