Просмотр содержимого документа
«конспект урока 5 класс »
Сыныбы: 5 Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: «Қонаққа шақыру»
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Берілген тақырыпты талдап, саралай отырып, бұрынғы сыныптарда алған білімдерін кеңейту;
Дамытушылық: оқушыларға қазақ тілінің қағидаларын меңгерте отырып, тілдік талдау дағдыларын, сөйлеу мәнерлерін дамыту, меңгеруге машықтандыру, есте сақтау, өмірде қолдана білуге дағдыландыру. Тәрбиелік: егемен еліміздің болашағы – жас ұрпақты қонаққа шақыру дәстүрімен таныстыру, басты тағам нанды қадірлеп, қастерлей білуге тәрбиелеу. Бір-бірін түсініп, тыңдай білуге, сыйлауға дағдыландыру білуге үйрету.
Ерте заманда тауық,тышқан, құрбақа – үшеуі бір тұрыпты. Бір күні тауық әрі-бері жүгіріп жүріп арпаның дәнін тауып алыпты. Ол қуанғаннан:
- Дән таптым!- деп айқайлап, мәз-мейрам болады.
- Мұны диірменге апару керек. Кәне, қайсысың алып жүресің?- депті тауық.
- Мен апара алмаймын,- депті тышқан.
- Мен де апара алмаймын,- депті құрбақа.
Дәнді тауықтың өзі алып жүріпті. Диірменге апарыпты.
Тауық:
- Енді ұнды үйге кім арқалап апарады?- депті.
- Мен апара алмаймын,- депті тышқан
- Мен де апара алмаймын,- депті құрбақа.
Ұнды тауықтың өзі арқалап алып жүріпті.
Кім қамыр илейді?- деп сұрапты тауық.
- Мен илей алмаймын,- депті тышқан.
- Мен де илей алмаймын,- депті құрбақа.
Қамырды тауықтың өзі илепті.Тауық:
- Кім от жағады?- деп сұрапты.
- Мен жаға алмаймын,- депті тышқан.
- Мен де жаға алмаймын,- депті құрбақа.
Отты да тауық өзі жағыпты.
- Пешке нанды кім салады?- деп сұрапты тауық.
- Мен сала алмаймын,- депті тышқан.
- Мен де сала алмаймын.,- депті құрбақа.
Нанды да тауықтың өзі салыпты. Нан қып-қызыл болып пісіп шығыпты.
Тауық нанды алып қойыпты да:
- Мұны кім жейді?- деп сұрапты.
- Мен,- деп тышқан үстел қасына келіп отырыпты.
- Мен де жеймін,- деп,құр да үстел қасына келіп отырыпты.
2.тапсырма Топпен тағы бір рет мәтінді қарап, негізгі ойды айтамыз. Ауызша айту. Топтар кезекпен айтады.Мәтінді қалай аяқтар едіңдер? Өз ойларыңды аяқтап көріңдер. Мәтіннен қандай қорытынды шығады? Осы мәтінге байланысты қандай мақал білесіңдер? 5 мин уақыт беріледі. Жаңа сөздерді қолдану арқылы сөйлемдер құрастырамыз.
Мақал- мәтелдер: Ас атасы- нан. Нан- қасиетті тағам. Нанды қастерле!
3 тапсырма. Инсерт стратегиясын қолдану. Түсіндіру.1 мин /Етістіктің шақтарын еске алу./ Жазғаннан кейін кейбір етістіктерді ажырату.Мәтіннен іздеу.
Мыс: тұрыпты Ө.ш, алмаймын О.ш, салады к.ш.
Сергіту сәті.
4 тапсырма5-8мин. Топтар бірін- бірі бағалайды. 1 жұлдыз
Қазақ халқы қонақжай халық, сондықтан топтар бірін- бірі қонаққа шақырсың.
Дастарқан жаямыз. /ақ қағазға өз ойларын салады, орыс халқының тағамдарын, қазақ халқының тағамдарымен қарсы аламыз. Тақтаға шығып қорғаймыз.Қай топтың дастарқаны бай, қонақжайлы екенін көрейік.
ІІІ кезең. Бекіту кезеңі
Сабақ бойынша рефлексия. тақтаға смайликтерді ілу.
Маған ұнады Мен үшін жаңалық Маған қиын болды
НЕ үшін ұнады, неге қиын болды , қиын болған жоқ деп тақтаға шығып дәлелдейміз.
ІҮ кезең. Бағалау
Әр оқушы берілген «Бағалау парағындағы» критерийге сәйкес өздерін бағалайды. Мұғалім өзі қорытады.
Үй жұмысы: 122б. «Қайдан келдің бауырсақ» тақпағын жаттау