Бүгін қоғам өмірінде маңызды рөлді атқарып отырған мамандықтың негізгісі аспазшы мамандығы. Тамақтандыру орындарында қызмет көрсету жоғарғы деңгейді талап етіп отырғаны сөзсіз. Даяршы мен Аспаз мамандары қандайда болмасын бір салада жұмыс істейді. Тамақты жақсы дайындайтын маман, даяршылық көрсету барлық жерде қажет: перзентханада, балалар үйінде, зауытта, қазіргі заманғы сәулетті мейманханада, асхана, дәмханаларда т,б.оқушылардың асханада, дәмханада ас әзірлеу, тамақтану орындарында, қызмет көрсетуге терең білім беру, қазақ халқының қонақжайлығы туралы білімдерін тереңдету,бақылау,білім деңгейін тексеру;
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Қызмет көрсету мәдениеті. Көптік жалғаулары.»
Ақмола облысы Астрахан ауданы
«№6 Агротехникалық колледжі»КММ
Сабақтың тақырыбы: Қызмет көрсету мәдениеті. Көптік жалғаулары
Өткізген: Кеншиликова М.М.
Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі
Астраханка -2017ж
Сабақтың тақырыбы: Қызмет көрсету мәдениеті. Көптік жалғаулары
(Асхана, дәмхана, мейрамханаларда)
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Бүгін қоғам өмірінде маңызды рөлді атқарып отырған мамандықтың негізгісі аспазшы мамандығы. Тамақтандыру орындарында қызмет көрсету жоғарғы деңгейді талап етіп отырғаны сөзсіз. Даяршы мен Аспаз мамандары қандайда болмасын бір салада жұмыс істейді. Тамақты жақсы дайындайтын маман, даяршылық көрсету барлық жерде қажет: перзентханада, балалар үйінде, зауытта, қазіргі заманғы сәулетті мейманханада, асхана, дәмханаларда т,б.оқушылардың асханада, дәмханада ас әзірлеу, тамақтану орындарында, қызмет көрсетуге терең білім беру, қазақ халқының қонақжайлығы туралы білімдерін тереңдету,бақылау,білім деңгейін тексеру; 2.Дамытушылық: жазбаша көркем тілін дамыту, теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда қолдануға,ойлау еңбегіне,өз беттерімен ойларын жүйелі түрде жеткізуге,қорытынды жасай білуге дағдыландыру. 3.Тәрбиелік: оқушыларды мәтінді оқығанда ынтамен тыңдауға,есте сақтауға,бағыттау,оқушының зейінін,ойын дамытуға, Отан ,еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Пәнаралық байланыс:әдебиет ,тарих, өмірмен байланыс
Сабақ барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,кезекшілермен әңгімелесу,сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту, сабаққа зейіндерін аудару.
Сабақтың шарты: Сабақ үстінде тек қана қазақ тілінде жұмыс жасау.(Басқа сөзбен бүлінсе сөз арасы,төлер менде айып бар). 1-тапсырма
Сәлемдесу-сөз басы. Сабақ басында екі оқушы сөйлеспелі сөз құрайды. (Диалог құрастыру )
2-тарсырма мәтінмен жұмыс жасау. Көптік жалғауларымен жұмыс жасау
1. Мәтінді асықпай,жағымды дауыспен,салмақпен оқу , түсініксіз сөздерді сөздік дәптерлеріне жазады ,кейбір қиын,жаңа сөздерді тақтаға жазып қояды.Оқушылар мәтіннен көптік жалғауларды тауып астын сызады. Көптік жалғауларының ережесімен таныстыру.
2. Оқушының мәтін мазмұнын түсінген-түсінбегенін тексеруі қажет. Оқушылар мәтін мазмұнын түсінбесе түсіндіруі керек. Мұғалім өзі түсіндірмей тек сұрақ арқылы оқушыларды мәтінді түсінуге жетелейді. Мысалы: - Мәтінде не туралы айтылған ? Басты дәстүрлер қандай ?- деген сияқты сұрақтар арқылы іске асады. 3.Жоспар құрастыру. М.М.Жанпейісованың «Мәтін бөліктері» ойынын өткізуге болады. Оқушылар 3 топқа бөлінеді.Әр топ мәтіннің белгілі бөлігімен жұмыс атқарады.
Мәтін Даяршылар жақсы табыс табады. Алатын жалақысымен қатар, олар келушілерден қалған шайпұлдарды да алады. Бірақ бұл ақша оңай жолдармен келген емес. Даяршылар, көбінесе, түнгі уақыттарда және тұрақсыз кестелер бойынша жұмыстар істейді.
Даяршылар күні бойы отырмайды, ал әйелдер, оның үстіне, биік өкшемен жүреді. Ұнамсыз келушілерге қызмет көрсету үшін өте үлкен шыдамдылықтарды қажет етеді. Әсіресе, келушілер өздерінің жеке ұнатпаған нәрселерін көрсетіп, әділетсіз айыптаса.
Осы қызметтің ең ұнамсыз тосын сыйы — келген келушілер ақша төлемей, тезірек кетіп қалатын жағдай. Даяршы өзі қызмет көрсететін барлық келушілерді есте сақтау тиіс, өйткені олар ақшаларын төлемеген жағдайда барлығына даяршы өз қалтасынан төлеуге тура келеді.
Даяршы — қоғамдық тамақтандыру орындарының қызметшісі. Оның қызметі —клиенттерге қызмет көрсету. Даяршының міндеттері өте қарапайым — келген клиенттердің үстеліне келіп, олардан тапсырыс алу, ас мәзірімен таныстыру және мүмкіншілігінше тез уақытта оларды алып келу болып табылады. Бірақ, әр мекеменіңөзінің сан қырлы заңдары болады: белгілі бір униформаны кию, берілген үлгі бойынша үстелдерді безендіру, қойылған әдет бойынша келген клиенттерге жылы қабақ таныту, олардың тілек-талаптарын орындау және т.б. Даяршы болу үшін арнайы курстарды бітіруге болады. Онда қызмет көрсету ережелерін және үстел әзірлеуді үйретеді. Даяршының қызметіне кіретін мыналар:
келушілердің тапсырыстарын орындау;
көрсетілген қызметтер үшін төлем алу;
келушілер кеткеннен кейін үстелдің үстін жинастыр
; «Шебер мамандар» сайысын ұйымдастыру. Шағын әңгіме құрастыру
Мен білетін тағамдар.......
Мен ұнатқан мамандық.........
3- тапсырма
Аспаз- сөзінің басқы әріптерінен мамандық атауларын жазу
А-удармашы
С-аясаткер
П-едагог
А-спазшы
З-аңгер
4-тапсырма.
Берілген жұмбақтарды шешу. Алға жайып тұз - дәмін, Келтіреді үй сәнін. Ол халқымның ақ жаны, Жақсы дәстүр маржаны, Кең пейіл де арайлы Осы жерден тарайды. Бұл не? (Дастарқан)
Өзі ащы, бірақ Дәмді етер асты. Бұл не? (Тұз)
Түсі аппақ, Тысы қатты – ақ. Екі түрлі уызы, Жесең тәтті – ақ. Бұл не? (Жұмыртқа)
Сұйық еді аппақ, Бауырдай боп қатыпты. Ішсең дәмі тәтті – ақ. Бұл не? (Сүт пен айран)
Әжем уыстап сығып, Далада кептірген. Қатты әрі тәтті, Дәмін кім бар жеп көрген. Бұл не? (Құрт)
1. Асхананы жабдықтау үшін ... тұрмыстық құралдар қажет. 2. Үстелдің үсті әрқашан ... тазартылып тұруы қажет. 3. Асхана ыдыстары бірдей ... болғаны абзал. 4. Асхананың қабырғасына түрлі суреттер ілінгені әдемі. 5. Асхананың ауасы ... таза болуы керек. 6. Асханада тазалық әрқашан ... сақталуы керек.
6-тапсырма. Аспазшының күнделікті ас үйде киетін киімдерінің үлгісін сызу
Сабақты қорытындылау:
Тест сұрақтарына жауап беру. 1. Тамақ ішкенде ... оқыма. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар. А) теледидар В)радио С) кітап Е) тігін 2. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңдар. Ac ішіп болған соң, «...» деуге болмайды, «...» деу керек. A) іштім, болдым C) тойдым, қанағат D) қанағат, болдым
3. Бата жасау, ас қайыру сияқты жораларды сыйлы адам... күтеді. Көп нүктенің орнына керекті септік жалғауын қойыңдар. A) –ды –нан C) –ға D) -нда 4. «Дастарқанға ең бірінші (не?) қойылады». Берілген сұраққа жауап беріңдер. A) сүт қант C) нан D) бал 5. Тамақтану барысында неден сақтану керек? A) тамақтан қомағайлықтан C) аштықтан D) тәтті тағамдардан 6. Берілген сөйлемдегі көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар. «Тамақтың ... назар аудар». A) ащылығына Б) сапасына C) тәттілігіне D) көптігіне 7. Асханада кезекке не үшін тұрамыз? A) оқу құралдарын алу үшін Б) сабақ оқу үшін C) асқа тапсырыс беру үшін D) ыдыс жуу үшін 8. Берілген мақалды мағынасына қарап аяқтаңдар. «... көріп, ... іш». A) ыдысын, асын Б) ыдысын, сүт C) асын, тамағын D) ыдысын, жу 9. Қымыз құюға арналған жылқы терісінен жасалған ыдыс қалай аталады? А) саба Б) торсық C) қазан D) ожау 10. Асхананың қабырғасына түрлі нелер ілінуі керек? A) суреттер Б) кітаптар C) жапқыштар D) теледидарлар