kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қоршаған әлеммен үндестік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға  "қоршаған  орта",  "үндестік"  туралы  түсінік  беру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қоршаған әлеммен үндестік»

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

25 сабақ

Мерзiмі: 06.03.2018

Мектеп: А.Қарсақбаев атындағы орта мектеп

Сабақтың тақырыбы: Қоршаған әлеммен үндестік

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: Сыйластық, құрмет, мейірімділік

Мұғалім: Нурмухамбетова Роза Жумабаевна

Сыныбы: 7 сынып


Сабақ мақсаты:

Оқушыларға «қоршаған орта», «үндестік», ұғымдарын түсіндіру арқылы қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеті

-оқушыларға өзімен, өзгемен, қоршаған әлеммен үйлесімділік туралы ұғындыру.

-қоршаған ортаға қамқорлық, жауапкершілік қасиеттерін дамыту;

-табиғатты аялауға, қамқор болуға баулу.

Ресурстар құралдар мәліметтер:

Үнтаспа, бейнетаспа

Дәптер, оқулық, ақ қағаздар.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi: сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру,5 Т ережесін еске салу

Тыныштық сәтi: Нұрға бөлену.

- Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.  




«Хрустальная грусть» музыкасы жай дауыспен қойылады. Осы кезде оқушылар денелерін бос ұстап, көздерін жұмып отырады.


2.Дәйексөз: «Тіршілікте табиғат пен адамнан ғажап, олардан құпия не бар?!»

Ш.Уәлиханов

Дәйексөзді қалай түсінесіңдер?

Дәйексөзді әуелі ұл балалар, сосын қыз балалар, бар-лығы хормен ай-тады.Дәптерлеріне дәйексөзді жазып аламыз. 

3.Үй тапсырмасын тексеру: «Бұлақ сылдыры» (аңыз) оқу.

  • Шөл даладағы қарияның әрекетінен қандай дұрыс әрекеттерді байқадыңдар?

  • Атайдың шөл далада өзін ойламай, басқаларға көмек көрсетуі оның қандай құндылықтары мен қасиеттерінің көрінісі?

  • Адамның ізгі іс-әрекетіне табиғат қандай үндестік танытты?

  • Неліктен атай қайтыс болған жерден су шықты деп ойлайсыңдар?

  • Өмірде ешбір жақсы істің зая кетпейтінінің себебін қалай

түсіндірер едіңдер?

  • Өздерің жасаған жақсы істеріңнен басқалардың қуанған кездері естеріңде ме?

Оқулық 100 бет

Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылау

4.Әңгімелеу: Мұғалімнің сыйы (Бейнетаспа көрсетіліп тұрады)

Жер - Ана туралы мысал

Ертеде Жер кіршіксіз таза болған. Ол шексіз мейірімді әрі жайдары еді. Ол жануарлар әлемінің үйірлері, табындары мен отарларына пана болды, оларға азық берді, ал олар Жердің көркемдігі мен тазалығын сақтап, оған ұқыпты қарады.

Күндердің бір күнінде адам пайда болды. Ол құдіретті, зор, әрі сымбатты болды. Ол күлгенде, онымен бірге күн де күлетін, ол қамыққанда онымен бірге ай да қайғыға бататын, ол ән айтқанда оған аспан мен жел қосылып, ән шырқайтын, сондықтан Жер оған ғашық болды. Ол да Жерге ғашық болды, оның ұлылығы мен кеңдігіне, мейірімділігі мен көркемдігіне, асқақтығы мен тазалығына ғашық болды.

Жер - Ана мен Табиғатадам бір-бірінен жарастық тауып олардан адам-ұрпақ өмірге келді. Бірақ әрбір ұрпақ- адам оларға өмір сыйлаған Ұлы сүйіспеншіліктен алыстай берді.

Жер - Ана олар үшін өмір сүрудің, байлықтың қайнар көзіне айналды, олар оның кім екенін де ұмытты, ал адам олар үшін бірі сеніп, бірі сенбейтін аңызға айналды.

Олар өздерінің қажеттіліктері үшін жер жыртып, тырмалап, егін егіп, оны жинап, арттарынан шіріп, Жердің бастапқы тазалығын құртатын көп мөлшердегі қалдықтар тастады. Тамақ іздеп, олар Жердің мәпелеп өсірген жануарларын аяусыз жайратты. Содан соң, алтын және басқа да қазба байлықтарды іздеп Жер - Ананың денесін ойып, үлкен шұңқырлар қазып, шөл мен шөлейттерді қалдырды. Бірақ бұл да аз болды, олар жарылыстар жасап, өздері сияқтылардың көздерін құрту үшін қуатты қаруларды сынақтан өткізіп, ол қаруларды бір-бірімен соғыстарда қолданды.

Ал Жер - Ана осының бәріне шыдады, ол адамдар естерін жияр, олар Ұлы сүйіспеншіліктің перзенттері екенін түсінер деп сенді. Осыдан кейін, ол өзін адамдардың естеріне саламын деп, табиғи апаттарын жасап, өз күшін көрсетті. Сонда да адамдар қорқатын емес, олардың құлақтары алтынның сыңғырынан керең болған, көздері сараңдықтан көрмей қалған, адамдықтың шырқау биігінен төмендеп, әрі қарай өмір сүруде.

Егер адамзат Жерге қайырымды болып, нағыз сүйіспеншілігін көрсете алмаса, ал адамға деген шынайы сенімін қайтара алмаса, Жер - Ана мен адамның махаббат дастаны, адамзат өркениетінің пайда болуы мен қалыптасу тарихы осылайша өкінішті аяқталуы мүмкін.

  1. Жер- Ананың бастапқы қалпы қандай болған?

  2. Жерді неліктен күллі тіршіліктің анасына теңейміз?

  3. Жер - Ана неге адамдарға ашуланды? Ол неден үміттенді?

  4. Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай құндылықты ашады деп ойлайсыңдар?

  5. Табиғатқа жасалған залал қиянатқа жата ма?

  6. Өзің табиғатқа қандай қамқорлық жасадың?

Түйін: Бізді қоршаған әлем үнемі өзгеріп отырады. Қазір мұхиттар тұңғиығы, ғаламшар қойнаулары , заңғар таулар мен Күн жүйесіндегі ғарыш кеңістігіне және т.б. қол жеткізу соншалықты қиын емес. Бәрі де өзгереді. Тек адам баласы ғана осыдан талай ғасыр, мыңдаған жылдар бұрын қандай болса, қазір де сол қалпында өзгеріссіз өмір сүруде: бұрын қалай сүйсе, бүгінде тап солай сүйеді, өз болмысының сырын солай іздеп табады, өзін-өзі, өзгелерді және айнала қоршаған әлемді де сол бұрынғыдай танып біледі. Адам қоршаған әлеммен үйлесімділікті түйсіне бастағанда ғана әлеммен «үндестікте» болады. Осындай үндесу, үйлесімге ие болған жан Отанға, Атамекенге деген құрметті сезініп, оның ата-анаға, жақындарына деген сүйіспеншілігі оянып, адамдармен және қоршаған ортамен қарым-қатынасында үлкен қуанышты басынан кешеді.

Бейнетаспа мен мәтін бойынша түйіндейді

5.Шығармашылық жұмыс:

1топ: Өздерің тұратын жерлердегі табиғат үйлесімділігі сақталмай, қамқорлықты қажет ететін жағдаяттарды шешудің жобасын жасап, жария етіңдер.

2топ: Цицеронның «Табиғаттан үйлесімді ештеңе жоқ, табиғаттан ретті ештеңе жоқ» деген ойын басшылыққа алып эссе жазыңдар.

3 топ: Кітаптағы 102 беттегі өнер туындысына қараңдар. Ондағы адам мен табиғат үндестігін тауып, салыстырып, әңгімелеп беріңдер.

Оқулық 102-105 бет

6. Топпен ән айту: «Атамекен»

Сөзі: Қадыр Мырза Әлінікі

Әні: Ескендір Хасанғалиевтікі

Музыка сүйемел-деуімен қосылып ән айтады.

7.Үй тапсырмасы: Байыт Қабанұлының «Даналық» мәтінін оқып, мазмұндап келу

Оқулық 102-104 бет

8.Соңғы тыныштық сәті:

Баяу әуен қойылады.

Мұғалім жәй дауыспен:

-Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы... Сабаққа қатысқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін, сау болыңдар!









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қоршаған әлеммен үндестік

Автор: Нурмухамбетова Роза Жумабаевна

Дата: 29.03.2018

Номер свидетельства: 464164

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(129) ""Адам-?лем  б?лшегі" та?ырыбында?ы 8  сынып?а  арнал?ан  ашы?  саба?  жоспары "
    ["seo_title"] => string(78) "adam-liem-bolshieghi-tak-yrybyndag-y-8-synypk-a-arnalg-an-ashyk-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "162173"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422332591"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства