kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?ыс?ы ойындар. Омонимдер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушылар?а ?ыс?ы ойындар туралы т?сінік беру, ?ыс?ы ойындарды? т?рлерін ??ындыру, ?ыс?ы ойындарды? пайдасын т?сіндіру. Омоним с?здер туралы жалпы т?сінік беру, омонимдерді ?атыстырып с?йлем ??рау?а ?йрету, де?гейлік тапсырмалардан омонимдерді табу. Жа?а с?здермен с?з тіркестерін ??рау, с?йлем ??рау, ?аза? тіліне т?н дыбыстар?а ауызша фонетикалы? талдау жасау. ?р т?рлі суреттер ар?ылы топ?а б?ліну. Топта топты? ж?мыстар, ж?пты? ж?мыстар. сергіту с?ті, ?н айту ж?мыстары ж?ргізілді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?ыс?ы ойындар. Омонимдер"»

Пән: қазақ тілі, 5 «Г» сынып

Күні: 21.01.2016 ж.

Тақырыбы:

«Қысқы ойындар» Омонимдер

Мақсаты

«Қысқы ойындар» туралы түсінік беру, омоним сөздерді өмірде қолдана білуге машықтандыру.

Күтілетін нәтиже

  • қысқы ойындар туралы түсінеді.

  • омоним сөздерді өмірде қолдана біледі.

  • қысқы ойындарды өмірмен байланыстыра біледі.

Керекті жабдықтар

оқулық, ресурс парақтары, жұмыс дәптері, ереже дәптері,топшамалар, маркер, АКТ интернет желісі, презентация , бағалау парақтары.

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе


Оқушылармен амандасу. Психологиялық дайындық.


Шаңғышылар мен конькишілердің суреттерін таңдап алу арқылы топқа бөлу:

І топ:

Шаңғышылар

ІІ топ:

Конькишілер


Топтағы оқушыларға бағалау парақтары беріледі.


Фонетикалық жаттығу

Ақ қыс

Аппақ - қыстың бояуы,

Аппақ - қыстың бораны.

Ақ көрпеге орайды,

Ақ қар байтақ даланы.

/С.Оспанов/

-Өлең жолдарынан қазақ тіліне тән дыбыстарды тауып талдау.

-Ақ, қыс антонимдер табу.


Үй тапсырмасын «Кубизм» әдісімен тексеремін.

Қыс туралы тақпақтарды

«Кубизм» әдісімен қыс тақырыбындағы өлеңдерді жатқа оқиды.

1.Сымбат түрін сақтайды, 5. Біздер бір топ баламыз,

Жолда, тауда тұрса да. Сырғанаққа барамыз.

Аязың да батпайды, Тік еңістен жіберсек,

Мынау жасыл шыршаға. Оқтай зулар шанамыз.


2.Сүйінші, балалар, 6. Жапалақтап қар жауғанда,

Ақ ұлпа жаңа қар. Көк аспаннан үлпілдеп,

Қаптады жерді. Алаңқай мен алаңдар да

Жығылып, тұрып, Жаңарады біртіндеп.

Қарменен ұрып,

Ойнар кез келді.

3.Безеніпті шырша да, 7. Жаңа жыл! Жаңа жыл!

Әр түрлі алқа таққандай, Жаңалық ізде сен.

Көз тартады ортада Жаңа ән, жаңа жыр

Ойыншықтар көп қандай! Жазып бер бізге сен!

4.Жапалақ қар көбелек 8.Өзгермейсің қыс келсе де,

Секілді бір қаптаған. Бояуыңды оңдырмайсың.

Ақ ұлпаңды себелеп, Аяз шымшып тістесе де.

Көңілденіп соқ боран. Бүршігіңді тоңдырмайсың.


Мұғаліммен амандасады.


Шеңберге жиналады,суреттерді алады.



Топтарға бөлінеді.





Өлеңді топпен оқиды. Қазақ тіліне тән дыбыстарды,антонимдарді табады.











Топ мүшелері кезекпен өлеңді жатқа айтады.






Смайликпен бағалау


Тұсаукесер


Жылдың төрт мезгілі бейнеленген слайд көрсетіледі.

- Бір жылда неше мезгіл бар?

- Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнайсыңдар?

- «Қысқы ойындар» видеосы көрсетіледі.

Сөздік жұмысы:

аязды- морозный

қарбөбек- снеговик

серуен- прогулка

шаңғы- лыжи

шана- санки

Қысқы ойындар

Қыс келді.Айнала ақ мамыққа оранған. Әсіресе қаңтар, ақпан айларында қар мол жауып, күн аязды болады. Қыс мезгілінде балалар далада ойнағанды ұнатады.

Қысқы ойындардың түрлері көп. Олар: шаңғы тебу, шана және конькимен сырғанау.
Бүгін ауа райы жаман емес, күн аязды. Далада қар жауып тұр. Соған қарамастан балалар далада ойнап жүр. Балалар шаңғы, коньки теуіп, бір-біріне қар лақтырысып жүр. Олар қарбөбек жасайды. Балалар күн ұзағына далада ойнайды.
Қыс мезгілінде далада ойнау, серуендеу балалардың
денсаулығына өте пайдалы.

Дыбысталуы, жазылуы, естілуі бірдей ,мағыналары басқа-басқа сөздерді омонимдер дейміз.

Мысалы: жаз- не?/зат есім/, жаз- не істейді? /етістік/, жүз /неше?/, жүз/ не істе?/.


Слайдта бейнеленген суреттерді айтады.

Жаңа сөздерді оқиды, қазақ тіліне тән дыбыстарды табады,сөз тіркестерін құрайды.


Мәтінді оқиды, омонимдерді табады.










Омонимдердің ережесін оқып, дәптерлеріне жазады.

Негізгі бөлім

Топтық тапсырма:

1 - топ тапсырмасы( әр топ мәтін бойынша сұрақ дайындап, келесі топқа сұрақтарын оқиды/

1.Не келді? /Қыс келді./

2. Айнала қандай мамыққа оранған? /Айнала ақ мамыққа оранған./

3. Қай айларда қар мол жауады? Қаңтар, ақпан айларында қар мол жауады.

4. Қандай қысқы ойындарды білесің? / Шаңғы тебу, шана және конькимен сырғанау/

5. Далада не жауып тұр.? Далада қар жауып тұр.

2 - топ тапсырмасы:

1.Балалар қайда ойнап жүр?/ Балалар далада ойнап жүр/

2.Балалар не жасады? / Балалар қарбөбек жасады./

3.Балалар күн ұзағына қайда ойнайды?/ Балалар күн ұзағына далада ойнайды.

4. Айнала қандай мамыққа оранған? /Айнала ақ мамыққа оранған./

5. Қай айларда қар мол жауады? Қаңтар, ақпан айларында қар мол жауады.

1 - топ тапсырмасы

«Кел, ойланайық» жұмбақ жасыру.

1.Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі тістеп алады. / Аяз/

2.Таудан түссем,тоқтауды білмейді,

Тауға қарай тартсам да жүрмейді. /Шана/

3. Табаныма байладым,

Қос таяқпен айдадым. /Шаңғы/

4. Аяқтарым қалтылдап,

Қос тай міндім жалтылдақ.

Шапса жұбын жазбайды,

Бір- бірінен озбайды. /Коньки/

5. Қырға сүйреп шығам,

Ойға мініп түсем. /Шана/

6. Жазда болмайды,

Қыста болады.

Терезеге қонады,

Әсем ою ояды. /Қырау/
2 - топ тапсырмасы:

1.Мамықтай ұлпа,

Қанттай ақ.

Қыста жер бетін басады,

Жазда сайға қашады. /қар/

2. Уілдейді ысқырып,

Қорқытады баланы. / Боран/

3. Қыста ғана болады,

Ұсатасаң қолың тоңады. /Қар/

4. Суға батпайды,

Отқа жанбайды. /Мұз/

5. Қыс айында, мұз айдынында,

Жүгірсе зыр етеді.

Бір адамды екеу ара

Көтеріп ап кетеді. /Коньки/

6. Қанаты жоқ –ұшады,

Аяғы жоқ- желеді,

Аузы жоқ- ұлиды. /Боран/

Сергіту сәті . /»Келді, міне, Жаңа жыл!» әнін билеп айту Авторы Б.Бейсенова/


Мәтінді оқып, топта талдайды.

Әр топ бес сұрақтан құрастырады. Бір оқушыдан тұрып, келесі топқа қояды.



Оқушылар сұрақтарды қояды, келесі топ жауап береді.



«Бағдаршам» арқылы бағалау.






































Саусақ арқылы


Орындарынан тұрып ән айтып билейді.

Қорытынды

Кестеде берілген сөздерден омоним, антоним, синонимдерді табу


Сөздер

Синоним

Омоним

Антоним

Күш,қуат

+



Қара-ақ



+

Биік-аласа



+

Арық-семіз



+

Қайғы,мұң

+



Тез,жылдам

+



Атқа міну, менің атым


+


Тақтаға қара, қара шаш


+


Мектепке бар,менде алма бар.


+


Өзен ақты,ақ көйлек


+



Бес жолды өлең «боран»

1 Зат есім..........................

2.Сын есім.......................

3. Етістік..........................

4.Сөйлем .........................

5.Синоним.......................




Сөздерді қатарына белгі қояды.





















Бес жолды өлең құрасырады


Смайлик арқылы

Үйге тапсырма

  1. Мәтінді түсініп оқу.

  2. Ереже жаттау

  3. «Көңілді қыс» тақырыбында эссе жазу.

Үй тапсырмасын күнделікке жазады.

Бағалау

Кері байланыс жазу

1.Бағалау парағына бағаланады.



Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін қағазға жазып береді.















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
"?ыс?ы ойындар. Омонимдер"

Автор: Атаева Рабига Мукановна

Дата: 24.03.2016

Номер свидетельства: 309462

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "?аза? тілі п?нінен ашы? саба? ?лгісі"
    ["seo_title"] => string(40) "k-azak-tili-p-ninien-ashyk-sabak-ulghisi"
    ["file_id"] => string(6) "309449"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458808518"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Та?ырыбы С?з ж?не оны? ма?ынасы"
    ["seo_title"] => string(28) "takyrybysozzhnieonynmagynasy"
    ["file_id"] => string(6) "321397"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461265567"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства