Сабақ кезеңдерi | Мұғалiмнiң iс-әрекетi | Оқушылардың iс-әрекетi |
1. Ұйымдастыру кезеңi. | Сәлемдесу, отырғызу, командаларды таныстыру | |
2.Тапсырмалар арқылы өткенді қайталау | Берліген үлкен сөзден бірнеше түрлі сөздерді құрастыру. ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛМАҒАНДЫҚТАРЫҢЫЗДАН Қант Аға Ана Қанағат Қағаз | Оқушылар топпен жұмыс жасайды. |
«Сандарды сөлету» - берілген сандармен сөйлемдерді құрастыру | Оқушылар тізбектеп сөйлемдерді құрастырады. |
«Құттықтау хат» - берілген ашық хат арқылы анаға, әкеге, мұғалімге, досына құттықтау хат құрастырып жазу | Оқушылар топпен жұмыс жасайды. |
Зссе жазу 1-ші топ – Казақстан туралы шағын эссе жазу, содан кейін автор орындығы арқылы оқып тексеру. 2-ші топ – Астана туралы шағын эссе жазу, содан кейін автор орындығы арқылы оқып тексеру. | Оқушылар топпен жұмыс жасайды. |
«Латын графикасы» - қазақ тілінде берілген сөздерді латын графикасы арқылы жазу. ТӘУЕЛСІЗ - táýelsiz ТАБИҒАТ -tabıǵat ӘНҰРАН - ánuran МӘДЕНИЕТ -mádenıet ТУҒАН ЖЕР - týǵan jer ӨЗЕН - ózen ЕЛТАҢБА - eltańba МАҚАЛ - maqal МЕМЛЕКЕТ - memleket ТУҒАН ЕЛ - týǵan el | Оқушылар топпен жұмыс жасайды. |
Ойын “Бұл не?” – суретте берілген ғимараттардың атауларын айту | Оқушылар жеке жауап береді. |
Сұрақ-жауап өткізу: - Сен қандай мемлекетте тұрасың? - Қазақстан қандай мемлекет? - Қазақстанның ел басшысы кім? - Қазақстанның астанасы қай қала? - Қазақстанның рәміздері қандай? - Сен Қазақстанның қай облысында тұрасың? | Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. |
«Мақалды құрастыру» - берілген сөздерден 3 мақалды құрастыру | Оқушылар топпен жұмыс жасайды. |
| Бес жолды өлең құрастыру (топпен жұмыс). 1-ші топ – “Қазақстан” сөзіне бес жолды өлең құрастыру 2-ші топ – “Отан” сөзіне бес жолды өлең құрастыру | Оқушылар бес жолды өлеңді құрастырып, тақтаға шығып оқып береді. |
3. Бағалау. | Смайликтер арқылы мұғалімнің сабағын бағалау. Мұғалім қорытындышығарып жеңімпаз команданы марапаттайды. | Оқушылар смайликтер арқылы сабақты бағалайды. |