Просмотр содержимого документа
«Г. ТАлгар средняя школа № 3имени Абая»
Сабақтың тақырыбы:Мектеп формасы
Сабақтың мақсаты:
1.білімділік: Мектеп формасының тарихы туралы мәлімет беру;
2.дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, ой-өрісін дамытып, тілді еркін меңгеру қабілеттерін арттыру;
3.тәрбиелік:Тазалыққа, ұқыптылыққа, мектеп формасын мақтаныш сезімімен киіп жүруге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, әңгімелеу, суретпен жұмыс, өздік жұмыс, рефлекция.
Күтілетін нәтиже: Мектеп формасының тарихы туралы толық ақпарат алады, сөйлеу тілін дамытады. Берілген тақырып бойынша тапсырмалар орындайды. Топтық жұмыс арқылы оқушылар арасында жақсы қарым-қатынас қалыптаса бастайды, белсенді жұмыс істеуге машықтанады.
Кеңес Одағы – Советский Союз алмалы-салмалы – съемный
уақыт өте келе – пройдя время
2. Мәтінді слайд арқылы оқу.
Қазақ жерінде ең алғашқы мектептердің оқушыларында мектеп формасы деген ұғым болмаған. Кеңестер Одағында, оның ішінде Ресей мемлекетінде 1918 жылы оқушының оқушы екендігін білдіретін арнайы мектеп формасы бекітілді.Уақыт өте келе мектеп оқушылары қоңыр түсті көйлектер мен фартук киіп, алмалы-салмалы жағалар тағып жүретін болған. Қыз балалар мереке күндері қоңыр түсті көйлек пен ақ фартук киіп, бастарына бантик байлаған.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін қыз балалар ақ жейде мен қара белдемшелер, ұл балалар ақ жейде мен қара шалбар киетін болды.
2006 жылдан бастап мектептер бірыңғай мектеп формасына көше бастады.
Басқа елдердің мектеп формасы туралы мәлімет (слайд).
3. Тапсырмаларды орындау.
1-тапсырма.
Мына сөз тіркестерін қолданып, сөйлемдер құрастырыңыздар.
Қара көк шалбар, ақ жейде, қара белдемше, көк костюм, әдемі көк көйлек
2-тапсырма.
Етістіктерді әр шақта жіктеңіздер
форма ки, фартук тақ
Мысалы: Мен форма кидім, фартук тақтым
Мен форма кигенмін,фартук таққанмын
Мен форма киемін,фартук тағамын
3- тапсырмаСөйлемдердегі бос орындарға жалғауларды қойып көшіріп жазыңыздар.
Мектеп... тек қара көк түсті киім... кию... рұқсат етілді. Біз... сынып оқушы...... заман... сай киім киеді. Мектеп... ішінде өзіндік қағидалар..... бар. Ер бала.... мерекелік күн..... ақ көйлек пен қара көк костюм ки..., ал қыз бала.... ақ жейде мен қара көк белдемше киеді.
V. Жаңа сабақты түсінгендерін тексеру
Cұрақ-жауап
Қазақ жерінде ең алғашқы мектептерде оқушыларда мектеп формасы болды ма?
Ресей мемлекетінде арнайы мектеп формасы нешінші жылы бекітілді?
Ресей мемлекетінде 1918 жылы мектеп оқушылары үшін не бекітілді?
Мектеп формалары қандай болды?
Қыз балалар қарапайым күндері қандай түсті фартук киген?
Мереке күндері қыз балалар қандай түсті фартук киген?
Жағалары қандай болған?
Қыздар шаштарына не байлаған?
Қыздардың көйлектерінің түстері қандай болған?
Қыздар қара фартукты қай күндері киген?
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін балалар мектепке қалай киінетін болған?
Ұл балалардың шалбары қандай түсті болған?
Мектептер бірыңғай мектеп формасына қай жылдан бастап көше бастады?
Балалар, мектеп формасы неліктен тиімді? (кластер бойынша жұмыс)
Басқа елдердің мектеп формасы туралы мәлімет (слайд).
Сергіту сәті.
VІ. Жаңа сабақты бекіту. 1.Тест тапсырмасы.
1. Қазақ жерінде ең алғашқы мектептердің оқушыларында қандай ұғым болмаған?
а) қамзол в) мектеп формасы с) шапан
2. Мектеп формасы қай жылы бекітілген?
а) 1918 ж. в) 1928 ж. с) 1919 ж.
3. 1918 жылы арнайы мектеп формасы қай мемлекетте бекітілген?
а) Белорус в) Ресей с) Қытай
4. Мектеп оқушылары көйлектерінің түсі қандай болған?
а) көк в) сары с) қоңыр
5. Оқушы көйлегінің жағасы қандай болған?
а) алмалы-салмалы в) үлкен с) жаға болмаған
6. Қыздар қарапайым күндері қандай фартук киген?
а) жасыл в) көгілдір с) қара
7. Қыз балалар ақ фартукты қай күндері киген?
а) қарапайым күндері в) мереке күндері с) демалыс күндері
VІІ. Сабақты қортындылау. «Алты ойшыл қалпақ» әдіс
VІІІ. Рефлекция
ІХ.Үй жұмысы
1. 3 тапсырма. Көп нүктенің орнына сөйлемдердегі сөздердің тиісті жалғауларын қойып жазыңдар.(152 бет)
2.Мектеп формасы туралы шағын әңгіме жазу, әңгімені мазмұндау