а) Білімділік: Толымды және толымсыз сөйлемдерден алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша,жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып,білімдерін бекіту.
ә) дамытушылқ: ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту; ой қорытып,нақты шешім жасауға үйретіп,өздеріне сенімдерін арттыру.
Сабақтың мақсаты:а) Білімділік: Толымды және толымсыз сөйлемдерден алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша,жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып,білімдерін бекіту.
ә) дамытушылқ: ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту; ой қорытып,нақты шешім жасауға үйретіп,өздеріне сенімдерін арттыру.
Атаулы сөйлемдер арқылы беріліп тұрған ойды басқа сөйлемнен былайша білдіруге болады:
Міне,дала көрінеді.Бұл – егін даласы.Бұл сөйлемдерде құбылыс аталмайды,баяндалады.
Іс-оқиғаның жайында баяндамай,тек соған байланысты жағдайы (мезгіл,мекен,т.б.) атап көрсететін жай сөйлемнің түрін атаулы сөйлем дейміз.
Атаулы сөйлем,негізінен,зат есімнен болады.Тоғай.Егін.Шалғын.Жабағыдай ұйысқан қалың көктен машинаның кейде жаны ғана көрінеді. (Ғ.Мұст.)
Құрамы жағынан атаулы сөйлем жеке бір сөзден де,екі немесе одан да көп сөздердің тіркесінен де бола береді.Бала күнім.Жер сіреу қар.Ызбарланып аспанның ажары бір кірмейді. (Ж.Айм.) Мағынасы жағынан атаулы сөйлем мезгілді,мекенді,жағдайы және басқа да әр түрлі заттың атын білдіреді.Қазан айы.Түнерген кеш.Баяу ескен қоңыр жел.Өлке бойындағы қалың тал мен әредік қамыс ақырын қозғалып сыбырлайды. (С.Сейф.)
Жаттығумен жұмыс: 85-жаттығу. Берілген сөйлемдерден атаулы сөйлемдерді табыңдар. 86-жаттығу.Мәтіннен ыңғайы келген сөйлемдерді атаулы сөйлем етіп жазыңдар. Атаулы сөйлемдерді бір сөзден, сөз тіркесінен, күрделі сөздерден жасаңдар.
Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге сатылай кешенді талдау жүргізеді.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Жақсыз сөйлем қандай жолдармен жасалады?
Жалаң және жайылма сөйлемдер қалай жасалады?
Толымды және толымсыз сөйлем қалай жасалады?
Атаулы сөйлем дегеніміз не?
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.