Тақырыбы: «Алтын қақпа»
Мақсаты: Оқушылардың жалпы пәндер бойынша білім – білік дағдыларын
пысықтау.
Дамыта оқытудың тиімді тәсілдерін пайдалана отырып
оқушылардың ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту. Түсіне оқу,
әңгімелеу, тілдік қорын, ауызша есептеуге, логикалық тапсырма-
ларды шеше білуге үйрету.
Кішіпейілдікке, зеректікке сабаққа деген қызығушылығын
аттыруға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап.
Көрнекілігі: суреттер, әртүрлі сұрақтар.
Өтілу барысы: І. Ұйымдастырут кезеңі.
«Көңіл ашар» - балаларға көңіл күйлерін көтеру үшін ойын ойнату. Ойын аты желінетін немесе желінбейтін заттарды айтқан кезде оқушылар қолдарын жоғары көтеру керек.
Мысалы: парта – көтермейміз.
Нан – көтереміз.
Стол –..
Алма-..
Осылай ойынды бірнеше рет қайталау.
ІІ.Негізгі кезең.1.Тақырыпты ашу.
Ал, балалар, олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Алтын қақпа» деп аталады. Алтын қақпамыз үш қақпадан және бір «Алтын сандықтан» тұрады екен. «Тас қақпа», «Күміс қақпа», « Алтын қақпа». Әр қақпаның өз тапсырмасы бар. Үш қақпаның тапсырмасына толық жауап берсек, алтын сандыққа жетеміз. Ал, алтын сандықт ың тапсырмасын орындасақ бүгінгі тәрбие сағатымызды қаншалықты меңгергенімізді байқаймыз.
2. «Тас қақпаның» тапсырмасы.
Ана тілі пәні бойынша сұрақтар:
- Қажымұқан кім болған?
а) балуан. ә) әнші. б) батыр.
2. Қазақша жыл аттарын ретімен айтып бер.
3. Дастарқаннан үзілмейтін тағам. (нан)
4. Түйе және жылқы сүті қалай аталады? (шұбат, қымыз)
5. Ат жарысы қалай аталады? (бәйге)
6. Балаларға арналған қандай жұбату әндерін білесіңдер?
а) Бесік жыры. ә) Достық әні. б) Отан.
7. Мақалды жалғастыр.
Тіл тас жарады,....(тас жармаса бас жарады).
- Жарайсыңдар, балалар.
2. Жеке жұмыс. Суретке қарап әңгіме құрату.
3. «Күміс қақпа»
Математика пәні бойынша сұрақтар:
- Үстел үстінде 5 каітап тұр еді. Самат 4- еуін апарып тастады. Үстел үстінде неше кітап қалды. (1 – еуі)
- Азайту амалын орындау. Апам базардан бізге 6 қалам әкелді. Оның біреуін Әсемге берді. Ал қалғанын қалтаға салып қойды. Сонда қанша қалам қалды?
- Үш сыныпта 62 оқушы бар. Бірінші сыныпта 25, үшінші сыныпта 15 бала, ал қалғандары екінші сыныпта оқиды. Екінші сыныпта неше бала оқиды? (22 бала).
- Жарайсыңдар, балалар, сендер өздеріңнің сабақты жақсы меңгергендеріңді көрсетіп отырсыңдар.
Міне балалар, Алтын қақпаға да сүрінбей жеттіңдер.
4. «Алтын қақпа»
Қазақ тілі пәні бойынша сұрақтар:
- Берілген сөздердің соңғы буынынан сөз құра.
Сірің – ке
Сө - ре
Ше – ге (кереге).
- Жұмбақты шеш.
Көкте күміс білезік. (ай).
Тоқылдатып таңдайды,
Уақыттан бір қалмайды (сағат).
Ал, балалар, біз үш қақпаның берілген тапсырмаларын дұрыс орындап, «Алтын сандыққа» да келіп жеттік. Алтын сандықты ашу үшін мына сұрақтарға жауап берейік.
- Қонақ деген кім? (Бұл арнайы шақыратын жора – жолдас, туыс – туған)
- Отбасын кімдер құрайды? (ата– әже, әке- ана, аға – әпке, іні– қарындас)
ІІІ. Қорытынды.
Балалар, «Алтын қақпа» ойынында барлық қақпа тапсырмаларын орындап, сабаққа жақсы қатыстыңдар. Ал енді осы «Алтын сандықты» өзімізге қалдырамыз. Сабақты бата тілекпен бекітеміз.
- Ел сүйетін бала борл,
Ер жеткенде дана бол.
Туып - өскен еліңнің,
Жел жағына пана бол!
Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды атап, мақтап, мадақтау.