«?азіргі заманда жастар?а а?паратты? технологиямен байланысты ?лемдік стандарт?а сай м?дделі жа?а білім беру ?те ?ажет» деп, Елбасы атап к?рсеткендей жас ?рпа??а білім беру жолында а?паратты? технологияны о?у ?рдісінде о?тайландыру мен тиімділігін арттыруды? ма?ызы зор.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
2. Кабинет тазалығын бақылау, білім алушылардың жеке бас гигиенасы талаптарын сақтауын қадағалау, бақылау.
3. Білім алушыларды түгендеу, оқу журналымен, баянатпен жұмыс.
ІІ. Сабақ мақсатын қою
Білім алушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдану.
Интерактивті құралдарды қолдану негізінде оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асыру.
Жан – жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру.
ІІІ. Білімді өзектендіру
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бір қатарда және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды.
ІV. Үй тапсырмасын сұрау
1. Дамыта оқыту технологиясы туралы түсінік.
2. Л.В.Занков жүйесі.
3. Дамыта оқыту мен дәстүрлі оқытудың салыстырмалы айырмашылықтары.
Жекелей сұрау (үйге берілген дәрісті 4-5 білім алушыдан сұрау). Фронтальды сұрау (бірнеше білім алушыдан).
1. Дамыта оқыту технологиясы дегеніміз?
2. Дамыта оқыту мен дәстүрлі оқытудың айырмашылықтары?
3. Бала дамуының жақын аймағы дегеніміз?
4. Занков жүйесінің басты міндеті?
5. «Даму» ұғымының анықтамасы?
V. Жаңа білімді хабарлау
Жоспар:
Ақпараттық-коммуникациялық технология ұғымы
Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану
[гипермәтінде]
VІ. Топтық жұмыс
Білім алушылар 5 топқа бөлініп, ақпараттық-коммуникациялық технологияларға постер жасайды.
Талдау сұрақтары:
Ақпараттық – коммуникациялық технологиясының тиімділігі неде деп ойлайсыңдар?
АКТ құралдары дегеніміз ?
АКТ - ға жататындар?
VII. Бірінші бекіту кезеңі
Ақпараттық–коммуникациялық оқыту технологиясының ерекшеліктері....
АКТ - ның негізгі мақсаты?
Ақпараттық – коммуникациялық технолгиялар құзыреттілігі?
Ақпараттық – коммуникациялық технологиясын оқу-тәрбие үрдісінде қолданудың мәні мен маңызы.
VIII. Шығармашылық жұмыс
Төрт сөйлем тәсілі
Білім алушылар өздерінің түсінік және жұмыс жасау деңгейлерін бағалау үшін мынадай тапсырма орындайды:
Пікір
Мәтін (лекция) бойынша туындаған өзіндік пікірін (негізгі идеясын) бір сөйлеммен келтіру керек.
Дәлел
Келтірілген өзіндік пікірді бір сөйлеммен дәлелдеп шығу керек. Дәлел дегеніміз ұстанған көзқарасты логикалық тұрғыдан дәйектеу, негіздеу.
Мысал
Енді келтірілген өзіндік пікірді тағы да бір негіздеп кету үшін бір сөйлеммен мысал келтіру қажет. Мысал өмірден, практикадан алынуы керек: ақпарат көздеріне немесе көп таралған пікірлерге сілтеме жасау, практикада орын алған үрдіс, басқа адамдардың пікірлері.
Қорытынды
Өзіндік пікірді тағы да бір рет пысықтап, қорытынды шешімді бір сөйлеммен келтіру керек.
IX. Екінші бекіту кезеңі
Сұрақтар:
1. АКТ-ны оқытуда пайдалану оқушыларда қандай өзгерістер қалыптасады
2. АКТ - мен жұмыс істеу барысында кездесетін кемшіліктер?
3. АКТ-ның ерекшеліктері?
4. Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда қандай дидактикалық мәселелерді шешуге көмектеседі?
X. Қорытындылау
Қорыта айтқанда, ақпараттық - коммуникациялық технологияларды сабақта қолдану - бұл оның нәтижелігіне қолайлы жағдайды жасаудың бірден – бір жолы, ал ол өз кезегінде бірлесе жұмыс жасауға, адами қарым – қатынастарға себепкер болады.
Оқытуға жаңашыл көзқарасты қолдану, тәжірибеге бағытталған оқытудың үлкен жетістігі болып табылады, сондай- ақ оның сапасы алынған білімнің нақты жағдайда мақсатқа жетумен қатар өмірдің сапасын көтеруде үлкен сұранысты қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша, оқу – тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.
XI. Бағалау
Білім алушылардың өткен тақырыптармен жаңа тақырыпты меңгеруі және қатысуы ескеріледі.
Баға қою әр бағаны талдау арқылы қою немесе өзіндік бағалай ұйымдастыру.
XII. Үй тапсырмасы
1. «Ақпараттық-коммуникациялық технология» тақырыбы бойынша дәріс жазып, мазмұндауға дайындалып келу.
2. «Ақпараттық-коммуникациялық технология» қосымша тапсырма(слайд, кесте, венн диаграммасы т.б).
XIII. Рефлексия
Білім алушылар өздерінің сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып, қабырға газетіне жапсырады.
Ақпараттық-коммуникациялық технология
Жоспар:
Ақпараттық-коммуникациялық технология ұғымы
Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану
1.Қазіргі білім берудің басты мақсаты - жан – жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Сондықтан заман талабына сай оқыту үрдісін жетілдіре отырып, қоғам сұранысына сай жеке тұлға қалыптастыру мәселесі бойынша оқушыларға ақпараттық - коммуникациялық технологияларды сабақта көптеп қолдану тиімділігі артып отыр.
Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар дегеніміз не ? «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты.
Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
«АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан - жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық - аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз.
АКТ - ға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары.
Бір сөзбен «Ақпараттық – коммуникативтік технологиялар (АКТ) – жеке тұлғаға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беретін маңызды жүйе» деп айтуға болады.
Ғалымдардың пікірінше АКТ - ны екі бөлікте сипаттайды:
1) Компьютерлік бағдарламалар;
2) Желілік қызмет.
АКТ - ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу.
2. АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады.
Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай - ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.
Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары: - Интерактивті тақта;
- Мультимедия;
- Интернет кеңістігі;
- Электронды оқулық.
Видео - сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады.
Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді.
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі :
Пән бойынша базалық білімді меңгеру;
Алған білімді жүйелеу;
Өзін — өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;
Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.
АКТ - ның көмегімен сабақты өткізудің бағыттары:
• Илюстративті көрнекіліктер мен плакаттар дайындау;
• Ақпараттық видеороликтерді құру және көрсету;
• Сабақты бекіту, білімді тексеру және түсіндіру;
• Рефераттар, баяндамалар дайындау және презентациялар құру;
• Кез - келген сабақтың түрін және семинар, ғылыми конференциялар өткізу;
• Зертханалық жұмысқа дайындық немесе виртуалды зертханалық жұмыс жасау;
• Сабаққа дайындалуға қажетті ақпараттарды интернет беттерінен іздеу;
• Қашықтықтан оқыту жүйесін пайдалану.
АКТ келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашуына тигізер пайдасы аса мол.
Ерекшеліктерін атап өтейік:
1. Ақпараттық - коммуникативтік технологиялар үш бағытта қарастырылады: оқыту объектісі, оқыту құралы және болашақ кәсіптік - педагогикалық әркетінің құралы
2. АКТ - ды оқыту үрдісінде қолдану оқу әрекетіндегі әрбір оқушының түрлі мақсаттарын, мотивтерін, қызығушылығын іске асыруға көмектеседі;
3. АКТ - лар оқу әрекетіндегі оқушылардың өзіндік іске асыруын, өзіндік ұйымдастыру қабілетін, белсенділік, шығармашылық үшін жаңа мүмкіндіктер беретін өнімді ақпараттық оқыту өрісін құруға көмектеседі.
Алайда мұндай ерекшеліктермен қатар АКТ - мен жұмыс істеу барысында кездесетін кемшіліктерді де атап өткен жөн. Оқушылардың компьютермен жұмыс істеуде уақытын шектемеуі, дәлірек айтқанда қауіпсіздік техникалық ережелерді сақтау керек. Сонымен бірге көп жағдайда компьютерлік желі сервистеріндегі адам тәртібінің ережелері сақтала бермейді, яғни желілік этикет ережесін сақтау керек. Осындай кемшіліктердің алдын алып, оқушылар ауқымды желіде өздеріне қажет ақпараттарды алып, өз білімдерін толықтырып, ауқымды желі мүмкіндіктерін тиімді пайдалануларына болады.
Талапқа сай, дұрыс қойылған жағдайда АКТ-ны оқытуда пайдалану оқушыларда мынадай өзгерістер қалыптасады:
Компьютерлік сауаттылығы жоғарылайды;
Өз мамандығына деген қызығушылықтары артады;
Шығармашылық шабыты шыңдалады;
Ғылыми көзқарасы қалыптасады;
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудағы психологиялық кедергілер жойылады;
Оқытудағы модернизациялауға деген ұмтылыс пайда болады;
Компьютермен, түрлі коммуникациялық жүйелер мен алғашқы танысу;
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жеке түрлерін терең, зерттеу, жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру;
Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды мамандықтарына байланысты қолдана білуді меңгерту.
«Ақпараттық – коммуникациялық технолгиялар құзыреттілігі» дегеніміз – оқушының ақпаратты таба білуі, сонымен бірге алынған ақпаратты өзекті, әлеуметтік және жеке мәселелерді шешуде қолдана білуімен анықталады. Бұл әрбір оқушыдан әуелі ойлау жүйесін қалыптастырып, мәселені шеше білу қабілетін қажет етеді.