kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Абайдың табиғат лирикасы" қазақ әдебиетінен ашық сабақ жоспары 10-сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Абайдың табиғат лирикасы" қазақ әдебиеті 10-сынып

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Абайдың табиғат лирикасы" қазақ әдебиетінен ашық сабақ жоспары 10-сынып»

10-сынып қазақ әдебиеті


Сабақ тақырыбы : Абайдың табиғат лирикасы

Сабақ мақсаты : ұлы ақынның табиғат туралы өлеңдерін жан-жақты талдау, теориялық білімдерін жетілдіру

Сабақ түрі : сайыс сабақ

Сабақ әдісі : сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, СКТ, СТО элементтері, топтық жұмыс

Сабақ көрнекілігі : көрме, слайд

Сабақ барысы : І.Ұйымдастыру

ІІ. Жаңа сабақ Кіріспе

Сабақтың айдары : «Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары»

Н.Назарбаев

І.«Шапан» Арасына мақта немесе жүн салынып,сыртын шұға,барқыт сияқты әдемі,мықты матамен қапталған жылы киім. «Поэзия» Әр топ мүшелері өлеңді мәнерлеп жатқа айтады сұрақтарға жауап береді.

1-топ. «Қыс» өлеңі. Сұрақтар:

а) Ақын қысты қалай суреттеген? ( ақ киімді, ақ сақалды алып денелі шалға теңейді. Қысты тойымсыз сұраншақ құдаға, мылқау, түсі суық кісіге, қайырымсыз қонаққа теңейді).

ә) Қыстағы адамның тіршілігі қалай бейнелеген? (Тынымсыз соққан боран, әуес көріп жүгірген балалар, қалың киінген малшы, аш қасқыр, көңілсіз ауыл )

2-топ. «Күз» өлеңі. Сұрақтар:

а) Өлеңде күздің қандай белгілері суреттелген? ( Аспанды бұлт торлаған, жерді дымқыл тұман басқан. Күліп ойнаған жастар да, шулаған балалар да көрінбейді. Жапырағынан айырылған ағаш көркі. )

ә) Өлеңде ауыл көркі қалай бейнеленген? ( Адамдар өз қамдарын жасап жатыр. Біреулер тері илеп жыртық киімдерін бүтіндесе, жас әйелдер енесіне шуда жіпті иіртіп, туырлық жасауда. Ауыл көңілсіз, ойын-күлкі жоқ. Ит те ауылда тұрмай, тышқан аулап дала кезген. )

3- топ. «Жазғытұры» өлеңі.Сұрақтар:

а) Ақын көктемді қалай бейнелеген? ( Жер беті масатыдай құлпырған, жыл құстары келген,қара тастан басқаның бәрі жадыраған, жылы күн лебі, қызыл арайлы күннің сары алтын шатырына кіргені)

ә) Көктемгі ауыл қандай ? ( Қырдағы елмен ойдағы елдің араласуы, жұмыртқа іздеген балалар, саудагерлердің келуі, кемпір-шалдың шуақ іздеу, диханшылардың егін егуі, қорада мал төлдеп шулауы )

ІІ.«Ішік».Сырты берік матадан, іші аң, мал терілерінен құрайды. «Теория» Өлеңдерге сатылай кешенді талдау жасау.

Тегі – лирика, табиғат лирикасы

Жанры – поэзия, өлең

Тақырыбы – табиғат

Идеясы – табиғат пен адам өмірінің үндестігі, қазақ ауылындағы табиғат

Құрылысы – 24 тармақ, 6 шумақты, 11 буынды қара өлең ұйқасы ( «Қыс» )

24 тармақ, 6 шумақ, 11 буын қара өлең ұйқасы ( «Күз» )

66 жол, 6-8 буынды шалыс ұйқас ( «Жазғытұры» )

Көркемдігі – Пейзаж – табиғат көрінісін суреттеу.

Кейіптеу – жансыз табмғатты жанды адам бейнесінде суреттеу.

Эпитет – заттың немесе құбылыстың айырықша сипатын суреттеу үшін қолданылатын бейнелі сөз.

Теңеу – бір зат не құбылысты екінші зат не құбылысқа ұқсату. Ол –тай,-тей,-дай,-дей,-ша,-ше жұрнақтары арқылы жасалады.

( өлеңдерден мысал айту ).

ІІІ.Тон.Қойдың терісінен тігілетін қыстық киім «Грамматика» Өлеңдерден есімдіктерді табу.

ІV.Кебенек. Малшылардың аязда,жауын-шашында киетін жұқа киізден тігілген сырт киімі.«Этнография»

Малма – тері илейтін ашытқы, иге салатын теріні асты-үстіне шығарып араластыруды малма сапсу дейді.

Шуда жіп – түйенің шудасынынан иірілген жіп

Шом, шомшы – түйенің беліне жүк батпас үшін салынатын жұмсақ нәрсе, шомшы – түйемен жүк тасушы адам

Күзеу – малшылардың күзде отыратын қонысы,жайылымы.

Алты қанат үй – киіз үйдің 6 керегелі түрі.

Шидем – қойдың жабағысынан тігіп, сыртын маталап қаптаған киім, кейде күпі деп атайды.

Ене – келіндер күйеуінің шешесін ене дейді.

Құда – қыз алысып, қыз беріскен кісілер

Күйеу мен қалыңдық – атастырылып қойылған жастар

Пұл – ақша.Бұл жерде : товар, жаңа өнім

Қанжыға – бір нәрсені байлау үшін ердің екі жақ қапталының арт жағынан тесіп өткізілген жіңішке қайыс

V.Күрте.Былғарыдан яки мақта салып матадан тігілген қыстық киім. «Құлақтан кіріп бойды алар». Әр топтан бір оқушы «Желсіз түнде жарық ай» әнін бірігіп орындайды.

VІ.Жақы.Құлыншақ жалын арқасына,екі иығына салып пішілген сырткиім.Ол жылылыққа да, сәндікке де киіледі. Оны ертеде ауқаттылар киетін болған. «Экология» . М.Шаханов пен О.Сүлейменов, Ә.Кекілбаев суреттері көрсетіліп сұрақтар қойылады.

Сұрақтар :

Бұлар кім? Олардың бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар? Бұл кісілердің табиғат қорғау жөніндегі қызметі қандай?

«Қазақтың ірілері, Абайдың інілері» деп Кәкімбек ақын жырлаған бұл кісілердің табиғатты қорғау жөніндегі қызметтері ерекше. О.Сүлейменов – ақын, 1991 жылы Семйдегі ядролық полгионды жаптырса,М.Шаханов Желтоқсан көтерілісіне әділ баға беруімен бірге, Арал суының тартылуы мен зардаптарын әлемдік деңгейде көтеріп, сол қоғамдық комитетті басқарды. Ал, жерлес жазушы Әбіш атамызды туған жер тағдыры ешқашан бей-жай қалдырған емес. Сайыс соңын Ә.Кекілбаевтың мына өлең жолдарымен қорытсақ:

Өстім қырда, қиырда,

Естімей орман шуылын.

Жүзімді қақтап құйынға,

Селеудің тыңдап суылын.

Жүресің, ылғи есімде,

Өзіңнен жүрек босамай.

Құлын боп ойнап төсіңде,

Боздармын шетте ботадай.

Ия, туған жер табиғатын аялап, саф күйінде сақтайық.

ІІІ. Бағалау. Топтар өзара бағалайды, бағалау парақшалары саналады. Инсерт парақшалары толтырылады.

ІV. Үй тапсырмасы. «Табиғат – менің өз үйім» ойтолғау.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
"Абайдың табиғат лирикасы" қазақ әдебиетінен ашық сабақ жоспары 10-сынып

Автор: Избергенова Амангул Шыгырбаевна

Дата: 31.12.2016

Номер свидетельства: 374774

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Абай ??нанбаев ?ыс ?ле?і саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(36) "abaikunanbaievkysolienisabakzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "309948"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458897103"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства