Просмотр содержимого документа
«Жаңа бағдарламаға көзқарасым.»
Менің жаңа білім бағдарламасына өз көзқарасым
Қазіргі жаңа үштілдік білім беру бағдарламасына әркімнің өз ойлары өз көзқарастары бар. Жаңа бағытта білім беру оқушылардың тұлға боп қалыптасуына өз септігін тигізетініне сенімім мол. Жаңа бағдарламамен білім беру оқушылардың таланттылық пен дарындылықты анықтауды да, сыни ойлауды да және критерий бойынша бағалауды, яғни формативті, жиынтық бағалай білуді бағалауда мұғалімге тәуелді болмайтынын, бағалау көз алдында болатынын біледі . Топтасып жұмыс жасауда ойларын еркін айта алуын ұғады.Жаңа бағдарламаға сай тапсырманы қызықты етіп берсе, оқушылар қажеттілігін алуға тиімді бағдарлама екенін ұғындым. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан – жақты сауатты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.Кез – келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді.
Жаңа Бағдарламамен оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерінің тиімділігі:
Бір – бірінің пікірін тыңдайды, ынтымақты қарым – қатынастың негізі қаланады.
Өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға, бір – біріне құрметпен қарауға ұмтылады.
Өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға, бірін – бірі бағалауға, мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастырады.
Достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектеседі.
Белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланады.
Балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады. Осы жаңа әдіс – тәсілдерді пайдалану арқылы оқушыларды шынайылыққа, өзіне деген сенімділікке тәрбиелейміз. Біздің болашақ – жастарымыз, сондықтан олардың жақсы оқып білім алуына бар күш – жігерімізді жұмсауымыз керек. Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады. ХХІ ғасыр-жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Өскелең елдің айбынды болашағы үшін – ең әуелі сапалы білім қажет. Жаңа бағдарлама бойынша жаңаша көзқарас қалыптасып, білім деңгейі биікке көтеріліп келеді.Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен-күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді. Мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берілген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.Заманауи қоғамның зиялы азаматына білім беру- сана әлеуеті жоғары дамыған, сын тұрғысынан және жаңашыл ойлай білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адамды тәрбиелеу. Білім беру бағдарламасында тәрбие мен оқыту ажырамас байланыста болады. «Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», - деген екен Қытайдың дана ойшылы Конфуций. Сол секілді жаңа бағдарлама оқушыларды білімді азама етіп,еліміздің болашағын зор етуге өз септігін тигізеді деп ойлаймын.Алайда қандай істі де жаңадан бастау оңайға соқпайды.Сондықтан жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, барлық ұстаздар көмекке қол созып,бір-бірімізді демеп отырсақ асу-асу таудан өтеріміз анық.