І. Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру, оқу-құралдарының болуын қадағалау. Зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. 1) VB тілі графикалық файлдарды қолданудың неше тәсілін ұсынады?
2) Пішінге шеңбер, доға, тіктөртбұрыш салу үшін қандай объектіні қолданамыз?
3) Line нысаны не үшін қолданылады?
4) Нүкте салуға мүмкіндік беретін қандай әдіс?
5) Scaleәдісінің қызметі қандай?
ІІІ. Анимация деген сөзді естігенде, ойымызға, көз алдымызға не келеді?
(Қозғалыс, өзгеру, айналу). Жалпы, анимация термині – латынның “anima” жан сөзінен шыққан, яғни жандану, тірілу деген мағынаны білдіреді.
Анимация – суреттердің қозғалысы немесе өзгеруі. Анимацияны құрудың екі жолы бар: бірінші дайын суретті қолдану арқылы суреттер жасау, бұл классикалық әдіс деп аталады. Классикалық әдіс “gif”арқылы жасалады. Екінші жолы компьютерлік ойындарды жасағанда кадрлық анимациялар ұсынылады, мұнда кадрлар экранның кез-келген жерінен шығу жолымен іске асады.
Анимацияны уақытпен және уақытсыз қолдану тәсілдері бар:
1. Уақытсыз қолдану.
1) Жаңа суреттің орналасу координатасын анықтау
2) Жаңа сурет салу
3) Уақытты бос цикл арқылы орындау
4) 1-ші пунтке өту
2. Уақытты пайдалану
Ол үшін Timerнысаны және Moveәдісі қолданылады. Егер растрлық сурет болса, онда Paint Picture әдісі қолданылады.
Форманың оң жақ төменгі бөлігіне кірістірілген шағын Picture1 объектісіне сурет орнатып, оны автоматты түрде жоғары қарай көлденең «жылжыту» керек.Қосымшаны іске қосып, форманы барынша кеңейту.
Оның оң жақ төменгі бөлігіне Picture1 объектісін, келесі бөлігіне Timer1 объектісін орнату.
1. Форманың оң жақ төменгі бөлігіне Picture1 және Timer1 нысанын орнатыңыз.
2. Picture1 компонентін ерекшелеп, Picture қасиетінде суреттің орнын көрсетіңіз. Жұмыс үстеліндегі «ТУ.jpeg»
3. Picture1 арқылы код терезесіне өтіп программалау.
Timer1 нысаны арқылы өтіп программалаңыз.
Жұмыс нәтижелерін экраннан көрсетіп, үздік жұмыстар марапатталады.
Көз жаттығуларынжасату.
V.Теориялық білімін тексеру. Net Controlбағдарламасы арқылы тесторындату.Нәтижесінкөрсетіп, марапаттау.
VІ. Сабақты бекіту: Рефлексия. Жаңа ақпаратты жүйелеу және жинақтау, баға беру, оқу материалына өзіндік көзқарасын қалыптастыру мақсатында
«анимация» сөзіне бес жол өлең жазу:
1-ші жол –тақырыптың атауы (зат есім)
2-ші жол – тақырыпты сипаттайтын екі сөз (Сын есім)
3-ші жол – тақырып туралы қимылды білдір үш сөз (етістік)
4-ші жол – тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын синоним сөз
5-ші жол – бір сөз тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз
Синкуейнді дәптерге жазады. Мысалы:
Анимация
Әсерлі,көркем
Құру, бейнелеу, қозғалту
Анимация бейнені қозғалтып, өзгертеді
Қозғалыс
VІІ. Бағалау. Оқушылардың сұрақтарға жауап беруі, тәжірибелік жұмыс нәтижесі және тест тапсырмаларының нәтижесін қорытындылап бағалау.
VIII. Үйге тапсырма: §21 Анимация. Тақырыпты оқу, тәжірибелік жұмыстың екінші тапсырмасын орындау.