kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Тәрбие және білім" кіші бағдарламасы атты "Бірге оқиық" жобасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында "Тәрбие және білім" кіші бағдарламасы әзірленді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Тәрбие және білім" кіші бағдарламасы атты "Бірге оқиық" жобасы»

«Бірге оқимыз» жобасы.

Тақырыбы: «Тәрбие және кіші білім» бағдарламасы.

Мақсаты: Рухани жаңғыру бағдарламасын еске түсіру. Тәрбие мен кіші білімнің жобаларын талқылау дағдыларын жетілдіру.

Барысы:

Психологиялық ахуал.

«Гүл сыйлау» шаттық шеңбері.

Мұғалімдер шеңберге тұрады. Қолдарындағы гүлді бір бірлеріне беру арқылы тілек айтады. Сонымен қатар сандықшаның ішіндегі гүл күлтешелерін таңдап, сол түске байланысты топтарға бқлінеді.

Кіріспе.

Жобаның тақырыбын ашу.

«Сиқырлы шеңбер» әдісі.

Сандардың ретін қою арқылы сабақтың тақырыбын ашады.

Рухани жаңғыру.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев жыл сайын өз жолдауында Қазақстан халқына бірқатар стратегиялық тапсырмаларды анықтап беріп отырады. Солардың бірі 2017 жылдың қаңтар айында жрық көрген Елбасының «Болашаққа баңдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын атап өтуге болады.

Әрбір оқу жылы біздің елімізде белгілі бір жаңалықтарды енгізеді, бұл қазақстандық білім берудегі елеу­лі өзгерістерге ықпал етеді. Білім мазмұнын жаңартуда оның функционалдық рөлі арта түседі. Бүгін білім беру саласының барлық мәселелері мен мақсаттары «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырумен байланысты. 

Қоғамдық сананы жаңғыртудың бағыттары тәрбиелеудің түпкі мақсатын бағалаудың инновациялық критерийлері жүйесін қолданудың, тәрбие кеңестігін ғылыми ұйымдастырудың серпінін көрсетеді. Дәл осы тәрбиелік іс-шара мектеп оқушыларына тек педагогикалық қана емес, сонымен бірге, әлеуметтік фактор ретінде әсер етеді, өйткені, олардың өзара әрекеттесуін, жас ерекшеліктері мен шығармашылық әлеуетін ескерумен шынайы мәнді процестердің қосылуын арттыра түседі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының базалық бағыттары жүзеге асырылады. Бәсекелес тұлғаны – елді сүйетін оның өркендеуіне еңбек ететін, туған ауыл мектебіне көмек көрсететін азаматты қалыптастыру үшін қауымға өз қызметін бағыттау қажет. Сонда ғана қоғамның сана-сезімі жаңалыққа бет бұрады.

Егер осыған дейін білім саласында басты мақсат оқушыға нақты білім, ғылым негіздерін оқыту болса, қазір елжандылыққа, адамгершілігі рухани жағынан қалыптасқан, құзыретті жеке тұлға, рухы биік патриот етіп тәрбиелеу басты мәселе екенін естен шығармауымыз қажет.

Өмірдің саяси, әлеуметтік және экономикалық салаларын дамыту қоғамдық сананы түрлендіруі арқылы жүреді. Қоғамдық сананы түрлендіру Қазақстан халқының салт-дәстүрін жоғалтпастан жаһандық қауіп-қатерлерге жауап беретін жобаларды іске асыруды талап етеді. Олардың негізгі шарттардың бірі мәдениетін және ұлттық мәдени-генетикалық кодын сақтау болып табылады. Халықтың ұлттық коды туған жеріне, оның мәдениетіне, әдет-ғұрыптарына, дәстүрлеріне ерекше көзқарас арқылы қалыптасады.  Патриоттық сезім өзінің жеріне,кішкентай Отанына деген сүйіспеншілігінен басталады.Кішентай Отанынан үлен отанына –өз туған жеріне махаббат басталады. Кіші бағдарламаның түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу үшін бірнеше негізг жобалар жүзеге асырылады. Ол жобаларды барлығымыз білеміз. Оларды қазір жұмыс жасау барысында талқылайтын боламыз.

Рухани жаңғыру аясында «Туған жер» жобасының 4 кіші бағдарламалары бар: Олар: «Тәрбие және білім», «Рухани қазына», «Атамекен», «Ақпарат толқыны» деп аталады. Бүгін біз «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасына тоқталамыз. Осы кіші бағдарламаның негізгі жобалары бар. ....

«Тәрбие және білім» - жан­-жақты әрі үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу деп қарастыру қажет деп ойлаймын.

Кіші бағдарлама мақсаты:

Бәсекеге қабілетті, прагматикалық, мықты, жауапты, шығармашыл Тұлға-Біртұтас ұлттың жетістік іргетасы болып білімге деген табынушылық  табылады.


Негізгі жобалар іске асырылады: 1) «Өлкетану»; 2) «Отаным – тағдырым»; 3) «Саналы Азамат».

Топтық жұмыс.

«Ребус шешу» арқылы топ өзіне берілген жобаның атауын ашады. Аудиторияға жариялайды.

«Пазл» әдісі арқылы 3 топ жобалар бойынша постер құрастырады және қорғайды.

Қорытындылай келе, тәрбие мен білім кіші бағдарламасының 3 негізгі жобасы пазл арқылы бір сурет болып құрастырылады.

«Өлкетану» базалық жоба.

Өлкетану білімін оқыту оқушылардың рухани-құндылық және тәжірибелік бағдарлануына ықпал етеді және оқу пәндері,тәртіп ,сондай-ақ сыныптан тыс факультативтік сабақтар мен үйірме жұмыстары  арқылы жүзеге асырылады.

Базалық жобаның негізгі міндеттері:

1) білім беру ұйымдарында өлкетану білімін оқыту үшін жағдай жасау;

2) өлкетану білімінің және өлкетану бойынша өткізілетін іс-шаралар мазмұнының сапасын арттыру;

3) оқушылардың өлкетану жұмысында кәсіптік бағдарл беруге мүмкіндіктерін пайдалану.

Нәтижелер көрсеткіштері:

1) мұражайлар, мәдениет ұйымдары және басқа да тарихи нысандар негізінде «Тарих», «География» және «Әдебиет» пәндері бойынша жылына 2 сағат көлемінде  өлкетану сабақтарын ұйымдастыратын жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының саны (мектептен тыс);

2) білім беру ұйымдарында  өлкетану  үйірмелері мен  клубтардың саны;

3) әртүрлі  өлкетану   жобаларын  іске  асыруға  қатысатын оқушылар  саны.

«Отаным – тағдырым» базалық жоба.

«Отаным-тағдырым»  базалық  жоба  азаматтардың  патриоттық  сезімін дамытуға, жастардың ең маңызды рухани-адамгершілік және әлеуметтік құндылықтарына, қоғамның түрлі салаларында белсенді түрде көрінуіне кәсіби жағымды қасиеттер мен дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді.

Базалық жобаның негізгі міндеттері:

1) тәрбие берудің рөлін күшейту, білім беру жүйесінің барлық деңгейінде білім беру мен тәрбиенің үздіксіздігін және сабақтастығын қамтамасыз ету;

2) мінездің оң модельдерін қалыптастыру және жастар арасындағы заманауи кейіпкердің бейнесін қалыптастыру; мемлекеттің мемлекеттік рәміздерін, мемлекеттік қызметті, мемлекеттік мерекелерді насихаттау.

Нәтижелер көрсеткіштері:

1)  патриоттық бағыттағы іс-шаралардың саны;

2)  патриоттық  бағыттағы  іс-шараларды  қамтыған балалар мен жастар саны;

3) патриоттық тәрбие бойынша бейнематериалдар саны;

4) балалар мен жастар оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруіне қатысқан оқушылардың саны.

«Саналы Азамат» базалық жоба.

«Саналы Азамат» базалық жоба кәсіптік бағдар беруді қолдау, кәсіптік қызметті таңдау еркіндігі жағдайында оқушылар арасында кәсіби өзін-өзі анықтауды дамыту, олардың мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне және еңбек нарығының даму талаптары мен перспективаларына сәйкес.

Базалық жобаның негізгі міндеттері:

1) болашақ мамандықты таңдаған кезде оқушыларға  кәсіптік бағдар беру;

2) еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, кәсіби өзін-өзі анықтау үшін жағдай жасау;

3) еңбек нарығында кәсіптік  пен мамандықтарға сұраныс және кәсіби білім алу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру;

4) таңдаған мамандық арқылы оқушылардың  кәсіби жарамдылығын анықтау.

Нәтижелер көрсеткіштері:

1) кәсіптік бағдар беру бойынша  іс-шараларды  қамтыған  оқушылар саны;

2) мектептен тыс ұйымдарының базаларында, ТиПО ұйымдары және университеттер, мәдени және спорттық ұйымдар, өнеркәсіптік, ауылшаруашылық және басқа кәсіпорындар негізінде өткізілетін біріктірілген сабақтардың  саны;

3) білім беру, мәдениет және спорт саласында қосымша білім алған оқушылар саны;

4) оқушылар арасында кәсіптік бағдар беруді ұйымдастыру бойынша әзірленген бейнематериалдар саны.

Сергіту сәті. Тәлімалушы Б.М.Сердалинаға сөз кезегі беріледі.

Кері байланыс

«СМС» әдісі арқылы бүгінгі сабаққа мұғалімдер өз кері байланыстарын жасайды.












Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№2 орта мектебі» КММ





«Бірге оқиық» жобасы

Тақырыбы:

«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы.



Әзірлеген: Уристимбаева Л.М.







2018-2019 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Тәрбие және білім" кіші бағдарламасы атты "Бірге оқиық" жобасы

Автор: Уристимбаева Лиана Маратовна

Дата: 15.02.2019

Номер свидетельства: 499835

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "?аза? ?дебиеті. Алаш арда?тылары. "
    ["seo_title"] => string(35) "k-azak-diebiieti-alash-ardak-tylary"
    ["file_id"] => string(6) "227139"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1440609440"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства