kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Студенттердің белсенділігін грамматикалық ойындар арқылы арттыру.

Нажмите, чтобы узнать подробности

          Колледжге келген оқушылардың ақыл-ой қабілеті бағдарламадағы берілген материалдарды ұғуға бірдей емес. Студенттердің кейбіреулері оқытушының түсіндірген сабағын тез ұғады, кейбіреулері керісінше. Кейде үлгере алмайтын студентер де кездесі. Сондықтан барлық студентті білімге бірдей жетелеу үшін,сабақты меңгертіп, тілін, ой ұшкырлығын дамыту үшін, өзіндік пікір айтуға бейімдеп және еркін шығармашылыққа үйреті үшін сабақ процесін ширықтыратын әдістің бірі-грамматикалық ойындар арқылы сабақта студенттер әр түрлі сұрақтарға жауап беру жолдарын қарастырады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Студенттердің белсенділігін грамматикалық ойындар арқылы арттыру.»

Жакиянова А.К.

Павлодар техника-экономикалық колледжінің оқытушысы



Студенттердің белсенділігін грамматикалық ойындар арқылы арттыру.

Колледжге келген оқушылардың ақыл-ой қабілеті бағдарламадағы берілген материалдарды ұғуға бірдей емес. Студенттердің кейбіреулері оқытушының түсіндірген сабағын тез ұғады, кейбіреулері керісінше. Кейде үлгере алмайтын студентер де кездесі. Сондықтан барлық студентті білімге бірдей жетелеу үшін,сабақты меңгертіп, тілін, ой ұшкырлығын дамыту үшін, өзіндік пікір айтуға бейімдеп және еркін шығармашылыққа үйреті үшін сабақ процесін ширықтыратын әдістің бірі-грамматикалық ойындар арқылы сабақта студенттер әр түрлі сұрақтарға жауап беру жолдарын қарастырады. Ойын сабақтары студенттердін логикалық ойлау қабілетін дамытады, оқуға құлшынысын, қызығушылығын арттырады. Қызықты тапсырмасы бар ойынға студент бар ынтасымен беріліп, оны білуге,меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды.

Оқытушы, әсіресе тілді меңгертуші сабақта грамматикалық ойын түрлерін жиі пайдалануы тиіс.Сабақта студенттердің алған білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету, олардың іздемпаздығын арттыру, ой-өрісін қеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, оқуға белсенділгін арттыру мақсаты көзделуі тиіс.

Қазақ тілінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салаларын оқытқанда, тақырыпқа орай әр түрлі әдіс-тәсілдермен, шеберлікпен грамматикалық ойындарды еңгізуге болады.

«Дыбыс таңдау» ойыны

1.Ойынның шарты: Құралбайдың құраған сөйлемдері мынадай:

Қойдан қалып қойған қара қозыны Қосай кораға қамап қойды (ал сен осындай сөйлем жаза аласың ба?)

2.Бірдей дыбыстардан басталатын жұмбақтар немесе жаңылтпаштар жазу. Мысалы: Ти десем тимейді, Тиме десем тиеді (Жұмбақтың шешуіне фонетикалық талдау жасаңдар).





«Сөзтізбе» ойыны.

Шарты: әр сөздің соңғы дыбысынан басталатын сөздер тізбегін жасау. Мысалы: Көйлек-кеме-емес-… (бұл ойын кімде-кім белгілі бір уақыт ішінде (5мин) 20 cөз жазып шықса, сол жеңімпаз саналады.)

«Адасқан әріптер» ойыны
Дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жаса.
1. р, о, б.
2. а, ш, а, ғ.
3. т, р, е, м, е.

Фонетика саласы бойынша «Кім жылдам?» ойыны

1.А әрпінен басталатын қалалардың аттарын жазу.

Мысалы: Алматы, Астана, Ақмола,… (Ол қалалардың қай жерде орналасқанын картадан көрсетіп, қала туралы не білетінін сұрау)

2.Тек қана а,е ,ы ,і дауысты дыбыстар кездесетін сөздер ойлап жазу.

Мысалы: Шағала, тамара, тамаша,… Ыдыс, Ыдырыс, ыстық,…

Ілгіш, ірімшік,т іршілік…

3. Қай жағынан оқыса да, мағысаны өзгермейтін сөздер ойлап жазу. Мысалы: Азиза, нан, қырық, қазақ. Онға қарай оқыса да, солға қарай оқыса да, мағынасы бар сөздер жазу: Нарық - қыран, кал - лақ, ескек - кексе,…

«Әліпби тәртібі» ойыны
Топтағы студенттердің есімдерін әліпби арқылы жазып шығу.
«Әріптерді қосып оқу» ойыны.
Төмендегі дауыссыз дыбыстар мен даусты дыбыстарды ретіне қарай қосып оқыса, жұмбақ шығады. Ол қандай жұмбақ шығады. Ол қандай жұмбақ?
Шешуі не?
с, н, м, з, қ, н, ш, а, ы, ы, а, а,
б, л, м, н, к, з, і, е, і
т, н, м, н, к, з, ү, і, е, ө
л, м, й, м, з і, е, і

«Жаңылдырсан да, жаңылмаймын» ойыны
Бастаушы төмендегідей жаңылдарғыш сұрақтар жазылған плакатты тақтаға іледі де:
Кім жаңылмай жауап берер екен? – деп ойынға қатысушыларға қарайды. Жаңылмай жауап беруге бекінген бала: - Жаңылдырсаң да жаңылмаймын, - деп тақта алдына шығады да, жауап береді.
Жаңылдыратын сұрақтар:
1. Қолда буын көп пе, аяқта буын көп пе?
2. Сөз құрамында дыбыс көп бола ма, буын көп бола ма?
3. Шалға қарағанда балада не көп?
4. Қай буында дыбыс көп болады? Ашықта ма, тұйықта ма, бітеуде ме?
5. Ант пен қант, оқ пен тоқ, ұрт пен мұрт, ерт пен серт деген жұп сөздерде 2 ұқсастық және 2 айырмашылык бар екен. Соны тауып дәлелдеу керек.
6. Бота мен қозы ұқсас екен дейді кейбір балалар. Олар қалай ұқсас бола алады?
Лексика саласы бойынша: «Жалғасын тап!» ойыны
Тақтаға белгілі мақалдардан екіден сөздер жазылады. Олардың қалған сөздерін окушылар тауып, қосып айтулары тиіс.
1. Ұяда....
Ұшқанда....
2. Көп....
Терең....
3. Ата көрген...
Ана көрген....

«Кім білгір?» ойыны
Тақтаға заттардың, жан-жануарлардың суреттері ілінеді. Суретке байланысты айтылған мақал-мәтелдерді кім біледі?

«Кім тапқыр?» ойыны
Ішінде антоним сөздері бар мақал-мәтелдер тауап жазу.
1. Үйдің ...- ...қыс түскенде білерсің.
Кімнің .... - ... іс түскенде білерсің.
2. Ашу-..., ақыл-.....
3. Ақылдан жақын .... жоқ.
Ашудан жаман .... жоқ.

«Жылдам жауап» ойыны
Студенттерге әзіл аралас сұрақтар беріледі. Сұраққа толық тұрақты сөз тіркестерімен және мақал-мәтелдермен дұрыс әрі жылдам-жылдам жауап берулері керек.
Әзіл аралас сұрақтар:
1. Қар жана ма?
2. Келіннің сөзі қандай, баланың сөзі қандай?
3. Көрдім деген неше сөз, көрмедім деген неше сөз?
4. Бір қазанға сыймайтын қандай бастар?

«Кім дұрыс пайдалана алады?» ойыны
Плакатқа жазылған тұрақты тіркестерді тақтаға іледі. Ойынға қатысушылар оларды қатыстырып, әрқайсысына бір сөйлемнен ойлап жазулары керек. Тұрақты сөз тіркестерін дұрыс пайдаланып, сөйлем құрай білген балалар жеңіске ие болады.

«Кім жылдам?» ойыны
Мынадай сөздердің қайталануымен аяқталған мақал-мәтелдерді кім тауып айта алады? Мақалдың мәнін түсіндіріңдер.
1. …………….шығады,
……………..шығады.
2. …………….ортақ,
……………..ортақ.

«Кім тез табар?» ойыны
Әріптерді жүйелі қолдансаң, бір мақал шығады. Студент мақалдың мағынасын түсіндіруі тиіс.


ұ

н

ы

д

а

й

а

ұ

т

қ

д

с

а

ы

м



«Мені түсін» ойыны
Қағазға бір мақал жазылады. Оны ойынға қатысушы бір студент оқып, мағынасына қатысты басқа мақал жазады да, алғашқы мақалды көрсетпей қағазын бүктеп, келесі ойыншыға өзінің жазған мақалын оқытады. Ол сол мақалдың мағынасына қатысты мақал жазады да, келесі ойыншыға береді. Ойын осылай жалғаса береді. Ең соңында ойын жүргізуші қағаздағы мақалдың басынан бастап тізіп оқиды. Сонда мақалдардың мағынасы бір-біріне сай болса, сол топ жеңіскер атанады.

«Саяхат» ойыны
Төмендегі тірек сөздерді қатыстырып, әңгіме жазулары керек. Жексенбі күні, көктем, саяхат, ауыл сырты, қандай көркем, көкпеңбек, масатыдай құлпырды, түрлі-түсті гүлдер, таза ауа, гүл теру, үйге оралу.

«Кім кідірмей айта алады?» ойыны
Жан-жануарлар мен хайуанаттардың, төрт түлік мал төлдерінің аттарын білетіндерін сұрау.
Мысалы : Ешкі баласы- лақ.
Морфология саласы бойынша:
Қос сөздер қай сөз табына жататынын айтулары керек. Оларды қатыстырып сөйлем құрулары керек.
Өзінен-өзің, мең-зең, жиған-терген, телегей-теңіз.

«Ойлан, тап!» ойыны
1. Біріккен сөздердің барлығы екі сөздең бірігіп жасалған адам, жер-су аттарын ойлап табу.
2. Біріккен сөздің бірінші түбірі тағам сөзімен синонимдес, екінші түбірі – тағам пісіретін ыдыс аты. Ол қай сөз?
3. Бір сөз сын есім мен зат есімнен бірігіп келіп, бір аңның атын білдіреді. Ол қай сөз?
4.Республикамыздағы қандай қала, өзен аттары біріккен сөз түрінде айталады?

«Білсеңдер, айтындар!» ойыны
1. а) Қара, қызыл. ә)Түкті, түксіз. б) Басты, мүйізді, кеуделі, санды, қанатты, ізді деген сын есімдер қай жұмбақтарда кездеседі?
2. а) Бейнетсіз.
ә) Семіздің, семіз.
б) Тату деген сын есім қай мақалда кездеседі?
в) Талапты.
г) Өнерлі.
«Сөз» ойыны
Бір студент сан есім айтады, екінші студент оның айтқан сан есіміне ұйқастырып, сөз тіркесін немесе сөйлем құрастырып айтады.
«Бір және мың» ойыны
Бір және мың сан есімдері бар мақал-мәтелдер ойлап жазулары керек.
Мысалы:
Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.

__________________________________________________________


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Студенттердің белсенділігін грамматикалық ойындар арқылы арттыру.

Автор: Жакиянова Айжан Кабденовна

Дата: 04.02.2018

Номер свидетельства: 454599

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) "А?паратты? технологиялар – т?л?аны? ?леуметтенуі мен т?рбие ??ралы "
    ["seo_title"] => string(77) "ak-parattyk-tiekhnologhiialar-tu-lg-anyn-lieumiettienui-mien-t-rbiie-k-u-raly"
    ["file_id"] => string(6) "162264"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422340628"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства