kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ш.А. Амонашвилидің «Балаға махаббат» еңбегіне пікір

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ш.А. Амонашвилидің «Балаға махаббат» еңбегіне пікір

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі,

педагог психолог

Турежанова Сауле Рысбаевна

        Мен осы Ш.А Амноашвилидің еңбегін оқып отырып, көз алдыма өзімнің балалық шағым есіме түсті.  Шын мәнінде бала кезім тек қуанышқа, махаббатқа толы болды.  Бәрінің бастауы – махаббат.  Махаббат ешқашан жоғалмайды. Махаббат жақсы сезім ғой, махаббатсыз жүрек қауіпті. Менің ойымша кез келген адам,  қыз болсын, не ұл болмасын олар ең біріншіден әке, ана  болуға жаратылған, бұл менің өз ойым.  Ана махаббаты, әке махаббаты өшпес сезімдер, сол махаббатымызды біз тек балаларымызға арнаймыз. Екі адамның қосылуы толық отбасын құрамайды, дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы бола алады. Дүние есігін ашқан жаңа нәресте шынайы сүйіспеншілік сезімінен пайда болу керек.  Ата-ана жас наресте дүниеге келген күннен бастап емес,оның ана құрсағында жатканынан бастап тәрбиелеуі қажет. Өмірлік тіршілігіне бар махаббатын сарп етіп, аялы алақанында әлпештеп, қамқор жасап, болашағының жарқын болуына жағдай жасауы тиіс.  Кез келген адамның жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Аналық махаббат  баланың өмірге деген махаббатын оятуы керек, ал оны тек бақытты әйелдер ғана жасай алады деп ойлаймын. Аналық махаббаттың негізі баланың өсуіне, өсіп келе жатқан баланы жақсы көруінде. Адам етіп тәрбиелегені, өміріне нәр бергені, мейірімге толы махаббаты, өмірден өз орнын табуға, жәрдем етуге тек ата - ана ғана дайын.

      «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау- ата-ананың басты парызы. Бізді ата анамыз қалай тәрбиелесе, біз де өз баламызды солай етіп тәрбиелеуіміз керек. Балаларымызды тек сүйіспеншілікте, мейірімділікте, сыйластықта тәрбиелесек, жылы-жылы сөздерімізді жиі айтатын болсақ, баламыз өмір  бойы қуанып жаздай жадырап, күндей күлімдеп, гүлдей құлпырып жүреді. Мақтаумен өскен балалар жақсыны көре біледі, әділдікпен тәрбиеленгендер сенімділікке үйренеді, достық, рухани жылылықта өскен бала, өмірде махаббатын табады демекші, балаларымыз осы дүниеде әділдіктің, сенімділіктің, мейірімділіктің, сүйіспеншіліктің бар екеніне көздері жету керек. Біз сыйлаған мейірімізді, бізге де дәл солай сыйлайтын болады. Әр айтқан сөзіміз, қамқорлығымыз олардың жүрегіне қуаныш сыйлайды. Бала бауыр еттен жаралғанын ұмытпай, көңіл бөлгеніміз жөн. Менің ойымша бала ол алланың сыйы,  бізге берген  сыйын әрқашанда бағалай білуіміз қажет. Балаларымыз  адам болуы үшін біз бүкіл өмірімізді соларға арнаймыз. Осы өмірде еш қиындық көрмей өссін деп, бар білгенімізді беріп үйретеміз. Сол берген тәрбиемізді жерге тастамайтындай, олардан тек жақсы, игі істер күтудеміз.  Балалар  олар біздің болашағымыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ш.А. Амонашвилидің «Балаға махаббат» еңбегіне пікір»



Ш.А. Амонашвилидің «Балаға махаббат» еңбегіне пікір

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі,

педагог психолог

Турежанова Сауле Рысбаевна

Мен осы Ш.А Амноашвилидің еңбегін оқып отырып, көз алдыма өзімнің балалық шағым есіме түсті. Шын мәнінде бала кезім тек қуанышқа, махаббатқа толы болды. Бәрінің бастауы – махаббат. Махаббат ешқашан жоғалмайды. Махаббат жақсы сезім ғой, махаббатсыз жүрек қауіпті. Менің ойымша кез келген адам, қыз болсын, не ұл болмасын олар ең біріншіден әке, ана болуға жаратылған, бұл менің өз ойым. Ана махаббаты, әке махаббаты өшпес сезімдер, сол махаббатымызды біз тек балаларымызға арнаймыз. Екі адамның қосылуы толық отбасын құрамайды, дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы бола алады. Дүние есігін ашқан жаңа нәресте шынайы сүйіспеншілік сезімінен пайда болу керек. Ата-ана жас наресте дүниеге келген күннен бастап емес,оның ана құрсағында жатканынан бастап тәрбиелеуі қажет. Өмірлік тіршілігіне бар махаббатын сарп етіп, аялы алақанында әлпештеп, қамқор жасап, болашағының жарқын болуына жағдай жасауы тиіс. Кез келген адамның жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Аналық махаббат баланың өмірге деген махаббатын оятуы керек, ал оны тек бақытты әйелдер ғана жасай алады деп ойлаймын. Аналық махаббаттың негізі баланың өсуіне, өсіп келе жатқан баланы жақсы көруінде. Адам етіп тәрбиелегені, өміріне нәр бергені , мейірімге толы махаббаты, өмірден өз орнын табуға, жәрдем етуге тек ата - ана ғана дайын.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау- ата-ананың басты парызы. Бізді ата анамыз қалай тәрбиелесе, біз де өз баламызды солай етіп тәрбиелеуіміз керек. Балаларымызды тек сүйіспеншілікте, мейірімділікте, сыйластықта тәрбиелесек, жылы-жылы сөздерімізді жиі айтатын болсақ, баламыз өмір бойы қуанып жаздай жадырап, күндей күлімдеп, гүлдей құлпырып жүреді. Мақтаумен өскен балалар жақсыны көре біледі, әділдікпен тәрбиеленгендер сенімділікке үйренеді, достық, рухани жылылықта өскен бала, өмірде махаббатын табады демекші, балаларымыз осы дүниеде әділдіктің, сенімділіктің, мейірімділіктің, сүйіспеншіліктің бар екеніне көздері жету керек. Біз сыйлаған мейірімізді, бізге де дәл солай сыйлайтын болады. Әр айтқан сөзіміз, қамқорлығымыз олардың жүрегіне қуаныш сыйлайды. Бала бауыр еттен жаралғанын ұмытпай, көңіл бөлгеніміз жөн. Менің ойымша бала ол алланың сыйы, бізге берген сыйын әрқашанда бағалай білуіміз қажет. Балаларымыз адам болуы үшін біз бүкіл өмірімізді соларға арнаймыз. Осы өмірде еш қиындық көрмей өссін деп, бар білгенімізді беріп үйретеміз . Сол берген тәрбиемізді жерге тастамайтындай, олардан тек жақсы, игі істер күтудеміз. Балалар олар біздің болашағымыз...




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ш.А. Амонашвилидің «Балаға махаббат» еңбегіне пікір

Автор: Турежанова Сауле Рысбаевна

Дата: 28.01.2017

Номер свидетельства: 384704

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Эссе  «?р бала - керемет к?ш иесі»"
    ["seo_title"] => string(34) "essie-r-bala-kieriemiet-kush-iiesi"
    ["file_id"] => string(6) "247600"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446578683"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства