kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мұхтар Әуезов мұрасы – ұлт игілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мұхтар Әуезов мұрасы – ұлт игілігі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мұхтар Әуезов мұрасы – ұлт игілігі»

Мұхтар Әуезов мұрасы – ұлт игілігі

Биыл ұлы жазушы, ғұлама ғалым, ҚазКСР Ғылым академиясының академигі, аудармашы, филология ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туылғанына 125 жыл толды. Осы орайда конференция таырыбын қазақ әдебиетінің алыбы, ұлағатты ұстаз М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы жайында айтып өткен жөн деп санадық.

Ұлы тұлғалардың өмір жолы жөнінде сыр шертетін музейлер бірқатар. Бірақ, 2010 жылы құрылған Қазақстан ғылымының тарихы музейінде ғұлама тұлғалардың ғылымның дамуына қосқан үлесі, ғылыми еңбектері мен жетістіктері кеңінен көрсетілген. Олардың қатарында кемеңгер қаламгер Мұхтар Әуезовтің орны ерекше. Оның «Абай жолы» романы мен әңгімелері, повестері ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің және әлем әдебиетінің алтын қорына мәңгілік енді. Дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған «Абай жолы» роман-эпопеясының ең алғашқы басылымдарының бірі музей экспозициясында орналасқан. Осы еңбегі үшін қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезовке 1949 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Мұхтар Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте Абай облысы Абай ауданындағы Шыңғыстау (бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс болысындағы Қасқабұлақ) деген жерде дүниеге келген. Бала Мұхтар арабша хат танып, атасы Әуездің ықпалымен халық ауыз әдебиетінің үлгілерін, Абай өлеңдерін жаттап үйренеді. Классикалық түркі әдебиетінің жекелеген нұсқаларымен таныстығы да осы кезеңде басталған. Бүкіл саналы өмірін ұлы ақынның шығармашылығын зерттеп, насихаттауға арнап, Абайтану ғылымының негізін салды.

Ғылыми еңбектерінде Абайды ғана зерттеп қоймай, қазақ фольклоры мен әдебиетінің түрлі жанрларын, ақын-жыраулар шығармашылығын жан-жақты зерттеп, әріптес қаламгерлер туралы пікірлер, әдеби сын жне ғылыми еңбектер жазды.

Жас Мұхтардың орысша білім алуына ағасы Қасымбектің ықпалы зор болды. М.Әуезовтің өзі: «Әкемнен кейін әке сияқты болып, тәрбиелеп баулитын ағам Қасымбек еді. Сонымен бірге жүріп, оқу оқыдым» деп ағасының жазушы өміріндегі рөлін айтып кеткен. Семейдегі 5 кластық оқуды тәмамдаған соң, Мұхтар Әуезов Семейдегі мұғалімдер семинариясына түсіп, 1919 ж. оны аяқтайды. Осы жылдары жазушы «Абай» журналында алғашқы мақалаларын жариялап, онда қазақ өміріндегі әлеуметтік мәселелерді көтерген.

М.Әуезов 1919-1922 жылдары түрлі қоғамдық-әлеуметтік қызмет атқарып, 1922 жылы оқуын жалғастыру үшін Орта Азия мемлекеттік университетіне еркін тыңдаушы болып түседі. Бұл кезеңде жазушы бірқатар мақалалар мен әңгімелерін журналдарда жариялайды. Жарияланған алғашқы әңгімелері мен зерттеу мақалаларынан, повестері мен драмалық шығармаларынан өзіндік жазу өрнегі, белсенді азаматтық бет-бағдары мен пікір толғамы бар сөз зергері ретінде танылды.

1923 жылы қыркүйек айында Петроград (Ленинград) университетінің қоғамдық ғылымдар факультетіне тіл-әдебиет бөлімінің орыс-славян секциясына оқуға түседі. Осы жылдың аяғында Семей облыстық оқу бөлімінің талабымен оқуын үзіп, Қазпедтехникумде, Семей губерниялық партия мектебінде сабақ беріп, орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесі төрағасының орынбасары, Семей Губкомы мен губерниялық атқару комитетінің органы «Таң» журналының техникалық редакторы қызметтерін атқарды. 1925 жылы университеттегі оқуын жалғастуға келіп, оны 1928 жылы бітіріп шықты. Онымен қоса осы уақытта әңгіме, әдеби сын мақалаларымен қатар «Әдебиет тарихы» оқулығын, «Қаракөз» пьесасы мен «Қараш-Қараш оқиғасы», «Қилы заман» сияқты повестерін жариялады.

Кемеңгер тұлға ғылыми, педагогтық, қоғамдық жұмыстарды жазушылығымен қатар алып жүре білді. 1928 жылы М.Әуезов университетті бітірген соң Ташкентке келіп, оқу-ағарту институты және орман шаруашылығы техникумында қазақ әдебиетінен сабақ беріп, зерттеу жұмыстарымен айналысады. 1929 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің түркология кафедрасында аспирант әрі ғылыми қызметкер болып істеген.

Жазушы 1930 жылы қазанда Ташкентте қамауға алынып, бір жарым жылдан астам Алматы түрмесіне қамалады. 1932 жылы мамырда бостандыққа шығады. Өмір жолында сан соқпаққа кездескен қаламгер мойымай, жазушылық қызметінен алыстаған емес, әрқашан ізденіс үстінде болған.

1932 жылы М.Әуезов Алматыдағы Қазақ ауылшаруашылығы институтының қазақ және орыс тілі кафедрасының доценті ретінде жұмысқа қабылданады.

Театр өнерінің өсіп-өркендеу кезеңі Мұхтар Әуезовтің есімімен тығыз байланысты. Мұхтар Әуезов – ұлттық қазақ театр өнерінің қалыптасып, дамуында маңызды рөл атқарған белгілі драматург. Ол 1932-1937 ж.ж. Қазақ академиялық драма театрының әдеби бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. Оның «Бәйбіше-тоқал», «Қарагөз», «Айман-Шолпан», «Қобыланды», «Абай», «Түнгі сарын», «Хан Кене» т.б. пьессалары қазақтың театр сахнасынан тұрақты орын алған туындылар. КСРО халық әртісі Қалибек Қуанышбаев жазушының алпыс жылдық мерейтойында былай деген: «Мұхтар өнердің тәтті дәмін таңдайға татқызды. Шәрбәтімен суарды. Өнердің сұлу үнін құлаққа құйды. Өнердің терең мағынасын кеудеге ұялатты…» 1961 жылы 10 тамызда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен Қазақтың Мемлекеттік академиялық драма театрына сахна өнерін дамытудағы еңбегі үшін жазушы-драматург М.Әуезовтің есімі берілді.

1934 жылдан бастап Қазақ педагогикалық институтында қазақ фольклоры курсы бойынша дәріс оқып, аспиранттар даярлау ісіне жетекшілік етті. 1934-1961 жж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында жұмыс істеп, өмірінің соңына дейін педагогтық қызметтен қол үзген жоқ.

1943 жылдан КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалының Тіл, әдебиет және тарих институтының аға ғылыми қызметкері болды.

1946 жылы маусымда КСРО ҒА Қазақ филиалының негізінде Қазақ КСР Ғылым академиясы құрылды. ҚазКСР Ғылым Академиясының алғашқы құрамына М.О.Әуезов, Ә.Б.Бектұров, И.Г.Галузо, М.И.Горяев, А.Қ.Жұбанов, Н.Г.Кассин, І.К.Кеңесбаев, Н.В.Павлов, М.П.Русаков, Қ.И.Сәтбаев, Н.Т.Сауранбаев, Г.А.Тихов, В.Г.Фесенков, С.В.Юшков кірді. Белгілі ғалым, академик Қаныш Сәтбаев ҚазКСР ҒА бірінші президенті болып сайланды. Ал Мұхтар Әуезов оның алғашқы президиумының мүшесі болып сайланды. 1955-1961 жж. ол ғылыми зертттеу жұмыстарына ерекше көңіл бөлді. Академик, әдебиет институтының фольклор бөлімінің меңгерушісі ретінде қазақ әдебиетінің тарихын жазуға, Абай шығармаларының толық жинағын дайындауға, көркем аударма мен роман жанры туралы пікір алысуға қатысып, тұжырымды пікірлер қалдырды. 1946 жылдан бастап ҚазКСР ҒА қазақ әдебиеті секторының меңгерушісі, 1957-1961 жж. халық ауыз әдебиеті бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1946 жылы оған профессор ғылыми атағы мен филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді.

Жазушы, қоғам қайраткері, ҚазКСР ҒА академигі, профессор М.Әуезов мемлекет көлеміндегі ғылыми орталықтың құрылуына зор үлес қосып, қазақ әдебиетінің сапасын арттыруға ат салысты. 1961 жылы мамыр айында Тіл және әдебиет институты негізінде Қазақ КСР ҒА Әдебиет және өнер институты болып жеке бөлініп шығады. Сол жылы тамыз айында институтқа М.Әуезов есімі беріледі. 1963 жылы қарашада институт құрамында М.О.Әуезовтің әдеби-мемориалды музейі ашылды. Әдебиеттану ғылымында ұлы жазушының әдеби және ғылыми мұраларын зерттейтін Әуезовтану саласы жеке ғылыми пән ретінде қалыптасты.

М.Әуезов Абай тақырыбына бүкіл өмірін арнады. Ақын шығармаларын жинап, зерттеп, Абай туралы ел аузындағы әңгімелерді сұрыптап, үлкен ізденіс пен еңбектің арқасында төрт томнан тұратын романды жазып шықты.

1959 ж. төрт кітаптан тұратын «Абай жолы» роман-эпопеясы үшін кемеңгер ғалымға Лениндік сыйлық берілді. Осы тұста академик Қаныш Сәтбаев: «ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ елінің өмір тіршілігі мен болмыс-тұрмысын бар қырынан жан-жақты суреттейтін шын мәніндегі энциклопедия» деп бұл шығарма туралы пікірін білдірген. Бұл эпопеяда қазақ даласының сол дәуірдегі бүкіл тыныс-тіршілігі жан-жақты суреттелген. Заңғар жазушы көшпелі халықтың өмірін шынайы бейнелеп, ұлы Абай тұлғасы арқылы ұлтымыздың тұрмысын көркем жеткізе білді.

Әлем әдебиеттерінің өкілдері жазушының шығармаларын жоғары бағалады. Ол жөнінде Луй Арагон: «Эпикалық роман «Абай» менің ойымша, ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі. Әлемнің басқа елдерінен де онымен тең түсетін шығарманы табу қиын», — дейді.

Ш.Айтматов: «Бұл роман бүкіл түркі тілдес халықтардың, оның ішінде өткендегі көшпелі халықтардың да адамзат мәдениетіне қосқан зор үлесі… Әлемді көз алдыңа келтіру үшін, басқалардың көзіне түсу үшін, адам рухының қадір-қасиетін асқақтата көтеріп, жар салу үшін өз биігің – Мұхтар Әуезов сияқты асқар шыңың болу керек», – деп, қазақ әдебиетінің биік шыңы М.Әуезовтің орнын, әдебиеттің дамуына қосқан үлесін ерекше бағалайды.

Барша әлемге қазақты танытқан ғұлама жазушының мұрасы тек қана қазақ әдебиетінің ғана емес, әлем әдебиетінің жетістігі болып табылады. Жазушының осы шоқтығы әлем мойындаған қаламгерлердің қатарына қосты.

Ғылымды дамытудағы көп жылдық ұлан-ғайыр қызметі үшін ол «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері» деген кұрметті атақты иеленді.

Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетін әлемге танытқан ұлы ғалым-жазушы, көркем ойдың алыбы, қазақ драматургиясының іргетасын қаласқан тұңғыш драматург, әлем әдебиеті классиктерінің туындыларын аударған аудармашы, оқу орындарында дәріс беріп, оқулық жазған ұлағатты ұстаз.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Классикалық зерттеулер: Көп томдық. – Алматы, 2012. – Т.5: Әуезова Л., Сыздықов К. Уақыт тынысы. – 420 б.

  2. Классикалық зерттеулер: Көп томдық. – Алматы, 2012. – Т.7: Мұқанов С. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. – 420 б.

  3. Классикалық зерттеулер: Көп томдық. – Алматы, 2013. – Т.23: Қ.Қуандықов, Қ.Мұхамеджанов, Б.Құндақбайұлы. Қазақ театртану ғылымының дамуы. – 418 б.

  4. Қалижанов У. Ойкөз: әдеби зерттеулер мен портреттер – Алматы, 2012. – 424 б.

  5. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. Екі томдық. 1-том. – Алматы, 2008. – 646 б.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Мұхтар Әуезов мұрасы – ұлт игілігі

Автор: Жаппаров Перизат Ахатаевич

Дата: 30.03.2023

Номер свидетельства: 628668

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(100) "" ?кем , анам ж?не мен - отбасымыз о?ырман" отбасылы? сайыс"
    ["seo_title"] => string(47) "kiemanamzhniemienotbasymyzokyrmanotbasylyksaiys"
    ["file_id"] => string(6) "314076"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459605708"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства