Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі: Мырзаханова Сая Торехановна
Мені шабыттандырады, мен шабыттандырамын.
Мені шабыттандырады.
Әр адам жеке тұлға. Барлық адам бірдей ойлап, бірдей тұжырымдап немесе бірдей шабыттана алмайды. Ол сол адамның өмір сүріп жатқан ортасына да байланысты. Мысалы ақындарды алайық, бірі қуанғанда, бірі жабырқағанда, бірі тыныштықта, яғни әр түрлі жағдайда шабыттанады. Мүсіншінің мүсіні, суретшінің суреті сәтті шықса шабыттанады. Ұстаз өз шәкіртінің іс – әрекетіне қарап марқаяды, өзінің бойындағы адамгершілік қасиетті шәкіртінен көргенде шабыттанады. Мен қай кезде шабыттанамын? Біреу жылы және демеу сөз айтқанда, сабақ өтіп жатқан кезде оқушыларымның пәнді шын жүректерімен түсініп, ықылас қойып тыңдағанда, өз пікірлерін ортаға салып талдағанда шабыттанамын. «Шабыт жұмыс қызған шақта келеді» - деп Габриэль Гарсиа Маркес айтқан екен. Иә, әр адам өзінің алдына қойған мақсаты орындалған кезде шабыттанады. Оқушылардың көздерінен нұр көргенде, маған сенім артқанда шабыттанып, өзіме қанат біткендей болады.
Мен шабыттандырамын.
Шабыттандыру. Көкейіме бұл сұрақ келгенде, ең бірінші менен үміт, тың дүние күтіп отырған оқушыларым көз алдыма келеді. Оларды лаулаған оттай шабыттандыратын да, бықсыған күлге айналдыратын да өзім сияқтымын. Әр өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі осы сөзді ой елегінен өткізсе ғана оқушыға дұрыс бағыт, дұрыс бағдар бере алады деп ойлаймын. Лао Цзының: «Сен өзгерсең, айналаңдағы әлем де өзгереді» - деген адамгерілік қасиетке шақыратын қанатты сөзін негізге ала отырып оқушыларға рухани байлық пен материалдық байлықтың ара – жігін түсіндіре алу да ұстаздың бірден – бір міндеті. Әр сабақты өткен кеде шәкірттеріме «сен бүгін жарадың», «сенің қолыңнан бәрі келеді», «тырысып көр», «өте дұрыс», «керемет» т. с. с. демеу беретін сөздер арқылы шабыттандырамын. «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» әрине бір жылы сөздің өзі адам баласына шабыт берері анық. Шеберлік пен білімді ұштастыру арқылы ғана әр сабақты қызықты өткізуге болады. Өзін – өзі тану пәнінің ерекшелігі – рухани тәрбие беруде. Рухани тәрбиені оқушы санасына жеткізуде, тақырыпта берілген мәтінді жай ғана оқу, талдау жеткіліксіз. Әр берілген дәйексөз, әр берілген әңгіме тұнып тұрған адамдық қасиеттер мен қабілеттерге толы. Ал мұғалімнің міндеті осы құндылықтарды оқушы бойына сіңіру жолдарын табу, шабыттандыру. «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс» - деп Ыбырай Алтынсарин айтып кеткендей, расында да түсіндіре алмаған, шабыттандыра алмаған ұстаз болады. Сондықтан, ұстаз деген ұлы сөзге дақ келтірмей, алдымызда отырған шәкірттерімізге қоғамда өз орнын табуға көмектесейік, шабыт берейік, қанат бітірейік, өмірге деген қызығушылығын арттырайық. Адами қасиеттерді бойларына сіңіріп, рухани құндылықтармен сусындатайық.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Мені шабыттандырады, мен шабыттандырамын" эссе»
ШҚО, Глубокое ауданы, Верх – Березовка кенті
«Верх – Березовка орта мектебі» КММ
Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі: Мырзаханова Сая Торехановна
Мені шабыттандырады, мен шабыттандырамын.
Мені шабыттандырады...
Әр адам жеке тұлға. Барлық адам бірдей ойлап, бірдей тұжырымдап немесе бірдей шабыттана алмайды. Ол сол адамның өмір сүріп жатқан ортасына да байланысты. Мысалы ақындарды алайық, бірі қуанғанда, бірі жабырқағанда, бірі тыныштықта, яғни әр түрлі жағдайда шабыттанады. Мүсіншінің мүсіні, суретшінің суреті сәтті шықса шабыттанады. Ұстаз өз шәкіртінің іс – әрекетіне қарап марқаяды, өзінің бойындағы адамгершілік қасиетті шәкіртінен көргенде шабыттанады. Мен қай кезде шабыттанамын? Біреу жылы және демеу сөз айтқанда, сабақ өтіп жатқан кезде оқушыларымның пәнді шын жүректерімен түсініп, ықылас қойып тыңдағанда, өз пікірлерін ортаға салып талдағанда шабыттанамын. «Шабыт жұмыс қызған шақта келеді» - деп Габриэль Гарсиа Маркес айтқан екен. Иә, әр адам өзінің алдына қойған мақсаты орындалған кезде шабыттанады. Оқушылардың көздерінен нұр көргенде, маған сенім артқанда шабыттанып, өзіме қанат біткендей болады.
Мен шабыттандырамын...