kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мен шабыттандырамын,мені шабыттандырады

Нажмите, чтобы узнать подробности

Эссе

Мені шабыттандырады, мен шабыттандырамын.

         Мен бала күнімде «шабыт» деген ұғымды тек шығармашыл жандарда ғана болатын құбылыс деп ойлайтынмын. Ол үшін ақын, жазушы немесе музыкант болып туылу керек шығар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мен шабыттандырамын,мені шабыттандырады»

Эссе

Мені шабыттандырады, мен шабыттандырамын.

Мен бала күнімде «шабыт» деген ұғымды тек шығармашыл жандарда ғана болатын құбылыс деп ойлайтынмын. Ол үшін ақын, жазушы немесе музыкант болып туылу керек шығар. Қиялға беріліп шығарма, өлең жазушы едік. Эх, шіркін, ақын болып неге тумадым?! Әнші болып тумадым, жыршы, күйші болмадым. Неге? Деген сұрақтар мазалайтын. Енді, міне, тағдырдың жазуымен мұғалім деген қасиетті маман иесі болып шықтық. Қасиетті, шыныменде, қастерлі мамандық. Нағыз шабыт иесі – мұғалім. Мұғалім шабыттанбаса нағыз дарын иелері ғалым да, ғылым да дамымас еді. Мұғалім мен шабыт ұғымы егіз дер едім, бір-бірін толықтырып отырады.

Мен өзін-өзі тану пәні мұғалімі ретінде, балаларды үнемі шабыттандырып отыру – міндетім деп санаймын. Оқушыларыма тек сабағымды беріп қана қоймай, сабағымды шынайы өмірмен байланыстырып, сабақтастырып, өмірден әр түрлі мысалдар келтіру арқылы балалардың көз алдарына елестетіп, сезіндіріп сол білімді бойларына сіңіруге тырысамын. Мысалы, 3-сынып бағдарламасы бойынша «Ата өсиеті» әңгімесін талқыладық. Мәтінмен жұмыс жүргізілді. Қария «өмірді сүю керек» дегенді не үшін айтты? Әңгімені қалай жалғастырар едіңдер? Балалар қойылған сұрақтарға әсерленіп жауап берді. Іштерінен ерекше жауабымен көзге түскен Х оқушы болды. «Бұл өмір қысқа – біздің әрбір уақытымыз қымбат. Нұртастың қылығы дұрыс емес» -деді. Мен тағы бір мәрте «ақыл – жастан, асыл – тастан» деген нақыл сөзге көзім жеткендей болды. Мен оқушымды «Жарайсың!», «Керемет, жауабың тамаша!» «Сен дарындысың!», «Сен бүгін мені қуанттың!» деп ынталандырып, шабыттандырып отырамын. Бұл жерде де бумеранг заңы жүзеге асатын сияқты. Яғни, қайтымды үдеріс, мұғалім шабыт беріп, қайтадан өзі шабыттанып отыр. Сабақты өмірмен байланыстыру – бұл балалардың, соның ішінде, үндемей отыратын балалардың өздерін толғандырады. Оқушылардың шынайы бүкпесіз ойларын жеткізуі, бөлісуі қуантады. Сабақтан үлкен сүйіспеншілікке толы жүрекпен шығамын. Бойыма күш-қуат біткендей сезімде боламын.

Өзін-өзі тану пәні мазмұнымен сусындаған әрбір азаматтың болашағынан зор үміт күтеміз. Жүректен шығып жүректерге жеткен ыстық ықылас пен мейірім шуағы балаларымызды ізгілік пен тура ақиқат жолына бастайды деп сенемін.

Орындаған: Ахметова Б.Е.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мен шабыттандырамын,мені шабыттандырады

Автор: Ахметова Берикжан Елшатбековна

Дата: 17.05.2018

Номер свидетельства: 469916


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства