kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мен заманауи педагогпын " эссе

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Мен заманауи педагогпын " тақырыбына эссе

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мен заманауи педагогпын " эссе»

«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі » КММ

Рахимжанова Данара Мусратовна

І (ілгері) деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі

Мен-заманауи педагогпын

(эссе)

Егер біз бүгін кешегідей оқытсақ, онда біз

балалардың ертеңін ұрлап аламыз.

Джон Дьюи

Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі— педагогикалық құралдардың барлығын  меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, шығармашыл тұлға екені белгілі. Қазіргі қарыштап жылдам өзгеріп жатқан заман жағдайындағы педагогтарға қойылатын талаптар: бəсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кəсіби біліктілігі, əдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауыммен ұстаз болуым. Осындайда «Ұстаз - ұлық емес, ұлы қызмет» деген Бауыржан Момышұлының керемет дана сөзін әрқашан есіме аламын. Егер де шәкірттерім қоғамға бейім, білім нәрімен терең сусындаған, тәрбиелі де ізгі жүректі адам болып,өмірге үлкен мақсаттар қойып, талапшылдықпен, мақсаткерлікпен алға аттаса – бұл менің өмірімнің ең шынайы, әрі ғажайып мәні. Өйткені мен ұстазбын, 26 жыл қазақтың бүлдіршіндерін өмірге кірпіш болып қалануына жол ашқан келешек ұрпақтың заманауи сәулетшісімін.

Мен мұны мақтаныш сезіммен айта аламын. Әрбір заманауи педагогтің заманауи іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары:  инновация туралы білімі,инновацияны жан-жақты меңгеру, оны тәжірибеге ендіру жұмыстары және практикада дұрыс қолдану.Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін осы оқу жылында «Бастауыш сыныптарда білім сапасын арттыруда оқу-тәрбие үрдісіне білім берудің инновациялық технологияларын енгізу» бойынша өзекті тақырып таңдадым.Сондай-ақ курстарда үйренген түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді, стратегияларды іс-тәжірибемді коучингтер,шеберлік сағаттар өткізу арқылы әріптестеріме үйреттім. І (ілгері) Деңгей бойынша және жаңартылған білім бағдарламасын жүзеге асыру курстарында біліміді жетілдіру барысында қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасауда SMART мақсат қою арқылы күтілетін нәтижеге нақты қол жеткізуді үйренгенімді лицейдегі әріптестеріме де үйреттім.Нәтижесінде ұстаздар қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасағанда мақсат дұрыс қойылса күтілетін нәтижеге жету тиімділігі шынайы болатынын түсінді,әрбір қойылған мақсатты үнемі талдап, қажет болса қайта қарастыру керек екендігін ұғынды,SMART мақсат қою арқылы, табысты оқытудың формасын айқындай алуды үйренді.Сабақты жоспарлауда SMART мақсаттың қаншалықты маңызды екенін түсінді.Сондай-ақ, Lesson study – сыныпта жүргізілетін және бірлесе жоспарлайтын, оқытатын, зерттелетін сабақтардағы оқуларды бақылайтын және талдайтын эксперименталдық зерттеудің ерекше нысаны болғандықтан,осы бағытта лицейімізде біршама жұмыстар атқардық.Lessons study мұғалімдерді жекелеген оқушыларға қатысты өз оқыту сапасы туралы ойлануға көмектесіп,оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін инновациялық педагогикалық көзқарастарын дамытуға немесе жетілдіруге көмектестік.Топтық жұмыстарды жандандыру және жаңартылған білім мазмұнын тәжірибеге тиімді енгізу мақсатында оқытудың 7 модулін тиімді ықпалдастыра білдім.

Еліміз Рухани жаңғыру кезеңіне аяқ басты. Рухани жаңғыру бізден ұлттық санамызды қалыптастырып, бәсекеге қабілетті болып, кез-келген мәселеге прагматистік тұрғыдан келуді, жалпы алғанда ұлттық бірегейлігімізді сақтай отырып дамуымызды талап етеді. Рухани жаңғырудың ең басты шарты – «білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу» Өйткені, Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Бағдарламалық мақаласында атап көрсеткендей, «табысты болудың ең іргелі басты факторы білім екенін әрқайсысымыз терең түсінуіміз керек… Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді». Бұл жерде әңгіме еліміздің болашағы туралы. Оның ертеңі – жас ұрпақтың қолында. Бүгінгі жас ұрпақ, болашақ маман Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында көрсетілген міндеттер бойынша: «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды игеріп, ғылым мен практика жетістіктеріне негізделген білім алулары керек». Ендеше, біздің ұстаздарымыз оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, білім беруді ақпараттандырып, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу арқылы оқытуды сауатты, сапалы жүзеге асырып, мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырғанда ғана қоғамымыздың дамуына елеулі үлес қоса алады. Бұл істердің барлығын жүзеге асыратын еліміздің ұстаздар қауымы. Ендеше, бүгінгі ұстаздар қауымына қойылатын талап та жоғары болмақ.
Ұстаз ретінде мен тек қана жалаң білім беріп қоюмен шектеліп қалмауға барынша тырысамын. Ешбір сәтте есімнен ұлы ғұламамыз Әбу Насыр Әл - Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген ұлағатты сөзі шыққан емес. Басты өмірлік кәсіби ұстанымым ретінде мақсатымды алтын қазыққа байлап келемін.Бұған дәлел ретінде оқытқан шәкірттерімнің басым бөлігі Республиканың беделді жоғары оқу орындарын бітіріп, білікті маман болып, еліне еңбектерін сіңіріп жатқан қызметкелер.Тағы бір айта кетерлік жай- сыныбымдағы ұлдардың және қыздардың басым бөлігі әсери жоғары оқу орындарын тәмәмдап, офицер атанған ел қорғаушылары . Тіпті былтыр шығарған сыныбымның 50 %-і осы оқу жылында алғаш ашылған «Кадет сыныбына » түсті. Мұның себебін сұрасам,оқушыларым : «Сіздің берген патриоттық тәрбиеңіздің жемісі ғой ,»-дейді.Осы бір ауыз сөздің тобықтай түйіні-балаға Отансүйгіштік қасиетті дұрыс дарыта білгенім деп ойлаймын.
Менің ұғымымда, біріншіден заманауи ұстаз міндеті- өз пәнін шәкірттеріне жақсы үйретуден де тереңірек жатыр. Алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жан дүниесіне жол таба білу – біздердің, ұстаздардың бұлжытпас борышымыз. Қазіргі заманда бизнес көзіне айналып кеткен түрлі деңгейдегі «сайыссымақ» байқауларға қатыстырып, «Фейерверк» оқушы жасап ,өзінің рейтингісін көтеріп жүретін ұстаздың алдында отырған оқушыларға жаным ашиды.Себебі, фонограмманы ата-ананың қаражатын шаштырып жазғызып, сахнаға баласын шығарғанға мәз болатын ұстазға шөліркей қараймын.Біз «Фейерверк» емес, Жұлдыз болатын шәкірт тәрбиелеуіміз қажет.Баланың бойындағы дарынын байқап,оны аша біліп,темпераментіне сай спорт түріне бағыттай білсек-міне сонда ғана біздің адал еңбегіміздің белгісі.Осыған дәлел: былтырғы оқу жылында оқушым А.Даулетов Халықаралық деңгейде чемпион атанып, Облыстық хоккей құрамасының Олимпиадалық резерв құрамасына енді,Н.Бақытжанұлы мен Ә.Болатұлы шорт-тректен Республикалық ,Облыстық чемпионаттардың жүлдегерлері болды, А,Батырхан мен Д.Далелхан су полосынан Облыс чемпиодары, З.Курумбаева жүзуден Облыс чемпионы атанды. Ал, интеллектуалды тұрғыдан алғыр шәкіртім А.Макажанов бірнеше мемлекетте өткен ментальді арифмеикадан Халықаралық сайыстардың Гран-при жүлдегері атағын жеңіп алды.Зияткер оқушыларым А.Зекенов,А.Салиахметова,А.Сағидолдина ,Ж.Қуаныш ,Д.Абиканова Республикалық ,Облыстық және қалалық ғылыми жоба сайыстарының жүлдегер-лері атанды.А.Түменбаева Халықаралық және Республикалық ән байқауының жеңімпазы, З.Курумбаева мен А.Тыныбек түрлі деңгейдегі би сайыстарының жүлдегерлері,А.Зекенов пен А.Тұраров пән олимпиадасынан Облыстық сайыстардың жеңімпаздары.Осы шәкірттеріммен аузымды толтырып,адал жүрегіммен мақтана аламын.

Екінші, ең бастысы, мұғалім шын мәнінде баланы жан тәнімен беріле сүюі керек. Алдымен рухани қуат беруі керек. Мейірімділік, шыдамдылық, кешіре білу, баламен тең жағдайда сырласу, оның мүмкіндіктеріне сену, ойын әрқашан құлақ қоя тыңдау тәрізді қасиеттері арқылы ғана мұғалім өз мәртебесін көтере алады. Үшінші, ата-анамен тығыз байланыста болу.Мұның себебі, «Мұғалім,бала, ата-ана» үштік байланысы бар жерде тәрбие де мықты болады. Қазіргі заманда отбасындағы кикілжің, мате-риалдық жағдайдың ауырлығына төзбей ажырасуға бой алдырып жатқан отбасыларға сынып жетекші ретінде бей-жай қарауымыз керек. Толық,өнегелі отбасында тәрбиеленіп өскен баланың қоғамда алатын орны ерекше . Жүрегінің түбіне жеткізер ой тастап,баласының болащақтағы тірі жетім күйін санасына жеткізе білген ұстаз – бұл да заманауи ұстазға тән қасиеттердің бірі деп ойлаймын. Өйткені, қазіргі қоғамның қасіреті-отбасының шайқалуы.Сәбидің осындай қиын кезеңдерінде дәнекер болу –біздің өз еңбегімізге деген адалдықтың белгісі.

ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн. Себебі,заманауи ұстаз атына лайық болу үшін тоқтаусыз іздену керек.

Шығармашылық жұмыстарымды шыңдау мақсатында түрлі деңгейлердегі сайыстарға қатысып, «Үздік шеберлік сабақ» республикалық оқытушылар сайысы І орын,«Үздік ашық сабақ» республикалық оқытушылар сайысы І орын, «Үздік тәрбие сағаты» сайысында жүлделі ІІ орындарды иелендім . «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ өткізген «Білім берудегі тәжірибе мен инновация: уақыт талабы» атты ІІ Республикалық педагогикалық оқуларының облыстық кезеңіндегі сайысқа қатысып,жүлделі ІІ орын иелендім және облыстың шебер ұстаздарынан үйренерім көп болды. Облыстық «Үздіксіз даму-мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің негізі» эссе байқауында 1орын иеленіп Дипломмен марапатталдым, Ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып ,лицей өміріндегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаным үшін –еңбек кітапшама Алғыс енгізілді. Халықаралық «Копилка уроков» сайтына ,USTAZ tilegi Республикалық ұстаздар сайтында авторлық материал жариялаған үшін Алғыс хаттармен марапатталдым. Өткен оқу жылында сыныбымның білім сапасы-100% , үлгерім - 100 % , үздіктер саны - 19, бестік сапа - 76 % -ті көрсетті.Мұдай жетістіктерге жету оңайлықпен келмейді,ұстаздың көп ізденуі,жаңа технологияларды үйреніп,меңгеру нәтижесінде болатыны педагог қауымға аян.


Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады. Алдағы уақытта алда қойған мақсатым:

Инновациялық әдіс-тәсілдердің көптеген түрлерін үйрену, өзімнің және әріптестерімнің іс-тәжірибесіне енгізу,тарату,лицейдің даму жоспарына үлесімді арттыру,заманауи педагог атына лайық болу .






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Мен заманауи педагогпын " эссе

Автор: Рахимжанова Данара Мусратовна

Дата: 18.03.2021

Номер свидетельства: 575924

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Мен жа?ашыл педагогпын"
    ["seo_title"] => string(29) "mien-zhan-ashyl-piedaghoghpyn"
    ["file_id"] => string(6) "329969"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1464084310"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства